Тақырып. Ормандардың құқықтық режимі.

Жоспар:

ҚР-сы орман қорының түсінігі мен құрамы.

2.Қазақстан Республикасының Орман кодексі және ормандарды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да заңдар.

3. Орман қорын пайдалану құқығы.

4. Орман қорын күзету мен қорғау міндеттері.

Негізгі ұғымдар:орман, орманның құқықтық режимі, ормандарды пайдалану, ормандарды пайдалану құқығы, ормандарды қорғау.

Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланысты және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен.

Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсімдіктері өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне арналған орман қорын құрайды.

Орман қоры мемлекеттік және жеке орман қорларынан тұрады.

Мемлекеттік орман қорына жататындар:

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріндегі (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда);

- табиғи және қолдан өсірілген ормандар, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі орман шаруашылығының қажеттері үшін берілген, орман өсімдіктері өспеген учаскелері;

- халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдарының, магистральді құбырлардың құрылыстардың белдеулеріндегі ені он метр және одан көбірек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштың екпелері жатады.

Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының жер туралы заң актісіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерде арнайы мақсаттағы платанциялық екпелер жатады.

Орман қорына жатпайтындар:

- мемлекеттік орман қорының жерінен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемі 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі бұта өсімдіктер;

- қала ормандары мен орманды саябақтарды қоспағанда, елді мекендер шекарасы шегіндегі жасыл желектер;

- үй маңындағы саяжайлар мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталар.

Орман қоры жерлерін, орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін қамтитын Қазақстан Республикасының орман қоры орман құқығы қатынастарының объектісі болып табылады.

Ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыруды, орман өсіру мен орман пайдалануды жүзеге асырудың жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар орман құқығы қатынастарының субъектілері болып табылады.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығы тендер нәтижелері туралы хаттама және сол негізге алынып жасалған шарт негізінде туындайды.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану құқығы орман билетінің негізінде туындайды.

Орман қорғау - сауықтыру, сақтау мен өндірістік - эксплуатациялық көп алуан функцияларды атқарады:

а) жер атмосферасындағы оттегі қорының маңызды толық -
тырушы көзі, тірі организмдердің өмір сүруіне теріс әсер ететін
ауа бассейніндегі қоспалар мен зиян заттарды тазартушы құрал
ретінде;

б) климатты реттейді, суық желдердің әсерін
жұмсартады, құрғақшылықтың алдын алады, температураның
күрт өзгеруін тежейді, жануарлар мен өсімдіктердің дамуына және
адам өміріне жағымды микроклимат жасайды;

в) топырақ қабатына жағымды әсер етеді, су мен желден бола-
тын топырақ эрозиясынық тарауына кедергі келтіреді, көшпелі
құмдарды қатайтады, жыралардың түзілуі мен өсуінің алдын алады;

г) су сақтау функциясын атқарады: өзендердін су жүйесін рет­
тейді, суқоймаларын таязданудан сақтайды;

д) халық пен экономиканық қажеттілігін қанағаттандыру үшін
ағаш пен және өзге де орман өнімдерімен қамтамасыз етеді;

е) андар мен құстардың мекені, жабайы өсімдіктер мен дәрілік
шөптердің, жемістердің, жанғақтардың, саңырауқұлақтар мен
жидектердің өсіп, көбейетін мекені болып табылады.

ё) орманның табиғи жемдік өнімдері - қоғамдық мал шаруашылығы үшін маңызды база саналады;

ж) халықтың эстетикалық қажеттіліктерін өтеу мен демалысын
ұйымдастыруда және денсаулығын сақтауда маңызды орын
алады.

Орманның ерекшелігі ондағы жыныстардың ұзақ өсуімен байла­нысты. Мысалы, ағаштардың негізгі жыныстарын өсірудің қарапайым мерзімі адам өмірінің орташа жас деңгейінен де асып кетеді.

Өзін - өзі қалпына келтіру қасиеті болғандықтан, ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз ететіндей ұтымды пайдаланған жағдайда ор­ман өзінің табиғи қасиеттерін сақтап қана қоймай, жақсарта түседі.

Көп жақты маңызы, орман өсімдіктерінің өсу ұзақтығы мен орманды ұтымды пайдалану мүмкіндігі (қажетті талаптарды сақтаған жағдайда) орман мен адамның өзара байланысының негізін құрайды.

Сексеуіл мен шоқбұталар өскен алқаптарды қоса есептегенде Қазақстанның ормандылығы 4,6 % (11,5 млн га) құрайды. Қазақстандағы ормандар шаруашылық емес, негізінен топырақ қорғау мен су сақтау рөлін атқарады.

2.Ормандарды пайдаланудағы экологиялық талаптар. Қазақстан Республикасының орман зандары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және 2003 жылғы 9 шілдеде қабылданған ҚР Орман кодексі мен Қазақстан Респуб­ликасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Орман кодексі орман қорын иелену, пайдалану, оған билік ету жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ орман қорын күзетудің, қорғаудың, молықтырудың, оның экологиялық және ресурстық әлеуетін көтерудің, оны ұтымды пайдаланудың құқықтық негіздерін белгілейді.

Орман құқығы қатынастарын реттеу орман биосфераның ғаламдық экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәні бар аса манызды компоненттерінің бірі болып табылатыны негізге ала отырып жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының орман зандары:

- ормандардың климатты реттейтін, орта түзетін, егіс - топырақ қорғау, су сақтау және санитарлық - гигиеналық функцияларды орындайтын жалпы мемлекеттік мәнін мойындау;

- ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);

- ормандардың, мемлекеттік табиғи - қорық коры объектілерінің, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау;

- ормандарды көп мақсатқа пайдалану;

- орман ресурстарын ұтымды, үздіксіз, сарқылмайтындай етіп пайдалану;

- орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;

- басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу мен алынған сүректі қайта өңдеуді жүзеге асыру функцияларынан орман пайдалануды реттеу функцияларының ара жігін ажырату;

- Қазақстан Республикасынық орман зандарын бұзудан келтір­ілген залалдық орнын толтыру;

- орман ресурстарын ақылы пайдалану;

- орман қорының жай - күйі туралы ақпараттың қол жетімділігі;

- халықтың және қоғамдық бірлестіктердің орман қорын күзетуге және қорғауға қатысу принциптеріне негізделеді (ҚР ОК 3-бап).

3. Орман қоры жерлерің орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін қамтитын Қазақтан Республикасының орман қоры орман құқығы қатынастарының объектісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сон­дай-ақ орман өсімдіктері өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне арналған орман қоры жерлері Қазақстан Республи­касының орман қорын (бұдан әрі орман қоры) құрайды.

Орман кодексінің 4-бабында орманға - ағаш пен бұта
өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің
жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған
ортамен өзара байланыстағы және манызды экологиялық, эконо­микалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен деген анықтама
берілген.

Мұндай түсінік аталмыш табиғи объектінің жанды табиғаттың өзге де компоненттерімен, жермен, орман өсімдіктерімен, бунақденелілермен, құстармен, жануарлармен және қоршаған ортаның басқа да компоненттерімен экологиялық өзара байланысынан туындаса керек.

Наши рекомендации