Аймақтық мониторинг

Биологиялық мониторинг

- биологиялық орталардағы (организмдерде, биоценоздарда) табиғи және антропогендік процестерді бақылау (ауыр металдардың, пестицидтердің жинақталуы). Мұндай мониторинг тіршіліктің қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды.

Базалық мониторинг

- жалпыбиосфералық, яғни, тек қазіргі кездегі ғана емес, жақын аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиғи құбылыстарды бақылау.

Биосфералық мониторинг

- биосферадағы өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрлық пен мұхиттағы биологиялық өнімнің өзгеруі және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау.

Биоэкологиялық мониторинг

- табиғи ортаның жағдайын оның адам денсаулығына әсері тұрғысынан бақылау. Адамның тыныс-тіршілігін көрсететін көрсеткіштер - ауруға ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзақтығы және т.б. қолданылады.

Геоэкологиялық мониторинг

- табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылау. Географиялық стационарлық бақылаулардың жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің биологиялық өнімділігі, өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың шекті мүмкін концентрациясы көрсеткіштері қолданылады.

Дистанционды мониторинг

- бұл авиациялық және космостық мониторингтің жиынтығы. Кейде бұл ұғымға, көрсеткіштері ақпараттарды жинау орталығына беріліп отыратын, адам аяғы басуы қиын жерлердегі приборлар арқылы алыстан ақпараттарды беру әдістерін (радио, спутник) де жатқызады.

Теңіздердің ластануы мониторингі

- теңіздер мен мұхиттардағы судың сапасын білу мақсатында ақпараттар алу үшін олардың жағдайын болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Бұл теңіз су ресурстарын үнемді пайдалануға және оларды ластанудан қорғау шараларын жүргізуге қажет.

Құрлықтағы сулардың ластануы мониторингі

- су ресурстарын үнемді пайдалану және оларды ластанудан, құрғап кетуден қорғау шараларын жүргізу үшін құрлықтағы сулардың жағдайы туралы ақпараттар алу мақсатында болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Су сапасының көрсеткіштеріне - температура, минералдану, рН, түсі, еріген оттегі, дәмі, ауыр металдар, мұнай өнімдері, фенолдар, пестицидтер және ең бастысы натрий, калий, кальций, магний, хлор, сульфат, карбонат, нитрат иондары жатады.

Ластаушы көздер мониторингі

- ластаушы көздер арқылы су обьектілеріне, атмосфералық ауаға, топыраққа бөлінген заттардың мөлшерін және ластану деңгейін болжау, бағалау және бақылау жүйесі.

Аймақтық мониторинг

- антропогендік әсерге ұшыраған үлкен өнеркәсіп орындары, қалалар және олардың айналасындағы аймақтар биосферасы туралы ақпарат алу үшін бақылау.

Классификациядағы мониторингтердің деңгейіне сәйкес - халықаралық және аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен байланыста болуы, ал ұлттық - аймақтық деңгеймен байланыста болуы керек.

Экологиялық мониторинг жүйесінде биологиялық мониторингтің, яғни, экожүйенің биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады. Биологиялық мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі организмдер көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі - биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-келген өзгерістерді есепке алып отыру.

2. Экологиялық нормалау.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық нормалау мақсатында эмиссияларды нормалау экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелерді сақтап қалуды және биологиялық сан алуандықты қамтамасыз ететін қоршаған ортаның сапасын реттеу және оған келтірілетін рауалы шектелген ықпалды анықтау болып табылады. Ластаушы заттардың рауалы шектелген шығарындылары (РШШ) мен тастандыларының (РШТ), өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нормативтері жалпы алғанда қоршаған ортаның сапасының нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді деген шартпен, әр тұрақты эмиссиялар көзі мен кәсіпорын бойынша есептеудің негізінде белгіленетін эмиссиялардың шамалары болып табылады. Ластаушы заттардың рауалы шектелген шығарындылары мен тастандыларының нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға рұқсат берген кезде пайдаланылады. Қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың нормативтері жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін бөлек құжаттар түрінде, не болмаса көзделетін шаруашылық және басқа қызметтің қоршаған ортаға ықпалын бағалаудың құрамында негізделеді. Орындалатын жұмыстардың түрлері: § Ластайтын заттардың атмосфераға РШШ нормативтері жобаларын әзірлеу; § Ластайтын заттардың су нысандарына РШШ нормативтері жобаларын әзірлеу; § Қалдықтарды басқару жобаларын, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түзілуі мен орналастыру шектерінің нормативтері жобаларын әзірлеу; § Кәсіпорындардың экологиялық төлқұжаттарын әзірлеу; § Рауалы шектелген физикалық ықпал ету нормативтерін ( шуыл, діріл, ион сәулелерін шығару және басқа да физикалық ықпал деңгейі) әзірлеу; § Күкіртті қоршаған ортада ашық күйінде орналастыру нормативтері. Экологиялық экспертиза (сараптама) (лат. expertus – тәжірибелі) – адам іс- әрекеттерінің табиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардың орындалуына қатаң бақылау жасау. Экологиялық сараптама мемлекеттік немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі қағидалары – оның өкілеттілігі, медицина-биология тұрғыдан қауіпсіздігі, халық шаруашылығының барлық салаларының мүддесін қорғайтындығы, ешкімге тәуелді болмауы және іс-әрекеттерді кешенді түрде жүргізу. Экологиялық сараптама міндетті түрде ұзақ уақыт дамуға арналған бағдарламалы құжаттармен және сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, Экологиялық сараптама жүргізу үшін техкика- экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апатты және табиғатты пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технологиялық әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады. Экологиялық сараптама әскери мақсаттағы өндіріс орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы. Экологиялық сараптама адамның барлық іс- әрекеттерінің экологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді. Мемлекеттік Экологиялық сараптама ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық Экологиялық сараптаманы жеке қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген Экологиялық сараптама мен мемлекеттік Экологиялық сараптама жүргізетін мекемелер қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады. Қазақстанда арнайы “Экологиялық сараптама туралы” заң қабылданған (1997)

3. Атмосфералық ауаның сапасын бақылаудың нормалары.

Атмосфералық ауа сапасын нормалау- биосфераға тұтасымен және халық денсаулығының қауіпсіздігіне кепілдік беретін, қоршаған ортаға әсердің шекті рауалы нормативтерін бекіту мақсатында жүзеге асады.

Зиянды заттар үшін биосфераның әр компонентіне арнайы белгіленген ШМК-ның шамалары бар.

Атмосфералық ауа:

- ШРКжз- жұмыс зонасының ауасындағы зиянды заттардың шекті рауалы концентрациясы, мг/м3. ол сегіз сағаттық жұмыс күндік немесе ұзақтығы басқа мерзім ішінде, яғни аптасына 41 сағаттан аспайтын уақыт аралығында, қызмет істеген барлық жылдар бойы қазіргі және кейінгі буындардың денсаулығын бұзбайтын концентрация мөлшері. Жұмыс зонасы деп қызметшінің тұрақты немесе уақытша еденнен немесе жерден биіктігі 2м –ге дейінгі кеңістікте болатын орнын айтады.

Ластағыш заттардың класын осы көрсеткішке сүйеніп анықтайды. Қаіптілік класы ШРКжз мағынасына қарай 4 топқа бөлінеді:

1 класс (ШРКжз< 0,1 мг/м3) - айрықша қауіпті;

2 класс(ШРКжз = 0-1 мг/м3)- жоғары қауіпті;

3 класс(ШРКжз = 1- 10 мг/м3)- орташа қауіпті;

4 класс(ШРКжз = > 10 мг/м3)- болымсыз қауіпті.

Мысал ретінде, 3.2 кестеде кейбір зиянды заттарға сипаттам берілген.

3.2 Кесте –елді мекендердегі атмосфералық ауа құрамындағы кейбір зиянды заттардың шекті рауалы концентрациясы

Код Заттар Қауіптілік класы ШРК, мг/м3
Максималды бірлік Орташа тууліктік
Күкірт диоксиді 0,5 0,05
Күкіртсутек 0,008 -
Күкірт көмірсутк 0,03 0,005
Азот диоксиді 0,085 0,04
Аммиак 0,20 0,04
Ацетон 0,35 0,35
Бензол 1,5 0,1
Дихлорэтан 3,0 1,0
Изопропилбензол (кумол) 0,014 0,014
Пропилен 3,0 3,0
Фенол 0,01 0,003
Көміртек оксиді 5,0 3,0
Капролактам (аэрозоль) 0,2 0,2
Ксилол 0,2 0,2
Бенз(а)пирен - 1 г/м3
Винилацетат 0,15 0,15
Сажа 0,15 0,05
Толуол 0,6 0,6
Стирол 0,04 0,002
Микроорганизмдержәне микроорганизмдер - продуценттер - 5000 кл/м3 (ОБУВ) 1 нг/м3

ШРК мб.- елді мекеннің ауасындағы заттардың шекті рауалы максималды бір жолдық концентрациясы, мг/м3.бұл концентрация ауаны 20 минуттай жұтқанда адам организмінде рефлекторлық реакцияны туғызбауы қажет;

ШРК от.-елді мекеннің ауасындағы улы заттардың шекті рауалы орташа тәуліктік концентрациясы, мг/м3. Зиянды агенттің адам организміне өткенде (демалу, тамақпен және т.б) оларға қатты ықпал жасамайтын ең көп мөлшері.

Наши рекомендации