Экожүйе түрлері.Құрлық экожүйелерін сипаттаңыз

Экологиялық жүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену,өсужәнеұрпақберу мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануыныңтарихиқалыптасқанжүйесі. Экожүйе құрамынаорганизмдерде,табиғиорта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымынэнергиянытрансформациялаудыңүш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретінөсімдіктерменжануарлардыңәрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелердеөсімдіктіңкүнэнергиясын,минералдызаттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелердіқаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе . Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да керетін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе – зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек.

Құрлықтық экожүйелерге : тундра, тайга,орманды дала,дала, шөл, саванна,таулар т.б.

Тундра — ландшафт типі, орман зонасы шекарасынан солтүстікке қарайғы (Оңтүстік жарты шарда оңтүстікке қарайғы) ормансыз кеңістікті алып жатқан ландшафтың зона. Азияның, Европаның және Солтүстік Американың солтүстігінде, арктика маңы аралдарда тараған. Ағаштар өспейтін суайрық кеңістіктерінде бұталышөпті, балдырлықыналы жамылғылар басым болып келеді. Тундра климаты жағдайларының ерекшелігіне: қысының ұзаң, ызғарлы болуы, орта температурасы 10—12°тан аспайтын жазының қысқа болуы, жылдың жауын-шашынның (200— 300 мм) аздығы мен бұлтты күндердің кептігі, ауаның салыстырмалы ылғалдығының жоғары болуы мен желдердің өте қаттылығы тән. Оның тағы бір ерекшелігіне: тек жазда ғаяа беткі жағы ептеп еритін тоц топырақтардың таралуы жатады. Топырағы торфтыглейлі болып келеді, топырақ температурасының төмен жағдайында өсімдікке келетін су азаяды, сондықтан да өсімдіктері ксерофиттер сияқты болып тұрады.

Тайга (түркі-моңғ сөзі - қылқан жапырақты орман) — солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіндегі қылқан жапырақты Сібір орманының аты. Тайга термині бүкіл Еуразия мен Солтүстік Америка бойынша созылып жатқан қылқан жапырақты орман аймағының өсімдігі мен қоңыржай белдеудің ландшафтық орман зонасын да атауға қолданылады. Европалың тайга көбінесе шырша мен қарағайдан тұрады. Оралға жақындағанда Батыс Сібір тайгасында Сібір балқарағайы, қарасамырсын, Сібір самырсыны кездесе бастайды. Енисейден шығысқа қарай Сибирь бал қарағайы басым, бірақ ол даур бал қарағайымен араласады да, ал таулар мен таулы үстірттердің бас жақтарында теселме самырсындар жыңғылдары пайда бола бастайды. қиыр Шығыс тайгасында аян шыршасы мен қарасамырсынның ерекше түрі тараған.

Орманды дала.Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеті сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.

Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы 18°-20°С. Қысы едәуір суық, кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53°С-қа

Шөл – ауа температурасы құбылмалы, жауын-шашын өте аз түсетін климат жағдайында қалыптасатын ландшафтың яғни жердің кедір-бұдырының бір түрі. Шөлде түсетін жауын-шашын мөлшерінен булану шамасы 7 – 30 есе артық болады. Шөл топырағы және грунтына қарай: ертедегі аллювийлік жазықтың борпылдақ жыныс қабаттары үстінде қалыптасқан құмды Шөл гипстелген құрылымды үстірт пен тау алды жазығындағы малтатасты және құмды-малтатасты Шөл; үстірттегі және тау алды жазығындағы гипстелген қиыршық тасты Шөл; аласа таулар және ұсақ шоқылардағы тастақты Шөл; жамылғысы сәл карбонатты саздақты жердегі саздақты Шөл; тау етегі жазығындағы ллссті Шөл; тау алды жазығы мен өзендердің ескі атырауларындағы саздақты тақыр Шөл; тұзды мергелдік және сазды аласа таулы өңірдегі саздақты-шөладырлы шөл; тұзды құмтөбелер және теңіз жағалауындағы сортаң Шөл болып бөлінеді. Құрлықтың ішкі бөлігінде орналасу жағдайына қарай құрлықтық (Гоби, Такла-Макан, т.б.) және құрлықтардың батыс жағалауларында орналасқан жағалаулық (Атакама, Намиб, т.б.) Шөлдерге бөлінеді. Географиялық орнына қарай: тропиктік, субтропиктік, қоңыржай белдеу және Арктика мен Антарктида (арктиктік Шөл немесе мұз Шөлі) шөлдері болып бөлінеді; тауларда шөл (суық биіктаулық шөл) биіктік ландшафт белдеуін құрайды.дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С.

Саванна (ис. сабана - кариб үндістерінің тілінен енген) — тропиктік ормандар мен шөлдер аралығындағы биом түрі. Саваннада субэкваторлық, тропиктік және субтропиктік өсімдіктер типінің ксерофитті шөптесіндері, жеке немесе шоқ ағаштары (акация, эвкалипт, т.б.) мен бұталары кезектесіп орналасқан. Өсімдіктері ұзаққа созылатын құрғақшылыққа бейім келеді. Шөптесін өсімдіктерінің жапырағы қатқыл, тікенекті. Олардың ішінде биікт. 3 — 5 метрге дейін жететін астық тұқымдастары да бар. Ағаштары аласа, діңдерінің қабығы қалың, жоғарғы бөлігі шатыр тәріздес. Құрғақ маусымда кейбір ағаштар діңіне (баобаб, бөтелке ағашы, т.б.) су қоры жиналады. Саванна тропиктік егіншілікке қолайлы: мақта, жер жаңғақ, жүгері, темекі, күріш егіледі. Жануарлардан піл, мүйізтұмсық, керік, зебр, антилопалар; құстардан түйеқұс мекендейді. Солтүстік Африка аумағының 40%-ын қамтиды. Оңтүстік Америкада (кампос, льянос), Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда, Солтүстік-Шығыс Австралияда да таралған.

Наши рекомендации