Азтрансгаз аймақ» филиалдары

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

НДІРІСТІК ФИЛИАЛЫ

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласын газдандыру, сонымен қатар ұзындығы 154 км газ тарату жүйесін жəне оның ғимараттарының құрылы-

сы. Екі кезеңнен тұратын жобаның іске асырылуы - 2013-2014 жж. есептелген. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ істеген жұмысының нəтижесінде алдағы уақытта Зайсан жəне Тарбағатай аудандарын газдандыру үшін

технологиялық база құрылды. Болашақта бұл Шығыс Қазақстан облысының

2 ауданындағы 80 мың тұрғынды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Магистралды газ құбырының арқасында Зайсан қаласынан басқа Зайсан ауданының (Қаратал, Қайнар, Жамбыл, Шалқар, Үлкен Қаратал, Қарабұлақ, Кенсай) 9 ауылдық елді мекенін газдандыру жоспарлануда.

ЖАМБЫЛ ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫ

Филиалмен ұзындығы 106 км «Қордай-Шу газ құбырының құрылысы» инвестициялық жобасы басталып, мерзімінен бұрын сəтті аяқталды. «Бір терезе» жүйесі бойынша тұтынушы ларға қызмет көрсетіле бастады, «Тараз қаласында газ тарату жүйелерін жаңғырту» инвестициялық жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Филиалдың кəсіподақ комитеті Жамбыл облысының кəсіподақ комитеттері арасында өткен «Үздік бастама – үздік кəсіподақ» байқауының жеңімпазы болып танылды.

Филиал 2013 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалдары арасындағы сервистік жобалардан түскен пайда бойынша үздік деп танылды. Филиал атына Талас ауданында ТЖ зардабын жою бойынша жұмыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін Жамбыл облысының əкімі атынан Алғыс хат жолданды.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

НДІРІСТІК ФИЛИАЛЫ

Соңғы 5 жылда Орал қ. типтік жобалар бойынша 7 аудандық газ шаруашылықтарының жаңа өндірістік ғимараттары салынды жəне жөндеуден өтті. 2011 жылғы 18 шілдедегі ҚР Үкіметінің № 822 қаулысымен «Арқагаз» АҚ акциясының 100% мемлекеттік пакеті коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өтті. Корпоративтік процедуралардың сəтті аяқталуынан кейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өзіне «Аркагаз» АҚ қосып алды. Филиал қызметкерлері «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ұйымдастыратын жыл сайын өтетін спартакиадаларда үнемі жүлделі орындардан көрініп жүр. Сонымен қатар облыстың жəне қаланың қоғамдық жəне мəдени-спорттық

өміріне белсенді араласады.

ОСТАНАЙ

НДІРІСТІК ФИЛИАЛЫ

Облыс «Бұхара – Орал» магистральды газ құбырынан жалпы ұзындығы 353,5 км 3 нүктеде газбен қамтылған. Газ 4 қала (Қостанай, Рудный, Лисаковск, Жетіқара) тұтынушыларына жəне облыстың 6 ауданында орналасқан 45 поселкіге жеткізіледі. «2015-2019 жж. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ

Қостанай өндірістік филиалының жаңа активтерін құру жəне жаңарту, газ тарату құбырларын техникамен қайта жабдықтау, газдандыру

» инвестициялық бағдарламасын іске асыру аясында қарастырылады:

жоғары, орташа жəне төмен қысымды газ тарату құбырыларын қалыпқа келтіру, ГТС- ке ГШЕБТ типті газ шығынын есепке алу пунктерін орнату.

құдықсыз тиекті орнату; ГРП-ны БГРП-ге ауыстыру.

ЫЗЫЛОРДА

НДІРІСТІК ФИЛИАЛЫ

2009 жылдан бастап ҚазТрансГаз Аймақ8 млрд теңгеге 4 инвестициялық жобаны іске асырды. Соның нəтижесінде 6 мыңнан аса жаңа абоненттер көгілдір газбен қамтамасыз етілді. Қалада 2 газ таратушы станцияны

(ГТС) қосатын газ құбыры салынды. 250 км аса қысымы жоғары жəне орташа газ құбыры өткізілді. Ірі кəсіпорындарды, шағын жəне орта бизнес объектілерін экологиялық отынға ауыстыру кезең-кезеңмен

іске асырылуда.

2014 жылы филиалмен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен бекітілген «Қызылорда облысының5 қаласын газдандыру» күрделі инвестициялық бағдарламасын іске асыру басталды. Жобаға сəйкес 4 аудан орталығында (Арал Əйтеке би, Шиелі жəне Жаңақорған поселкілерінде) жəне Байқоңыр қаласында авто

маттандырылған газ тарату станциялары мен қалаішілік жəне ауылішілік газ құбырлары салынады

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

НДІРІСТІК ФИЛИАЛЫ

Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалының соңғы 5 жылдағы жетістіктерінің бірі – Шымкент қаласында газбен жабдықтау тораптарын жаңарту жəне ауыстыру бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруы. Нəтижесінде облыс орталығында қаладағы абоненттердің жартысы газды жаңартылған

жүйе бойынша алады. 2013 жылы №15 АГТС жəне қос БГРП бірге «Бейнеу-Бозой» магистралды газ құбырынан тартылған Түркістан қ. (ОҚО) жеткізуші газ құбыры пайдалануға берілді. 2014 жылы Оңтүстік Қазақстандық

еңбек инспекциясы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстандық өндірістік филиалын жаңа заманауи талаптарға сəйкес келетін еңбек жағдайы қарастырылған облыстағы үздік кəсіпорын деп таныды («Үздік қауіпсіз кəсіпорын-2014» дипломы).

Наши рекомендации