Тақырыбы: жамбыл облысының экологиялық жағдайы
1. Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар.
2. Экологиялық проблемалардың себептері, салдары, шешу жолдары.
Жамбыл облысының экологиялық жағдайына әсер ететін экологиялық табиғи факторларға мыналар жатады:
а) Экологиялық шиеленісті бәсендететін факторлар-эрозиялық жойылуға берік тасты; тау беткейлеріндегі ылғалдың жеткілікті болуы.
б) Экологиялық шиеленіске себеп болатын факторлар- пайдалы қазбаларды игеру рельефтің тілімденуі, тау беткейлерінде орман белдеуінің болмауы, тау бөктеріндегі лессті тау жыныстарыдағы жел эрозиясы.
Жамбыл облысының қазіргі экологиялық жағдайы: Қаратау провинциясында экологиялық жағдайы пайдалы қазбаларды өндірген жерлерде шиеленісті. Ал қалған аймақтарда- қанағаттанарлық табиғи шайылымның дигрессиясы байқалады. Тау алдындағы жазықтарда ирригациялы эрозия мен антропогенді шөл басу байқалады.
Ерекше қорғалатын террторияларда қазіргі жұмыс істеп тұрғаны- Ақбастау мен Қарабастау полеонтологиялық табиғи ескерткіштері. Бұл екеуі Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорықтың филиондары болып табылады. Қаратаудың Бұрындай аңғарында орналасқан. Аса терең емес сайдағы сазды әртүрлі балықтардың, молюска, тасбақа, жәндіктердің және юра дәуірінің көптеген өсімдіктерінің, осыдан 150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен, қалдықтары сақталып қалған.
Сурет. Жамбыл облысының экологиялық жағдайы
Қоршаған ортаға тигізіп отырған әсері тұрғысынан техногенездің ықпалы зор. Табиғи ортадағың геоэкологиялық жағдайын шиеленістіреді: табиғи шикізаттың қоры азайып, денсаулығына үлкен нұқсан келтіреді, табиғи ландшафтының экологиялық қалыпты орта құраушы қаблетін төмендетеді.
Жамбыл облысы территориясының экологиялық жағдайының нашарлауы, оны ластаушы заттардың құрамына және сандық көрсеткіштеріне байланысты. Ластаушы заттардың құрамы, біздің өлкедегі өнеркәсіп саласына, оның өндіріс көлеміне қарай анықталады.
Жамбыл облысының қазіргі геоэкологиялық жағдайы барлық жерінде бірдей емес. Территорияның экологиялық жағдайы әртүрлі провинцияда әрқалай. Жамбыл облысының территориясында экологиялық дестабилизацияның қанағаттанарлық деңгейі тән (58,9%). Экологиялық жағдай шиеленіскен жағдай –28% территорияда. Ал экожағдай аса шиеленіскен территория үлесі – 1,3 %. Экологиялық қалыпты жағдай 11,8 % территорияда сақталып отыр.
Жамбыл облысы территориясындағы геоэкологиялық жағдайды сараптау 13 геоэкологиялық анклавты ажыратуға мүмкіндік берді. Әрбір анклав –экологиялық шиеленістің ошағы. Ол экологиялық жағдайы қалыпты провинция аумағында дамиды, сондықтан қоршаған ортадағы бүлінген, қалпына келтіруге бағытталған кезек күттірмейтін шараларды геоэкологиялық анклав аумағында іске асыру керек.
Дебиеттер тізімі
1. Чигаркин А.В. Памятники природы Казакстана. - Алма – Ата: Кайнар, 1980.
2. Байхонов С.С. Табиғатым – тағдырым. - Алматы: Қайнар, 1991.
3. Молдабергенов А.Ш. Қазақстанның хайуанаттар дүниесі мен өсімдіктер әлемі және оларды қорғау. - Алматы: Қайнар. 1983.
4.Байғабылова А. Қазақстан қорықтары. - Алматы: Аруна. 2003.
Лекция №14