Тақырып: 1. Литосфераның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану

1.1 Литосфера және оның құрылымы

1.2. Топырақтың геохимиялық құрамының ерекшелігі

1.3. Антропогенді факторлардың литосфераға әсері

Литосфера −жердің қабығы, құрамы, силикаты, 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3 км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Топырақ. Жер бетінде күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмосфера церкулиясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер , микроорганизмдер мен жануарлар арасында айналымы - кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір –бірімен тығыз байланысты.

Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады. Топырақтану ғылымының негізін салушылардың В.В .Докучаев ХХ

ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи - тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельфімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.

Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болады .Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа алғаш рет М. В. Ломоносов ғылыми анықтама берді, ол: топырақ түзілу процесі құнарлық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым –қатынас деп көрсетті . Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Топырақ биосфераның компонеттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей жанама әсерлерді тепе- теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық -түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақарқылы ғана жасалады. Топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы атмосфералық жауын - шашын жинақтау мен су баланысын реттеу, өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.

Топырақ – сыртқы орта жағдайлары жылу, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар микроорганизмдердің әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельф пен адамның іс-әрекеті де жатады. Тірі организмдер негізгі қасиеті - құнарлылығын қалыптасуына жағдай жасайды.

Топырақтың құнарлылығы дегеніміз - оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтерімен сумен ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер ету нәтижесінде қалыптасады. Ол бүкіл Адам баласының тіршілігінің көзі болып табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің, ауылшаруашылық дақылдары өндірісінің негізі. Топырақ - барлық элементтердің аккумуляторы: ол оларды өзінде жинақтап, сумен шайылып кетуден сақтайды. Өзінің қалыптасқан зат алмасу процесі бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқыны, эрозия, құрғақшылық, т.б ) әсеріне қарсы тұра алады.Бірақ топырақ көптеген антропогендік факторлардың (жер жырту, малжаю, техниканы қолдану, т.с.с) ұзақ уақытқа созылатын әсеріне сезімтал келеді.Топрақтың құнарлылығы адам іс -әрекетіне де байланысты. Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық – түлік, малға жем, киім үшін талшық, құрылыс материялдарын береді. Топырақтың ең маңызды байлық екендігін айта келіп, К.Маркс, еңбек –байлықтың әкесі болса, топырақ – анасы деген.

Топырақтың деградацияланудың (латын тілінен аударғанда - «төмендеу», «артқа кету») негізгі факторлары: эрозия, минералдық

тыңайтқыштар мен пестицидтерді шамадан тыс көп қолдану, т .с.с

1.2. Топырақтың геохимиялық құрамының ерекшелігі

Топырақ құрылысымен, белгілі бір су өткізгіштігімен және аэрациялануымен сипатталады. Топырақтың жоғары қабатында өсімдіктердің қоректенуіне қажетті элементтер- фосфор, азот, кальций, калий және т.б шоғырланған. өсімдіктердің тамырлары өсу, өлу және ыдырау барысында топырақты қопсытады да, белгілі бір құрылымды құрайды. Топырақ түзілуіндегі маңызды фактордың бірі – рельеф. Бірдей және жасы бірдей рельефте жақын және бір түрдегі топырақтар түзіледі.

Топырақ ауасының атмосфералық ауамен газ алмасу арқылы оттегімен,

ал жер бетіндегі қабаттың көмір қышқылымен байыту процесін – аэрация деп атайды. Топырақтың аэрациясына көптеген факторлар әсер етеді. Мысалы, ылғалдылықтың жоғарылауы топыраққа оттегінің енуіне кері әсерін тигізеді т.б.

Топырақтың органикалық заты гумификация (аэробты ыдырау) және өсімдік қалдықтары мен жануарлардың өлекселерінің жартылай ыдырау өнімдерінен тұрады. Гумус топырақта мекендейтін ағзалардың тіршілігіне қажетті минералдық заттар мен энергия көзі болып табылады. Ол топырақтың құнарлығын қамтамасыз етеді.

Топырақ ағзалары мекен ету ортасымен байланыс дәрежесіне қарай келесідей топтарға бөлінеді:

1) Геобионттар

2) Геофилдер

3) Геоксендер. 6

1.3. Антропогенді факторлардың литосфераға әсері

Антропогенді факторлар деп адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығын айтады. Табиғатты қорғаудың түрлі аспектілерін ескермей жүргізген адамның шаруашылық іс-әрекеттері қоршаған ортаның соның ішінде топырақтың да ластануына әкеп соғады. Нәтижесінде топырақ өндірістік, құрылыстардың қалдықтарымен жылу электр станцияларының күлкімен, пайдалы қазбалар мен құрылыс материалдарын өндіру кезіндегі жердің бетіне шығарылып тасталған жыныстар тау-тау болып үйілген, мұнай өнімдері жиналған, т.б «индустриялық далалар» пайда болады. «Индустриялық далалардың» топырақтарында ештеңе өспейді. Бұның себебі, ластаушы заттардың құрамында табиғи күйде топырақта өте аз мөлшерде кездесетін химиялық элементтер болады. Олар көміртек күкірт молибден , мыс, кадмий, мырыш, алюмений, никель, вольфрам, натрий , хлор, темір, бор, барий, фтор. Бұндай жағдайда химиялық элементтердің топырақтағы қалыптасқан қатынасы бұзылады.

Топырақтың ластануы тек қана адамның индустриялық қызметтерінен емес, сонымен бірге ауылшаруашылық өндірістің нәтижесінде де жүреді. Топырақты ( сол сияқты ауа мен суды ) едеуір ластаушы көздер мал шаруашылығының комплекстері . Көбінесе сұйық көң дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Мысалы 100 мың бас өсіретін шошқа кешендері немесе 35 мың бас ірі қара өсіретін кешендердің қоршаған ортаны ластау дәрежесі 400, 500 мың халқы бар үлкен өндірістік орталықпен бірдей дәрежеде болады. Сондықтан фермаларда тазартқыш қондырғыларда салу өте қажетті шаралардың бірі.

Сонымен қатар көп жағдайда жанар – жағар майларды сақтау мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар топыраққа түскенде топырақтың биологиялық белсенділігін нашарлатады. Сол сияқты минералдық тыңайтқыштарды жолдардың, не егістіктердің жиегінде ашық тастауға болмайды. Мұнай өндіру және барлау жұмыстары топырақтың түрлі, жуғыш заттармен ластануына себеп болады. Нәтижесінде мұнай төгіліп, топырақтың бетінде битумды заттардың түзілуіне әкеліп соғады. Бұрғылау жұмыстары кезіндегі қолданылатын жуғыш заттар (каустикалық сода, натрий хлориді, дизель майы, битум) топырақтың тұздануына себеп болады. Әдетте, ұндай жерлерде өсімдіктер өспейді .

Көптеген жерлер тұрмыстық және өндірістік қалдықтары жинақталған қалдық үйінділермен ластанады. Бұл үйінділерде тұрғын үйлер, мекемелерден шыққан қалдықтар, әртүрлі синтетикалық материалдардан жасалған тұрмысқа қажетті заттардың қалдықтары, моншалар мен кір жуатын орындардан шыққан ағызынды сулар, жаңбыр мен қар сулары, т.б

толып жатқан қалдықтардың барлығы топырақты қатты ластайды.

Топырақ бұлардан басқа пестицидтерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда да біршама ластанады. Олардың химиялық тұрақты түрлері топырақта жинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына себеп болады. Ал пестицидтердің топырақта жинақталуы және ондағы организмдерінің жойылуы топырақ түзілу процестерінде әсер етіп , оның құнарлылығын төмендетеді.

Сондықтан шаруашылықтарда пестицидтерді пайдаланудың ережелерін қатаң сақтаулары қажет. Ал тыңайтқыштарды қолданғанда ғылыми-зерттеу мекемелерінің ұсыныстарын басшылыққа алу керек. Табиғи аймақты, топырақтың түрі мен түрін, тыңайтқыш берілетін дақылдың ерешеліктерін ескермеу топырақтың қышқылдануына, не сілтіленуіне әкеліп, қоректік элементтердің антогонизмін туғызады.

Лекция №2

Тақырып: 2.Литосфераның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану(Қ.Р.)

Жер - өндіріс құралы ретінде еңбек процесінің материалдық алғы шарты, оның аса маңызды заттық факторларының бірі. Ол халық шаруашылығының бірқатар салаларына, ең алдымен ауыл және орман шаруашылығына табиғаттың өзі берген басты өндіріс құралы. Өндіріс құралы ретінде жердің негізгі қасиеті – оның құнарлылығы.

Жер шаруашылық айналымына енгізілгеннен кейін, оның құнарлылығы

Тыңайтқыштар пайдалану, техникалық құралдарды, жерді өңдеу технологиясын жетілдіру арқылы, яғни техникалық прогресс негізінде қолдан жаңартылып, жақсартылады. Жердің құнарлылығын арттыру, оның табиғи және қолдан жасалған өндірістік мүмкіндіктерін пайдалануды дұрыс ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Жерді пайдаланудың тиімділігін арттырудың аса маңызды шарты – оның экономикалық құнарлылығын арттыру болып табылады.

Жердің құнарлылығы дегеніміз – адамға керекті өсімдік өнімдеріне, мал шаруашылығына керекті жағдай туғызу. Жердің құнарлылығы ондағы қоректік заттардың мөлшеріне, топырақтың құрылымына, тағы басқа биологиялық, климаттық факторларға байланысты.

Жердің негізгі өндірістік қасиеті (құнарлылығына байланысты), оның

ерекшелігі – ол бір мезгілде еңбек заты да, еңбек құралы да бола алады. Шаруашылық айналымына тартылған өндірістегі жерді тек табиғат сыйлығы ғана деп қарауға болмайды. Бұл жағдайда жердің өндіргіш қасиеті - ол адамның еңбек етуінің нәтижесі, ал оның тиімділігі жұмсалған шығындарды есепке ала отырып, бағаланады.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің шарты және оның барлық технологиясының негізі ретінде жер еңбек құралы болып табылады.

Бірқатар себептерге байланысты республикамызда жер ресурстары ауыл шаруашылық өндірісінде толық пайдаланылмай келеді. Негізгі себеп – жел эрозиясымен қатар топырақтағы су эрозиясы да басып келді. Күні бүгін жел эрозиясына ұшыраған жердің жалпы мөлшері 4,3 млн. гектарға жеткен. Өңірде климаттық және гидрологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты жел эрозиясы тұрақты түрде өріс алуда. Мұндай қолайсыз жағдайдар Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарына тән екендігі мәлім. Жердің толық пайдаланылмауы оның өнімділігінің кемуіне әкеліп соқтырады. Дұрыс пайдаланатын болсақ, жер өзінің сапасын сақтап қана қоймайды, ол сонымен катар жақсара да түседі.

Жер ресурстарын ұтымды пайдалану дегеніміз - бұл жерде шаруашылықты дұрыс жүргізу және оның құнарлылығын арттыру. Жер ресурстарын пайдалану, жақсарту – маңызды кешенді міндет. Ол бірнеше бағыттарды қамтиды. Бастапқы шаралар – шаруашылық айналымынан шығарылып қалған жерлердің көлемін мейлінше азайту. Бұған жататындар: ауыл шаруашылығының мұқтаждарына жатпайтын жерлердің көлемін қысқарту; жер қыртысын жел және су эрозияларынан қорғау, ішкі және шаруашылық аралық жерлерді тиімді орналастыру; елді мекенді жерлерді жоспарлау, т.б.

Жер ресурстарын, әсіресе, суармалы жерлерді ұқыпты пайдалану

шараларының ең маңыздысы – жерді мелиорациялау. Оның көмегімен

пайдаланыстағы жердің құнарлылығы үнемі артып, қайта жаңарады, бұрын егіншілікке жарамай осының нәтижесінде қалған жерлер ауыл шаруашылығы айналымына қосылады. Сөйтіп, мелиорация егін шаруашылығын қарқынды дамытудың басқа көздерін пайдалану тиімділігінің неғұрлым тез өсуіне мүмкіндік туғызады.

Жер русурстары – қоғамның маңызды байлығы, срндықтан оның

құндылығы ақшалай бағаланып, ұлттық байлықтың құрамына жатқызылады.

Жерді бағалау дегеніміз – жер қыртысының табиғи қасиеттерін анықтау болып табылады. Жерді экономикалық бағалау негізгі үш түрлі қызмет атқарады: Біріншісі – есептеу; Екіншісі – жер қорын тиімді пайдалануды экономикалық тұрғыдан ынталандыру; Үшіншісі – жер тілімдерінің сапалық қасиеттері.

Бұлардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты және жалпы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға қызмет етеді. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын топырақтың сапасын анықтаудың алғышартына оның нақты жағдайда дақылдардың шығымдылығымен өзара байланысты топырақтың табиғи қасиетінің диагностикалық белгілері жатады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер туралы» Жарлығына

байланысты жерді қорғау оны қоршаған табиғи ортаның бөлігі ретінде қорғау, ұтымды пайдалану, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының айналымынан негізсіз алынуын болдырмау, сондай-ақ топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа шаралар жүйесін қамтиды.

Лекция №3

Наши рекомендации