АзТрансГаз Аймақ» АҚ жетістіктері
Комнания 30 000 км таратушы жəне магистралды газ құбырлары жəне өзге қажетті инфрақұрылымды біріктірген Қазақстанның ірі газ таратушы кешеніне айналды.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі №939 қаулысын орындау шеңберінде газбен жабдықтаудың ішкі нарығындағы жалғыз оператор ретінде іске асырды. Бұл тұтынушылар -ды үздіксіз жəне авариясыз газбен жабдықтауды қамтамасыз етеді, бірыңғай техникалық,тарифтік жəне бағалық саясат жүргізуді, газ таратушы тораптарды жаңғыртуды жалғастыруға мүмкіндік береді.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай қ. жəне Шығыс Қазақстан облысын газбен жабдықтау нарығына енуді іске асырды. Шығыс Қазақстан облысында Зайсан қ. газдандырумен қатар, компанияның Шығыс Қазақстан өндірістік филиалы құрылды. Осыған орай, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШҚОхалқын жəне ондағы кəсіпорындарды тауарлы газбен қамтамасыз етудегі 9-шы аймақ. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ корпоративтік рəсімдер табысты аяқталғаннан кейін өзіне«Арқагаз» АҚ жəне «Актаугазсервис» АҚ қосып алды. Осылайша компания еліміздің барлық аймақтарында газбен жабдықтаудың ішкі нарығындағы бірыңғай оператор ретінде газ таратушы тораптардың бірігуін аяқтады.
2013 жылдың қорытындысы бойынша«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 8 млрд. теңгеден астам салық төлеп, Қазақстанның 36 ұлттық компанияларының арасындағы ең ірі салық төлеушілер ондығына енді.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда облысы үшін аса маңызды инвестициялық жоба – «Қызылорда қаласын «Бейнеу-Бозой-Шым кент» магистралдық газ құбырына қосу шарасын іске асырды.
2013 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ менеджменттің біріктірілген жүйесінің сертификаттауынан табысты өтті. Оның қорытындысы бойынша менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарының талаптарына сəйкестігі жөнінде сертификат табысталды. Сертификаттауды TÜV CERT TÜV Thüringen e.V. жүйені жəне персоналды сертификаттауөніндегі халықаралық органы өткізді
ИСО 9001 сертификаты рұқсат беруші емес растаушы құжат болып есептеледі. Бұл құжат мекеменің сапа менеджментінің
сыртқы өзгерістерге қарамастан тауар мен қызмет сапасын қамтамасыз ететін жұмыс ішкі немесе, жүйесі барын растайды. «ҚазТрансГаз Аймақ»
өзінің өнімі мен қызметінің сапасын растай отырып, бəсекеге қабілеттілігін арттырды.
2013 жылы қазанда Бангкок қ. (Тайланд) «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ (Asia Network for Quality, ANQ, Bangkok) Азиялық сапа ұйымының сапа менеджменті саласындағы үздік тəжірибесі мен жетістігі үшін жүлде табысталды. Азиялық сапа жүйесі тарихында (ANQ) тұңғыш рет қазақстандық компания қызмет көрсету саласындағы барлық ресми аттестат-
тау рəсімдерінен мүддірмей өтіп, Азия құрлығында лайықты марапатқа ие болды.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ «Алтын сапа»
Президенттік сыйлығының иегері.
2013 жылдың 20 желтоқсанында Индустрияландыру картасы жобасының тұсаукесері барысында, сонымен қатар «Алтын сапа» жəне «Парыз» байқауларының арнайы сыйлықтарын табыстау жəне лауреаттарды марапаттау салтанатында Премьер-Министр «Алтын сапа» сапа саласындағы жетістіктері үшін ҚР Президентінің сыйлығымен бірнеше отандық кəсіпорынды марапаттады. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызмет
көрсететін үздік кəсіпорын ретінде «Алтын сапа» Президенттік сыйлығына лайық деп табылды. Президенттік алтын жүлде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Қайрат Шəріпбаевқа табысталды