Тақырып . Табиғат объектілеріне меншік құқығы.
Жоспар:
1. Табиғат объектілеріне меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы.
2. Мемлекет – табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектісі.
3. Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны мен қорғалуы.
4. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы.
Негізгі ұғымдар:табиғат объектілері, меншік, меншік құқығы, санат, табиғи ресурс.
Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы,пайдалану құқығы,билік ету құқығы.
Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзегеасырудың заң жүзінде қамтаасыз етілгенмүмкіндігі болып табылады.
Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.
Билік ету құқығы табиғат объектілерініңзаңдық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға тиесілі болуына тікелей байланысты болады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:
-меншік құқығын беру;
- еншік құқығын басқаға беру;
- меншік құқығының әбебап құқық мұрагерлігі тәртібінде көшуі.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналардың негізінде туындайды:
1. мемлекеттік органдардың актілері;
1. азаматтық-құқықтық мәмілелер;
2. ҚР-ның заңында көзделген өзге де негіздерде.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1. меншік иесінің табиғат объектілерін басқа ададарға иеліктен шығаруы;
2. меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бастартуы;
3. ҚР-ның заң атклеріне сәйкес меншік құқығынан айрылуы жағдайында.
Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады: бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.
Меншік құқығының объектілеріне жер, орман, су, жер қойнауы,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады.
Табиғи ресурстағы меншік құқығы заң аспектісінде екі қасиеті бойынша: құқық институты және меншік иесінің заңды құқықтарының жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Табиғи ресурстарға меншік құқығы, табиғи ресурстарға меншік қатынастарын реттейтін құқықтық институт ретінде құқықтық нормалардың жиынтығын ұсынады, міне осы, объективті мағынада меншік құқығын құрайды.
Табиғи ресурстарға меншік құқығының негізі ҚР Конституциясымен белгіленген, онда былай көрсетілген: Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік тең түрде танылады және қорғалады.
Жер және жер қойнауы, сулар, өсімдік және жануарлар дүниесі, басқа табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. (6-бап). Негізгі заңның Ережелері ҚР Азаматтық кодексінде дамыды, 188-бапқа сәйкес Меншік құқықтарында заң актілерімен танылған және қорғалатын өз қалауы бойынша өзінің иелігіндегі мүлігіне билік етуге және пайдалануға субъектінің құқықтары бар. 20.06. 2003 жылғы ҚР Жер кодексінде Қазақстан Респуликасында Жер мемлекеттік меншікте екендігі нақтыланған. Жер төлімдері осы Кодекстің (3-бабы) белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. 8.07.2003 жылы бекітілген ҚР-ның Орман кодексінде былай деп көрсетілген: Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық ормандар, сондай-ақ орман өсімдіктерімен қамтылмаған, бірақ орман шаруашылығы қажеттілігіне арналған орман қорының жерлері ҚР орман қорын құрайды. Орман қоры мемлекеттік және жеке орман қорынан тұрады (6-бап ).
09.07.2003 жылы ҚР-ның Су кодекстерінде суларға: су нысандарында топталған, құрлық қыртысының үстіндегі және жер қойнауындағы барлық сулардың шегі бар жиынтығы, көлемі мен су режимі жатады. Жекелей алғанда оларға: теңіздер, өзендер, оларға теңестірілген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа жер бетіндегі су нысандары, жерасты суларындағы жер қойнауының бөліктері (5-бап) жатады. Сонымен қатар, мемлекеттік су кадастрына енгізілген немесе енгізілетін Қазақстан Республикасының аумағының шегіндегі барлық сулардың жиынтығы, Қазақстан Республикасының Су қорын құрайды (4-бап). Қазақстан Республикасының Су қоры мемлекеттік меншік иелігінде.
Осылайша, ҚР Конституциясы мен МК табиғи ресурстарға және өзге мүлікке меншік нысаны мен жалпы мазмұнын белгілейді. Экологиялық заңнамада нақты табиғи ресурстарға меншік нысанының ерекше белгілері, сондай-ақ жерге, суға, жер қойнауына, орман және т.б. меншік иесінің заңды құқығын жүзеге асырудың тетіктерінің өзгешіліктері бекітіледі. Дәл осы, табиғи ресурстарға меншік қатынастарының экологиялық құқық институты болып табылатындығына негіз болып табылады.