Тақырыпқа арналған ақпараттық материал

МАШЫҚТАНУ САБАҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тақырыбы: №12. Экология мен қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері.

Мамандықтар: 5В 130100 - «Жалпы медицина»,

5В 130200 – «Тіс емдеу»

Пән: «Экология және тұрақты даму»

Құрастырғандар: м.ғ.к., ассоц. профессор Рыскулова А.Р.,

б.ғ.к., доцент м.а. Аскарова У.Б.,

Алматы 2016

Машықтану сабағы. Экология мен қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері.

2.Мақсаты:Экология мен қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері туралы жан-жақты білім мен экология саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге талдау жасай білу біліктіліктерін қалыптастыру.

3.Оқытудың міндеттері:

· «ҚР Экологиялық Кодексімен»;

· «ҚР 2004-2015 жж. арналған экологиялық қауіпсіздік Концепциясымен» таныстыру;

· Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершіліктердің түрлерімен – әкімшілік, азаматтық және қылмыстық жауапкершіліктер түрлерімен таныстыру;

· ҚР Экологиялық кодексіне» қысқаша сипаттама беруді;

· «ҚР 2007-2015жж. арналған экологиялық қауіпсіздік Концепциясына» қысқаша сипаттама беруді үйрету;

· «ҚР Әкімшілік кодексі», «ҚР Азаматтық кодексі» және «ҚР Қылмыстық кодекстерінде» көрсетілген экологиялық құқық бұзушылық түрлері үшін жауапкершіліктермен таныстыру;

· Экология мен қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. «ҚР Экологиялық кодексі» (9 январь, 2007 ж.).

2. ҚР «Жануарлар дүниесін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану туралы» Заңы (21 октябрь 1993 ж.).

3. ҚР Президентінің Заң күші бар «Жер қойнауы және оны пайдалану» туралы Жарлығы (27 январь 1996 ж.).

4. ҚР «Ерекше қорғалатын аймақтар туралы» Заңы (15 июль 1997 ж.);

5. «2004-2015 жж. арналған ҚР тұрғындарының экологиялық қауіпсіздік Концепциясы», (ноябрь, 2003 ж.)

5.Оқыту әдістері:аз топтарда жұмыс.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:

Қазақ тілінде:

1. «ҚР Экологиялық кодексі», Астана, 2006.

2. Кенесариев У.И. Жакашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы – Алматы 2003

3. «2007-20024 жж. арналған ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясы», Астана, 2006.

Орыс тілінде:

1. «Экологический кодекс РК» от 23 января 2007 года

2. Концепция перехода РК к устойчивому развитию на 2007-2024 годы. Указ президента РК №216 (14.11.06).

1. Семенова Л.И. Устойчивое развитие: Учебное пособие. – Алматы: Фонд «ХХІ век», 1997.

2. Доклад конференции ООН по окружающей среде и развитию. – Рио-де –Жанейро, 1992 (т.1). – Нью-Иорк 1993

3. Коробкин В.И. Передельский Л.В. Экология – Ростов на Дону : Феникс 2001 – 576 с

7.Бақылау сұрақтары:

1. «ҚР Экологиялық кодексі» (9 январь, 2007 ж.).

2. ҚР «Жануарлар дүниесін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану туралы» Заңы (21 октябрь 1993 ж.).

3. ҚР Президентінің Заң күші бар «Жер қойнауы және оны пайдалану» туралы Жарлығы (27 январь 1996 ж.).

4. ҚР «Ерекше қорғалатын аймақтар туралы» Заңы (15 июль 1997 ж.);

5. «2004-2015 жж. арналған ҚР тұрғындарының экологиялық қауіпсіздік Концепциясы», (ноябрь, 2003 ж.)

Тақырыпқа арналған ақпараттық материал

Халықаралық табиғат қорғау қозғалысының қазіргі заманғы кезеңі ХХ ғасырдың соңғы 70 жылдарынан басталды, бұл кезеңде әлеуметтік-экологиялық проблемаларды шешу мәселесіне жер бетіндегі барлық алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатысуда. Осы процестің басы 1972 ж. 5 июньде Стокгольмде (Швеция) өткен қоршаған ортаның проблемалары жөніндегі БҰҰ Конференциясы болды. Осы күн бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні болып жарияланды. Конференция қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарылатын іс-шаралардың жоспарын бекітіп, оған 100 аса нақты ұсыныстар енгізілді және осы іс-шараларды жүзеге асыруға басшылық жасайтын арнаулы ұйым –ЮНЕП (UNEP- United Nations Environmental Program – Программа ООН по окружающей среде) 1972 жылы құрылып, бұл ұйым БҰҰ негізгі ұйымдарының бірі болып табылады. Экономикалық және Әлеуметтік кеңестері арқылы ЮНЕП жыл сайын өзінің атқарған жұмыстары жайында БҰҰ Бас Ассамблеясына баяндама жасап отырады. ЮНЕП бағдарламасы үш түрлі функционалдық бағытта табиғатты қорғау саласындағы іс-шараларды жоспарлап, ұйымдастыруды жүзеге асырады:

1. қоршаған ортаның жағдайын бағалау – бақылаудың глобальды жүйесі;

2. қоршаған ортаны басқару;

3. қосымша іс-шаралар (экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім беру мен мамандар дайындау).

ЮНЕП сол сияқты қоршаған орта компоненттерін қорғау, пайдалану және қалпына келтіру бағытында басқа да халықаралық ұйымдардың атқаратын жұмыстарын басқарушы ұйым болып табылады.

ЮНЕСКО – (ағыл. UNESCO – United Nations Educational, Scientific and Cultural Organisation – Білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы БҰҰ ) 1946 жылы құрылып, мемлекеттер арасындағы білім беру, ғылым және мәдениет салаларында бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында жұмыстар атқаруда. Бұл ұйымның қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі – 1970 жылы қабылданған “Адам және биосфера” ғылыми бағдарламасы болып табылады.

ФАО (ағыл. FAO – Food and Agricultural Organization UN – БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы) – 1945 жылы құрылып, әлем халықтарының тіршілік жағдайларын жақсарту жолында ауылшаруашылығын дамыту мен азық-түлік ресурстары мәселелерімен айналысады.

ВОЗ – Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы – 1946 жылы құрылып, қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықтың денсаулығын қорғау мәселелерімен айналысады.

ВМО – Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым – 1951 жылы БҰҰ арнайы мекемесі ретінде құрылып, қоршаған ортаның глобальды мониторингіне байланысты табиғат қорғау функцияларын атқарады, олардың ішінде:

· қоршаған ортаны ластаушы заттардың жалпы таралуы;

· Жердің озон қабатына әсер ететін факторларды зертттеу.

МОТ – Халықаралық еңбек ұйымы – БҰҰ арнайы мекемесі, 1919 жылы Ұлттар Лигасы жанынан құрылып, еңбек қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету және биосфераның ластануын азайту жолында жұмыстар атқарады.

МАГАТЭ – Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік – 1957 жылы құрылған.

ХХ ғасырдың 90 - жылдарының соңында бүкіл әлемде кейбір мәліметтер бойынша табиғат қорғау және жалпы экологиялық мәселелермен айналысатын үкіметтік емес халықаралық экологиялық ұйымдардың саны 200-500 болды.

Халықаралық табиғат қорғау одағы – МСОП – 1948 жылы Францияда құрылды, бұл одақ Қызыл кітапты шығарудың инициаторы болды.

Бүкіләлемдік табиғат қорғау қоры – 1961 жылы құрылып, қазір оның құрамында 27 ұлттық бөлімшелері және 5 млн жеке мүшелері бар. Қордың негізгі қызметі табиғат қорғау іс-шараларына қаржылай көмек көрсету болып табылады.

Халықаралық заңгерлер ұйымы (МЮО) – 1968 жылы құрылып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық мәселелерді шешумен айналысады. Рим клубы – бұл халықаралық үкіметтік емес ұйым биосфераның даму перспективаларын зерттеу мен Адам мен Табиғат арасындағы қатынастардың сәйкестігі қажеттігі жөніндегі идеяларды таратуға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде үлкен үлес қосты.

Халықаралық экологиялық сот (МЭС) - 1994 жылы заңгерлердің ұсынысы бойынша Мехикодағы конференцияда бекітілді. Оның құрамында 24 мемлекеттен эколог-заңгерлер жұмыс істейді. ГРИНПИС (Greenpeace – “Зеленый мир”) – тәуелсіз халықаралық қоғамдық ұйым, 1971 жылы Канадада құрылған, негізгі мақсаты қоршаған ортаның деградациясына жол бермеу бағытында жұмыстар атқару, оның 1,5 млн аса мүшесі бар, оның 1/3 бөлігі американдықтар, 32 елде бөлімшелері бар.

Бүкіләлемдік табиғат хартиясы (ВХП) 1982 ж. 28 октябрьде БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданды. Стокгольм Деклорациясы сияқты Бүкіләлемдік табиғат хартиясы да мемлекеттердің экологиялық саясатының бұдан арғы кезеңде қалыптасуына себеп болған халықаралық қауымдастықтардың экологиялық жұмыстарының бағытын анықтаушы болды.

Хартияда төмендегідей негізгі принциптер атап өтілді:

1. Адамзат өзінің табиғаттың бір бөлігі екенін түсінеді, сондықтан табиғатты қорғап, оның негізгі прициптерін бұзбауға тырысу керек;

2. Жер бетіндегі тіршіліктің генетикалық негізіне қауіп төндіруге болмайды, кез келген тіршілік формасының популяциясы қорғалуға тиіс, ол үшін қоршаған ортаны қорғау керек;

3. Жердегі барлық аймақтар, құрлық та, су да белгілі талаптарға сәйкес қорғалуы керек, кейбір теңдесі жоқ аймақтар ерекше қорғауға алынуы керек;

4. Табиғи ресурстар талан- таражға салынбай, арнайы принциптер негізінде тиімді түрде пайдалануы керек, биологиялық ресурстар олардың табиғи жолмен қалпына келу мүмкіндіктері шегінде ғана пайдалануы керек, ресурстарды бірнеше қайтара пайдалану, яғни аз қалдықты технологиялар бойынша пайдалану толық жүзеге асырылуы керек.

Наши рекомендации