Сурет. Жамбыл облысының әкімшілік картасы.

Лекция №1

КІРІСПЕ

1. Жамбыл облысының физикалық-географиялық орны

2. Саяси әкімшілік бөлінуі

Кез-келген аймақтың (республика, облыс) физикалық-географиялық жағдайымен танысу сол жердің табиғи ландшафтысының құрылымы мен ерекшелігіне және оның даму кезеңдерімен ерекшеленеді.

Жамбыл облысы - Оңтүстік Қазақстандағы ірі облыстардың бірі. Жамбыл облысы Бетпақ даланың шөл даласынан ақ басты Алатауға, Шу мен Талас өзендері бассейіндерінен Қаратауға дейін 145,2 шаршы шақырымға созылып жатқан кең байтақ өлке. Облыс солтүстіктен оңтүс-тікке қарай 400 км-ге,ал батыстан шығысқа қарай 500 км-ге созыла орналасқан. Жамбыл облысы Қазақ ССР-нің жеке облысы ретінде 1932 жылы 14 қа-занда құрылды. Облыс оңтүстік - батысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, солтүстігінде - Қарағанды, шығысында - Алматы облыстарымен, оңтүстігі мен оңтүстік- шығысында Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Жамбыл облысы әкімшілік - аумақтық бөлінісі жағынан 10 аудан және 4 қаладан тұрады. Облыс орталығы – Тараз қаласы. Халық саны : 988,8 мың адам. Бүгінде Жамбыл облысы – үлкен өндіріс, ауыл шаруашылық және ғылыми орталық болып табылады. Облыс территориясы негізінен жазықты, Шу өзені бойымен екі бөлікке бөлінеді. Солтүстік бөлігі балшықты Бетпақ-Дала шөл даласымен, оңтүстігінде – Мойынқұм шөл даласымен шектесіп жатыр. Оңтүстік шекарасы Тянь-Шань бекіністерінен, Қырғыз Алатауы тауларымен өтеді. Оның биіктігі 4000 метрге жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстік-батысында биіктігі 1660 метр Қаратау таулары бар. Шығысында Желтау мен Айтау (1500м) таулары жанасады. Кіндіктас тауының (1520м) оңтүстік – шығыс шетінде Іле Алатауымен шектеседі. Облыс климаты шұғыл континентальды, әсіресе солтүстік бөлігінде. Қысы суық, ауаның орташа температурасы қаңтарда 10-12°С нөлден төмен, жазы ыстық, әрі құрғақ, шілдедегі орташа температурасы 25°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 350 мм, таулы жерлерде 500-900 мм. Тау баурайлары мен жазықтағы вегетациялық кезең 200-225 күн. Облыстың өзендік жүйесі Арал теңізі мен Балқаш көлдері бассейндеріне жатады. Облыста Балқаш көлінің оңтүстік-батыс бөлігі, сондай-ақ балыққа бай Билікөл (тұщы), Ақкөл (тұзды), Ащыкөл (ащы-тұзды) көлдері бар.

Жамбыл облысы Оңтүстік Қазақстанда 42 º - 46º с.е. және 69-75 º ш.б. географиялық белдеуліктерінде орналасқан. Солтүстігінде Қарағанды облысы, шығысында Алматы, батысында Оңтүстік Қазақстан облыстарымен, ал оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Жамбыл облысының солтүстік шеткі нүктесі Қарағанды облысымен шекаралас. Мұнда Балқаш көлінің батысындағы қашқан теңіз шығанағынан басталып, Бетпақдала шөлімен түзу сызық болып өтеді. Оңтүстік шеткі нүктесі Қырғыз Алатауындағы 3800,17 м биіктік Жамбыл облысына кіреді.

Облыстың жазық бөлігі мен тау баурайында сайғақ, жейран, қасқыр, борсық, қоян, түлкі, қабан мекендейді. Өзен мен көлдерде – суда жүзетін құстардың көпшілігі бар. Тауларда тау ешкісі, арқар, қасқыр, түлкі, борсық, барыс, құстардан – ұлар, кекілік мекендейді. Шөлдер мен далалар облыс көлемінің 4/5 бөлігін қамтиды. Олар құмды әрі тасты массивтермен көрсетіліп, атмосфералық ылғалдың тапшылығымен, ауаның өте құрғақшылығы және күшті булануымен сипатталады.

Кейбір жерлерде жауын-шашын 110 мм-ге дейін түседі,оның үстіне олар жыл маусымына өте бір ыңғайлы бөлінбейді, олардың негізгі бөлігі көктемде жауады. Тауларда, мәңгілік қарлар мен мұздықтар аймағында тау етектері мен жазықтарға жанасатын ылғал тасымалдаушы өзендердің көпшілігі туындайды. Тау баурайындағы жазықтар мен тау етектері «дүңгіршектер» деп аталатын ашық талшынды және қара талшынды құнарлы топырақты құрғақ жазықтарды қамтиды. Бұл аймақ жақсы ылғалданған (жылына 400 мм-ге дейін), жылудың көптігі, топырақтың құнарлылығы мен тау өзендерінің сулары богарлы және суармалы жер шаруашылығына қолайлы жағдай туғызады.

Жамбыл облысының негізгі өзендері – Талас, Шу, Бүркіт және Шабақты (Сарысу), Көктал, Аса және Теріс алқапты суармалы жерлерге анағұрлым қолайлы. Өзен қиылыстарында Теріс-Ащыбұлақ және Тасөткел су қоймалары салынған.

Облыс әр түрлі пайдалы қазбалар – полиметалл рудаларының кен орындары: темірге, алтынға, минералдық шикізаттар – сапалы балшықтың кендеріне, құм, гипс, кремний, кварцитке бай.

Облыс территориясы 144,6 мың км қамти отырып, солтүстіктен-оңтүстікке дейін 400-км-ге, батыстан шығысқа дейін 500 км-ге созылып жатыр. Солтүстіктегі жазықтық бөлігін Бетпақдала үстірті, Шу өзені алабы, Мойынқұм құмды шөлі алып жатыр. Оңтүстігінде Шу-Іле таулары (Бұрынтау), Іле Алатауының батыс бөлігі Кіндіктас таулы қыратымен қосыла отырып, Қырғыз Алатауының солтүстік беткейлері Талас Алатауы және оңтүстік шығыс Сырдария Қаратаулары алып жатыр. Бұл тау негізінен метаморфтық жыныстардан гранит карбонның шөгінді жыныстарынан құралған. Оның абсолюттік биіктігі батыстан шығысқа қарай өсе береді. 500-1000 м облыстың оңтүстік батыс бөлігінде Қаратау жотасы созылып жатыр. Биіктік солтүстіктен оңтүстікке қарай өседі Ең биіктігі Бессаз 2.716 м.

1934 ж 14 қазанда осы аймақта өз алдына Жамбыл облысы құрылды. Оның құрамына аталған ауданнан басқа Алматы облысынан Қордай, Красногор, Шу ал 1951 жылы Оңтүстік Қазақстан облысынан Жуалы ауданы берілді. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 133 кенттік және ауылдық округтер бар. Олар:

1. Жуалы ауданы – орталығы Б.Момышұлы ауылы;

2. Жамбыл ауданы – орталығы Аса ауылы;

3. Байзақ ауданы – орталығы Сарыкемер ауылы;

4.Талас ауданы – орталығы Қаратау қаласы;

5. Сарысу ауданы – орталығы Жаңатас қаласы;

6. Т.Рысқұлов ауданы - орталығы Құлан ауылы;

7. Мерке ауданы – орталығы Мерке ауылы;

8. Шу ауданы - орталығы Төле би ауылы;

9. Мойынқұм ауданы – орталығы Мойынқұм ауылы;

10. Қордай ауданы – орталығы Қордай ауылы.

Сурет. Жамбыл облысының әкімшілік картасы. - student2.ru

сурет. Жамбыл облысының әкімшілік картасы.

Дебиеттер тізімі

1. Семенова М.И., Жамбульская область. Изд-во Академик наук Казахской ССР. Алма-Ата, 1961.

2. Ә.С.Бейсенова., А.Б. Самақова., Т.И. Есполов., Ж.Б.Шілдебаев. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. – Алматы: «Ғылым», 2004

3.Тараз. Жамбыл облысы энциклопедия. – Алматы, 2003

Лекция №2

Наши рекомендации