І тарау. Жайық өзені: кеше
Бекболова Малика
Таштамышева Аида
Сынып оқушысы
«Жайық өзенінің болашағы»
Бағыты: География
Секция: Экология
Ғылыми жетекшісі: Амангалиева Салтанат Аманкосовна - география және биология пәнінің мұғалімі
Тараз-2015 жыл
Мазмұны
Кіріспе..............................................................................................................1
І тарау. Жайық өзені: кеше..........................................................................
1.1. Трансшекаралық Жайық өзені.........................................................2-3
1.2. Өзеннің зерттелу тарихы..................................................................4-5
ІІ тарау. Жайық өзені: бүгінде.....................................................................
2.1 Жайық-Каспий су бассейінің қазіргі ахуалы.................................7-8
2.2 Өзеннің және өзен алабының ластануы..........................................8-13
2.3 Жайық өзендегі бекіре балықтардың азаюы.…................................13-15
ІІІ тарау. Жайық өзені: ертең
Қорытынды...............................................................................................16-18
Пайдаланған әдебиеттер................................................................................19
Аннотация
Жобада «Жайық өзенінің болашағы » мәселесі қаралған.
Жұмыс қазіргі кезде өзекті болып табылатын экологиялық мәселелерді қамтиды. Зерттеу обьектісі боп Жайық өзені есептеледі.
Авторлардың мақсаты: зерттеу барысында жаңа ақпараттар арқылы бақылау негізінде Жайық өзенінің ластану себептерін анықтау. Өзеннің бұрынғы және қазіргі экологиялық жағдайын салыстыру арқасында, авторлар өзін толғандырған өзекті сұрақтарды шешу үшін инновациялық сипаттағы әдістерді енгізуді ұсынады.
Өзен алабы топырағының pH деңгейін, өзен экожүйе бірлестігіне адамның шаруашылық ықпалын анықтау мақсаттарында тәжірибелер жүргізілген. Жинақталған материалдар автордың проблемалық мәселелерін шешетіндей өзіндік қорытындыға келуге көмектесті
Жұмыс 11-12 сыныптың география курсында «Су қорларын тиімді пайдалану және экономикалық бағалау» тарауын оқыған кезде өлкетану материалдары ретінде пайдалануға ұсынылады.
Аннотация
В проекте была рассмотрена тема «Жайық өзенінің болашағы ».
В настоящее время одна из самых актуальных проблем является проблема экологии. Объектом исследования была выбрана река Жайык.
Цель авторов: на протяжении исследования с помощью новых источников выявить причины загрязнения реки. Сравнивая прошлое и настоящее экологическое состояние реки, авторы предлагают инновационные решения по данной проблеме.
При исследовании, мы определили рH почвы поймы, а также антропогенные воздействия на экосистемы реки.
Все собранные материалы помогли прийти к единому выводу. Все материалы можно использовать на уроках географии 11-12 кл.
Кіріспе.
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі - Жер шарындағы экологиялық жағдай. Адамның іс-әрекеті табиғи сулардың экожүйесінің түрлілігін қысқартуда. Әсіресе антропогендік ауыртпалықты өзен экожүйелері қатты тартуда. Соңғы онжылдықта республиканың жазықты аймақтарында орналасқан көптеген су нысандарының гидрологиялық режимі бұзылып, нәтижесінде өзен суының ысырапсыз шығыны мен пестицидтермен, ауыр металлдармен бүлінуі күшейді.
Екі мемлекеттің территориясын басып өтетін трансшекаралық Жайық өзені табиғи ресурстарын қарқынды игерудің нысаны болып қалды. Су жинау алабы аграрлы және өнеркәсіп кешендері қарқынды дамыған аймақта орналасқандықтан өзен жүйесіне техногенді әсерлерді күшейтіп, ластануына әкелді. Нәтижесінде өзен экожүйесінің тепе-теңдігі бұзылды деп айтсақ артық болмас. Сонымен қатар Жайық өзені әлем бойынша бағалы балықтарды өсіруге қолайлы аймақ болып табылады.
Сондықтан адамдарға қазірден бастап табиғаттың, адамзаттың әрі қарай дамуына үлкен жауапкершілікпен қарау керек екенін көз жеткізу.
Ғылыми жобаның мақсаты: Жайық өзенінің экологиялықмәселелерін зерттеу.
Бұл мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылды: қажетті қолданатын әдебиеттермен танысу, алған ақпараттарды жүйелеу, сарамандық жұмыстар жүргізу, адамның іс-әрекеттерінің қоршаған ортаға зиянды әсерлеріне ғылыми талдау жасау.
Қорытындылау:Осы өзекті мәселелерге өзіміздің көзқарасымызды білдіру.
Материалдық құндылықтар:фотосуреттер, слайд.
Зерттеу құндылықтары:теориялық тұжырымдар, зерттеу.
Зерттеу нысаны:Жайық өзені.
Зерттеу әдістері:бақылау, сарамандық жұмыс, салыстыру, сараптау, қорытындылау.
Зерттеу жұмысының жаңалығы:Жұмыста жүйелі ізденіс, бақылаулар негізінде, сараптама қорытындылар арқылы терең мағлұмат беру. Жайық өзенін сақтап қалудың жаңа идеяларды ұсыну.
Зерттеу ақпарат көздері:ғылыми әдебиет, мұрағат материалдары, интернет, баспасөз материалдары.
І тарау. Жайық өзені: кеше.