Зиянды және қауіпті өндірстік факторлар

Зиянды өндірістік фактор — жұмыскерге әсері ауруға немесе жұмыс жарамдылығының төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсеріне алып келуі мүмкін өндірістік фактор, белгілі бір жағдайларда (қарқындылық, ұзақтық және т.б.) жұмыс істеушіге әсері кәсіптік ауру, жұмыс қабілетінің уақытша немесе тұрақты төмендеуін тудыруы, соматикалық және инфекциялық аурулардың жиілігін арттыруы, ұрпағының денсаулығының бұзылуына алып келуі мүмкін орта және еңбек процесінің факторлары.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың іс-әрекеті табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді. Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б.

2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар.
3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.
4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б.
Еңбек шартын жақсарту бойынша шаралардың тиімділігі өндірістік жүйелердің дұрыс жағдайы мен осы жағдайдың қандай да бір көрсеткіштері бойынша толығымен немесе жеке элементтері бойынша бағаланады. Практикаға жеткілікті дәрежеде қазіргі уақытта еңбек ауырлығының ұғымы ақыл-ой және физикалық еңбекке де бірдей қолданылады.

Ндірістік шу және оның себептерін талдау

Шу – дегеніміз өндірістегі қызмет процесі кезіндегі әр түрлі құрал – жабдықтардың қосылма шыққан дыбыстары. Ол адамдардың жұмыс істеу қабілетін төмендететіні анық. Әр жабдықтың өзіне тән шум шығарылуы да ГОСТ стандарт бойынша бекітіледі. Ол қандай категориялы екені және дыбыстың көп ноталы ма әлде дара немесе таза дыбыс екені жабдықтың құжатында көрсетіледі.

Өндірістегі шумның әсері адамдарғы есту органы арқылы қабылданады. Шум кезінде тіке есту қаблеті төмендейді де, тек қана адамның құлағында бірнеше қоспалы дыбыстар тұрады. Бұл дегеніміз – қан айналымды, жұмысқа деген қаблеттілікті азайтып, шаршатады. Осындай жағдайларда өндірісте бақытсыз жағдайлар тууы мүмкін. Сондықтан көп өндірістерде ауысымды (сменный) жұмыс бағыты қалыптасқан.

Шу 2 түрге бөлінеді:

1) Механикалық;

2 ) Аэростатикалық;

а) Механикалық дыбыс - дегеніміз үзіліссіз машиналар мен

жабдықтардың қоспалы дыбысы.

б) Аэродинамикалық – дегеніміз белгілі бір уақытта болатын және механикалық жабдықтарсыз жеңіл бір ноталы дыбыс. Мысалы желдеткіш, судың ағуы, т.б.

Зиянды өндірістік факторларды өлшеудің 2016 жылғы « 12 » қараша

ХАТТАМАСЫ

.

2.1 -кесте Өлшеу құралдары:

Р/с № Атауы Зауыттық нөмірі Тексеру күні  
1 89-12-23 Актава 101 А 05 000 100 001 12.09.2016 жыл  
2 89-12-24 Актава 101А 06 000 100 001 14.10.2016 жыл
3 89-12-23 Актава 101 А 07 000 100 001 18.10 . 2016 жыл

Шуды өлшейтін құралдар.

Актава 101 А - дыбыстың қаттылығын өлшеуге арналған аспап. Ол өлшеуіш микрофоннан, электртербелістерін күшейткіштен, шарлы детектордан және индикатордан тұрады

Зиянды және қауіпті өндірстік факторлар - student2.ru

Наши рекомендации