Бас миы мен жұлынның ақ ж/е сұр заттарын не түзеді
61.Жұмыртқаклетка қандай белгілерге байланысты жіктеледі,олар қалай деп аталады. Сарыуыз қорының жүмыртқа торшасындағы мөлшеріне байланысты овоциттер үш топқа бөлінеді:
1.олиголецитті(грек. о1і§оз - аз, Іесуіоз - сарыуыз) овоцит —сарыуызы аз жұмыртқа торшасы;
2.мезолецитті(грек. тезоз - орташа) овоциг— сарыуызының мөлшері орташа жұмыртқа торшасы;
3.полилецитті(грек. роіу - коп) овоцит— сарыуызы көп
жұмыртқа торшасы.
Сарыуыздың овоцит цитоплазмасындағы таралу сипатына байланысты жұмыртқа торшаларын төмендегідей үш топқа бөледі:
1.изолециттінемесе гомолецитті(грек. ізоз, һотоз - бірдей, үқсас) овоцитсарыуыз жүмыртқа торшасының цитоплазмасында
біркелкі таралған;
2.телолецитті(грек. Іеіоз — жиек, соңы) овоцит—• сарыуыз жүмыртқа торшасы цитоплазмасының тек бір полюсінде ғана жинақталған;
3.центролецитті (грек. сепігоз - орталық, центр) овоцитсарыуыз жүмыртқа цитоплазмасының орталығында жинақталған.
63.Эндокринді бездерге қандай бездер жатады.Оларды атап,әрқайсысына жалпы сипаттама бер.Гипофиз үлпершекті ағза,екі алдыңғы ж/е артқы бөлшектерден тұрады.Аденогипофиздің алдыңғы аралық ж/е оймышта орналасқан бөлікрері болады.Гипофиз ішкі сереция без-р-ң белсенділігін реттейді,гипоталамустың ірі жасушалы ядролары гормондарын бөлітін орын болып келеді.Гипофиз тығыз талшықты ұлпалар қапшығымен жабылған.Стромасы борпылдақ дәнекер ұлпа-р-ң жұқа қабатынан тұрады.Эпифизнейроэндокриндіағза,ақпаратты жүйке ж/е эндокринді жүйелерден алып,олар онда бірігіп,эпифиздің жасушалары-пинеалоциттер белсенділігін реттейді.Эпифиз жұқа қапшықпен жабылған,одан тамырлар ж/е жүйке талшықтары бар көптеген пердешелер өтіп,ағзаны бөлікшелерге бөледі.Қалқанша без-организмдегі эндокринді бездердің ең ірісі,сүтқоректілерде күрделі дамиды,зат алмасу реакциясы белсенділігін,даму процесін реттейтін-тиреоидты,кальций алмасуын реттеуге қатысатын кальцитонин гормондарын өндіреді.Қалқанша маңы бездер-3ж/е4ші желбезек қалташасының алдыңғы қабырғасындағы қалың ішқабық бастамасынан дамиды,мезенхимадан дәнекер ұлпа қабықшасы,бездің жұқа қабатшалары құрылады.Бүйрекүсті без-эндокринді без,ол екі бөліктен-қыртысты,милық заттардан тұрады. Даму көзі,құрылысы,қызметі әртүрлі болады.Қыртысты зат соңғы қуысты мезодермадан қалыңтэпителийінен дамиды,ал милық заты,сезімтал түйінің жасушаларындай,жүйке-ң айдаршық ұлпаларынан пайда болады.Бездің дәнекер ұлпасы мезенхимадан құралады.Өыртысты зат алмасу түрлеріне,иммуды жүйе,қабыну прцесстері ағымына ісер ететін кортикостероидтар-гормондар тобын бөледі.
65.Қағанақ дегеніміз не?Оны қандай белгілеріне байланысты шышыраңқы,ыдысшы,шеңбер,диск тәрізді деп бөлінеді. Қағанақ қоректік,бөлінді бөлу, механикалық ж/е иммунобиологиялық қорғау қызметтерін атқарады.эндокринді ағза болып келеді.Морфологиялық жіктеуге сай-шашыраңқы,ыдысша,шеңбер,диск тәрізді болады.Шышыраңқыда бүрлер хорион бойында біркелкі қысқа кішкене шоқ бқта тәрізді орналасады.Мұндай қағанақ бие,мәші,інген,мегежәндерге тән.Ыдысшада қағанақ бүрлері ірі ж/е қатты тармағталған,бір жерге жиналып,томпайып барып,ыдысшалар деп аталып,жатыр қабығындағы етша өскінмен тығыз байланысқа түседі.Мұндай қағанақ күйіс қайтаратын малдарда болады.Шеңбер тәрізді қағанақ бүрлері белдеу тәрізді бүкіл аллантохорионды қошап орналасады,жыртқыштарда орын алады.Адам,маймыл,кемірушілер қағанақтарыдиск тәрізді болады.Өйткені бүрлер орналасқан аудан түрі диск тәрізді болып келеді.
66.Бауыр,оның бөліктерінің гистологиялық құрылысы.Бауыр организмнің ең ірі безі.Бауыр ішекті сорылған барлық қоректік заттарды сақтайды,қарын-ішек жолы ағзаларынан ағатын қанды қақпалық көктамыр жүйесінен алып,оргинзмде ерекше орын алады.Қоректік заттар бауырда жиналады,өнделеді,қайта түзілген қосындылармен бірге қанға бөлінеді.Бауырға ішектерден,жүйке қанағымынан түрлі уытты,биологиялық белсенді заттар түседі,олар бұзылып,зиянсыз өнім түрінде өтке шығарылады.Өтке басқа құрамбөліктермен бірге,өт қышқылдары да сақталады.Ол ішекте майды ыдыратуға,көбіктендіруге,сіңірілуіне қажет.Сонымен бауыр ішекке өт бөлетін экзокринді ж/е қанға бірталай зат түзетін эндокринді без,әрі организмнің ұрықтық кезеңінде ол әмбебапты қан өндіретін ағза.Бауырдың жұқа дәнекер ұлпадан тұратын қаптамасын сыртынан сір қабығы жауып тұрады.
68.Қан.Қан жасушаларының құрылымдық,қызметтік сипаттамасы. Қан— сұйық тірі ішкі орта ұлпасы. Ол тұйық қан айналым жұйесінде үздіксіз қозғалыста болып, организмнің барлық мүшелер жүйелерін біріктіріп, біртүтас етіп, олардағы үлпалық және торшалық деңгейдегі зат алмасуды қамтамасыз етеді.Қан торшаларынаэритроциттер (қызыл қан торшалары), лейкоциттер (ақ қан торшалары) және қан табақшалары (қүс- тар мен томенгі сатыдағы омыртқалы жануарларда ядролы торшалар — тромбоциттер) жатады.Эритроциттероттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдап, организмдегі газ алмасу процесін атқаруға маманданып толықжетілген, сондықтан бөлініп кобеюге бейім емес қанның қызыл торшалары. Сүтқоректі жануарлардың эритроциттері мөлшері жағынан майда болып келеді. Оларда ядролар болмайды. Ал қалған омыртқалы жануарлар эритроциттерінде ядро болады.Лейкоциттер— жануарлар организмінде қорғаныс (бөгде денелер мен бактерияларды фагоцитоз арқылы жою, олардың уларын бейтараптандыру, торшалық және гуморальдық имму- нитеттерді қалыптастыру) қызметін атқаратын және әр түрлі жарақаттан кейінгі қалпына келу (регенерация) процесін реттеуге қатысатын қанның ақ торшалары. Қандағы лейкоциттердің саны эритроциттерге қарағанда әлдеқайда аз. . Қандағы лейкоциттер санының көбею процесін лейкоцитоздейді. Қалыпты жағдайда лейкоцитоз жас төлдерде болады. Ол ас қорыту процесінің белсенді жүруі кезінде де байқалады.Қан табақшалары (тромбоциттер)— сүтқоректі жануарларда көп ядролы мегокариоциттер торшалары цитоплазмасының бөлік- шелері. Сондықтан, қан табакдгаларында (қан пластинкаларында) ядро болмайды. Олардың 1 мм3 қандағы саны 200-400 мындай, ал молшері 2 -5 мкм. Боялған гистологиялық препараттарда қан табақшаларының орта шенінде негіздік бояулармен метахромды (көкшіл түске) боялған дәншелер жиьтнтығы корінеді. Бүларды хромомерлернемесе грануломер— деп атайды.
69.Жұлынның дамуы,гистологиялық құрылысы ж/е қызметі.Жұлын орталық жұйке жүйесінің ең ерте түзілген бөлігі ж/е опганизмнің өте күрделі қозғалыс қызметін атқарады.Жұлын омыртқы жотасының өзегінде орналасады,түрі жұмыр желідей,ортасында сұйыққа толы жұлын өзегі өтеді.Ол тен екі бөліктен тұрады.Оны алдында орналасқан саңылау ж/е артындағы-жүлге бөледі.Жұлын сегментті құрылысымен сипатталады.Әр сегмент қос алдыңғы ж/е қос артқы түбірімен байланысады.Жұлын ортасында сұр заты,шетінде ақ заты жатады.Ақ зат төменгі бөлігіне қарағанда,жоғарғы бөлігінде көп болады.Сұр заты көлденең кесінде көбелек тәрізді,қос алдыңғы,артқы,бүйірлік ашалардан тұрады.
70.Жұмыртқаклеткасының қосымша қабықтарын атап,олардың атқаратын қызметін түсіндір.Жұмыртқаклетканың сыртын қосымша үш:сарыуыз(вителлинді,даму кезіңде ж/е ұрықтанғанға дейін жақсы көрінеді)Мөлдір(қышқыл мукополисахаридттердее тұратындықтан күшті иммундық тосқауыл,әр жануарларға тән шәуеттерді ғпнп тандап,өткізеді,арнаулы тозантесігі болады,олар шәует,қоректік заттар өткізеді)фолликулалы(қоғаныш,тосқауыл,реттеуіш қызметтер атқарады,құрылысы өте күрделі,құста жұмыртқаклетка жолында түзілетін белок,қабыршақ асты,қабыршақ,қабыршақ үсті қабаттарынан тұрады)қабықтар жабады.
71.Бұлшық ет ұлпасының сипаттамасы,жіктелуі. Ет ұлпалары жануарлар организмдерінің қоршаған ортадағы қимыл-қозғалысын, сондай-ақ, дене мүшелері мен мүшелер жүйелерінің ерікті (қаңқа бүлшық еттері) және еріксіз (ішкі мүше- лері мен тамырлар қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттар) салыстырмалы қозғалыстарын іс жүзіне асырады. Ет үлпаларының жиырылу, ширығу, босаңсу сияқты қызметтері жүйке үлпасының қызметімен тікелей байланыста жүреді және жүйке үлпасының басшылығымен іс жүзіне асады. Қүрылысына, қызметіне, шыгу тегіне және орналасу орнына байланысты ет үлпалары: бірыңғай салалы жолақсыз, көлденең жолақты жөне арнайы жиырылғыш ет үлпалары болып бөлінеді.Бірыңғай салалы жолақсыз ет үлпасынпішіні үршық төріздес үзынша келген ет торшалары — миоциттерқүрайды. Бірыңғай салалы жолақсыз ет үлпасы еріксіз жиырылады. Аталмыш үлпа ішкі мүшелердің, қан және лимфа тамырларының, без өзектеріның, көкбауырдың, терінің, еріксіз жиырылатын етті қабықтары мен қабаттарын түзеді.Көлденең жолақты бүлшық ет үлпасықаңқаның, тілдің, жүт- қыншақгың, өңештің алдыңғы бөлігінің, көмекейдің, көз алмасының, қүлақтың, көкеттің бүлшық еттерін қүрайды. Көлденең жолақгы бүлшық ет үлпасының ет талшықгары миосимпласттардан (бейтор- шалық күрылым) түрады. Миосимпласт сыртынан сарколеммамен қапталган. Сарколемма өз кезегінде екі қабат қабықган: сыртқы негіздік жарғақган және ішкі плазмолеммадан түрады. Бүлшық ет талшықтарының сопақша келген мындаған ядролары миосимпласт ңитоплазмасының шеткі жағында, сарколемманың астында жатады.
72.Бірыңғай салалы бұлшық еттің орналасқан жері,құрылысы,қызметі,дамуы. Қүрылысына, қызметіне, шыгу тегіне және орналасу орнына байланысты ет үлпалары: бірыңғай салалы жолақсыз, көлденең жолақты жөне арнайы жиырылғыш ет үлпалары болып бөлінеді.Бірыңғай салалы жолақсыз ет үлпасынпішіні үршық төріздес үзынша келген ет торшалары — миоциттерқүрайды. Бірыңғай салалы жолақсыз ет үлпасы еріксіз жиырылады. Аталмыш үлпа ішкі мүшелердің, қан және лимфа тамырларының, без өзектеріның, көкбауырдың, терінің, еріксіз жиырылатын етті қабықтары мен қабаттарын түзеді. Үлпа миоциттерінің мөлшері мүшелердің қүры- лысы мен физиологиялық жағдайларына байланысты, үзындығы - 20 мкм -ден 500 мкм -ге, ені — 6 мкм -ден 20 мкм -ге дейін өзгеріп отырады. Олардың үзынша келген ядролары торшалардың ортаңғы жуандау келген түсында, ал органеллалары мен гликоген түйіршіктері ядро маңындағы цитоплазмада орналасады. Миоцит цитоплазмасында жиырылу процесін іс жүзіне асыратын белокты жіпшілер — миофибриллаларторшаның үзын бойымен бойлай орналасады. Олар кезегімен орналасқан актин және миозин миофиламенттерінен қүралған. Миозин миофиламенттері актин миофиламенттеріне қарағанда 3-24 есе жуан. Жиырылу процесі кезінде аталған миофиламенттер бір-біріне жанаса еніп, қысқарады. Миоциттер сыртынан екі қабат қабықшамен: сыртқы негіздік жарғақпен және ішкі миоцит плазмолеммасымен қапталған. Бүлардың аралығында ені 15-20 нм кеңістік қалады. Миоциттер бір-бірімен тым жіңішке коллаген және эластинталшықтары аралықтарымен өзара байланысып жатады. Бұл аралықтар эндомизий— деп аталады. Ондаған миоциттер бір-бірімен тығыз дәнекерлене байланысып, бірыңғай салалы ет ұлпасының қүрылымдық бірлігі — миоциттер шоғырларынжасайды. Олардың арасында ет үлпасын қоректендіретін және оның қызметін реттейтін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтетін, дәнекер үлпалық аралықтар қалады. Бүл аралықтар перимизий— деп аталады. Бірыңғай салалы ет үлпа- сының қабықтары мен қабаттары сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталады. Аталған сыртқы дәнекер үлпалық қапшықты эпимизий— деп атайды. Ішкі мүшелер мен тамырлар қабырғаларындағы бірыңғай салалы ет үлпасының қабықтары мен қабаттары қүрылысы жағынан паренхималы қүрылымдарға жатады. Олардың паренхимасын миоциттер, ал стромасын борпылдақ дәнекер үлпалық аралықтар (эндомизий, перимизий, эпимизий) құрайды. Миоциттер бөлініп көбеюге бейім. Бірыңғай салалы ет ұлпасы мезенхимадан дамиды.
73.Көздің гистологиялық құрылысы.Көз тор қабығының нейрондық құрамы.Алғашқы көз өскіндері көз көпіршігі-аралық ми қабырғасының томпаюы түрінде пайда болады.Ұлғая келе т,көз көпіршігі эктодермамен тікелей байланысып,онда күрделі морфологиялық өзгерістерн жүредіКөз көпіршігінің сыртқы беті жұқарып,кейін ішіне қрарй жымырылып,соңында қос қабатты тастақанша құрады.Оны көз құтышағы деп атайды.Ішкі қабатындағы жасушалар-торлы қабық-ң,сыртқы қабатындағылары-бояутек қабығы-ң өсінділері болып келеді.Көз алма қабырғасы үш қабықтан тұрады.Одан басқа оның құрамына көз бұршағы кіреді.Ол кірпікті денеге кірпікті белдеу талшықтарымен бекиді.Алманың алдыңғы камерасы-нұрлы,кірпікті дене өсіндісі,кірпікті белдеу ж/е көз бұршағы арасында орналасады.Екі камерадан кірпікті денебөлетін қоймалжын затқа толы болады.Бұл сұйық аққабықтың көктамыр қойнауында сіңіріледі.Көз бұршағы мен кірпікті белдеу артында тор қабық қошаған кеңістік мөлдір денемен толы болады.Бұлардың бәрі атқаратын қызметіне қарай үшке бөлінеді:1)Жрық сындыратындар жарық сәулелерін тор қабыққы бағыттайды.2)Әртүрлі қашықтықтан көруге бейімделетіндер көз бұршағын,әрі қарашық диметрін өзгертіп жарық үдемелігін реттеп,зат бейнесін тор қабыққа жеткізуді қамтамасыз етеді.3)Тор қабықтар жарықтақабылданып,олардың алғашқы өндеуі жүреді.
74.Сперматозоид,еннің құрылысы,сперматогенез. Снерматозоидтың (епермийдің) күрылысы.Еркек жануарлардың жыныс жасушалары— сперматозоидтар үрықтану процесіне қатысып, үрыққа аталық түқым қуалаушылық қасиеттерді береді. Олардың пішіні қозғалуға бейімделген, үзынша талшық пішіндес болып келеді. Іэір мезгілде бөлінген шәуеттегі сперматозоидтардың саны жануарлар түрлеріне байланысты ондаған мил- лионнан миллиардтқа дейін саналды. Олардың мөлшері түрлі жануарларда әр түрлі болғанымен,жалпы күрылысы бір-біріне үқсас. Барлық басқа торшалар сияқты сперматозоид та сыр- тынан плазмолеммамен қап- талган. Ол үш: бас, мойын және қүйрық бөлімдерден қүралған.Сперматозоидтың басынплазмолеммамен қапталған цитоплазма мен ядро қүрайды. Басының алдыңғы жиегінің 2/3 бөлігінде, пішіні иілген жалпақ қапшыққа үқсас цитоплазмалық оймақ пен оның ортасындағы тығыз денешік — акросома орналасады. Бүлар Гольдж кешенінің туындысы.Сперматозоид мойны— центросома органелласынын туындысы. Ол центросоманың алдыңғы және артқы центриольдерінен, олардың аралығындағы центродесмоздан құралған.Сперматозоид құйрығыүш бөлікке бөлінеді. Олар: бастапқы (аралық), негізгі және соңғы бөліктер. Қүйрықтың негізін біліктік жіп (аксонема) қүрайды. Ол дистальды центриольдің алдыңғы бөлігінен басталады. Біліктік жіптің қүрылысы кірпікшелер аксонемасына үқсас, яғни ол тубулин және динеин белоктарынан қүралған.Сперматогенез аталық жасушалардың дамуы.Ол енде,ұрықтың иректі өзекшелерінде өтеді.Оның дамуы кезіңде алғашқы жыныс жасушаларыен ұрық иректі өзекшелер салымында пайда болып,бірнеше рет бөлініп,бстапқы ұрық-сперматогонийлерге ауысады.Кейінгілер ұрықтың иректі өзекшелер қабырғасының құрамына кіретін зат алмасуы төмендеген,еркек малдарда өмір бойы жүретін,бағаналық жасушалар.Бұл дамудың түрі малдардың күйіне,сыртқы ортаға өте байланысты болады.
75.Лейкоциттер,олардың жіктелуі,құрылысы,қызметі.жануарлар организмінде қорғаныс (бөгде денелер мен бактерияларды фагоцитоз арқылы жою, олардың уларын бейтараптандыру, торшалық және гуморальдық имму- нитеттерді қалыптастыру) қызметін атқаратын және әр түрлі жарақаттан кейінгі қалпына келу (регенерация) процесін реттеуге қатысатын қанның ақ торшалары. Қандағы лейкоциттердің саны эритроциттерге қарағанда әлдеқайда аз, 1 мкл қанда мыңдап саналады.Қандағы лейкоциттер санының көбею процесін лейкоцитоздейді. Қалыпты жағдайда лейкоцитоз жас төлдерде болады. Ол ас қорыту процесінің белсенді жүруі кезінде де байқалады. Лейкоцитоз көп жағдайда патологиялық процестер кезінде және жануарлар организмдерінің әр түрлі аурулар қоздырғыштарына қарсы күресуі кезінде де өрбиді. Лейкоциттер қан жасау мүшелерінен қанға өткеннен кейін, қанайналымында бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін болып, өздерінің тиісті қызметтерін белсенді атқару үшін, қан арнасынан қоршаған үлпаға (неғізінен борпылдақ дәнекер үлпасына, одан соң басқа үлпаларға да) өтеді. Лейкоциттер — қозғалмалы қан торшалары. Олар плазмолемма астындағы актин микрофиламенттері кешенінің арқасында қозғалысқа келетін жалғанаяқтарының көмегімен, капиллярлар эндотелиоциттерінің аралығындағы саңылауға сәйкес пішінін озгерте отырып қозғалып, негіздік жарғақ арқылы қоршаған борпылдақ дәнекер үлпасына өтеді. Лейкоциттердің ядролары болады, органеллалары өте жақсы жетілген. Олардың цитоплазмасындағы дәншелердің (гранулалардың) болу- болмауына байланысты лейкоциттер: гранулоциттер(дәншелі) және агранулоциттер(дәншесіз) болып екі тогіқа бөлінеді. Гранулоциттердің ядролары сегменттерге (бөлімдерге) бөлініп түрады. Сондықтан, оларды сегментті ядролы лейкоциттер деп те атайды.
76.Есту ж/е тепе-теңдік сақтау ағзаларының гистологиялық құрылысы.Оралма ағза.Эктодермадан пайда болатын артқы ми денгейіндегі есту плакодалары ішіне кіріп,эпидермистен бөлінетін есту көпіршіктеріне ауысады.Ұрық даму жолында ол ішкі құлаққа өтеді.Есту көпіршігінен шытырман дамиды.Ол алдында алмұрт пішінді болып,үстіңгі,төменгі қабырғалары бос өсінді құра бастайды.Үстіңгі өсін-ішкі сарысу жолы өскіні болса,ішкі өскін-құрыш жолы өскіні болып,ұзарып,оралма түзеді.Кейін құрыш жолы құрышқа айналады.Ішкі сарысу жолымен бірге көпіршіктің жоғарға бетінде үш жарты шеңбер жолы қалыптаса бастайды.Пайда бола бастаған сайша көпіршікті сопақша ж/е дөңгелек қапшықтарға бөлінеді.Есту көпіршігі эктодермадан тұратын жарғақты шытырманға айналады.Шытырманның сыртын мезенхима жасушаларының массасы қоршап жатады.Тепе тендік сақтау ағзасы дөңгелек,сопақша көпіршіктердегі,жарты шеңбер жолы кеңістеріндегі арнайы қабылдағыш аймақтарды қосады.Есту ағзасы ұлу жолының ұзына бойында орналасады.Оралма ағза қабылдағыш сезгіш-эпителийлі,әртүрлі тірек жасушалардан құралған.Сезгіш эпителийлі жасушалар орталыққа,әрі шетке бағытталған жүйке ұштарымен байланысып,екі түрге бөлінеді:ішкі түтікті жасушалар-ірі,алмұрт тәрізді,бір қатарда орналасады,оның ішкі бақайшақтың жасушалары толық қоршап жатады.Сыртқы түтікті жасушалардың-пішіні призма тәрізді ж/е сыртқы бақайшақ жасушалардың тостақан тәрізді ойыстарында жатады.
77Овуляция дегеніміз не?сары тін неден дамиды,оның маңызы неде.Аналық жыныс жасушасының аналық безден дене қуысына шығу процесі овуляция деп аталады.
79.Ағза дегенім не?оны не түзеді.Ағза-құрылысы мен пішіні қалыптасқан.тіршілік қызметтері арнайы бейімделген организмнің бір бөлігі.Ол бірнеше ұлпалардан,ұлпа емес заттардан түзіледі.Оның құрамында ұлпалар қалай болса солай емес,ағзаның атқаратын қызметіне,жасушаларды қоректендіруге,ағзалар мен ұлпаларды жүйелендіруге сай,күрделі заңдылықпен орналасады.Әрбір ағза өзіне тән тітіркенгіштікті ғана қабылдайды.
80.Рефлекторлық доға дегеніміз не?оның құрамына қандай нейрондар кіреді. Рефлекторлық доға жануарлар организміндегі жүйке жүйесінің негізгі қызметтері — рефлекстерді іс жүзіне асырады. Сыртқы орта және дененің ішкі ортасы тітіркендіргіштерінің әсерлеріне орга- низмнің жауан беру реакциясын рефлекс— дейді. Рефлекстерді іс жүзіне асыратын рефлекторлық доғаларды сезімтал, байланыстырғыш және қозғалтқыш нейроциттер тізбегі қүрайды. Сезім мүшелеріндегі рецепторларда пайда болған жүйке толқыны рефлекторлық доға арқылы тек бір бағытта ғана өтеді. Жүйке толқыны сезім мүше- леріндегі сезімтал нейроциттер рецепторларынан, оның орталыққа тепкіш дендриттерімен жүлын ганглийлеріндегі денелеріне, одан әрі сезімтал нейроциттердің аксондарымен синапс арқылы жүлын- ның сүр затындағы байланыстырғыш (ассоциативті) нейроциттердің дендриттеріне өтеді. Одан соң, жүйке толқыны ассоциативті нейроциттердің денелерінен олардың аксондары арқылы қозғалт- қыш нейроциттер дендриттеріне, денелеріне, одан әрі олардың аксонарымен синапс арқылы орындаушы мүшелерге өтіп, соңғы мүшелерде аяқгалады. Байланыстырғыш нейроциттердің дендриттері, денелері, аксондары, қозғалтқыш нейроциттердің дендриттері мен денелеріорталық жүйке жүйесі мүшелерінде орналасады. Ал қозғалтқыш нейроциттердің аксондары орталықжүйке жүйесі мүшелерінен (ми, жүлын) шығып, орындаушы мүшелерғе бағыггалады да, бүлшық ет талшықтары, бірыңғай салалы ет миоциттері, без гландулоциттері плазмолеммаларымен синапс түзіп, қозғалтқыш жүйке үшымен аяқталады. Рефлекторлық доға арқылы рефлекстің іс жүзіне асуына көптеген нейроциттер қатысады. Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, бір нейроциттің дендриті 4 мыңнан астам басқа нейроциттермен, ал аксоны 27 мың басқа нейроциттермен синапстық байланысқа түседі екен. Демек, жүйке үлпасынан түзілген жүйке жүйесі мүшелерінің қызметтері, оларды қүрайтын нейроциттердің өте күрделі байланыстары арқылы іс жүзіне асады.
81.Гструляцияның түрлері.Омыртқалылардың ұрық жапырақшалары қалай түзіледі. Гаструляция- бластула торшаларының одан әрі көбеюімен, осуімен, жетіліп бағытгы орын ауыстыруымен және сапалы айырмашылықгар мен өзгерістердің жүруімен сипатталатын күрделі биохимиялық және морфогенетикалық процесс. Эмбриогенездің гаструляция кезеңі алғашқы кездеріңде бластуланың бір қабат торшаларынан түратын бластодермадан екі кабат үрық жапырақшаларынан қүралған үрық -гаструладамиды. Оның сырқы үрықжапырақшасы -эктодерма, ішкі үрықжапырақшасы - энтодермаГаструляцияның соңғы кезеңінде эктодерма мен энтодерманың аралығында хордомезодермалық өскін жетіліп, кейінірек одан хордажәне мезодермадамып жетіледі. Гаструляцияның торт түрі ажыратылады:1.Инвагинация-қынаптану. Қандауыршаның (ланцетник) шар тәрізді іші куыс бластуласының бір қабат бластомерлерден күралган бластодерма түбінің қабырғасы, ішіндегі қуысы бластоцельге карай, бластодерма төбесіне қарама-қарсы бағытта майыса еніп, пішіні қынапқа үқсас қапшық тәрізді екі қабат гаструлаға айналады. Оның сыртқы қабатын эктодерма, ішкі қабатын энтодерма, энтодерманың ішінде пайда болған куысын біріншілік ішек куысы немесе гастроцель- деп атайды. Ал гастроцельдің сыртқы ортамен қатысатын тесігін біріншілік ауызнемесе бластопор- дейді.2.Эпиболия -қаптап өсу. Бластуланың төбесін қүрайтын үсақ бластомерлер жедел болініп, түбіндегі ірі бластомерлерді сыртынан қоршай өсіп қаптап, үрық екі қабат гаструлаға айналады. Эпиболия таза күйінде сирек қылтанды күрттарға тән.3.Иммиграция -ішке кошу. Бластодерма түбінің бластомерлері көбейіп, бластоцельге, яғни бластула куысының ішіне кдрай өсіп, сыртқыэктодерманың астындағы ппкі үрық жапырақшасы -энтодерманы түзеді. Иммиграция таза күйінде ішекқуысты жәндіктерге тән.4. Деламинация-торшалар қабаггарына жарылу. Бауырымен жорғалаушылар, қүс дискобластуласының үрық табақшасы және сүтқоректі жануарлар үрық түйінінің бластомерлері, тангенциальды беліну арқылы көпкдбатты үрыққа айналады да, өз кезегінде екі қабат тақгашаға жарылып, сыртқы эктодерманы және ішкі энтодерманы түзеді.
82.Білікті ағзалардың қалыптасуы.Екі ұрық жапырақшасы түзілісімен,оның ізінше н/еекуінің арасында үшінші ұрық жапырақша-мезодерма құралады.Қалыпты ұрық дамуында,ол қай сыныпқа,түрге жатса да,ұрық жапырақшалары өзара іс-қимыл жасап,белгілі бағыттанақтыланып:әр ұрық жапырақшасынан белгілі ұқсас ұлпалар,ағзалар бастамалары пайда болады.Ұлпа дамуын-гистогенез,ағзалар дамуын-органогенез деп атайды.Хордаларда алдымен білікті ағзалар:жүйке түтігі,желі ж/е ішек түтігі пайда болады.
83.Бүйректің гистологиялық құрылысы.Жануарларда бүйректің анатомиялық құрылысы,пішіні әртүрлі болады.Көптеген сүтқоректілердің бүйректері бөліктенген.Олар дербес бөліктерден н/е әртүрлі деңгейде қосылған бөліктерден тұруы мүмкін.Бүйректің сырты тығыз дәнекер ұлпа қабықшасымен жабылған,одан өте жұқа қабаттар ағза ішіне тамырлар бағытымен өтеді.Б-ң үлпершегін эпителий түзеді,оның құрамы қан жүйесімен тікелей байланыста ғана өз қызметін атқара алады.Б.шеткі-қыртысты ж/еішкі-милық заттардан тұрады.Қыртысты затқа тән құрылым-б-ң денешіктері.Милық заттың құрамына тік өзекшелер кіреді.
84.Амитоз қалай жүретінің сипатта. Амитоз(грек. а — жоқ) — цитоплазма мен ядрода морфологиялық озгерістер болмайтын торша болінуінің түрі. Амитоз кезінде торша ядросында хромосомалар көрінбейді. Алдымен ядрошықтың пішіні мен саны озгеріп, ядрошықтардың санына сәйкес ядро бірнешеге болінеді. Одан соң, ядро санына байланысты торша да бірнешеге болінеді. Жануарлар организмінде амитоздың үш түрі кездеседі. Олар: генеративті, реактивті, дегенеративті амитоздар.Генеративті амитоз— үлпалардың қалыпты жағдайында кездесе беретін торша болінуінің түрі. Торшалар амитозды болінуден кейін, қайтадан митоз арқылы бөлініп кобеюге қабілетті.Реактивті амитоз— кездейсоқ факторлардың әсеріне байланысты торшалардың жауап ретінде боліну түрі. Амитоздың бұл түрі, көбінесе, әр түрлі жарақаттанудан кейін байқалады.
Дегенеративті амитоз— торшалардың тіршілігі тоқтап, олардың ыдырауы алдында байқалатын амитоздың түрі.
85.Жұмыртқалық.Оның овогенезге,дене қуысына шығуына,бітеуөзек,сары тіні құрылуына байланысыты,гистологиялық құрылысы.Жұмыртқалықтың дамуы жұмыртқалықта өтеді.Қалыптасу кезеңі болмайды.Жаңа туған төлдің безінде тек 1ші ж/е2ші овоциттер байқалады,одан келешекте қанша ұрық болатының анықтауға болады.Шағын өсу кезеңінде жұмыртқаға тән құрылым,ал ұлғая өсуінде-сарыуызы жиналады.Мұнда түзілген жойылған денешік қорек ретінде пайдаланалы.
86.Жұлындық түйіндердің құрылысын түіндіріп,олардың дербес жүйке түйіндерінен айырмашылықтарын көрсет.Жұлындық түйіндер жүйке орталығы болмайды,түрі ұршық тәрізді,сыртын тығыз талшықты дәнекер ұлпадан тұратын қаптама жауып тұрады.Шет жағында жалған бір өсінділі нейрондар денесінің тығыз топтары жатады,олрталық бөлігінде бұл нейрондарың өсінділері,олардың арасында тамырларды әкелетін эндоневрийдің жұқа қабаты орналасады.Аталған ірі,ұсақ нейрондар сфералық денесімен ж/е жақсы байқалатын ядрошығы бар ақшыл ядросымен сипатталады.Ал дербес жүйке түйіндер омыртқа бойында,омыртқа алдында,ағзалар қабырғасында-жүрек,ауатамырлар,ас қорыту жолы,қуық,басқаларда ж/е олардың бетіне жақын орналасуы мүмкін.Бұл түйіндерге орталық жүйке жүйесінде жататын жасуша-р-ң өсінділері бар түйін алды талшықтар келеді.Олар жақсы тармақталып,дербес түйіндерде көптеген түйіспе ұштарын құрады.
89.Ұйқы безі.Оның экзокринді ж/е эндокринді бөліктерінің гистологиялық құрылысы.аралас без,экзо ж/е эндокринді бөліктерден тұрады.Экзокрин бөлігі ас қорыту ферменттері бар ұйқыбез сөлін,эндокринді бөлігі-гормондар өндіреді.Без сыртын қабық жабады,одан перделер ағза ішіне өтіп,бөлімшелерге бөледі.Онда тамыр,жүйкуе,оның түйіні,шығару өзектер сақталады.Бөлімше ішіндегі сторома ретикулин талшықтары торынан тұрады,онда үсақ тамырлар ж/е жүйке талшықтары орналасады.Экзокринді бөлік-без бөлімше көлемінің негізгі бөлігін құрады,күрделі көпіршікті-түтікшелі сір безі,соңғы бөлім,шығарушы өзектер жүйесінен тұрады.Эндокринді бөлік-бездегі ұйқы безі н/е Лангерганс аралшығы жинағы болып саналады,эндокринді жасушалар без бойында,ацинустар арасында домалақ тығыз түсті топ құрып жатады.Олар өте көп жасушалардан тұрады,араларында ретикулин,жүйке талшықтары ж/е фенестрлі қан тамырлары орналасады.Инсулоциттер гистологиялық бояғыштарды нашар қабылдайды,сондықтан аралшықтар прераттарда ақшыл боялуымен эндокринді бөліктің қарқынды боялған түсінен ерекше байқалады.
90.Жарық микроскоптың құрылысы қандай.Жарық микроскоп зерзатты 1500 2500 есе үлкейтіп,оның бейнесін кері көрсетеді.Оның таға тәрізді тіреуінде механикалық,жарық қабылдайтын ж/е оптикалық бөлімдері болады.Микроскоптың мойны ұстаушысында тіреуге бекітілген.Мойында жоғарыда окуляр,төменгіде обьектив орналасқан.Револьерде бірнеше ұя болады.Оларға әртүрлі есе үлкейтетін обьективтер орналсады.Заттық үстел төртбұрышты,дөңгелек болады.Үстелдегі тесікке бір беті бекілетін препарат қысқышы болады,ол қос табақшадан тұрады.Үстелдің астында жарық қабылдайтын айна,жарық жинақтаушы ж/е диафрагма орналасады.
91.Кеңірдек,ауатамыршалары кілегейлі қабығының гистологиялық құрылысы.Кеңірдек-тыныс алу түтігі,түтікше ағза ж/е қабырғасы үш:кілегейлі,талшықты-шеміршекті,адвентиция қабықтарынан тұрады.Кілегейлі қабық бір қабатты көп ретті призма тәрізді ауасүзгіш эпителийімен жабылған,құрамына,құрылысы,атқаратын қызметі әртүрлі мына:төбелік бетінде кірпікшелері бар призма ж/е бокал тәрізді,энтерохромафинді ж/е негіздік жасушалар кіреді.Ауатамырлар құрылысына ж/е тыныс алудағы телімділігіне байланысты ірі,өкпеден тыс бөліктік ауатамырлар-өкпенің бөлшектік-қаттамалы,өкпенің үлпершегіндегі ортаңғы ж/е кіші ауатамырлармен ауатамыршаларға бөлінеді.Ауатамыршалар 1-2,одан да көп ауасүзгіш ауатаымршаларға жалғасып,бірнеше өкпе көпіршігі жолдарына ажырайды.Ауатамыр кілегейлі қабығының меншікті қабаты борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады.Кейінгі ұзына бойына бағытталған эластин талшықтарына бай болады.
92.Гемохориалды қағанақ қандай сүтқоректілерде болады?оның тосқауылын түзетінқұрамбөліктерінбаянда.Бұлқағанақжәндікқоректілер,жарқанаттар,кемірушілер,маймыл ж/е адамдарда түзіледі.Мұндай қағанақ жатыр кілегей қабығы-ң қабаттары бұзылып,хорион-ң бүрлері жатыр қылтамырындағы қанға батып,аналық пен ұрық арасында ең тығыз байланыс қамтамасыз етіледі.Туу кезінде қан мол кетеді,бірақ ол зақымдалған ұлпалар қайтадан қалпына келетіндіктен жылдам тоқтайды.
94.Гетерохроматин,эухроматин дегеніміз не?Гетерохроматин конденсацияланған тығыз шиыршықты хромосома сегментіне тең болады.Ол негізгі бояғыштармен қарқынды боялады,жарық микроскопта түйіршіктер тәрізіді көрінеді.Эухроматин хромосома сегментіне сәйкес,шиыршығы тарқаған,ДНҚ молекуласындағы бірізділіктің иРНҚ молекуласына жазылуына ашылған.Бұл сегмент тыныштық күйде болмайды,жарық микроскопта көрінбейді.
98.Сарыуыз мөлшеріне байланысты жұмыртқаклетка қалай ж/е қандай түрлерге жіктеледі.Сарыуызы жоғы-алецитальды(грек. а-бір нәрсенің білдіретін қосымща,lekithosсарыуыз)азыолиголецитальді(сүтқоректілерде,ланцетниктерде),орташасы-мезолецитальді(бақада),көп мөлшерлісі-полилецитальді(құстарда,рептилий,балықтарда)деп аталады.Егерде сарыуыз жұмыртқаклеткасында біркелкі орналасса,изо-,гомолецитальді,бір полюсьта болса-телолецитальді,дәл ортаңғы-центролецитальді деп аталады.
99.Жұмыртқа клеткасының құрылысы қандай?Ұрықтануға,дамуғабейімделген,қабығы,цитоплазмасы,ядросы,организмдегі басқа жасушалардан ерекше,өзіне тән қасиеттері,құрылымы бар жасуша.Ядро көлемі кіші,белсенділігі нашар,хромосомалар құрамы-гаплоидты.Ядро мен цитоплазма ара қатысында цитоплазма басымды.
100.Сүт безінің гистологиялық құрылысы.Сүт түзілу механизмі.Сүт безі эпидермистің туындысы,тек ұрғашы малды болады.Сүт безінің шығарушы өзегі мен секрет бөлетін бөлігінің құрылысына қарай,ол күрделі тармақталған түтікше-альвеола бездеріне жатады.Оның үлпенршегі тармақталған шығарушы өзек жүйесінен,соңғы секрет бөлімдерінен ж/е май жасушаларына бай дәнекер ұлпадан тұрады.Кейігһнгі без үлпершегін түрлі көлемді жарнақшаға бөледі.Сүт безінің алғашқы жарнақшасында соңғы бөлімдер н/е сүт альвеоласы,соңғы шығарушы өзектері ж/е дәнекер ұлпадан тұратын стромасы болады.
102.Бөлшектену,оның түрлері,ұрық дамуына ора жағдайларының тигізетін әсері.Бөлшектену—бір торшалы үрық—зиготаның митоз арқылы бластомерлерге бөлініп, көп торшалы үрық-бластулаға айналатын, эмбриогенездің екінші кезеңі. Бөлшектену нәтижесінде пайда болған торшаларды үрықтың бөліктері немесе бластомерлер— деп атайды. Олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Бөлшектену кезінде митоздық айналым қысқа болғандықтан, бластомерлердің мөлшері бөлінген сайын кішірейе береді. Бірақ, бластомерлер ядроларының мөлшері кішіреймей, үсақталу тек цитоплазманың есебінен жүреді. Бластомерлердің саны көбейгенімен, коп торшалы ұрықтың жалпы көлемі зиготаның молшеріндей болады. Бөлшектену бластомерлер ядролары мен цитоплазмаларының ара қатынасы дене торшаларындағы қатынасқа жеткенше жүреді де, сонан соң бластомерлердің бөлінуі тоқтайды. Бөлшектену кезеңі нәтижесінде пайда болған көп торшалы үрықты бластула— деп атайды. Зиготаның бөлшектенуі әр түрлі жануарларда түрліше жүреді. Бөлшектенудің түрлері жүмыртқа торшаларындағы сарыуыздың мөлшеріне және сарыуыздың овоцит цитоплазмасындағы таралу сипатына байланысты. Бөлшектену процесі ұрықганған жұмыртқа торшасы цитоплазмасының сарыуызы аз болігінде жүреді. Ал жұмыртқаның сарыуызы коп молшерде жинақталған цитоплазма бөлігі бөлшектенуге қатыспайды. Осыған байланысты бөлшектенудің екі түрі ажыратылады. Олар: толық (голобластикалық) бөлшектену және жартылай (меробластикалық) бөлшектену. Голобластикалық бөлшектенудіңтүрінде зигота толығымен бөліну процесіне қатысады, ал меропластикалық бөлшектенузиготаның тек сарыуызы аз жоғарғы анимальды полюсінде ғана жүреді.
103.Сүйек кемігінде қандай қан жаушалары түзіледі?Сүйек кемігі қан түзу ж/е иммунитет дамуының орталық ағзасы ж/е бағаналық қан жасушаларының өзін-өзі қолдайтын популяцияларын сақтап,миелоцит,лимфоцит қатарларының жасушаларын құруға қатысады.
104.Десмохориалды қағанақ дегеніміз не?Бұл қағанақта хорион бүрлері жатыр кілегейлі қабығы-ң меншікті қабатына еніп,оның эпителийін бұзады.Мұндай қағанақ күйіс қайтаратындарда болады.Онда қағанақ дамуымен жатырдың ыдысшалары жанасатын кілегейлі қабықтарында қылтамырлар қаптап өседі де,ұрықтың гемотрофты қоректенуін күшейтеді.Туу мезгілінде жатырдағы етше өскін аймағы эпителийінен айырылады,бірақ ол өте жылдам қалпына келеді.
105.Эпителий,жалпы сипаттамасы,ерекшеліктері,жіктелуі. Эпителий үлпасы — жануарлар филогенезінде жабынды үлпа ретінде көпторшалы организмдегі ең алғаш дамып жетілген қүрылым. Ол жануарлар организмін сыртынан қаитап, дене және сірлі қуыстар мен түтікше мүшелер кілегейлі қабықтарының ішкі бетін астарлап, организмнің ішкі ортасын қоршаған сыртқы ортадан бөліп, шекаралық орын алады. Сөйтіп, ол тірі организмнің қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз етеді. Бүған қоса эпителий үлпасы организмдегі көптеген бездердің паренхимасын түзіп, тірі организмдегі түрлі зат алмасудың жүруіне керекті бөлінділер бөледі. Денедегі орналасу орны мен атқаратын қызметіне байланысты эпителий үлпасы үлкен екі топқа: жабынды және безді эпителийге бөлінеді.Жабынды эпителий— теріні сыртынан қаптап, ішкі мүшелердің ішкі бетін астарлап, қоршаған орта мен организмнің арасындағы зат алмасуды қамтамасыз етіп, қорғаныс, тітіркеніс, заттарды сору, сіңіру және бөліп сыртқа шығару қызметтерін іс жүзіне асырады.Безді эпителий— организмдегі бездердің бөлінділерді (секреттерді) бөлетін жүмысшы бөлігі — без паренхи- масын түзіп, денедегі зат алмасу процесіне қажет секреттерді бөліп шығарады. Эпителий ұлпаларының бірнеше жіктелу түрлері бар. Солардың ішіндегі қазіргі кезде қолданылып жүрген морфологиялық жіктелу — үлпа эпителиоциттерінің пішіні мен торшалар қабаттарының санына негізделген. Эпителиоциттер қабаттарының санына бай- ланысты жабынды эпителий үлпасы: бірқабатты және көпқабатты болып екі топқа бөлінеді. Бірқабатты эпителий үлпасы негіздік жарғақта орналасқан бір қабат эпителиоциттерден, ал көпқабатты эпителий көпқабат эпителий торшалары қабаттарынан қүралған.
106.Безді эпителий.Түзінділер түзі туралы түсінікБездердің жіктелуі. Безді эпителий жануарлар организміндегі әр түрлі бөлінділер (секрет, инкрет - гормон) бөлетін бездердің негізгі қызметін атқаратын жүмысшы бөлігі — паренхимасын күрайды. Безді эпителийдің бөліндіні бөлу процесін секреция— деп атайды. Бездердің секрециясы арк^шы жануарлар организмдерінде коптеген маңызды қызметтер, мысалы, сүттің, сілекейдің, кдрын мен ішектер сөлдерінің, үйқы безі сөлінің, өттің, терідегі тер мен тері майының, организмнің ішкі сүйық ортасына бөлінетін гормондардың және т.б. тіршілік үшін тым қажет заттардың түзілуі іс жүзіне асады. Бездердің аталған маңызды қызметтерін без паренхимасы іске асырады.Бездердің жіктелуі. Бездер— өзінен арнайы бөлінді бөлуге маманданған жеке торшалар немесе торшалар топтары, болмаса жеке мүшелер. Қүрылысына байланысты бездер бірторшалы және көпторшалы болып үлкен екі топқа бөлінеді. Бөліндіні шығару ортасына қарай бездер: сыртқы секреция немесе экзокринді бездер және ішкі секреция немесе эндокринді бездер болып екіге бөлінеді.Ішкі секреция бездерінемесе эндокринді бездербөліндісі - инкрет(ішке бөлу) немесе гормон— деп аталады. Эндокринді бездер гормондарын организмнің ішкі сүйық ортасына шығарады. Сондықтан, эндокринді бездер тек бөлінді бөлетін безді бөлімнен түрады. Олардың сыртқа шығару өзектері болмайды.Сыртқы еекреция бездерінемесе экзокринді бездербөліндісі секрет— деп аталады. Олар секреттерін сыртқы ортаға, мысалы, терінің сыртқы бетіне немесе қуысы сыртқы ортамен қатысатын мүшелер қуыстарына (түтікше ішкі мүшелер)шыгарады. Сондықтан, экзокринді бездер екі бөлімнен: секрет бөлетін бездің соңғы бөлімдерінен және шығару өзектерінен тұрады.
108.Алғашқы микроскопты кім ж/е қай ғасырда құрастырды? Үлкейткіш линзалар жүйесі — микроскоптың жасалуына байла- нысты гистологиялық ғылымдар XVII ғасырдың ортасына қарай анатомиядан бәлініп, морфологияньің жеке ғылым салалары болып дами бастады. Микроскоптың үлкейткіш аспап ретіндегі адам оміріне келуіне бірден-бір септігін тигізген кезілдірік ендірісі болды. Беті иілген шыны беттерінің күн сәулесін сындыру немесе басқа да оптикалық қасиеттері ерте заманнан-ақ өнер тапқыш адамдарға, мысалы Евклидке (б.з.д. 300 ж.), Птоломейге (127—151 ж.ж.), Альхазанға (XI ғасырдың басы) белгілі болған. Бірақ, иілген шыны бетінің үлкейткіш қасиеті адам өмірінде кеп жылдар бойы пайдаға аспады. Бірінші кезілдірік тек 1285 жылы ғана Италияда жасалынды. Бірінші үлкейткіш аспапты 1590 жылы голландтық көзілдірік шеберлері ағайынды Захарий және Френсис Янсендер Миддельбург қаласында жасап, күрделі микроскоптарды жасаудың негізін қалады. Олардың үлкейткіш асгіабы іші куыс бір түтіктің ішіне салынған екі дөңес бетті линзалардан қүрастырылған.
109.Тұңғыш микроскоп құрушыларды атаңыз?олардың рөлі қандай? . 1610 жылы атақгы оқымысты Г. Галилей (1564 — 1642 ж.ж.) қоргасын түтігінің ішіне түрлі линзалардан қүрастырылған жүйені орналастыру арқылы микроскогі жасап шығарды. “Микроскоп” деген атауды ғылымға енгізген Римдегі Урбан XII папада қызметте болған дәрігер Фабер еді. 1625 жылы Стеллутти бірінші болып микроскопты анатомиялық зерттеулерге қолданды.Тірі материяны бірінші болып микроскоп арқылы зерттеген ағылшынның өнертапқыш ғалымы, физик және математик Роберт Гук (1635 - 1703 ж.ж.) болды. Ол 1665 жылы езі жасаған микрос- коппен әсімдік қабығының үлпасын зерттеп, оның торшалар- дан түратындығын көрді. Оларға торша— деген атау берді. Бір айта кететін жай, Р. Гук торшаның іші қуыс, оның тірі заты “торша қабығы” деп есептеген. Р. Гуктен сәл кейінірек анатом М. Мальпиги (1671— 1675 ж.ж.), ботаник Н. Грю (1671 ж.) жануарлар және өсімдік ұлпаларын микроскопппен зерттеп, біртекті коріністің ішінде майда қуыстардың бар екендігін анықтаған.
110.А.Левенгук қай кезде өмір сүрді,қандай микроскопиялық зерттеулер жүргізді?1673-1695жж өміт сүрді.300есе үлкейтетін микроскоп құрастыоып эритроциттерді,қылтамырдағы оның қозғалысын,шәуеттерді,көлденең жолақты б.е талшығының құрылысын ,жүйке талшықтарын,кейбір қарапайым организмдерді көріп,жазды.
111.Қандай зерттеулер К.Ф.Вольф,А.М.Шумлянский,К.Э.Бэр аттарымен байланысты.17ғ 2ші жартысында жарыққа шыққан Вольфтың ˝дүниеге келу теориясы˝ атты жұмысы дүниетанымда зо талас туғызды.Бұл ғалым еңбегінде преформизм ілімін қатаң сынады,эпигенез ілімін дәлелдеді,ағзалардың жаңадан пайда болатынын жақтады,организм ұрық жапырақшаларынан түзілетінін тұңғыш рет бақылап,балапан жүрегі,бүйрек дамуын жазды.
115.Сперматозоидтың құрылысы мен қызметі.Акросома дегеніміз не,оның атқаратын рөлі қандай. сперматозоидтар үрықтану процесіне қатысып, үрыққа аталық түқым қуалаушылық қасиеттерді береді. Олардың пішіні қозғалуға бейімделген, үзынша талшық пішіндес болып келеді. Іэір мезгілде бөлінген шәуеттегі (спермадағы) сперматозоидтардың саны жануарлар түрлеріне байланысты ондаған мил- лионнан миллиардтқа дейін саналды. Олардың мөлшері түрлі жануарларда әр түрлі болғанымен (40-60 мкм), жалпы күрылысы бір-біріне үқсас. Барлық басқа торшалар сияқты сперматозоид та сыртынан плазмолеммамен қап- талган. Ол үш: бас, мойын және қүйрық бөлімдерден қүралған.Сперматозоидтың басынплазмолеммамен қапталған цитоплазма мен ядро қүрайды. Басының алдыңғы жиегінің 2/3 бөлігінде, пішіні иілген жалпақ қапшыққа үқсас цитоплазмалық оймақ пен оның ортасындағы тығыз денешік — акросома орналасады. Бүлар Гольдж кешенінің туындысы. Үрықгану кезінде акросома жүмыртқа торшасының сыртқы екіншілік қабығының фолликулалық торшаларын бір-бірімен желімдеп жабыстырып түрған гликозаминогликандарды (мукополисахарид) ерітетін протеаза және гиалуронидаза ферменттерін бөледі.Сперматозоид мойны— центросома органелласынын туындысы. Ол центросоманың алдыңғы (проксимальды) және артқы центриольдерінен, олардың аралығындағы центродес-моздан құралған. Үрықтану процесі кезінде проксимальды центриоль сперматозоид басымен бірге жұмыртқа торшасының цитоплазмасына еніп, зиготаның митоз арқылы бөлшектенуін қамтамасыз етеді. Жүмыртқа торшасында митозды бөлінуді іс жүзіне асыратын центросома органелласы болмайды.Сперматозоид құйрығыүш бөлікке бөлінеді. Олар: бастапқы (аралық), негізгі және соңғы бөліктер. Қүйрықтың негізін біліктік жіп (аксонема) қүрайды. Ол дистальды центриольдің алдыңғы бөлігінен басталады.
116.Омыртқалы жануарлардың жұмыртқа жасушалары қандай белгілері бойынша олго мезо полилецитальдық,сондай-ақ изолецитальдық ж/е телолецитальдық болып бөлінеді? Сарыуыз қорының жүмыртқа торшасындағы мөлшеріне байланысты овоциттер үш топқа бөлінеді:
1.олиголецитті(грек. о1і§оз - аз, Іесуіоз - сарыуыз) овоцит —сарыуызы аз жұмыртқа торшасы;
2.мезолецитті(грек. тезоз - орташа) овоциг— сарыуызының мөлшері орташа жұмыртқа торшасы;
3.полилецитті(грек. роіу - коп) овоцит— сарыуызы көп
жұмыртқа торшасы.
Сарыуыздың овоцит цитоплазмасындағы таралу сипатына байланысты жұмыртқа торшаларын төмендегідей үш топқа бөледі:
1.изолециттінемесе гомолецитті(грек. ізоз, һотоз - бірдей, үқсас) овоцитсарыуыз жүмыртқа торшасының цитоплазмасында
біркелкі таралған;
2.телолецитті(грек. Іеіоз — жиек, соңы) овоцит—• сарыуыз жүмыртқа торшасы цитоплазмасының тек бір полюсінде ғана жинақталған;
3.центролецитті (грек. сепігоз - орталық, центр) овоцитсарыуыз жүмыртқа цитоплазмасының орталығында жинақталған.
117.Құс ұрығының дамуындағы ерекшеліктер неде?Құс ұрығының дамуында қандай кезеңдер болады?Құс жұмыртқасында сарыуыз,белок,қабыршақасты қабық,қабыршақ сақталады.Оның құрамбөліктері,сарыуыздан басқасы,жұмыртқаклеткасының үшінші қабығына жатады. құс шәуеті,омыртқалықтағыдай,талшық тәрізді,оның басы,мойны,денесі,құйрығы болады.құстар жұмыртқаклеткасы сарыуыз мөлшеріне,олардың орналасуна орай полителолецитальдіге жатады.Жұмыртқаклеткасының ядросы мен цитоплазмасы болады.Ядро оның жоғарға бос бетінле орналасады,біраз цитоплазма қабатымен қоршалады,онда тұрақты қосындылар сақталады.Цитоплазманың басқа бөлігінің бәрі тұрақсыз қосындылар сақталады.құста бөлшектену жартылай,диск тәрізді жүреді.Бөлшектенуге зиготаның ядро,цитоплазмасы орналасқан,сарыуызы аз тек жоғарға бос беті ғана қатысады.Төменгі полюс оған қатыспайды,онда бөлшектенуді тежейтін өте көп сарыуызы болады.Гатруляция екі фазада:1ші-дискден бір қабат бөлініп,екі-эктодерма,энтодерма ұрық жапырақшалары құрылады.2ші-хордомезодермалы ұрық бастамасы құрылуы үшін дискобластула жиек аймағындағы жасушалар қарқынды бөлініп,ұрық сауыты жағына бағытталып,қос ағында ауып кездесіп,ұрық сауыты ортасымен алға жылжи бастап,қалыңдағын жасушалар қалтқысын алғашқы жолақты құрады.