Ан плазмасы
Ан және лимфа
Қанға жалпы сипаттама,қан плазмасы,эритроциттердің құрылысы
Қан жүйесіне кіреді:
Қан және лимфа
Қан түзуші ағзалар-қызыл сүйек кемігі,тимус,селезенку,лимфа түйіндері
Қан түзбейтін ағзалардың лимфоидты тіндері.
Қан жүйесінің элементтерінің жалпы құрылсы мен қызметтік ерекшеліктері
бар,барлығы мезенхимада өтеді,барлық жақтарынан өзара әсерлесумен біріккен,жалпы заңға нейрогуморалдық реттелуге бағынады.Перифериялық қанның тұрақты құрамы қанның қайта жаңаруымен және қан жасушаларының жойылуымен өзгеріп отырады.
Қан және лимфа дәнекер тінмен бірге ағзаның ішкі ортасын құрайды.Олар плазмадан(клеткааралық сұйық зат) және әртүрлі формалық элементтерден тұрады.Бұл тіндер өзара бір-бірімен байланысқан,онда формалық элементтердің тұрақты алмасуы жүреді,сондай-ақ плазмадағы заттар да алмасып отырады.Лимфоцитттер қаннан лимфаға,лимфадан қанға реттеліп отырады.Барлық қан жасушалары эмбриогенез және туғаннан кейінде көп бағаналы жасушалардан түзіледі.
Қан сурет
Қан- қантамырлар арқылы таралатын сұйықтық болып табылады,екі негізгі заттан -плазма және формалық элементтерден тұрады.Қан адам ағзасын,орташа есеппен,шамамен 5 литрді құрайды.Қанды қан тамырларда айналатын сұйықтық және бауырдағы,сарыуыздағы,терідегі деполанған қан деп ажыратады.
Плазма қан көлемінің 55-60%,ал формалық элементтер 40-45% құрайды.
Формалық элементтердің қандағы көлемі гематокриттік сан немесе гематокриттік көрсеткіштер деп аталады.Қалыпты жағдайда 0,40-0,45.
Гематокрит терминін гематокриттік көрметкіштерді өлшейтін приборға байланысты қолданады.
Қанның негізгі қызметтері:
Тыныстық қызмет(өкпеден оттегіні барлық тіндерге және көмірқышқыл газын тіндерден өкпеге тасымалдайды)
Трофикалық қызмет(мүшелерге қоректендіретін зат жеткізеді)
Қорғаныштық қызметі( жарақат кезінде гуморалдық және жасушалық иммунитетпен қамтамасыз ету)
Бөлінулік қызметі(Бүйректердегі зат алмасу өнімдерін жою және тасымалдау.
Гомеостатикалық қызметі(ағзаның ішкі тұрақтылығын сақтау,әсіресе иммундық гомеостаз)
Сондай-ақ қан арқылы гормондар мен биологиялық белсенді заттар тасымалданады.Бұлардың барлығы қанның ағзадағы алатын маңызды орнын көрсетеді.Қан анализі клиникалық жұмыстарда негізгі диагноз коюдың тиімді әдістерінің бірі болып табылады.
ан плазмасы
Қан плазмасы- коллойдтық сұйық клеткааралық зат болып табылады.Құрамында 90 су,6,6-8,5 ақуыздар және органикалық,бір тіннен басқа тіндерге ауысып отыратын,зат алмасудың соңғы өнімдеріндегі минералдық заттар мен органикалық заттар.
Қанның негізгі ақуыздарына-альбуминдер,глобулиндер,фибриногендер жатады.
Альбуминдер плазма белрктарының тең жартысын алып жатыр және бауырда түзіледі.Олар қанның коллоиды-осмотикалық қысымын реттеп отырады,сонымен қатар альбуминдер транспорттық қызмет атқарып,гормондарды,майлы қышқылдарды,токсиндер мен дәрілерді тасымалдайды.
Глобулиндер- өздерінен альфа,бета,гамма фракцияларын бөлетін ақуыздардың тобы.Ағзаның иммундық жүйесі болып табылатын иммуноглобулиндер мен антиденелер де соған кіреді.
Фибриноген-қан плазмасының фибрилярлы ақуызы фибриннің ерітінді түріндегі формасы,қанның ұюы жоғарлағанда бағана түзеді.(мысалы тромб кезінде)Бауырда фибриноген түзіледі.Құрамында фибриноген жойылған қан плазмасы сарысу деп аталады.