Дән егіліп жойылуы тиіс

ҮІ–шарт:Дәнді сеппесек, біз еш уақытта да өнім жинай алмаймыз.

«Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: егер бидайдың дәні жерге

егіліп, жойылмаса, онда ол жалғыз дән болып қалады. Ал егер ол жерге егіліп, көктеп, өзі жойылса, сонда ғана одан көп өнім өсіп шығады».

Жх 12:24.

Қандай сорты жоғары дән болса да, ол топыраққа түспей, көбеймейді, жалғыз дән болып қала береді. Әрине, көбеймеген дәнді пайдасыз болады деуге болмайды. Ол дәнді біз әртүрлі әдіспен пайдалануымыз мүмкін. Дәннен жасалынған ұннан әртүрлі тағамдар жасалынады. Малға жем есебінде пайдаланылады т.б. Бірақ олай пайдаланғанымызда дән еш уақытта отыз, алпыс, жүз есе көбеймейді. Ол біреу ғана болып қала береді.

Дәннің көбеюі үшін біз Иса Мәсіхтің айтқанын орындауға тиістіміз.

«... егер бидайдың дәні жерде егіліп, жойылмаса, онда ол жалғыз дән болып қалады». Жх 12:24.

Жерге түскен дән шамалы уақыт өткен соң өніп, өзі жойылады, ол дәннің өзін біз енді пайдалана алмаймыз.

Ол дәннен тағам пісіруге, малға жем ретінде пайдалануға немесе сатып ақша жасауға болмайды. Себебі, ол жойылды. Сондықтан себуші үшін себілген дән жойылып, пайдасыз болып қалады.

Дәл солай Құдай жолына құрбандық жасаған ақшамыз да біздер үшін жойылды, оны да енді пайдалана алмаймыз. Құрбандық жасаған ақшамыз біздің бақылауымыздан шығып кетеді. Ол ақшаны Ізгі хабарды жариялап жүргендердің билігіне, иелігіне толық сеніп тапсырамыз. Менің ақшамды қалай жұмсадың, деп бақылау жүргізу дедұрыс емес.

О, Киелі Рух! Осы ақшаны Иса Мәсіхтің жолына және Ізгі хабардың жолына дұрыс жұмсауына осы бауырыма өзің көмектесіп, даналық бере гөр деп дұға жасаңыз.

Жоғарыда көрсетілгендей (Киелі Кітаптық семинарияда оқып жүрген қызымыз үшін), ондығымызды жанұямыздың мұқтажына жұмсасақ, онда ол ақшамыз біздер үшін жойылмай қалады. Ондай құрбандық ешқандай өнім әкелмейді.

«Туысқандарының, әсіресе үй-ішінің қамын ойламайтын адам сенімнен бас тартқан, ол тіпті Құдайға сенбейтіннен де жаман».

1 Тим 5:8.

Кейбір бауырлар осы аятты алға тартып, жанұямның қамын ойлауға тиіс емеспін бе? – дейді.

Әрине, жанұямыздың қамын ойлау өте дұрыс және Құдайдың өсиетін орындаймыз. Бірақ біздер үшін қалайда жойылуға тиіс дән – ол біздің ондығымыз. Ондығымызды берген соң қалған ақшаны жанұяның игілігіне жұмсауға тиіспіз.

Себебі: «...Ондықтарыңның бәрін қойма үйіне

әкеліп тұрыңдар. Менің үйімде азық болсын ...». Мал 3:10

Осы аятқа назар аударсақ, «ондықтарыңның бәрін» депті. Біразын қызыңның үйіне бер демеген. Өйткені, қызымыздың үйіне берсек, ол дән жойылмай қалады.

Тәңіріміз Иса Мәсіх айтады: дән жойылмаса, өнім әкелмейді дейді. Сондықтан, дән жойылмаса өнім күтпеңіз.

Құдайға тиістіні өзіміздің мұқтажымызға жұмсамай, Құдайдың Өзіне берсек, Құдай біздің мұқтажымызды артығымен қамтамасыз етеді.

Қорытынды: біз мол өнім алуымыз үшін сепкен дәніміз жойылуы тиіс. Егер дән жойылмаса, өнім күтпеңіз.

Нені ексең, соны орасың

ҮІІ-шарт: «Алданбаңдар: Құдайды алдауға болмайды. «Адам не ексе, соны орады» - дейді. Жақсылық жасаудан талмайық! Себебі бұдан шаршап бас тартпасақ, тиісті уақытта оның игілікті өнімін Құдайдан

қабылдайтын боламыз. Сондықтан мүмкіндік барда барлық адамдарға, әсіресе сенімі бір бауырластарымызға, жақсылық жасай берейік!».

Ғал 6:7, 9, 10.

Яғни, біз жақсылық жасаудан таймасақ, тиісті уақытта оның игілікті өнімін Құдайдан қабылдайды екенбіз. Егер жамандық жасаған болсақ ше? Әрине, жамандықтың да өнімін Құдайдан қабылдаймыз.

Немесе: «Адам не ексе, соны орады». Ғал 6:7.

«Сонда жер өсімдікті, түрлеріне қарай тұқым шашатын шөпті және дәнегі бар жеміс беретін ағашты шығарды». Жар 1:12.

Демек, ұрық шашатын шөптің дәнінен, дәнегі бар жеміс ағашы өсіп шықпайды, ағаштың дәнегінен шөп өсіп шықпайды. Сол сияқты бидай ексек, бидай орамыз, арпа ексек, арпа орамыз, ақша ексек, ақша орамыз. Бұл -Құдайдың өзгермейтін, мызғымас заңы.

Сондықтан да, Құдай бізге «Алданбаңдар» - дейді. Ең үлкен алдаушы, өзін-өзі алдаушы адам. Құдай мұның бәрін біле бермес немесе байқамай қалар деген сияқты ойларға беріліп, Құдайдың заңын бұзсақ, онда себілген дәннен мол өнім аламын деп үміттенбесекте болады.

Олай еткен жағдайда арпа егіп, бидай орамын деп үміттенгенмен бірдей боламыз. Өйткені, әрбір өсімдік өзінің тұқымына сай өсіп шығады және тұқымына сай өнім береді. Бұл заңдылық Құдайдың еркіне сай жаратылыстың басталуында солай болған, қазір де солай, бұл дүниенің ақыр соңына дейін солай бола береді.

Сол себепті сіздің Құдай жолына жұмсаған малыңыз, мал болып қайтады, ақшаңыз ақша болып қайтады, затыңыз зат болып қайтады. Құдай жолы, Ізгі хабардың жолы. Ол сіздің затыңызды, малға немесе ақшаға алмастырып беретін айырбастау (обменный) пункті емес. Ол сіздің сепкен дәніңізді отыз, алпыс, жүз есе өсіріп беретін құнарлы топырақ. Бұл жерде себілген дәннің түрі өзгермейді. Оның мөлшері өзгереді. Керісінше, ойлау немесе дәннің түрі өзгеруі мүмкін деп ойлау, өзіңді өзің алдау болып саналады.

Егер біз таудың басына шығып, дауыстап айқайласақ, біршама уақыттан соң өзіміздің дауысымызды естиміз. Табиғаттағы бұл құбылысты жаңғырық деп атайды. Немесе бізден шыққан дыбыс қайтып өзімізге оралады. Сол сияқты допты үйдің қабырғасына лақтырсақ, доп қабырғадан серпіліп қайта өзімізге оралады. Табиғаттан орын алған Құдайдың осы заңы біздің өмірімізде де орындалады, нені сепсек, соны орамыз. Біздің себе алатын дәндеріміз: өміріміз, уақытымыз, біліміміз, жігеріміз, күш-қуатымыз, малымыз, әртүрлі заттарымыз, ақшамыз т.б.

1. Бидай сепсеңіз, бидай орасыз.

2. Арпа сепсеңіз, , арпа орасыз.

3. Ақша сепсеңіз, ақша орасыз.

4. Жақсылық сепсеңіз, жақсылық орасыз.

5. Жамандық сепсеңіз, жамандық орасыз.

Наши рекомендации