Арсенаттар класының минералы

Арсенаттар класының минералы - student2.ru Эритрин Co3 [AsO4]2 8H2 O. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Қызыл-күрен және солғын-қызғылт түсті және өзіне тән агрегаттары (жағылымдар, қабықшалар кейде ұнтақтар).

Генезисі (жаратылысы).Кобальт арсениді бар сульфидтік кенорындарының тотығу белдемдерінде. Смальтин бойынша псевдоморфозалары белгілі.

Парагенетикалық ассоциациясы.Кобальтин, смальтин.

Қолдануы.Жарық түсімен байланысты, ізденбелі маңызда бастапқы кобальт кендерін іздеуге пайдаланады.

Вольфраматтар мен молибдаттар класының минералдары:вольфрамит (Mn,Fe)[WO4],шеелит Са[WO4].

Арсенаттар класының минералы - student2.ru Вольфрамит (Mn, Fe)[WO4]. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Қоңырқай-қара, қызылдай-қоңыр түсі, қою қоңырқай сызық түсі, кристалдары призмалық, жалпақша-ұзартылған, тақташа (17 – суретке сәйкес), жіктілігі бір бағытта жетілген, тығыздығы жоғары – 6.7-7,5 г/см3.

1 Арсенаттар класының минералы - student2.ru 2 Арсенаттар класының минералы - student2.ru

17 – сурет. Вольфрамиттің (1), шеелиттің (2) кристалдары

Генезисі (жаратылысы).Кварцты гидротермалық желілерде, сульфидтік желілерде, метасоматиттік грейзендерде, магмалық пегматиттерде, экзогендік тотығу белдемдерде мору кезінде вольфрамдық жосаларға (ферритунгсит, тунгситке) айналады. Экзогендік шашылымдарда кездеседі.

Парагенетикалық ассоциациясы.Кварцты және сульфидтік гидротермалық желілерде: касситерит, молибденит, арсенопирит, пирит, халькопирит, висмутин, сфалерит және т.б. Грейзендерде: слюда, топаз, флюорит, турмалин, кейде берилл, касситерит, молибденит және т.б.

Қолдануы.Вольфрамның бастыкөзі болады, вольфрам қара металлургияда – құрыштың ерекше қатты сорттарын өндіруге пайдаланады, оны тез кесетін құралдарда пайдаланады. Одан басқа «стеллиттер» құрамына вольфраммен Cr, Co бірге аса қатты қорытпаларда «победит», «видиа», «сталинит», «воломиттердің» өндіруіне пайдаланады, ал оларды ұңғымаларды бұрғылайтын коронкалар жасауға қолданады. Электротехникада вольфрам электролампалардың жіптеріне, антикатод, рентгендік трубкаларға қолданады. Вольфрамның қоспалары химиялық өндірісте, керамикада шыны және фаянс бояуға және т.б. жерлерде пайдаланады.

Арсенаттар класының минералы - student2.ru Шеелит Са [WO4]. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Түссіз, ақтан сарығыш-аққа дейін, жылтырлығы майша, қаттылығы төмен (4,5-5 кварц пен дала шпаттарға қарағанда), изометриялық, дипирамидалық келбеттері (17 – суретке сәйкес), УК сәулелерде көгілдір түсті күшті шашыратуы.

Генезисі (жаратылысы).Метасоматиттік скарндарда,гидротермалық грейзендерде.

Парагенетикалық ассоциациясы.Скарндарда: анартастар, геденбергит, диопсид, тремолит, эпидот, молибденит. Гидротермалық грейзендарда: вольфрамит, кварц, касситерит.

Қолдануы.Вольфрамның кейде молибденнің маңызды кені.

Әдебиеттер: [1, c. 494-648].

Наши рекомендации