Рек қантамыр жүйесі бойынша.

Жүрек және ірі қан тамырларды қарау: жүрек бүкірі жоқ, патологиялық пульсация анықталмайды.

Пальпация:

Жүрек ұшы түрткісі бұғана орта сызығынан 1см ішке қарай, сол жақта V қабырға аралықта анықталады. Ауданы 2 см, орташа күшті,биіктігі орташа, резистентті.

Пульс: бірдей, жиілігі минутына 75 рет, ырғақты, толуы орташа, кернеулігі орташа.

Перкуссия:

Жүректің салыстырмалы тұйықтық шекарасы:

Оң жақ – ІV қабырға аралығында төстен 1см сыртқа орналасқан.

Сол жақ шекарасы – V қабырға аралығында бұғана орта сызығынан 1см ішке орналасқан.

Жоғарғы шекарасы – ІІІ қабырға аралығына сәйкес келеді.

Жүректің шынайы тұйықтық шекарасы:

Оң жақ – ІV қабырға аралығында төстен 1см ішке орналасқан.

Сол жақ шекарасы – V қабырға аралығында бұғана орта сызығынан 2см ішке орналасқан.

Жоғарғы шекарасы – ІV қабырға аралығына сәйкес келеді.

Тамыр шоғырының ені 4см.

Аускультация: Жүрек тондары анық, ырғақты. Қосымша шулар жоқ.

ЖЖЖ -72 р/мин. Пульс -72 р/мин.

АД: 120\80мм.сн.б

с қорыту жүйесі.

Тілі таза, түбіне қарай ақ жабынмен жабылған. Еріннің, ұрттың, таңдайдың, аранның шырышты қабаттары өзгермеген, түсі ақшыл қызғылт. Бадамша бездері өзгермеген. Карезді тістер жоқ.

Іш пішіні оваль тәрізді, симметриялы. Іш тыныс алу актісіне қатысады. Терісі таза. Жарықты томпаюлар жоқ.

Пальпация:

Беткей пальпация кезінде меншікті эпигастри аймағында айқын ауырсыну сезімінің болуы, іші жұмсақ, ішкі ағзалар ұлғаймаған, тері асты липомалар пальпацияланбайды, жарықтар жоқ. Мендель сипмтомы оң.

Терең пальпация:

  Соқыр ішек Өрлеуші Көлденең Төмендеуші Сигма әрізді
Орналасуы Оң жақ мықын аймағы Ішің тік бұлшықетінен 1 см сыртқа пальпацияланбайды Ішің тік бұлшықетінен 2 см сыртқа Сол жақ мықын аймағы
Диаметрі 4 см 2 см пальпацияланбайды 2 см 3 см
Ауырсыну - - - - -
Беткейі тегіс тегіс пальпацияланбайды тегіс тегіс
Пішіні Цилинд Цилинд пальпацияланбайды Цилинд Цилин
Консистенциясы жұмсақ жұмсақтау пальпацияланбайды жұмсақтау Тығыз
Қозғалысы + + + + +
Құрылдауы + - - - -

Перкуссия:

Асқазанның төменгі шекарасы алдыңғы ортаңғы сызық бойымен кіндіктен 4 см жоғары.

Бауыр перкуссиясы: Курлов әдісі бойынша: оң жақ орта бұғана сызығы бойымен 9см, алдыңғы ортаңғы сызық бойымен 8см , сол жақ доға сызығы бойымен 7см.

Бауыр пальпациясы: ауырсынусыз, шеті үшкірленген, беті тегіс, жұмсақ консистенциясы.

Өт қабы пальпациясы: Ортнер, Кер, Фрейникус симптомдары теріс.

Көкбауыр пальпацияланбайды. Перкуторлы: ұзындығы- 7 см, ені- 5 см.

Ұйқы безі: Де Жарден, Мейо Робсон нүктелері, Шоффар аймағы ауырсынусыз.

Нәжісі науқастың айтуы бойынша нәжісі тәулігіне 2 рет, дұрыс формалы.

р шығару жүйесі.

Бел аймағын қарау: бел аймағында ұсақ нүктелі дақтар анықталады , пальпаторлы бүйрек пальпацияланбайды, соққылау симптомы екі жақтан да теріс.

Перифериялық ісінулер жоқ.

ндокрин жүйесі.

Қалқанша безі көлемі ұлғаймған.

Пальпация: ауырсынусыз , күші сақталған, тонусы өзгермеген.

Сүйек буын жүйесі

Сүйек буын жүйесі: деформация және дефигурация анықталынбайды, пальпация кезінде ауырсыну сезімі жоқ.

Буындарының активті және пассивті қозғалысының қасиеті сақталған. Буын үстіндегі терісі өзгермеген. Буын үстіндегі дене қызуы жалпы дене қызуына сәйкес.

Дене бұлшықеті біркелкі дамыған, тонусы мен күші сақталған. Пальпаторлы ауырсыну сезімі жоқ.

оғары анықталған көрсеткіштер бойынша келесі синдромдарды атап көрсетуге болады.

- Абдоминальды ауырсыну синдромы (тамақтан кейін және аш қарынға, түнде асқазан маңы күйдіріп,қысып, шаншып ауырсынуы, ұзақтығы 15-20 минут, өздігінен басылатын)

- Жаралы- эрозивті шырышты қабаттың зақымдалу синдромы (Мендель симптомы оң.)

- Астено- вегетативті синдром (жалпы әлсіздік, бас айналу, тітіркендіргіштік)

- Метаболикалық синдром ИМТ- 29,5кг\м2 (артық салмақ)

Жетекші синдром:

- Жаралы- эрозивті шырышты қабаттың зақымдалу синдромы

Болжам диагноз: науқас шағымдарына, ауру анамнезіне, объективті зерттеулерге негізделе отырып.

Он екі елі ішек пиязшығының ойық жарасы, асқыну сатысы. Орташа дәрежелі.

Қосымша зерттеулер:

ЖҚА, ЖЗА, БХ (жалпы белок, жалпы амилаза, креатинин, мочевина, АЛТ,АСТ, глюкоза, жалпы билирубин, холестерин), нәжісті құртқа тексеру,капрограмма, Вассерман реакциясы, УЗИ ОБП, ЭКГ.

Наши рекомендации