Біріншілік иммундық тапшылық жағдайлар.

Иммундық тапшылық жағдайлар

Иммундық тапшылық жағдайларының анықтамасы, клиникалық көрінісі және жіктеуі. Біріншілік иммундық тапшылық жағдайларының жіктеуі. Гуморалдық иммунитет жүйесінің зақымдануы басым болатын біріншілік ИТЖ. Жасушалық иммунитет жүйесінің зақымдануы басым болатын біріншілік ИТЖ. Аралас Т- және В-иммундық тапшылықтар. Фагоцитарлық жүйенің біріншілік тапшылықтары. Комплемент жүйесінің біріншілік тапшылықтары. Біріншілік ИТЖ болжам диагностикасы. Екіншілік иммундық тапшылық жағдайларының анықтамасы, қалыптасуындағы негізгі себептері. Физиологиялық иммундық тапшылық жағдайлар. Екіншілік иммундық тапшылық жағдайларының қалыптасуындағы ятрогендік факторларының, қолайсыз экологиялық факторларының және өмір сүру қауіп факторының маңызы.

Иммундық жүйе қызметтерінің бұзылыстары нәтижесінде осы жүйеге тән аурулар дамуы мүмкін. Осы бұзылыстардың кең таралған түрі, иммундық жүйенің қалыпты иммундық жауап тудыра алмауымен сипатталатын, иммундық тапшылық жағдайлар (ИТЖ) болып табылады.

Иммундық тапшылық жағдайлар (ИТЖ) – иммундық жауап қайтарудың бұзылысына, әр түрлі антигендерге, бірінші орында – жұқпаларға қолайлы емес иммундық жауаптың дамуына немесе төмендеуіне әкелетін, иммундық жүйенің негізгі компоненттерінің функционалдық белсенділігінің төмендеуі.

Иммундық тапшылықтың иммундық төзімділіктен айырмашылығын білу қажет, ол жағдайда да иммундық жауап төмендейді немесе болмайды. Иммундық тапшылықтан айырмашылығы иммундық төзімділік арнайы, яғни ол бір берілген антигенге немесе антигендер тобына қарсы дамиды. Иммундық тапшылық жағдайларда, жалпы алғанда иммундық реактивтілігі төмендейді.

ИТЖ анықталуы, бірінші кезекте ағзаның жұқпаларға қарсы қорғанысы нашарлайды, оның клиникалық тұрғыда жұқпалы аурулармен жиі сырқаттануы байқалады.

Гуморалдық иммунитет жүйесінің зақымдануы басым болатын ИТЖ пиогендік микроағзалармен, стафилококк, пневмококк, H.Influenzae , ішектік жұқпалармен шақырылған аурудың қайталануы тән.

Жасушалық иммунитет жүйесінің зақымдануы басым болатын ИТЖ бактериялық жұқпаларға қосымша шартты- патогендік флорамен, мысалы Candida саңырауқұлақтарымен,вирустармен ( герпес, цитомегаловирус, аденовирустар ), пневмоцисталармен, жасушаішілік бактериялармен (микобактериялар, уреаплазмалар және т.б.) шақырылған жұқпалы аурулар дамиды. Сонымен қатар, туберкулездік жұқпаларының жайылуы, гельминтоздың жиілігінің жоғарылауы тән.

Комплемент компоненттерінің ақауы (альтернативтік жолының, С3, С5-9 және т.б.) - инкапсулалық микроағзалармен шақырылатын қайталамалы жайылған жұқпаларға әкеледі. Жиі жүйелі қызыл жегі кездеседі.

Фагоцитарлық жүйенің ақаулары стафилококтар және клебсиеллалар шақыратын созылмалы гранулематозды аурулар кезінде, терінің және паренхиматозды мүшелердің жұқпалы зақымданулар түрінде болатын клиникалық көрініс береді.

ИТЖ клиникалық көрінісіне, сонымен қатар гематологиялық бұзылыстар (лимфоаденопатиялар, лейкоздар) жатады. Оларға асқазан – ішек жолдарының жергілікті иммунитет бұзылыстары нәтижесінде пайда болған, АІЖ зақымданулары тән. Жиі ИТЖ аутоиммундық және аллергиялық аурулардың дамуымен жүреді. Ерекше орынды онкологиялық аурулар алады. Жиі ИТЖ бар науқастарда гемобластоздар, лимфопрлиферативті аурулар, Капоши саркомасы кездеседі.

Барлық иммундық тапшылықтарды біріншілік немесе туа пайда болған және екіншілік немесе жүре пайда болған деп бөледі. Екіншілік ИТЖ иммундық жүйенің генетикалық тұрғыда ақаулары дамиды. Ол белгілі бір зақымдаушының әсерінен дамиды.

Біріншілік иммундық тапшылық жағдайлар.

Біріншілік ИТЖ – бұл иммундық жүйенің туа пайда болған бұзылыстары, иммундық жүйенің бір немесе бірнеше компоненттерінің атап айиқанда: гуморалдық, жасушалық иммунитеттің, комплемент және фагоцитарлық жүйелердің генетикалық ақауларымен байланысты.

Жүктіліктің қалыпты ағымында құрсақішілік даму кезеңінде нәресте залалсыз жағдайда болады. Туғаннан кейін бірден оның ағзасына микроағзалар шөгіледі. Бірақ адамның айналасындағы микрофлора патогенді емес болғандықтан, бұл колонизация ауруды тудырмайды. Кейін нәресте бұрын кездеспеген патогендік микроағзалармен жолыққан кезде, нәрестеде сәйкес жұқпалы аурулар дамиды. Әрбір патогенді микрофлорамен жанасуы кезінде иммундық есте сақтау қабілеті кеңейеді және ұзақ уақытқа иммунитет тудырады.

Патогенді вирустардың , бактериялардың, саңырауқұлақтардың және қарапайымдылардың тұрақты шабуылынан ағзаның қорғануында – иммундық қорғаныстың төрт негізгі компоненті қатысады: фагоцитоз, комплемент, В – жасушалық және Т- жасушалық имунитет. Әрбір осы компонент тәуелсіз, бірақ көбінесе, олар тығыз кешенді байланыста қызмет жасайды. Берілген звенолардың туа пайда болған ақауы кезінде, жалпы тұрғыда ағзаның қорғаныс қызметінің бұзылысына әкелу нәтижесінде біріншілік иммундық тапшылықтың әр түрінің клиникалық көрінісін береді.

Қазіргі уақытта, көптеген біріншілік иммундық тапшылық патогенезінің негізін қалаған, молекулалық бұзылыстардың идентификациясы арқасында және клиникалық көрінісінің тұрақсыздығына байланысты, бұрынғы есептеуге қарағанда, патологияның бұл түрі кең тарағаны екені белгілі болды.

Біріншілік иммундық тапшылықтың көптеген түрлерінің ерте диагностикасы және емі науқастардың өмір сүру шарты болып табылады. Жиі өз уақытында дұрыс диагноз қоймай және қолайлы ем жүргізбесеі бір жасқа дейінгі нәресте шетінеп кетеді. Иммундық тапшылықтың әрбір түріне сәйкес емдеу тактикасы және қазіргі кезде иммундық жүйенің, көбінесе біріншілік ақауын коррекциялауға болады. Жалпы адамзаттың аурушылдығының, өлімшілдігінің және мүгедектігінің төмендетуінде біріншілік иммундық тапшылықтың дер кезінде зерттелуін және емделуін қолданбаған резерв ретінде қарастыруға болады.

Біріншілік ИТЖ, көбінесе тұқым қуалайды, сондықтан да оны генетикалық ИТЖ деп атайды. Жиі біріншілік ИТЖ рецессивті түрі бойынша тұқым қуалайды. Егер де генетикалық ақаулар иммунитеттің арнайы факторларына әсер етеін болса, онда оларды арнайы ИТЖ деп атайды, қорғаныстың арнайы емес компоненттерінің ақауларынан айрмашылығы осы.

Кейбір жағдайда, біріншілік ИТЖ сипаттау мақсатымен туа пайда болған деген терминді қолданады, себебі тұқымқуалаушылық ақауларының негізінде пайда болған аурулар, эмбрионалдық кезеңде дамыған, мысалы құрсақішілік қызамықпен ауырса, онда селективті IgAақауы пайда болады.

Біріншілік иммундық тапшылық жағдайлар әр түрлі болады, олардың түсініктемесі және жіктеуі әдебиеттерде әр кезде өзгеріп отырады. Алғаш рет арнайы иммундық тапшылықтың жіктеуін 1974ж. Ю.М. Лопухин және Р. В. Петров ұсынған. Оның негізінде Т- және В – лимфоциттер дамуының әр түрлі кезеңдегі генетикалық бөгеттер жатыр.

Осы жіктелуге сәйкес арнайы ИТЖ барлық түрлерін 3 топқа бөледі:

Наши рекомендации