Имундық жүйенің перифериялық мүшелері.

Иммундық жүйенің перифериялық ағзаларына көк бауыр, соқыр ішек, бауыр, жұтқыншақ бездері, лимфойдтық фолликулалар тобы, лимфатикалық түйіндер, қан, лимфа және де тағы басқалар жатады. Бұл ағзаларда иммунитетке тікелей иммундық бақылау жүргізетін жауапты жасушалар орналасқан. Ол органдарда иммуногенез, яғни иммундық жасушаларының өсіп – өнуін және мамандануы жүреді.Иммунлық жүйенің перифериялық органдары атқаратын ісіне сәйкес органның сұйық ортасын бақылайтын, тері мен шырышты қабықшаны бақылайтын және де ішкі ағзалардың жұмысын бақылайтын деп бөлінеді.

Лимфа түйіндері – ықшам көлемді, бұршақ тәрізді, лимфа тамырының бойын бойлап жатқан анатомиялық құрылыстар. Органның әр учаскесінде регионалдық лимфа түйіндері бар. Адам организміндегі олардың жалпы саны 1000 – ға жуық болады. Лимфа түйіндерідің атқаратын басты жұмысы антигендер қоюландырылады. Орта есеппен алғанда лимфа түйіндерінен бір сағат арасында 10,9 санды лимфоцит өтеді.

Көк бауыр. Бұлағза арқылы қан түгелінен сүзіледі. Ол бөліктенген құрылыстан тұрады. Орналасқан жері – сол жақ мықын. Құрамына бірінші және екінші топты лимфа фолликулалары кіреді. Бірінші топ артериялардың бойын қулап қоршайды, ол жерде көбінесе Т лимфциттер орналасады, екінші топ біріншімен шекараласып жатады және ол жерде В – лимфоциттер мен плазматикалық жасушалар орналасады. Сонымен қатар, көк бауырда фагоциттер мен ретикулярлық дендриттің жасушаларын табуға болады.

Бауыр – иммунитет жүйесінде өте маңызды рөл атқарады. Онда тіндік макрофагтардың жартысынан көбі, және де табиғи киллерлердің үстемді бөлігі орналасқан. Лимфоидтық жасушалар тобы бауырдың тағам антигендеріне төзімділігін қамтамасыз етеді, ал макрофагтар иммунды кешендердің әр түрін ыдыратады.

Лимфа – ол тамырларда, лимфа түйіндерінде болатын организмнің сұйық ұлпасы. Оның құрамына тіндер арасындағы саңлаудан келетін сұйықтың заттары кіреді. Лимфоциттер лимфаның негізгі жасушалары болып табылады. Олар лимфаның құрамында организмде қайта айналып жүреді.

Қан. Онда Т және В – лимфоциттердің бастамашысы мен жетілген түрлері , полиморфты ядролық лейкоциттер, моноциттер айналып жүреді. Лимфоциттер барлық лейкоциттердің 30 пайызын құрайды. Белгілі бір мезгілде қанда лимфоциттердің жалпы санының 2 пайызынан аз мөлшері болуы мүмкін.

Иммунитет түрлері.

Түрлік тумысынан пайда болған, немесе тұқымқуалаушылық, генетикалық, конституционалдық иммунитет – филогенез процесінде бекітілген, ұрпақтан ұрпаққа тараушы түрлік, не дербестік антигеннің бір түріне сол организмнің биологиялық ерекшеліктерімен, антигеннің қасиетерімен, сонымен қатар олардың қарым – қатынасына негізделген иммунитет. Мысал ретінде адамның мал ауруының кейбіреуіне сезімталсыздығын келтіруге болады. Түрлік иммунитетің негізінде бірнеше себептері болуы мүмкін – біріншіден, антигендермен алғаш кездесіп, байланысқа түсіп, паталогиялық процесті, не иммунитетті іске қосуды қамтамасыз ететін рецепторлық аппараттың кейбір түрлерінің жоқтығы. Сонымен қатар, организмде антигеннің жедел бұзылуын, не организмде микробтардың қонақтап өсіп – өнуін қолдайтын жағдай болмауын ағзада антьигеннің жедел, мысалы ферменттердің, бұзылуын не ағзада микробтар қонақтап өсіп – өнуіне естен шығармау керек. Қорыта келгенде, оның негізінде жануар түрінің генетикалық ерекшілігі, ал нақтылы айтқанда сол антигенге иммундық жауап беретін геннің жоқтығы.

Жүре пайда болған иммунитет – ол адамның және жануардың онтогенез кезінде табиғи, немесе жасанды жолмен антигенмен кездесуінің нәтижесінде пайда болып, сол антигенге қарсы тұрақтылық туғызады.

Табиғи және жасанды түрде пайда болған иммунитет белсенді және енжарлы болып бөлінеді. Егерде тұрақтылыққа ағзаның механизмдері кірісіп антигенге қарсы заттар өндіріліп шықса оны белсенді дейді, ал организмнің тұрақтылығына дайын факторлар ( иммуноглобулиндер, иммундық қан сарысуы, иммундық лимфоциттер) сырттан енгізілсе ол « енжарлы » иммунитет деп аталады. Табиғм жүре пайда болған белсенді иммунитет жұқпалы аурумен ауырып сауыққаннан кейін пайда болады. Табиғи жүре пайда болған енжарлы түрі жаңа туған перзенттердің ананың жатыры арқылы алынған антигенге қарсы иммунитет факторларына негізделген. Жасанды жүре пайда болған енжарлы иммунитет дайын иммунитет факторларын организмге енгізгенде құрылады.

Наши рекомендации