Лизин мен пролинннің гидроксилденү кезінде витамин С-нің ролі

Проколлагеннің полипептидтік тізбегінің синтезі мен жетілу процесінде полирибосомалар деңгейінде өзгешелік гидроксилазалар әсерінен және С витаминінің қатысуымен полипептидтік тізбектерде орналасқан пролин мен лизиннің гилроксильденуі өтеді. Пролиннің гидроксилденүі бұдан кейінгі кезеңдерде проколлагеннің тұрақты 3 спиральды құрылымы қалыптасуы үшін қажет. Лизиннің гидроксильді топтары глюколизденеді және галактозданады- көмірсулы фрагменті ұзарад.Проколлагеннің суперспиральданған молекулалары эндоплазматикалық ретикулумнан Гольджи апаратына орын ауыстырып, секреторлы, гранулаларға қосылады да, клеткааралық кеңістіккет бөлінеді, мұнда проколлагенпептитазаның әсерінен тропоколлагенге айналады. Бұл жағдайда проколлаген молекуласының С- соңынан молекулярлық салмағы 35000 болатын полипептид, Ал натрий- соңынан молекулярлық салмағы 20000 болатын полипептид бөлінеді

8.Витамин С жеткіліксіз кезіндегі өзгерістер-

С витамині антицинготты және антискорбутты витамин аскорбин қышқылы деген атпен белгілі

Химиялық құрылысы. Глюкозаның тұындысы болып тыбылады суда жақсы ериді ал органикалық еріткіштерде ерімейді С витамині у лактон 2.3 дегидро глугонды қышқылдан тұрады. Ондағы (-С (ОН)-С(ОН)-СО) редуктон тобы оңай тотығып дегидро Л аскорбин қышқылы түзеді. Бүл реакция қайтымды болады соңғысының да витаминдік активтілігі бар. Аскорбин қыышқылы құрғақ куйінде тұрақты қосылыс .Жоғары температура сілтілі металл иондары аскорбин қышқылының витаминдік активтілігін жояды

Биологиялық маңызы. Аскорбин қышқылы тірі организмнің ең кушті тотықсыздандырғышы болғандықтан көптеген биохимиялық процестерде электрондарды тасымалдау арқылы тотығу тотықсыздану реакцияларына қатысады. Ароматты амин қышқылдардың алмасуына нейромедиаторлардың синтезіне қатысады кортикостероидтардың коллагеннің синтезіне қатысады.

С витаминнің жетіспеуі цинга немесе скорбут ауруларын туғызады С авитаминозы кезінде дәнекер тіндерінде пролин оксипролинге айналмағандықтан коллегеннің синтезі тежеліп қан тамыры қабырғасындағы клеткаларда саңылау пайда болады.Сондықтан майда қан тамырлары жарылып бұлшық еттің буындардың көз қабығының ішіне қан құйылады.Тістің еттері ісініп қызыл иек борпылдақтанып қанайтын болады. Тістері босап түседі. Аскорбин қышқылы медицинада цинга кеселін емдеу үшін ғана емес сонымен қатар геморрагиялық диатезде қан ағу болғанда сәулеленуден туған ауруларды емдеуде кейбір жүқпалы және иммундық ауруларда артересклероз кезінде липид алмасуын қалпына келтіру ушін өте ауыр механикалық жұмыстар мен және қатерлі ісікке қарсы химиотерапия қабылдағанда кеңінен қолданылады.

9.Дәнекер тканінің гликозамин гликандары және протогликандары..Дәнекер ткані (соединительная ткань); (textus соп- nectivus; лат. textus — үлпа, connectivus — дәнекер) — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады.[1] Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасы жасушалары құрылысында полярлық айырмашылықтар (эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды. Жасушааралық заттар ұлпа жасушаларының туынды өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға қарағанда әлдеқайда мол болады. Сондықтан, жасушааралық заттар дәнекер ұлпаларының маңызды, атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға қатысады. Адам мен жануарлар организмдерінде құрамында дәнекер ұлпаларының элементтері кездеспейтін мүшелер болмайды. Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің қабықтары мен қабаттарын, қомақты мүшелердің паренхима бөліктерін дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас етіп түратын олардың стромасын құрайды, әртүрлі мүшелердегі перделіктерді, қапшықтарды, дене шандырларын, қаңқа сүйектері байламдарын, бұлшық еттер сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сұйық ішкі ортасын түзеді. Дәнекер ұлпаларының жарақаттанғаннан кейінгі тез қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы, ретикулалы ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады

Наши рекомендации