Мфотерицин В үшін қосымша.

Бауыр қызметінің бұзылысы. Бүйрек қызметінің бұзылысы. Қант диабеті. Барлық қарсы көрсеткіштер салыстырмалы, себебі Амфотерицин В дерлік барлық жағдайда өмірлік көрсеткіштер бойынша қолданады.

Азолдар

Азолдар құрамында жүйелік (кетаканозол, флуланазол, клотримазол, миканозол) және жергілікті (бифанозол, изоконазол, клотриммазал, миконазол, оксиканазол, эконазол) қолданылатын дәрілік заттары бар синтетикалық антимикотиктер ішіндегі ең үлкен топ болып есептелінеді. Айта кететін жағдай жоғарыда аталған «жүйкелік» азолдардың ішіндегі алғашқысы-кетаканазол-клиникалық тәжірибеге итраназолды енгізгеннен соң, өзінің жоғарғы токсикалығына байланысты өз мағынасын жоғалтты және оны соңғы кездерде жиі жергілікті қолдануда.

Әсер ету механизмі

Азолдардың фунгистатикалық эффекты жоғары, ол оның саңырауқұлақ мембранасының негізгі құрылымдық компоненті-ланостеролді эргостеролға айналуын катализдеуші цитохром Р-450-тәуелді 14а-деметилазаны ингибирлеуі мен байланысты. Жергілікті әсер ететін препараттар жоғарғы локальді концентрациясын қалыптастырғанда бірқатар саңырауқұлақтарға фунгисидті әсер ету мүмкін.

Белсенділік спектрі

Азолдар саңырауқұлаққа қарсы белсенділіктің кең спектріне ие. Итраканазолға кандидоздың негізгі қоздырғыштары сезімтал (c.lusitaniae және т.б.), Aspergillus spp,. Fusarium spp, c.neoformans ,дерматомицеталар (epidermophytor spp, Trihophyton spp, Microsporum spp)., S.schenerii, P.boidii, H.capsulatum, B.dermatitidis, C.immitis, P.brasiliensis және басқа саңырауқұлақтар тұрақтылық жиі C.glabrata және C.Krusei-де көздейді. Кетоконазол спектрі бойынша интраконазолға жақын, бірақ Aspergillis spp.-ға әсер етпейді. Флуконазол көптеген кандидоз қоздырғыштарына қарсы белсенділікке ие (C.albicans, C.paparsilosis, C.lusitaniae және т.б. криптококк және коксидионтқа, дерматомициттерге. Оған бластомицеттер, гистоплазмалар, паракоксидионттар және споротрикстың сезімталдығы төмен.

Аспергиллаларға әсер етпейді. Жергілікті қолданылатын азолдар Candida spp., дерматомицеттер M.furfur-ға басымырақ белсенді болады. Бірқатар беткейлік микоздар туғызатын саңырауқұлақтарға әсер етеді. Оларға және де кейбір грамм оң кокктар және коринобактерияларға сезімтал. Клотримазол кейбір анаэробтарға және трихомонадағы әлсіз белсенділікке ие.

Фармакокинетикасы

Кетоконазол, флуканазол және интраканазол АІЖ арқылы жақсы сіңіріледі. Мұнда кетоканазол және интраканазолдың сіңірілуі үшін асқазанда қажетті дәрежеде қышқылдың деңгейі қажет, себебі олар тұз қышқылымен әрекеттесіп жақсы сіңірілетін гидрохлоридке айналады. Капсула түрінде тағайындалған интраканазолдың биотиімділігі тағаммен бірге қабылдағанда, ал ерітінді түрінде-аш қарынға қабылдағанда жоғары болады. Флуконазолдың қандағы пиктік конциентрациясы 1-2 сағаттан кейін, кетоканазол және интраканазолда 2-4 сағатта жоғарылайды.

Флуканозолға плазма белоктарымен ең төменгі байланысу деңгейі (11%), ал кетоконазол және интраконазол үшін 99% плазма белоктарымен байланысу деңгейі тән.

Флуконазол және кетоконазол салыстырмалы түрде организмде тең дәрежеде таралып, әр түрлі мүшелерде, ұлпаларда және сұйықтықтарда жоғары концентрациялар түзеді. Флуконазол ГЭБ және гематофтальмикалық баръер арқылы жақсы өтеді. Сағырауқұлақта менингитпен ауыратын науқастардың жұлын-ми сұйықтығындағы флуконазолдың деңгейі қан сарысуындағы деңгейінің 52-85% құрайды. Кетоконазол ГЭБ арқылы нашар өтеді және жұлын-ми сұйықтығында төмен концентрация тудырады.

Интраконазол липофильді болғандықтан, құрамында майдың құрамы жоғары ұлпаларда және мүшелерге таралады: бауыр, бүйректер, үлкен шарбы майы. Саңырауқұлақты зақымдалуға айқын бейім ұлпаларда жиналуға қабілетті, ол теріде де (эпидермисте де), тырнақ пластинкасында, өкпе ұлпасы, гениталилер, себебі осы мүшелерде оның концентрациясы плазмаға қарағанда 7 рет жоғары болады. Қабыну экссудатында интраконазол деңгейі плазмадағы деңгейінен 3,5 есе жоғары болады. Сонымен қатар «сулы» ортада-сөлде, көзішілік сұйықтықта, жұлын-ми сұйықтығында интраконазол дерлік болмайды.

Кетоканазол және интраконазол бауырда метоболизмге ұшырайды, АІЖ арқылы шығарылады. Интраконазол терінің май және тер бездерінің секреті арқылы жартылай шығарылады. Флуконазол жартылай метоболизденеді, бүйректер арқылы өзгермеген түрде шығарылады. Кетаконазолдың жартылай шығарылу уақыты 6-10 сағат, интраконазол 20-45 сағат, бүйрек жетіспеушілігі кезінде өзгермейді. Флуконазолдың жартылай шығарылу уақыты 30 сағат, бүйрек жетіспеушілігі кезінде 3-4 тәулікке дейін жоғарылуы мүмкін.

Интраконазол гемодиализ кезінде организмнен шығарылмайды, осы прцедураны орындау кезінде флуконазолдың концентрациясы плазмада 2 есе азаяды.

Жергілікті қолданатын азолдар жоғары және қажетті дәрежеде тұрақты эпидермисте және терінің төмен жатқан зақымдалған қабаттарында концентрациялар түзеді, туғызылған концентрациялар тері микозын туындататын саңырауқұлақтардың МПК-нан асып түседі. Ұзақ уақытқа созылатын концентрация бифаназолға тән, жартылай шығарылу уақыты тері арқылы 19-32 сағатты құрайды.

Жағымсыз реакциялары

Барлық жүйелік азолдар үшін жалпы

АІЖ: іштің ауыруы, тәбеттің бұзылысы, лоқсу, құсу, диарея, іш қатуы.

ОЖЖ: бас ауруы, бас айналуы, ұйқышылдық, көрудің нашарлауы, парезтезиялар, тремор, тырыспалар

Аллергиялық реакциялар: бөртпе, қышыну, Стивенс-Джонс синдромы

Гематологиялық реакциялар: тромбоцитопения, агранулоцитоз

Бауыр: трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы, холезтаздық сарғаю

Интраконазол үшін қосымша

Жүрек-қан тамыр жүйесі: іркілмелі жүрек жетіспеушілігі, артериальді гипертензия.

Бауыр: гепатотоксикалық реакциялар

Метоболикалық бұзылыстар: гипокалиемия, ісінулер.

Эндокринді жүйе: кортикостероидтардың бөлінуінің бұзылысы.

Кетаконазол үшін қосымша

Бауыр: ауыр гепатотоксикалық реакциялар, гепатиттің дамуы

Эндокриндік жүйе: кортикостероидтар және тестостеронның бөлінуінің бұзылысы, ол ерлерде гинекомастия, олигоспермия, импотензиямен, әйелдерде-етеккір циклінің бұзылысымен көрініс береді.

Жергілікті азолдар үшін жалпы

Интравагинальді енгізу кезінде: қышыну, күйдіру сезімі, шырышты қабаттың гиперемиясы және ісінуі, қынаптан бөліністердің бөлінуі, зәр шығарудың жиілеуі, жыныстық қатынас кезінде ауырсыну, жыныстық серіктесінің аталық безінде ашу сезімінің болуы.

Қолдануға көрсеткіштер

Интраконазол

Дерматомикоздар: эпидермофития, трихофития, микроспория. Қабыршақты теміретке. Өңештің, терінің және шырышты қабаттардың, тырнақтардың кандидозды паронихия, вульвовагинит. Криптококкоз. Аспергиллез. Псевдоаллершиоз. Феогифомикоз. Хромомикоз. Споротрихоз. Эндемиялық микоздар. ЖИТС кезінде микоздардың алдын-алу үшін.

Флуконазол

Инвазивті кандидоз. Терінің, шырышты қабаттардың, өңештің, тырнақтардың кандидозы, кандидозды паронихия, онихомикоз, вульвовагинит. Криптококкоз.

Дерматомикоздар: эпидермофития, тирхофития, микроспория. Қабыршақшақты теміреткі. Спорохитоз. Псевдоаллершиоз. Трихоспориоз. Кейбір эндемиялық микоздар.

Кетоканазол

Тері, өңеш кандидозы, кандидозды паронихия, вульвовагинит. Қабыршақты теміретке (жүйелік және жергілікті). Дерматомикоз (жергілікті). Себориялық экзема. Паракокцидиоидоз.

Наши рекомендации