Ызыл қан патофизиологисы» тақырыбы бойынша глоссарий

Тақырыбы: Анемиялық синдромның этиологиясы мен патогенезі.

Лейкоцитоздар. Лейкопениялар.

Сабақтың мақсаты:ақ және қызыл қан патологиясының біртектес түрлерінің себептерін, даму тегершіктерін және көріністерін оқып білу.

Оқыту міндеттері:

1. Анемиялардың жіктелулері туралы көзқарасты қалыптастыру.

2. Постгеморрагиялық, дизэритропоэздік және гемолиздік анемиялардың негізгі түрлерінің этиологиясын, патогенезін, гематологиялық сипаттамасын оқып білу.

3. Лейкоцитоздар мен лейкопе­ниялардың себептерін, даму тегершіктерін, көріністерін және организм үшін маңызын игеру.

4. Қан жағындысындағы эритроциттердің және лейкоциттердің дегенеративті түрлерін анықтай алуды.

5. Анемиямен, лейкоцитозбен және лейкопениялармен ауыратын науқастардың қан талдамасындағы сандық және сапалық өзгерістерді интерпретациялау алгоритмін меңгеру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Анемиялар. Анемия кезіндегі эритроциттердің сапалық өзгерістері.

2. Анемиялардың жіктелу ұстанымдары.

3. Постгеморрагиялық анемиялардың этиологиясы және патогенезі.

4. Гемолиздік анемиялар, этиологиясы, тамырішілік және тамырдан тыс эритроциттердің гемолизінің патогенезі, шеткері қандағы өзгерістер.

5. Дизэритропоэздік анемиялар, сүйек кемігінде қан түзілуінің бұзылыстарының себептері.

6. Темір, В12 дәрумені және фолий қышқылы тапшылығындағы анемиялардың патогенезі.

7. Дизэритропоэздік анемиялар кезіндегі шеткері қандағы өзгерістердің патогенезі.

8. Анемиялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі.

9. Лейкоцитоздар, лейкопениялар: түрлері, даму тегершіктері, лейкоцитоздар мен лейкопениялардағы лейкоцитарлық өрнектің өзгеруі (лейкоциттердің кейбір түрлерінің шынайы және салыстырмалы өзгерістері, нейтрофилдардың ядролық солға немесе оңға ығысуы туралы).

ызыл қан патофизиологисы» тақырыбы бойынша глоссарий

Анемия /гр. a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-қанның көлемдiк бiрлiгiнде эритроциттердiң және /немесе/ гемоглобинның мөлшерiнiң азаюымен сипатталатын патологиялық күй

Абсолютты эритроцитоз -сүйек кемiгiнде эритроциттердiң түзiлуi жоғарылағандықтан қанда эритроциттердiң абсолютты санының өсуi

Салыстырмалы эритроцитоз -организмде эритроциттердiң жалпы саны өзгермесе де қанның көлемiнде эритроциттердiң санының өсуi

Гемоглобин-гем және глобиннен тұратын хромопротеид. Эритроциттердiң негiзгi құрайтын бөлiгi болып саналады, қанның тыныстық қызметiн қамтамасыз етедi

Түстiк көрсеткiш-эритроциттердiң гемоглобинмен салыстырмалы қанығуын айқындайтын көрсеткiш

Нормохромды анемиялар /гр. сhromos- түс+a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-түстiк көрсеткiш қалыпты жағдайдағы /0,85-1,05/ анемиялар

Гипохромды анемиялар /гр. hypo-аз, төмен+ сhromos- түс +a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-түстiк көрсеткiш 0,8-ден төмен болатын анемиялар

Гиперхромды анемиялар /гр. hyper-жоғары, үстем+ сhromos- түс +a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-түстiк көрсеткiш 1,05-тен жоғары болатын анемиялар

Микроцитарлы анемиялар /гр. micros- кiшкентай, ұсақ, майда+ cytos- клетка +a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-эритроциттердiң орташа диаметрi 7,02-ден төмен болатын кездегi анемиялар

Нормоцитарлы анемиялар /гр. cytos- клетка +a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/--эритроциттердiң орташа диаметрi қалыпты /7,2-8,0/ болатын кездегi анемиялар

Макроцитарлы анемиялар /гр. macros-үлкен+ cytos- клетка +a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-эритроциттердiң орташа диаметрi 8,1 мкм-ден жоғары болатын кездегi анемиялар

Мегалоцитарлы анемиялар /гр. megalos- iрi, алып+ cytos- клетка +a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-эритроциттердiң орташа диаметрi 9,0 мкм-ден жоғары болатын макроцитарлық анемиялардың түрiне жататын анемия

Регенераторлы анемиялар /лат. regeneratio- жаңарту, қайта даму+a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-сүйек кемiгiнiң қызметi жеткiлiктi болған жағдайдағы шеткi қанда эритроциттердiң регенераторлы түрлерiнiң пайда болуымен сипатталатын анемия /ретикулоциттердiң саны 0,2-1,2% және одан жоғары/

Гипорегенераторлы анемиялар / гр. hypo-аз, төмен+ лат. regeneratio- жаңарту, қайта даму +a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-сүйек кемiгiнiң регенераторлы қызметi азайған кездегi шеткi қанда эритроциттердiң дегенеративтi түрлерiнiң пайда болуымен сипатталатын анемия /ретикулоциттердiң саны 0,1 % және одан төмен/

Арегенераторлы анемиялар /гр. a, an- жоқ, жоққа шығару+ лат. regeneratio- жаңарту, қайта даму +haima- қан/-эритропоэз процестерi тез арада тежелген жағдайдағы шеткi қанда эритроциттердiң регенераторлы түрлерiнiң жойылуымен сипатталатын анемия

Диспластикалық қаназдық -қан түзуiнiң қалыпты түрiнiң мегалобласттық түрiне толық немесе жарым-жартылай ауысқан кездегi анемия

Гемолиз /гр. haima- қан+lysis- ыдырау/-гемоглобинның қан плазмасына өтуiмен қатар жүретiн эритроциттер мембранасының ыдырауы

Мембранопатиялар - эритроциттермембранасыныңбелоктық-липидтiк құрылымының генетикалық ақауынан клетканың түрiнiң және серпiмдiлiгiнiң өзгеруiмен сипатталатын тұқым қуалайтын гемолиздiк анемиялардың тобы

Тұқым қуалайтын микросфероцитоз /Минковский-Шоффар ауруы/-тұқым қуалайтын /аутосомдық-доминатты тұқым қуалаушылық/ гемолиздiк анемия, эритроциттер мембранасының натрий иондарына өткiзгiштiгi артуымен сипатталатын мембранопатия

Энзимопатиялар -эритроциттердiң бiр қатар ферменттерiнiң /глюкоза-6-фосфат ферментiнiң жеткiлiксiздiгi жиi кездеседi/ тапшылығынан дамитын тұқым қуалайтын гемолиздiк анемиялардың тобы

Гемоглобинопатиялар -гемоглобинның сандық және сапалық бұзылыстарынан дамитын тұқым қуалайтын гемолиздiк анемиялардың тобы

Орақтәрiздi-клеткалық анемия /гемоглобиноз/ - глобинның бетта-тiзбегiндегi глутамин қышқылы валинге ауысқан патологиялық S гемоглобинын тұқым қуалауымен байланысты сапалық гемоглобинопатияларға кiретiн тұқым қуалайтын гемолиздiк анемия

Талассемия--қалыпты А гемоглобинның альфа, бетта /жиi/ немесе гамма тiзбектерiн түзу жылдамдығының бұзылуымен байланысты сандық гемоглобинопатиялар тобына кiретiн тұқым қуалайтын гемолиздiк анемия

Жедел постгеморрагиялық /қан кетуден кейiн/ анемия -қанның көп мөлшерiн тез арада жоғалту салдарынан дамитын анемия

Темiртапшылық анемиялар -ағзадағы темiр жеткiлiксiз болғандағы қан түзуi бұзылуынан дамитын анемия

Койлонихия-тырнақтардың касық тәрiздi қисаюы. Ауыр темiр тапшылықты анемияда байқалады

Сидеропения -организмде темiр мөлшерiнiң азаюы

Пернициозды анемия /Аддисон-Бирмер анемиясы/-сүйек кемiгiнде мегалобласттардың пайда болуымен, сүйек iшiнде эритроциттердiң ыдырауымен, үш жүйенiң /ас қорыту, жүйке, қан/ бұзылуымен сипатталатын В12 -тапшылықты анемияның түрi

Гипо- және апластикалық анемиялар / hypo-аз, төмен +a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-сүйек кемiгiндегi барлық клеткалардың өндiрiлуi азаюымен сипатталатын қан түзуi бұзылуынан дамитын анемиялардың тобы

Сидероахрезиялық анемиялар -(темірге қаныққан, темір-рефрактерлі) порфириндер мен гемның түзулерiне қатысатын ферменттердiң белсендiлiгiнiң бұзылуымен байланысты аурулардың /жүре пайда болған және тұқым қуалайтын/ гетерогендi тобы. Қанның сары суындағы темірдің жоғары мөлшерімен сипатталады.

Наши рекомендации