Медициналық симуляциясының сценариясы

ЖМ 4 курсына арналған аралық бақылау

Клиникалық жағдай: «Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+»

Ситуация:Сіз – қалалық клиникалық ауруханасының пульмонология бөлімінің дәрігерісіз. Жедел көмек көрсету каретасымен 28 жастағы еркек жатқызылды.

- пациенттен анамнез жинаңыз, қарап тексеру жүргізіңіз және аурудың ауырлығын бағалаңыз;

- клиникалық, зертханалық, аспапты зерттеу анализдерінен алынған мәліметтерге талдау жүргізіңіз;

- клиникалық және және анықталған аурудың жағдайының жіктелуіне сәйкес болжама диагнозды қойыңыз;

- науқасты жүргізу тактикасын және емін анықтаңыз.

Қорытынды нәтижесі:

- өкпенің инфильтраты туберкулезімен ауырған науқасқа сұрау және физикальды зерттеу жүргізіңіз;

- зерттеулерден алынған мәліметтерге талдау жүргізіңіз: қанның, зәрдің жалпы анализы, биохимиялық анализ, қақырықтың микроскопиялық зертеуі (бактериоскопия, G-xpert,BACTEC) кеуде торша ағзаларының рентгенограммасының нәтижесі, компьютерлі томография.

- пациентты жүргізу тактикасы.

Бағалау парағы (чек-парақ)

Клиникалық жағдайы бойынша:«Өкпенің инфильтратты туберкулезі»

№№ Қадамдарды бағалау Баллмен бағалау
Дұрыс орындады Қатемен орындады орындамады
Шағым және анамнез жинау 1,0 0,5
Аурудың ауырлық критериясын анықтау 1,0 0,5
Физикальды зерттеуді жүргізу – жалпы қарап тексеру 1,0 0,5
Физикальды зерттеуді жүргізу -тыныс алу жүйесін зерттеу 1,0 0,5
Физикальды зерттеуді жүргізу -жүрек тамыр жүйесін зерттеу 1,0 0,5
Болжама диагноз 1,0 0,5
Зерттеу жоспарын белгілеу 1,0 0,5
Дифференциальды ажырату диагностикасының жоспары 1,0 0,5
Зертханалық әдіспен зерттеу тәсілдеріне талдау беру 1,0 0,5
Микробиологиялық диагностика-сын жүргізу 1,0 0,5
G-Xpertталдау 1,0 0,5
ВАСТЕС талдау 2,0 1,0
Кеуде торша рентге нограммасын талдау 2,0 1,0
Пациенттің типін және категориясын анықтау 1,0 0,5
Химиотерапияны тағайындау 1,0 0,5
Емнің нәтижелігін бақылау 1,0 0,5
Пациентпен оңтайлы қарым қатынасты құру және үрейін жою 2,0 1,5
  Баллдың жиынтығы      

Максимальды балл -20,0

Стандартталған актерге (пациентке) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлі жазылған:еркек 28 жаста.

Оқтын оқтын температурасы 38ºС дейін көтерілуіне, тез шаршауға, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке, аздаған жөтелден кейін шырышты қақырықтың шығуына, қан түкіруге шағымданады.

Сауалдың мәні Сұрақ қою Жауап
Аурудың басталуы, симптомдар Осы жағдайыңызды немен байланыстырасыз?   Суық тигенмен байланыстырамын.  
Ауру қалай басталды? Суық тигеннен кейін әлсіздік, дімкәстік, соңғы 2 айда 3кг жүдеу, тәбетінің төмендеуі, субфебрильды температура, жөтелгеннен кейін шырышты қақырықтың шығуы, қан түкіру мазалады
Сізде жөтел алғашқы рет қашан пайда болды? үш апта бұрын жөтел алғашқы рет басталды
Қақырықтың шығуы жөтелмен байланысты ма? Ия, жөтелден кейін шырышты, иіссіз қақырық шығады
Ауыртпалы фактор-дың анализы Сіз темекі шегесіз бе? Ия, 13 жасымнан шегімін.
Амбулаториялық ем Сіз дәрігерге қаралдыңыз ба? дәрігерге қаралған жоқпын және емделмедім. Бүгін кешке қатты жөтелден кейін қан түкірдім.
Қосарланған аурулар Гепатитпен, туберкулезбен, плевритпен ауырған жоқсыз ба? Жоқ, ауырған жоқпын.
Кәсіби, әлеуметтік тұрмыстық факторлар Сіздің тұрмыс жағдайыңыз және жұмысыныз қандай? 3-бөлмелі пәтерде тұрамын. Монтаж бригадысында жұмыс істеймін.

Анамнезінде: суық тигеннен кейін үш аптадан астам өзін аурумын деп санайды. Дімкәстіктен, әлсіздіктен, бас ауруынан, ұйқысының бұзылуынан, тәбетінің төмендеуінен, денесінің субфебрильды температурасынан басталды. Тығыз жұмысқа байланысты емделмеген және дәрігерге қаралмаған. Жалпы хал жағдайы нашарлады, дене температурасы 38ºС көтерілді, жалпы әлсіздік үдей бастады, терледі, жөтел шырынды қақырықпен бөлінді және қан түкірді.

«Пневмония» деген диагнозбен қалалық клиникалық ауруханаға пульмонология бөліміне жедел көмек каретасымен әкеп жатқызылады. Ауруханада кең спектрлі антибиотиктермен 10 күн емдейді. Цефамед тәулігіне 1,0г 2 рет, солютаб тәулігіне 500мг 2 рет, микосист 100мл күніне 1 рет №5, гемостатикалық терапия қабылдады. Қабылдаған ем нәтиже бермеді.

13 жасынан темекі шегеді, күніне 1 пачка. Науқастын сөзіне қарағанда алкогол ішпейді. Наркотикалық дәрілерді қабылдамайды. Кеуде торша ағзаларының соңғы ФГ 2014 жылы жасалған, патология анықталмаған (амбулаториялық картасында нәтижесі жазылған).

Қарап тексергенде/объективты: Интоксикацияға байланысты жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, дене бітімі астеникалық. Тері жабындысы ылғалды, түсі бозғылт, тері эластикасы төмендеген, дене температурасы 38ºС, перифериялық лимфа бездері пальпацияланбайды.

Кеуде торшасы нормостеникалық, деформация жоқ, ауырмайды, тыныс алуда кеуде торшасының қозғаламы симметриялы, ТҚС- минутына 18. Салыстырмалы перкуссияда оң жақтын 2 қабырға аралығында бұғанының ортаңғы сызығы бойынша перкуторлы дыбыс қысқарған, ал басқа қалған өкпе алаңында симметриялы ашық өкпелік дыбыс. Өкпенің аускультациясында өкпенің оң жағында бірен саран майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тоны ашық, дыбысты, ритмі дұрыс. ЖСС –минутына 68 соғу. АҚ – 110/70 мм с.б.. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыр, көк бауыр палпацияланбайды, зәр шығару өзгеріссіз.

Жалпы қан анализы

Көрсеткіштері нәтижесі
Эритроциттер 4,3 млн.
Гемоглобин 138 г/л
Түсті көрсеткіш 0,89
Лейкоциттер 12,8х109
Нейтрофильдер: таяқшаядерлы
Сегментоядерлы
Эозинофилдер
Лимфоциттер
Моноциттер
Тромбоциттер 195х109
ЭЖШ 36 мм/час

Наши рекомендации