Медициналық симуляция сценариі

Оқу жылындағы «Терапия» мамандығы бойынша

Курс интерндердің қорытынды бақылауына арналған

медициналық симуляция сценариі

Клиникалық жағдай: «Атопиялық дерматит диагностикасы, науқасты жүргізу тактикасы»

Ситуациялық есеп:сіз–аллергология бөлімшесінің дәрігерісіз.Палатаға24 жастағы А., деген науқас түсті.

Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Лабораторлы – құралдық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу тәсілін анықтаңыз.

Стандартталған әртістің (науқастың) сценарий тексті және оның рөлі:

Шағымы: бетінің құрғауына және тері қабығының түсуіне, мойынның артқы бөлімінде, шынтақ және тізе асты қатпарларда, сирақ және білек буындарның бүгетін бетінде бөртпелерге, тері қышынуы, ұйқының бұзылуы, жалпы селқостыққа шағымданады.

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты құрастыру Жауабы
Бөртпелердің ұзақтығы және олардың орналасуы   Ең алғашқыда бөртпе қашан пайда болды, қайда орналасты, тері құрғауы және тері қабығының түсуі бар ма. Бөртпелер 3 жастан пайда болды, алғашқы кезде бөртпе экссудациямен бетте болды, бастың жоғары бөлімінде, жамбас, мойынның артқы бөлімі, шынтақ және тізе асты қатпарларда, кәрі жілік, сирақ- аяқ басы буындарында, құлақ артында тері құрғауы және тері қабығының түлеуі байқалады.
Тері қышымасының сипаты Тері қышымасы мазалай ма, қашан күшейеді. Алғашқыда тері қызаруы пайда болды, кейіннен қышыну қосылды. Тері қышынуы тәтті тағамдар, сүт, балық, цитрус, қызыл және сары жеміс және жидектерді жегенде күшейеді.
Лихенификация ошақтар сипаты Тері тығыздануы және қатаюы қайда орналасады? Негізінен аяқ және қолдың бүгетін бетінде (шынтақ және тізе асты қатпарларда, сирақ аяқ басы және кәрі жілік буындарда),
Ұйқы сипаты Ұйқы тыныш немесе тынышсыз ба? Ұйқы мазасыз болады. Ұйқы бұзылуы көбіне тері қышынуынан болады.

Анамнезінде: 3 жастан ауырады, алғашқы кезде бөртпе экссудациямен бетте, жамбас, бастың шашты бөлімінде құрғақ қабық ретінде болды. Аллерголог кеңес берген, амбулаторлы емделген, фенистил тамшылары, белсендірілген көмір, жергілікті: фукорцин және адвантан жақпасын қолданған, бөртпелері басылған. Бірақ ем дәмді бұзғаннан кейін, тәтті тағамдар, сүт, балық, цитрус, қызыл және сары жеміс және жидектерді жегеннен соң қайтадан тері үрдісінің өршуі байқалады. Қазір бөртпелер мойынның артқы бөлімі, шынтақ және тізе асты қатпарларда, кәрі жілік, сирақ- аяқ басы буындарында, құлақ артында тері құрғауы және тері қабығының түлеуі байқалады.

Объективті: бойы 167 см, дене салмағы 66 кг. ТАЖ – 26 рет мин. ЖСЖ – 110 рет мин. Дене қызуы 36,7°С. Науқастың жалпы жағдайы таралған бөртпелер, тері қышынуына байланысты орташа ауырлық дәрежеде. Тері жабындылары қалыпты түсте, мойынның артқы бөлімі, шынтақ және тізе асты қатпарларда, кәрі жілік, сирақ- аяқ басы буындарында, құлақ артында эритематозды, папулезді бөртпелер, тері құрғауы, түлеуі, инфильтрация, лихенизация байқалады. Көптеген экскориация, сызаттар анықталады. Бөртпелер қайтқан жерлерде зақымдалу ошақтарында гипо – және гиперпигментация ошақтары анықталады. Ұйқысы мазасыз, көбіне тері қышынуынан үзілмелі болады, тітіркенгіш.

Мұрын жұтқыншақта таза. Жүрек үндері анық, ырғағы дұрыс. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Іші жұмсақ, пальпация кезінде ауыру сезімсіз. Бауыры ұлғаймаған, көкбауыры пальпацияланбайды. Үлкен дәреті ретсіз, іш қату және іш өтуі кезектесіп келеді. Зәр шығаруы бос, ауыру сезімсіз.

Медициналық симуляция сценариі - student2.ru

Медициналық симуляция сценариі - student2.ru

Медициналық симуляция сценариі - student2.ru

Наши рекомендации