Ізгі хабарды айтуды бастау әдісі

Ізгі хабар айтқанда адамдарды негізінен екі топқа бөлеміз: 1. Ересек және қарт кісілер. 2. Жастар.

І. 1. Ересек және қарт кісілерге Ізгі хабар айтуды сұрақ қоюдан бастаған жөн. Мысалы, а) Намаз оқисыз ба? ә) Ораза тұтасыз ба? б) Фітір-садақа бересіз бе? в) Қажы жасағансыз ба? т.с.с.

Осы сұрақтардың бәріне немесе біразына «Иә» деп жауап берсе, онда «Құдайшыл адам екенсіз!» деп мақтаймыз.

2) Құдайдан түскен кітаптар жайында не білесіз? – деп сұрақ қоямыз. Көбінесе аспаннан Таурат, Забур, Інжіл, Құран түскен деп жауап аламыз.

3) Таурат, Забур, Інжіл деген кітаптарды оқып көргенсіз бе? Көбіне «Жоқ!» дейді. Бұл кітаптармен таныс адамдарды мен сирек кездестірдім.

Енді Киелі Кітапты ашып «Таурат» және «Інжіл шариф» деген кітаптарды көрсетеміз. Бұл кітаптың орыстар оқып жүрген нұсқасын «Библия» деп атайды. Библия гректің «библиос» деген сөзінен шыққан, «Библиос» - «Кітап сақтайтын қойма» деп аударылады. Таурат кішкене 39 кітапшадан тұрады. Ал інжіл 27 кішкене кітапшалардан тұрады. Бір кітаптың ішінде барлығы 66 кішкене кітап бар. Ол кішкене кітаптардың әрқайсысы пайғамбарлар арқылы адамдарға жіберген Құдайдың хабары. Сондықтап бұл кітап грекше «Библия» (немесе кітап сақтайтын қойма) деп аталады. Қазақша бұл кітапты «Киелі кітап» дейді.

Таурат пен Інжіл жайында құранның маъида сүресінің 46,48 аяттарында: «Және пайғамбарларымыздың ізінше алдындағы Тауратты Растаушы етіп Мәриямұлы Ғисаны жалғастырдық. Әрі оған ішінде туралық, нұр болған алдындағы Тәуратты бекітуші. Сондай-ақ сақтанушылар үшін тура жол, үгіт түрінде Інжілді бердік» деп жазылған.

«(Ей, Мұхаммед) Саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы, және оларды қорғаушы түрінде түсірдік» (Маъида 46,48).

Бұл аяттардан көргеніміздей - құранда Киелі Кітапты оқыма делінбеген екен, құран Киелі Кітаптың қорғаушысы, дәлдеушісі, растаушысы дейді екен. Осылай Киелі Кітаптың орыстардың Құдайы емес, бүкіл адамдарға пайғамбарлар арқылы жіберген Құдайың Сөзі екенін дәлелдейміз.

Сөйтіп олардың Киелі Кітапқа деген жеккөрінішін алып тастаймыз.

Таурат пен Інжілдің Құдай Сөзі екенін дәлелдеу үшін Киелі Жазбаға жүгінсек:

«Сендерге шындығын айтайын: аспан мен жер жойылып кетпейінше Таурат заңының бірде-бір әріпі, тіпті бір кішкентай сызығы да күшінен айрылмайды, әуелі бәрі де жүзеге асады». Мат. 5:18.

Ал Інжіл жайында: «Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды». Мат. 24:35.

Аспан мен жер жойылып кетсе де, сөздері мәңгі жойылмайтын кітаптар - мәңгілік кітаптар болғаны ғой. Мәңгілік жойылмайтын сөздер тек мәңгі бар Құдайдан ғана келеді. Олай болса, Киелі Кітап Сөздері Құдай Сөздері болғаны. Осылай Киелі Кітаптың Құдай Сөзі екенін ұғындырамыз.

Таурат пен Інжіл жайында Құран тағы да былай дейді: «(Мұхамед Ғ.С. оларға) айт: Әй Кітап иелері! Інжіл, Тауратты және Ратбыларың тарапынан сендіруге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» (Маъида 68) (Халифа Алтай аудармасында)

Яғни қаншама намаз оқып, ораза тұтып, фітір-садақа беріп басқа да мінәжаттар жасағанмен, егер Таурат пен Інжілді оқып білмесек, онда Құдайдың алдында дәнеңе емес екенбіз. Себебі Тауратта мына туралы анық айтылады:

а) Күнә дегеніміз не? 1 Жх 3:4

ә) Күнә қайдан келеді?

б) Күнә біздің өмірімізге не әкеледі?

в) Құдайдың бізге қоятын талаптары

Інжілде:

а) Күнәдан қалай құтыламыз? «Ал Билеуші ретінде көктен келген Менің жер бетінде күнәларды кешіруге билігімнің бар екендігін білулеріңіз үшін...». Мат. 9:6.

б) Құдайды қалай танып біле аламыз? «Көзге көрінбейтін Құдайдың қандай екенін рухани Ұлы көрсетеді». Кол. 1:15.

«Ал Құдайдың бүкіл болмысы Мәсіхтің бойында тұрады». Кол. 2:9.

Осы мәселелерді біліп алмайынша Құдайдың алдында ешқандай құнымыз болмайтынын түсіндіреміз. Сөйтіп оларды Киелі Кітап оқуға ынталандырамыз.

ІІ. Ал жастарға Ізгі хабар айтқанда Мат. 5:18, Мат. 24:35 аяттарды өздерін оқытып, Киелі Кітаптың Құдай Сөзі екеніне көзін жеткізіп, Ізгі хабарды ары қарай Киелі Кітап арқылы айтамыз.

Ізгі хабарды айтудың әдістері

І-әдіс

Бұл әдіспен айтқанда суреттерді қағазға сала отырып айту аса маңызды. Суреттерде Киелі Рухтың Өзі ашқан мағлұматтар.

Нәресте шыр етіп дүнеиеге келгенде екі түрлі ақиқат шындық бар:

1-шындық: Күндердің күнінде ол баланың өлетіні рас.

(1 жыл, 10 жыл, 100 жыл әйтеуір өледі)

2-шындық: Ол баланың қашан өлетінін бір Құдайдан басқа ешкім білмейді.

1. Ақ бата 1. Денсаулық береді.

2. Жарылқану 2. Дәрежеңді көтереді.

3. Ұрпағың көп болады.

4. Гүлденіп өркендейсің.

5. Жеңіске жетесің.

6. Қуанышқа кенелесің.

7. Мейірімім сенімен болады.

жұмақ

көр

Б №1 №3

№4

ж №2 тозақ

1-сурет.

Уақыты жетіп өлген соң адамды 2х2 метр көрге әкеліп көмеді. Адамның көрге дейінгі өмір жолы екі түрлі болуы ықтимал. Жолдарды шатастырмау үшін нөмірлеп қоямыз.

№1-жол. Бірінші жол адамның бұл дүниеде бақытты өмір сүргенін көрсетеді. Денсаулығы жақсы болып, мұқтаждық көрмей, қайғы-қасіретсіз өмір сүрген адамның жолы.

№2-жол. Екінші жол адамның бұл дүниеде бақытсыз өмір сүргенін көрсетеді. Ауру-сырқау, маскүнем, наркоман, ұры, жезөкше болып, жанұясы бұзылып, түрмеге түсіп т.б. қайғы-қасірет шегіп өмір сүрген адамның жолы.

Басқа адамдар осы екі жолдың арасында өмір сүреді. Қалай өмір сүрсе де адам көрге кірері анық.

Ал көрден ары қарай да екі жол бар: №3, №4 жолдар. №3 жол адамды жұмаққа апарады, №4 тозаққа апарады деп түсіндіреміз.

Енді сұрақ қоямыз: Бауырым, сен осы төрт жолдардың қайсысымен жүргенді қалар едің? Әдетте барлық адамдар да №1, №3 жолдармен жүруді таңдайды. Бүгіннен бастап сенің осы жолдармен өтуіңді Құдайдан сұрап дұға етіп жүреміз деуіміз керек біз (Және дұға етіп жүруге тиіспіз). Бұл сөз оның бізге деген ықыласын аударады. Онымен арамызда достық қатынас орнай бастайды.

Сөйтіп келесі сұрақты қоямыз: №1, №3 жолдарға қалай түсу керек екенін білесіз бе? Ол, әрине, намаз оқу керек, ораза тұту керек, ұрлық істемеу керек т.б. деп ойларын айтады. Оны «Дұрыс» деп қоштап отырамыз. Соңында жауабын бір сөзбен нақты айтуды өтінгенімізде ол тоқырап қалады. Сонда мынадай мысалды келтіруге болады.

- «Қыз жібек» фильмін көргенсіздер ме? Ыбрайым

- Көргемін! Сара

- Төлеген екінші рет Ақжайыққа аттанарда Ысқақ

әкесінен не сұрады? Жақып

- Ақ бата сұрады. Мүса

- Әкесі не істеді? Дәуіт

- Ақ батасын бермеді.

- Нәтижесі қалай болды? Иса

- Төлеген опат болды.

- Яғни сапарға шыққан адамға ақ бата қажет екен ғой!

Қазақ халқында мынадай дәстүр болған: адамдар ұзақ сапарға шығарда немесе жаугершілікке аттанарда әкесінен немесе атасынан, немесе ауылдың сыйлы ақсақалына ақ бата алып кететін болған.

Жоғарыдағы нәресте шыр етіп жерге түскен сәттен бастап ол жолаушыға айналады. Оның түбінде барып жететін жері - көр. Оның көрге дейінгі жүріп өтетін жолы метрмен, километрмен өлшенбейді, жылмен, аймен, күнмен, сағатпен өлшенеді. Айталық, жүз жыл ішінде ол жер жүзін аралап шығуы ықтимал, бірақ ауылдың маңайындағы молаға жерленеді. Мола оның үйінен 500 метрдей жерде болуы мүмкін. Сол молаға жеткенше ол жүз жыл жер жүзін шарлады. Яғни ұзақ уақыт сапар шекті. Олай болса ұзақ сапарға шыққан осы нәрестеге Құдайдың ақ батасы мен жарылқауы қажет!

Құдай: Егер сен Менен ақ бата мен жарылқауды алсаң, Мен саған жеті нәрсені тегін беремін, - дейді.

1. Денсаулық беремін.

1. Дәрежеңді жоғары етемін.

2. Ұрпағыңды көп етемін.

3. Гүлденіп өркендейсің.

4. Жеңіске жетесің.

5. Қуанышқа кенелесің.

6. Менің Мейірімім сенімен бірге болады.

Ақ бата мен жарылқануды қайдан және қалай аламыз? Қайтадан жоғарыда келтірілген Мат. 5:18, Мат. 24:35 аяттары жүгінеміз. Сөйтіп Киелі Кітаптан Жаратылыстың бастауы кітабының он екенші тарауынан 1-3 аяттарын ашып, сұқбаттасымыздың өзіне оқытамыз.

«Жаратқан Ие Ыбырамға сөзін арнап былай деп бұйырған еді: - Сен еліңді, туған-туысқандарыңды және әкеңнің үйін тастап, Мен өзіңе көрсететін елге көш! Мен сен арқылы ұлы халық жасаймын, сені жарылқаймын да атыңды шығарамын. Менің ақ батам сен арқылы басқаларға да жететін болады. Саған ақ батасын бергендерге Мен де ақ батамды беремін. Ал кім сені қарғаса, соны Мен де қарғаймын. Сен арқылы Мен жер бетіндегі барлық ұлттарды жарылқаймын» . Жар. 12:1-3.

Құдай Киелі Кітапта «барлық ұлттарға ақ батамды беріп жарылқаймын» деп алты рет айтыпты. Үш рет Ыбырайымға айтыпты. Бірінші рет Жаратылыстың басталуы 12:1-3.

Екінші рет: «Ыбырайымнан үлкен, мықты халық шығады. Менің батам ол арқылы жер бетіндегі барлық халықтарға жетеді». Жар. 18:18.

Үшінші рет: «Иеміз былай дейді: Сен осылайша істеп, жалғыз ұлыңды Менен аямағаның үшін Өз атыммен ант етемін: саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп бере отырып, аспандағы жұлдыздар мен теңіз жағасындағы құм қиыршықтары қаншалықты көп болса, Мен сенің ұрпақтарыңды да соншалықты сансыз етіп көбейтемін. Олар жауларын жеңіп, қалаларын басып алатын болды. Сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады. Себебі сен Менің тілімді алып жүрдің» - деді. Жар. 22:16-18.

Құдай алғаш батасын берген кезде Ыбырайым 75 жаста еді. Әйелі Сара одан тоғыз жас кіші болатын, яғни 66 жаста еді. Екінші рет айтқанда Ыбырайым 87 жаста еді. Әйелі 78 жаста болатын.Үшінші ретінде Ыбырайым 99 да, Сара 90 жаста еді.

«Құдай Ыбырайымға: «Сен әйеліңді Сарай емес, Сара деп ата, Мен оны жарылқап ұлттардың түп анасы болсын деп ақ батамды беремін. Сарадан халықтардың пазшалары да тарайтын болады», - деді.

Жар. 17:15,16.

Осылай Құдай Иеміз Ыбырайымға берген ақ батасы мен жарылқауын Сараға да берді.

«Ал Құдай: Әйелің Сара саған ұл

туып береді, оның атын Ысқақ деп қоясың. Мен

Ысқақпен келісім жасап, оны үрім-бұтағы үшін

мәңгілікке бекітемін», - деді. Жар 17:19.

Құдайдың берген бұл уәдесі орындалып

келесі жылы дүниеге Ысқақ келді.

«Ал Жаратқан Ие Ысқаққа аян беріп:

Мысыр жаққа көшпей, мен айтқан жерге

қоныстанып, сол елде кірме ретінде тұра

бер! Саған әрдайым жар болып, батамды

қондырамын, ұрпақтарыңа осы жерлердің бәрін

сийлап, әкең Ыбырайымға берген антымды жүзеге

асырамын. Ұрпақтарыңды аспандағы жұлдыздар сияқты сансыз етіп көбейтемін. Оларға осы жерлерді беріп, солар арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады», - деді. Жар. 26:2-4.

Осылай ақ батаны тарату құқұғы Ысқаққа келіп жетті. Осы тараудың 12-аятын оқысақ:

«Ысқақ осы жерге егін салып, сол жылы одан жүз есе өнім алды, себебі Тәңір оны жарылқаған болатын. Ол байи берді, оның дүние мүлкі көбейген үстіне көбейіп Ысқақ нағыз бай адамға айналады».

Жар 26:12,13.

Демек егер біз Құдайдан жарылқау мен ақ бата алсақ, гүлденіп өркендейді екенбіз.

«Соның басында Тәңір Ие тұрып: «Мен Жаратқан Иемін, атаң Ыбырайым мен Әкең Ысқақтың сыйынатын Құдаймын. Сен ұйықтап жатқан жерді саған және ұрпағыңа беремін. Сенің үрім-бұтағың жер бетіндегі құм түйіршігіндей сансыз көп болады. Батыс пен Шығысқа, солтүстік пен оңтүстікке тарайсың. Өзің және ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға батам қонады» - деді.

Жар. 28:13-14.

Осылай ақ бата Жақыпқа берілді. Жақыптың ұрпағынан көптеген пайғамбарлар шықты. Сол пайғамбарлардың бірі - Дәуіттің ұрпағынан дүниеге Иса келді.

«Демек Ыбырайымға берілген ақ бата Иса Мәсіх арқылы басқа ұлттарға да тарап, бәріміз уәделенген Киелі Рухты сенім арқылы қабылдауымыз үшін Мәсіх бізді қарғыстан құтқарып алды» . Ғал. 3:14.

Осы аяттардан кейін мына сұрақты қоямыз: Ақ батаны таратып беру құқығы Ыбырайымнан Ысқаққа ауысты, Ысқақтан Жақыпқа ауысты. Ал екі мың жылдан бері Иса сол құқықты Өзі ұстап тұр, неге? Көбінесе бұл сұраққа сұқбаттасымыз жауап бере алмайды. Осы негізде Исаның айқыш ағашқа шегеленіп өлтіріліп, үшінші күні қайта тіріліп көкке көтеріліп кеткенін түсіндіреміз. Және мына аятты оқытамыз:

«Өйткені екі-үш адам Менің атыман жиналса, Мен де сол жерде ортасында боламын». Мат. 18:20.

Демек Ол мәңгі тірі, әрі дәл кәзір біздің ортамызда тұр және Оның қолында ақ бата мен жарылқау бар. Ол да соны иелене алатынын айтамыз.

Көбінесе «Ақ бата мен жарылқауды қалай алуға болады?» деген сұрақ туады. Осы жерде Римдіктерге арналған хатты (Рим 10: 9,10) оқытамыз.

«Өз аузыңмен Исаны Жаратқан Ием деп мойындасаң, жүрегіңде Құдайдың Оны өлімнен қайта тірілткеніне сенсең, онда құтқарыласың. Себебі Мәсіхке жүрегімен сену арқылы адам күнәсінен ақталып, Оны аузымен мойындауы арқылы құтқарылады». Рим. 10:9-10.

Көп жағдайда тәубе ету дұғасын ол өздігінен жасай алмайды. Сонда көмегімізді ұсынғанымыз жөн. «Көмектесіңіз!» деп келіссе, «тәубе ету» дұғасын жасаймыз: О, Жаратқан Ием! Мен күнәкәр болып өмір сүрдім. Жасаған күнәларына қатты өкінемін. Менің күнәларымды кешірші. О, Иса! Осы сәтке дейін мен Сенің Құтқарушы Құдайым екеніңді білмей келіппін. Енді мен Сені Құтқарушым, Құдайым деп шын жүрегіммен қабылдаймын. Мені Өзіңнің еркіңе сай етіп өзгерте гөр. Киелі Рухыңмен мені жетеле. Иса Мәсіхтің атымен дұға еттім. Аумин!

Содан кейін «шүкіршілік дұғасын» жасаймыз: О, Тәңірім Иса! Осы ұлыңды (қызыңды) құтқарып алып тағы да бір керметіңді көрсеттің. Сол үшін Саған шексіз алғыс. Енді оны Өзің жарылқап, ақ батаңды берші. Оның жанұясындағы проблема, қайғы-қасірет, ауру-сырқау атаулыны алып тасташы! Оны Өзіңнің киелі ыдысың етіп пайдаланшы! Ол арқылы оның жанұясын, туған-туысқандарын, достарын, көршілерін т.б. құтқарып алшы. Ол арқылы Сенің атыңды мақтаушылар, мадақтаушылар көбейсін. Иса Мәсіхтің атынан дұға еттік. Аумин!

II-әдіс

Бұл әдістің мақсаты - адамның күнәкәр екеніне көзін жеткізу, күнәнің біздің өмірімізге не әкелетінін ұғындыру, күнәдан қалай арылуға болатынын түсіндіру.

Әңгіме барысында сұқбаттасымыздан: Сіз өзіңізді күнәкармын деп санайсыз ба? - деп сұраймыз. Көп жағдайда сұқбаттасыңыз «Күнәсіз адам бола ма? Әрине күнәкармын» деп мойындайды. «Иә, күнәкәр адам болмайды» деп оны қоштаймыз. Сондай-ақ «Намаз оқимын, ораза тұтамын, өтірік айтпаймын, ұрлық істемеймін, әділетті өмір сүремін» дейтіндер де табылады. Ондайда оны «жақсы адам екенсіз» деп мақтап қоямыз. - Дегенмен нақты күнә дегеніміз не? – деп сұраймыз. Сұқбаттасыңыз: ұрлық, арақ ішу, темекі тарту, өтірік айту т.б.. деп білгенін айтады. Осы кезде жоғарыдағы көрсетілген әдіспен Киелі Кітапқа жүгінеміз (Мат. 5:18; Мат. 24:35). Сосын Киелі Кітаптан: «Күнә жасаған әркімнің Құдай заңын бұзғаны, себебі күнә - Құдай заңын бұзғандық» деп оқып береміз (1Жох. 3:4).

- Сіздің ұрлық істемей, арақ ішпей, темекі тартпай, т.б. күнәларды жасамай әділетті өмір сүріп жүргеніңіз өте жақсы екен. Енді мына бір сұраққа жауап беріңізші. Байқаусызда аузыңыздан балағат сөздер шығып кететін, кейбір адамдарды жек көретін кездеріңіз бола ма?

- Көп жағдайда, әрине, балағат сөздер айтылып қалады ғой, үш-төрт жек көретін кісім де бар.

- Аузыңыздан аңдымай шыққан балағат сөз бен үш-төрт адамды жек көрудің қандай күнә екенін білесіз бе?

- Білмеймін. Осы екі сұраққа «білем» деп жауап берген адамды мен кездестірген емеспін. Осы жерде 1Жох. 3:15 аятты ашып береміз:

«Бауырласын жек көрген әркім - кісі өлтіруші! Ал мынаны білесіңдер: кісі өлтірушінің мәңгілік өмірі жоқ».

- Ал сіз үш-төрт адамды жек көремін дедіңіз. Мына аятқа сүйенсек, сіз Құдайдың алдында үш-төрт адам өлтіргендей күнәлі (қылмыскер) екенсіз. Сізді Құдай «үш-төрт кісі өлтірген» деген баппен соттайды.

Содан кейін Рим. 3:13,14 аяттарды оқуды ұсынамыз:

«Айтқандары ашық көрдің иісіндей жаман, тілдері жалған сөйлеуде, ауыздарынан шыққан сөздер жылан уындай. Ауыздары қарғыс пен ызалы сөзге толы».

Әдетте осы аяттарды оқытқан соң мен өзімнің өмірімде болған бір оқиғаны айтып беремін. Мен имам болып жүрген кезде бір әйел тамыз айының аяғында қайтыс болды. Күн әлі де ыстық кез. Ол кісінің перзенттері алыс жерлерде қызмет істейді екен. Әлгі әйелді жерлеуді перзенттеріне қаратты. Перзенттері жиналып келгенше үш күн өтті. Үшінші күні әлгі үйдің маңайына жақындау мүмкін болмай қалды. Соншама жиіркенішті сасық иіс пайда болды. Жаман сасық иістерді тез арада ұмытып кетеміз ғой. Ал адамның өлігінен шыққан иістің жиіркеніштілігі сондай мен ол иісті екі аптадай ұмыта алмадым. Біздің аузымыздан шыққан балағат сөздің Құдай үшін жиіркеніштілігі сонша, оны бұзыла бастаған адамның өлігінен шыққан сасық иіске теңепті.

Бұдан шығатын қорытынды - күнәнің жиіркенішті иісі бар. Осындай иіспен бізді жұпар исі аңқыған жұмаққа кіргізуі мүмкін бе? Әрине, мүмкін емес.

Сондай-ақ жасаған күнәларымыз үшін Құдай бізді бұ дүниеде де жазалайды: біздің өмірімізде кездесетін барлық проблемалар, қиыншылықтар, қайғы-қасірет және бүкіл адамзат өміріндегі ауру-сырқау атаулы - жасаған күнәларымызға жіберілген жаза. Демек, біздің өмірімізде кездесетін барлық жамандық тек қана күнә арқылы келеді.

- Сонда күнәдан қалай құтыламыз?

Бұл сұраққа жауап ретінде Мат. 9:1-6 аяттарын оқимыз.

«...Ал Билеуші ретінде көктен келген Менің жер бетінде күнәларды кешіруге билігімнің бар екенін білулеріңіз үшін...» - деген аятқа назарын аударамыз. Яғни жер бетінде күнәларды кешіру билігі тек қана Исаға берілген (Елш. істері 4:12 аятты да оқытуға болады). Тәңіріміз Иса Мәсіх мынадай уәде береді:

«Жаратқан Ие былай деп шақырады: Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейін! Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қар сияқты аппақ қылмақпын. Қылмыстарың қан қызыл болса да, сендерді кешіріп, аппақ жүндей ағартпақпын». Ишая 1:18.

2 Енді бұл кешірімді қалай ала аламыз?

Сонда жоғарыда көрсетілген Рим. 10:9,10 аяттарды оқытамыз. Сосын не істеу керектігі жайында І-әдістің соңында айтылған.

Лайым Құдай сіздерге жар болып, сіздер арқылы Иемізді мақтаушылар, мадақтаушылар, алғыстаушылар, көбейсін! Аумин.

ІІІ - әдіс

Әңгіме барысында адамдар әртүрлі жұмыс істеп, ақша табуға әрекет жасап жүргендерін айтады.

- Соншама әрекет жасап, дүние табу сізге не үшін қажет? - деп сұраймыз біз. Әдетте,

- Балаларымызды ер жеттіріп, оқытып, үйлендіру үшін және т.б. деген жауап естиміз.

- Сіз перзенттеріңізді сүйесіз бе?

- Әрине, сүйемін.

Сұқбаттасымыз әйел кісі болса мен мына әңгімені айтамыз: 1958 жылы Оңтүстік Кореяда мынадай оқиға болыпты: бір жүкті кәріс әйел Кореяның оңтүстігінде тұратын туысқандарына бару үшін сапарға шығады. Жерге жұқа қар жауған. Күн өте суық еді. Жолда әйелдің толғағы келіп, алдынан кездескен көпірдің астына түсіп баласын босанады.

Таңертең көрші ауылға барып жиналыс өткізуге кетіп бара жатқан бір миссионер әйелі екеуі көпірдің астынан бір дауыс естиді. Жүгіріп көпірдің астына түссе, тырдай жалаңаш әйелдің жатқанын көреді. Әйелдің ауызы қан, ораулы бір түйіншекті құшақтап жатыр. Түйіншекті ашып қараса - жаңа туған нәресте. Кіндігін байлап, тіспен шайнап кескен. Өзіндегі бар киімін шешіп баланы орап, денесіне қысып құшақтап жылытып жатып өзі суыққа тоңып өліп қалыпты. Сөйтіп, әйел перзентін аман сақтап қалу үшін өзін құрбандыққа қиған. (Әңгіменің жалғасын білгісі келгендерге мен мынаны айтып беремін) Миссионер Америкаға көшкенде баланы өздерімен ала кетеді. Бала 18 жасқа толғанда Кореяға арнайы келіп, баланың анасының моласына барып зиярат етеді. Сонда бала плащын шешіп, анасының моласына жауып: Менің өмірімді сақтап қалу үшін өзіңді құрбан еттің, енді мен сенің қарызыңнан қалай құтыла аламын? деп ұзақ жылап, анасына алғысын айтқан екен. (Егер сұрамаса, әңгіменің жалғасын айтудың қажеті жоқ. Себебі басты мәселе - ананың перзенті үшін өзін құрбандыққа қиғаны)

2. Әңгімелесуші ер кісі болса мына оқиғаны айтамыз. Америкада темір жолда бір төрт жасар бала ойнап жүрген. Шапшаң жүріспен келе жатқан жүрдек поезд қаншама дыбыс бергенімен жас бала назар аудармай ойнап жүре береді. Поезд таяп қалғанда қатты дыбыс береді. Сол маңайда жүрген бір кісі қатты дыбысқа назар аударып, темір жолда ойнап жүрген баланы көріп, жалма-жан көмекке ұмтылады. Баланы поездың жолынан алып үлгіргенімен өзі шығып үлгіре алмайды. Қатты екпінмен келіп соққан поезд ол кісіні паршалап өлтіріп кетеді. Өлген кісінің кім екенін тексергенде теміржолда (стрелочник) болып істейтін жұмысшы екені анықталған. Аман қалған бала сол кісінің ұлы екен.

- Ал сіз перзентіңіз үшін өзіңізді құрбан ете алар ма едіңіз?

- Әрине құрбан ете алар едім, – дейді сұқбастасыңыз.

- Күндердің күнінде о дүниелік болмайтын адам жоқ. Бәріміз де о дүниелік боламыз. Сол күн сіздің де басыңызға туады. Сонда сүйікті перзенттеріңізге не қалдыра аласыз? Үй, машина, мал, ақша т.б. қалдыруыңыз мүмкін. Үй, машина тозады, мал, ақша таусылуы мүмкін, сонда қалай болады? Негізінен, біз перзенттерімізге екі-ақ нәрсе қалдыра аламыз: қарғыс немесе жарылқау.

Қарғыс пен жарылқаудың өмірімізге қайдан келетінін түсіндіру үшін Мат. 5:18 және Мат. 24:35 аяттары арқылы оны Киелі Кітапқа әкеліп мына аятты оқитамыз:

«Сенің менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын! Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама! Сондайларға бас иіп табынып құлшылық етпе! Мен – сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын, ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға мыңыншы ұрпағына дейін рахымымды төгемін». Мыс. 20:3-6.

Демек, егер мен құдайдың еркіне сай өмір сүрсем онда мыңыншы ұрпағыма дейін Құдай жарылқайды екен. Егер мен Құдайдың еркіне сай емес өмір сүрсем онда төртінші ұрпағыма дейін Құдай жазалайды екен немесе қарғысын жаудырады екен.

Енді осы қарғыс қайдан келеді?

«Адамға Құдай Ие былай деді: - Әйеліңнің тілін алып, Мен тыйым салған ағаштың жемісін жеген сенің кесіріңнен жердің топырағын қарғыс атты!». Жар. 3:17.

Бүкіл адамзат осы қарғыс атқан топырақтан жаралған. Яғни біздің құрылыс материалымыз - қарғыс атқан топырақ. Бұл Адам атадан бері үзілмей бізге және біздің ұрпақтарымызға дейін келе жатқан мұра.

Адам атаға бұл қарғыс неге берілді? Себебі ол күнә жасады.

«Күнә жасаған әркімнің Құдай құдай заңын бұзғаны, себебі күнәні – Құдай заңын бұзғандық». 1Жох. 3:4.

Егер біз күнәдан тазарсақ онда қарғыстанда құтқарыламыз.

«Исадан басқа ешкім де бізді құтқара алмайды? Аспан астында бізді құтқаратын басқа ешкімнің есімі адамдарға бұйырмаған!». Елші 4:12.

Сонымен бірге Иса Мәсіх мынадай уәделер береді: «Жаратқан Ие былай деп шақырады:

«Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейік! Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етім, сендерді қар сияқты аппақ қылмақпын. Қылмыстарың қан қызыл болса да, сендерді кешіріп, аппақ жүндей ағартпақпын». Ишая 1:18.

«...Керісінше сендер Мені күнәларыңмен қинап, әділетсіз істеріңмен маған ауыртпалық арттырыңдар! Алайда мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын!». Ишая 43:24,25.

Және Иса бізге: «Естеріңе бұрынғыны алмаңдар, бұдан былай баяғыны ойламаңдар! Енді Мен жаңаныжасаймын, қазір ол жарыққа шыққалы тұр. Сендер мұны ұқпайсыңдар ма!» - дейді. Ишая 43:18.

Осы аяттарды сұқбаттасымыздың өзіне оқытып Құдайдың оны кешіріп, аппақ етіп тазалап, қарғыстан құтқарып жаңа адам еткісі келетінін ұғындырамыз. Егер біздің күнәларымыз кешіріліп, қарғыстан құтқарылсақ Құдай мынадай уәде береді:

«Балаларыңның бәрі Тәңір Иеңнен тәлім алып, керемет амандық пен тыныштыққа кенелмек. Сен әділдікпен берік негізделесің. Жәбір көруден аулақ, тыныштықта тұратын боласың. Сені ештеңе де қорқытпай, үрей атаулы саған жоламайды. Саған қарсы аттанған біреу болған күнде де ол Мен жіберген жау болмайды. Кімде-кім саған қарсы шабуылға шықса, сенен жеңіліс табады». Ишая 54:13-15.

Демек, барлық іс-әрекетіміз балаларымыздың бақытты болуы үшін болғандықтан, сіз табысты болу үшін қарғыстан құтқарылуыңыз керек!

Сонда мен қарғыстан қалай құтқарыламын? Жауап – Рим. 10:9-10.

Сосын не істеу керектігі жайында І әдістің соңында айтылған.

Лайым Құдай сіздерге жар болып, сіздерді киелі ыдысы ретінде молынан пайдалансын! Аумин!

ІV-әдіс

Әңгіме барысында адамдар өз өмірлеріндегі әртүрлі проблемаларды жайында айта бастайды. Сонда:

- Проблемаларыңды Құдайдан сұрап неге шешіп алмайсың?- деп сұраймыз.

- Сұрадым ғой, бірақ шешілген проблема болмай тұр.

- Құдай сенің проблемаларыңды неге шешпей тұрғанын білесің бе?

Көбінесе «білмеймін» деген жауап естиміз. (Мен «білемін» деген адамды кездестірген жоқпын) Сол кезде Мат. 5:18, Мат. 24:35 оқу үшін қайтадан Киелі Кітапқа жүгінеміз.

«Біліп алыңдар: Жаратқан Иенің қолы сендерді құтқаруға құдіретті. Оның құлағы мінажаттарыңды есітуге мүкіс емес. Қайта, өздеріңнің әділетсіз істерің Құдаймен араларыңды ажыратып келеді! Жасаған күнәларың Оның бетін сендерден бұрын әкетеді. Сондықтан да Тәңір Ие мінажаттарыңа құлақ салмайды». Ишая 59:1-2.

- Жасаған күнәларың үшін Құдай сенен бетін бұрып әкеткендіктен сен Құдайдан сұраған тілегіңді ала алмай жүрсің. Сен сол күнәларыңнан арылсаң, Құдай саған қайтадан оң қарап тілектеріңді береді. Күнәдан арылсаң қана Құдай сенің даусыңды естіп, мінажаттарыңа құлақ салып, тілектеріңді береді.

- Ал күнә дегеніміз не?

«Күнә жасаған әркімнің Құдай заңын бұзғаны, себебі күнә - Құдай заңын бұзғандық». 1Жох. 3:4.

Құдайдың заңын бұзсақ, Құдай бізге наразы болып, бізден бетін бұрып әкетеді. Міне, сенің тілеген тілектеріңе жауап ала алмай жүрген себебің осы.

3 Сонда мен күнәдан қалай арыла аламын?

Матай жазған ізгі хаадың 9-тарауының 1-6 аяттарын оқытамыз.

«... Ал билеуші ретінде көктен келген Менің жер бетінде күнәларды кешіруге билігім бар екендігін білулеріңіз үшін...». Мат. 9:1-6

деген аятқа ерекше назар аударамыз.

Құдайдан сұрағанымызда алу үшін мынау ерекше құпияны да ашамыз:

«Сол кезде Менен бір нәрсе сұрауларыңның қажеті болмайды. Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Әкеден Менің атымнан не сұрасаңдар, Ол соны береді. Бұған дейін Менің атымнан еш нәрсе де сұраған жоқсыңдар. Енді сұраңдар да алыңдар! Сонда шексіз қуанышқа кенелесіңдер». Жох. 16:23,24.

ҚұДАЙ
ИСА
ҚұДАЙ

Күнәларымды өтініштер

кешір деп

Исадан өтіну

Күнәлар

өтініштер

1-сурет 2-сурет

Құдайды ешкім көрген емес, көре алмайды. Себебі Құдайды көруге біздің қабілетіміз жетпейді. Сондықтан Құдай деп жазып қоршап қоямыз (1-сурет). Суреттегі адам Құдайдан өзінің мұқтаждарын сұрап тұр. Оның әрбір сұраған тілектерін Құдаймен арасында қабат-қабат болып орналасқан күнә бұлттары жұтып қояды. Сөйтіп оның тілектері Құдайға жетпейді. Жох. 16:23 аятындағы «...Әкеден Менің атымнан не сұрасаңдар, Ол соны береді...» - деген сөздердің мәні мынау: Иса: Алдымен Маған келіп, Менен кешірім сұрап, содан кейін Әкеге барып Менің атымнан тілек тіле, - дейді.

Тәңіріміз Иса Мәсіхтен кешірім сұрап Әкеге барғанымызда күнә тосқауылдары жойылады. Әрбір сұраған тілегіміз Құдайға толық жетеді. Және Ол тілектерімізді толық береді. Енді сен де Иса Мәсіхтің атынан сұрап, тілегіңді ал! Бірақ Исаның атынан сұрау үшін алдымен Оны өз жүрегіңе Құтқарушы Құдайым деп қабылдау керек.

- Исаны жүрегіме қалай қабылдай аламын?

Рим. 10-:9,10 аяттарын оқытыңыз. І-әдістің соңын қараңыз.

Лайым Құдай сізді молынан жарылқап Иеміздің Ұлы тапсырмасын орындауға таңдап алған. Осы істе сізді Киелі Рух жетелесін! Аумин!

V-әдіс

Әңгіме барысында әркім әртүрлі проблемаларын айтып отырады. Біреу денсаулыққа мұқтаж, біреу перзентке мұқтаж, біреу жұмыс таппай жүр, біреу нашақор, біреу маскүнем т.б.

- Осы проблемалардың бәрін шешу Құдайдың қолынан келе ме?

- Әрине, келеді дейді тыңдаушымыз.

Құдай

Ғарыш

Күн

Ай

Жер

ұл Ақ бата

Жарылқау

құл Сауықтыру

Барлық байлық

Барлық ақша

Перзенттер

Барлық жұмыс

Дүниеде бардың бәрі

Мынадай мысал айтамыз: бір кісінің ауласында бір түп алма ағашы бар дейік. Және ағаш иіліп жеміс салып тұр. Әлгі кісінің құлы және ұлы болсын. Ұлы кез-келген уақытта, кез-келген алманы үзіп жей алады. Өйткені бұл алма ағашы оныкі де. Себебі ол - мұрагер.

Ал құлы тек қожасынан рұқсат сұрап, рұқсат етсе ғана алманы үзіп алып жей алады. Өздігінен, рұқсатсыз ала алмайды. Себебі құл алма ағашы «менікі» деп айта алмайды, өйткені ол мұрагер емес. Ол - құл.

Құдай кім? Сіз кімсіз?

Әдетте жұрт: - Құдай – Ол Құдай, ал мен Құдайдың құлымын – деп жауап береді.

- Егер сен Құдайдың құлы болсаң, онда Құдайда бардың ешбіреуін «менікі деп айта алмайды екенсің ғой? Дегенмен сіздің Құдайдың ұлы (қызы) болу мүмкіндігіңіз бар. Мт 5:18, Мт 24:35 аяттарды оқытамыз.

«Ал Мен сендерді қабылдаймын. Мен Әкелерің, сендер ұл-қыздарым боласыңдар, - дейді құдіреті шексіз Жаратқан Ие». 2Қор. 6:17-18.

Құдай Әкеге мұрагер болудың екі шарты бар:

1. Құдай Әкені танып білу.

«...Әкемнің соншама жалшылары нанға тойып жүргенде, мен бұл жерде аштан өлетін болдым...» (Лұқа 15;11-22) деген аятқа назарын аударамыз. Адасқан ұл әкесінің кім екенін басқа қатыгез адаммен салыстыру арқылы танып білді. (Әкесінің аса мейрімді, жомарт, жақсы адам екенін түсінді.)

2. Мөрлі жүзікке ие болу.

«...Тезірек ең жақсы шапанды әкеліп балама жабыңдар, қолына мөрлі жүзік, аяғына кебіс кигізіңдер!...». Лұқа 15:22.

Мөрлі жүзік - биіктің символы.

«...Бұдан былай менің сарайымды қарамағыңа аласың, бүкіл халқым сенің айтқаныңмен жүруге тиіс. Мен патшалық тағыма байланысты ғана сенен жоғары боламын... Қолынан өзінің мөрі бекітілген сақинасын шешіп алып, Жүсіптің саусағына кигізді... Ал сенің келісіміңсіз бүкіл Мысырда ешкімде іс-әрекет жасамайтын болады» - деп міндетін табыс етті.

Жар. 41:39-45.

«Көзге көрінбейтін Құдайдың қандай екенін рухани Ұлы көрсетеді».

Кол. 1:15.

«Ал Құдайдың бүкіл болмысы Мәсіхтің бойында тұрады!»

Кол. 2:9.

Демек, Иса Мәсіхті танып-білмей Құдай Әкені ешуақытта танып біле алмайды екенбіз. Құдай Әкені танып-біле алмасақ, ешуақытта мұрагер бола алмаймыз.

- Ал Иса Мәсіхті қалай танып-біле аламыз?

- Исаны танып білу үшін Оны жүрегіңе Құтқарушым, Құдайым деп қабылда! (Рим. 10:9,10) І-әдістің соңын қара. Иса Мәсіх сізді Ұлы тапсырмасын орындауға таңдап алған. Осы істе сізді Киелі Рух жетелесін! Аумин.

Неке қию рәсімі

Қымбатты бауырлар, қазір орындалатын іс Құдайдын атымен орындалатын болғандықтан, оны дұғамен бастауымыз керек.

О, Тәңірім, бүгін біз бауырларымыз «Ж» мен «Г»-ің неке қию салтанатына жиналып отырмыз! Тәңірім! Енді осы жиналысты Өз қолыңа ал. «Неке қию» рәсімін Сенің еркіңе сай етіп өткізу үшін мені Киелі Рухыңмен басқар! Аумин.

Қымбатты бауырлар! Сіздер қазір болатын «неке қию» рәсімінің куәгерлерісіздер. Сондықтан менін аузымнан шыққан сөздерге де, екі жастың ауызынан шыққан сөздерге де екі дүниеде куә боласыздар. Сондықтан осында айтылған сөздерге назар аударып тыңдаңыздар!

1. Құдай сөзін оқу; «Алайда жаратылыс басталуын да-ақ «Құдай адамды бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты». «Сондықтан еркек әке-шешесін тастан, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады» (деп те Тауратта жазылған). Осылайша олар енді екеу емес біртұтас! Сонымен, Құдай қосқандарды адам баласы ажыратпасын!». Марқа 10:6-9.

2. «Неке қию» - екі жасты ерлі-зайыпты болды деп Құдайдың атымен жариялау.

Біз бүгін Құдайдың алдында куә болып «Ж» нен «Г»-дың неке қию салтанатына жиналып отырмыз және Тәңірімз Иса Мәсіхтің атымен оларға ақ батамызды береміз.

3. Неке қию рәсімі Құдайдын атымен орындалатын болғандықтан - өте қымбат әрі киелі. Сол үшін оған жеңіл қарауға болмайды. Сондықтан біз бүгін құрметпен осы екі жастың некесін қиямыз.

Мен бүгін екеуіңе мына мәселені айтуға тиіспін:

1. Сүйіспеншілік пен киелілік - бақытты отбасының негізгі.

2. Дүниеде некеден артық, некеден әдемі, некеден ғажайып келісім жоқ.

3. Егер өмірлеріңде осы келісімді ұстап әрқашан Құдайдың еркіне сай өмір сүрсеңдер бақыттарың кемелді болады. Сендерден тараған ұрпақ сол бақыттың мұрагеріне айналады.

«Мына бір маңызды шындықты да айтамын: жер бетінде екеуің келісіп, қай нәрсені болса да, Көктегі Әкемнен сұрасаңдар, Ол соны бермек. Өйткені екі-үш адам Менің атымнан жиналса, Мен де сол жерде орталарында боламын». Мат. 18:19-20.

Тәңіріміз Иса Мәсіхтің бізге берген осындай уәдесі бар. Осы тойға жиналған қауым, келіңіздер, бәріміз бірге «Ж» мен «Г» үшін Көктегі Әкемізден тілек тілейік.

О, Көктегі Әке! Біз «Ж» мен «Г» үшін Тәңіріміз Иса Мәсіхтің атынан тілек тілейміз. Олар бүгін киелі некенің келісімін бекітеді. Лайым Сенің шексіз сүйіспеншілігің әрқашан олардың жүрегінде болғай! Сенің қуанышың олардың қуанышы болсын! Сенің сүйіспеншілігің олардың үйінің жарығы және шын негізі болсын. Сенің сүйіспеншілігің олардың қазынасы мен байлығы болсын. Олардың бақыты сыртқы жағдайларға байланысты болмасын. Олар отбасына, көршілеріне, достарына және келешек ұрпақтарына жарылқау әкелсін. Өмірлері жақсы болған кезде сол жарылқауды бағаласын. Қиыншылықтар келген кезде Сенің Рухың арқылы Сенің жолыңды білсін. Өмірлерінде әрқашан бір-біріне және Саған жанындай түссін. Перзенттері көп болып, солар арқылы да сенің данқың артсын! Аумин.

4. а) «Ж» және «Г» сендерге сұрақ қоямын: «Ж» Сен Құдайдың алдында және осы отырған көпшіліктің алдында «Г» - ді Құдайдан келген сый ретінде қабылдайсың ба? («Иә» деген жауап берілуі тиіс.)

ә) Құдайдың киелі атымен бүгіннен бастап өміріңнің соңына дейін тыныштықта да, қиыншылықта да, байлықта да, жоқшылықта да, дені сау кезінде де, ауырғанда да сен әрқашан оны сыйлап, неке адалдыған сақтап, сүйіп, қорғайсың ба? (Иә)

5. а) «Г» Сен Құдайдың алдында және осы отырған көпшіліктің алдында «Ж»-ды Құдайдан келген сый ретінде қабылдайсын ба? («Иә» деген жауап берілуі тиіс.)

ә) Құдайдың киелі атымен тыныштықта да, қиыншылықта да, байлықта да, жоқшылықта да, дені сау кезінде де, ауырғанда да сен әрқашан оны сыйлап, неке адалдығын сақтап, сүйіп, қорғайсың ба? (Иә)

6. Осы уәделеріңнің белгісі ретінде бір-біріңе неке жүзігін салыңдер.

7. Екеуінің қолдарын қосып ұстап, жоғары көтеріп: «Құдай қосқанды адам ажыратпасын!» Бүгіннен бастап сіз екеуіңізді ерлі-зайыпты болды деп Құдайдың атынан жариялаймын! Сіздерді Құдай жарылқасын!

8. Сіздер некелеріңіз қиылып, ерлі-зайыпты болғандықтан мынаны білуге тиіссіздер:

1) «Туысқандарының, әсіресе үй-ішінің қамын ойламайтын адам сенімнен бас тартқан, ол тіпті Құдайға сенбейтіннен де жаман».

1Тим. 5:8.

Бұл аят сіздерге туысқандарыныздың (аға-іні, әпке-қарындас) әсіресе үй ішінің (әке-шеше, әйелің (күйеуің) перзенттеріңнің қамын ойлау қажеттігін міндеттеп тұр.

2) Сендердің әке-шешелерің бұрын біреуден болса, енді екеуден, аға-іні, әке-шешеге бірдей құрмет көрсетіп, жағдайларың келсе материалдық көмек беруге тиіссіңдер, туысқандардың үлкендеріне ізет, кішілеріне қамқорлық көрсетуге тиіссіңдер.

3) Жұмыстан шыққан соң босқа сандалып жүрмей ертерек үйге келіп, табыстарыңды ортаға салып, жанұяларыңның рухани және материалдық жағынан өсіп көркеюіне әрекет жасауға тиіссіңдер.

4) Құдай қаласа, үбірлі-шүбірлі, бала-шағалы боласыңдар. Сол перзенттеріңді өсіріп, білім беріп, үйлендіріп шығарып салуға тиіссіңдер.

9. Соңғы дұға. О, Тәңірміз! Сен маған тапсырған міндетті Сенің еркіңе сай атқарып шықтым. Енді осы екі жасқа ақ батаңды беріп, олардын өмірін молынан жарылқай гөр! Олардың өмірлерінің әділетті, сүйіспеншілікке толы болуына және осы некенің мызғымас берік болуына көмектесші! Иса Мәсіхтің атынан. Аумин!

Қосымшалар:

Дайдың заңдары!

1. Ең басты өсиет: Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл ойыңмен сүй! Мт 22:37.

Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды солай сүй. Мт 22:39.

2. Сенің Меннен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын! Мыс 20:3.

3. Құдайдың жаратқандарына табынба! Мыс 20: 3.

4. Құдайдың атын орынсыз аузыңа алма! Мыс 20:7.

5. Демалыс күнін Тәңірге бағыштауды ұмытпа! Мыс 20:8.

6. Ата – анаңды сыйла! Мыс 20:12.

7. Кісі өлтірме! Мыс 20:13.

8. Неке адалдығын бұзба! Мыс 20:14.

9. Ұрлық жасама! Мыс 20:15.

10. Ешкімді бекерге айыптама! Мыс 20:16.

11. Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба! Мыс 20:17.

12. Шомылдыру рәсімінен өт. Мт 3:16.

13. Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүр! Мт 4:4.

14. Құдай Иеңді еркінсіп сынама! Мт 4:7.

15. Құдай Иеңе ғибадат етіп, жалғыз Оған ғана қызмет ет! Мт4:10.

16. Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Мт 4:17.

17. Күнәларыңа өкін! Мт 5:4.

18. Кіші пейілді бол! Мт 5:5.

19. Әділетті бол! Мт5:6.

20. Мейірімді бол! Мт5:7.

21. Жұрегің таза болсын! Мт 5:8.

22. Татуластырушы бол! Мт 5:9.

23. Құдай заңын бұзба! Мт 5:19.

24. Бауырласыңа кәріңді төкпе! Мт 5:22.

25. Бауырласыңмен татулас! Мт 5:24.

26. Әйелге құмарта қарама! Мт 5:28.

27. Жеңіл жүріске түспеген әйеліңмен ажыраспа! Мт 5:32.

28. Ант етуші болмаңдар! Мт 5:34.

29. Сендердің ия дегендерің, шынымен ия болсын. Жоқ

дегендерің, шынымен жоқ болсын! Мт 5:37.

30. Зұлымдық жасағаннан кек алма! Мт 5:39.

31. Сұрағанға мұқтажын бер! Мт 5:42.

32. Жауларыңды жақсы көр! Мт 5:44.

33. Жауың үшін Тәңірге сиынып мінажат ет! Мт 5:44.

34. Мінсіз бол! Мт 5:48.

35. Қайыр бергеніңді достарыңда білмесін! Көзге түсу үшін

істеме, құпия болсын! Мт 6:1,3.

36. Құдайға мінажат еткенде, өз бөлмеңе кіріп сиын! Мт 6:6.

37. Құдайға сиынғанда көп сөз айта берме! Мт 6:7.

38. Өзіңе жамандық істегенді кешірсең, онда көктегі Әкең сені

де кешіреді! Мт 6:14.

39. Ораза ұстағанда тұнжырама! Мт 6:16.

40. Байлықтарыңды көкте жина! МТ 6:19.

41. Не ішіп жейміз деп уайымдама! Мт 6:31.

42. Құдай патшалығының қамын ойла! Мт 6:33.

43. Басқаларға үкім айтпаңдар! Мт 7:1.

44. Інжу- маржандарыңды шошқалар алдына лақтырмаңдар! Мт 7:6.

45. Құдайдан сұраңдар, сонда Ол сендерге ( мұқтаждарыңды) береді!

Мт 7:7.

46. Барлық істеде, басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер,

сендер де оларға солай істеңдер! Мт 7:12.

47. Тар қақпадан кіріңдер! Мт 7:13.

48. Жалған пайғамбарлардан сақтанып жүріңдер! Мт 7:15.

49. Көктегі Әкемнің еркін орындаңдар! Мт 7:21.

50. Құдайға сенім арт! Мт 8:10.

51. Тегін алдың, тегін беріңдер де! Мт 10:8.

52. Үйге кіргенде, «Осы үйге амандық пен тыныштық болсын!»

деп бата беріңдер. Мт 10:12.

53. Жыландай көреген, көгершіндей ақ көңіл болыңдар! Мт 10:16.

54. Тәнді өлтірсе де жанды өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар!

Мт 10:28.

55. Құдайдан қорқып, Оны терең қастерлеңдер! Мт 10:28.

56. Мені адамдар алдында мойындаған әркімді, Мен де Көктегі

Әкемнің алдында мойындаймын! Мт 10:32.

57. Пайғамбарларды қабылда! Мт 10:41.

58. Исаның шәкіртерін қабылда! Мт 10:42.

59. Исаға деген сеніміңнен бас тартпа! Мт 11:6.

60. Кім Исамен бірге болмаса , сол Оған қарсы! Мт 12:30.

61. Құдайдың Киелі Рухын қорлама! Мт 12:31.

62. Жағымсыз сөз айтпа! Мт 12:36.

63. Исаның жолымен жүр! Мт 16:24.

64. Исаны тыңдаңдар! Мт 17:5.

65. Бала сияқты кішіпейіл бол! Мт 18:3.

66. Ешкімді теріс жолға салма! Мт 18:6.

67. Адамдарды азғырма! Мт 18:7.

68. Кішіпейлділерді менсінбеуден аулақ бол! Мт 18:10.

69. Бауырларыңмен татуласуға әрекет жаса! Мт 18:15.

70. Бауырласыңды кешір! Мт 18:21.

71. Құдай қосқанды ажыратпа! Мт 19:6.

72. Балалардың Исаға келуіне кедергі жасама! Мт 19:14.

73. Ұлы болғың келсе өзгелерге қызмет ет! Мт 20:26.

74. Патшаға салық төле! Мт 22:21.

75. Құдайға ондық бер! Мт 22:21.

76. «Ұстаз» деп аталма! Мт 23:8.

77. Ешкімді рухани «Әке» деп атама! Мт 23:9.

78. «Тәлімгер» деп аталма! Мт 23:10.

79. Бәріне қызмет ет! Мт 23:11.

80. Өзіңді өзің жоғарылатпа! Мт 23:12.

81. Жесірдің ақысын жеме! Мт 23:14.

82. Адамдарды теріс жолға салма! Мт 23:15.

83. Екі жүзділік жасама! Мт 23:29.

84. Ашыққанға тамақ бер! Мт 25:35.

85. Шөлдегенге суын бер! Мт 25:35.

86. Бейтанысқа баспана бер! Мт 25:35.

87. Киімсізді киіндір! Мт 25:36.

88. Ауырғанды қамқорла! Мт 25:36.

89. Түрмеде отырғанға барып тұр! Мт 25:36.

90. Адамдарға жақсылық жаса! Мт 25:40.

91. Азғырылмау үшін сергек болып сиынып мінажат ет! Мт 26:41.

92. Күллі халықтарға барыңдар! Оларды менің шәкірттерім

етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының

атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер! Мт 28:19.

93. Сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға

уйретіңдер! Мт 28:20.

94. Жаман ой ойлама! Мр 7:21.

95. Азғындық жасама! Мр 7:21.

96. Ашкөздік жасама! Мр 7:22.

97. Зұлымдық жасама! Мр 7:22.

98. Алдаушылық жасама! Мр 7:22.

99. Жүгенсіздік жасама! Мр 7:22.

100. Қызғаншақтық жасама! Мр 7:22.

101. Адамдарды жамандама! Мр 7:22.

102. Тәкаппарлық жасама! Мр 7:22.

103. Ақымақтық жасама! Мр 7:22.

104. Әке шешеңді жамандама! Мр 7:10.

105. Құдайдың еркіне лайық өмір сүр,өз еркің бойынша өмір

сүрме! Мр 8:34.

106. Басты болғың келсе, кішік болып бәріне қызмет ет! Мр 9:35.

107. Мәсіх жолында жүргендерге көмектес! Мр 9:41.

108. Мәсіх жолында жүргендерді теріс жолға салма! Мр 9:42.

109. Ешкімнің ақысын жеме! Мр 10:19.

110. Байлықтарыңа сенбе! Мр 10:24.

111. Адамдарды билеп-төстеп қатаң әмірлеріңді жүргізбе! Мр 10:42.

112. Ұдайы сақта сергек болып, Қ

Наши рекомендации