Ипосомальды Амфотерицин В.

ртіп Far-1 2213 Фармакология - 1

П курс

үақыт - 1 сағат

арағанды 2008

Кафедраның әдістемеліқ жиналысында бекітілген

« 05 » 05 2008 ж. № 19 Хаттама

Кафедра меңгерушісі _______________ С.К. Жаугашева

Тақырып:Саңырауқұлақтарға қарсы заттар.

Мақсаты: Студенттерге саңырақұлақтарға қарсы дәрілік заттармен таныстыру олардың негізгі әсерлерін анықтау фармакокинетикасын, фармакодинамикасын, фармакологиялың әсерлерін меңгеру.

Дәріс жоспары:

1. Саңырауқұлақтарға қарсы заттардың заттардың негізгі әсер ету механизмдері.

2. Саңырауқұлақтарға қарсы заттардың анықтамасы. Қолданылуы. Кері әсерлері.

3. Патогенді саңырауқұлақтармен шақырылатын ауруларды емдеуде қолданылатын заттар

4. Полиендер. Анықтамасы. Қолданылуы. Кері әсерлері.

5. Амфотерицин В. Анықтамасы. Қолданылуы. Кері әсерлері.

6. Азолдар. Анықтамасы. Қолданылуы. Кері әсерлері.

7. Аллиламиндер. Анықтамасы. Қолданылуы. Кері әсерлері.

8. Әр түрлі топтағы препараттар. Анықтамасы. Қолданылуы. Кері әсерлері.

Саңырауқұлаққа қарсы заттар

Саңырауқұлаққа қарсы дәрі-дәрмектер немесе антимикотиктер, өте кеңінен тараған әр түрлі химиялық қосылыстардан тұратын табиғи және химиялық синтез жолымен алынатын патогенді саңырауқұлақтарға қарсы белсенділігі бар арнайы заттар. Химиялық құрылымына байланысты оларды бірнеше топтарға бөледі, олар белсенділік спектрі, фарматокинетикасы және әр түрлі саңырауқұлақты инфекциялар кезінде клиникалық қолданылуы бойынша айыпмашылықтары болады.

Соңғы уақыттарда жүйелік микоздардың, оның ішінде адамға қауіп төндіретін түрлері кеңінен таралуының көбеюімен, ол ең алдымен әр түрлі дәрежедегі иммуноссиясы бар науқастардың санының артуына байланысты саңырауқұлаққа қарсы дәрі-дәрмектерді қолдану қажеттілігі артуда. Одан басқа жиі инвазивті медициналық процедураларды және күшті кең спектрлі антибиотиктерді қолданудың да маңызы бар.

1. Патогенді саңырауқұлақтармен шақырылатын ауруларды емдеуде қолданылатын заттар

- жүйелік немесе терең микоздар кезінде (кокцидиоидомикоз, паракокцидомикоз, гистоплазмоз, криптококко, бластомикоз)

антибиотиктер – амфотерицин В, микогептин

имидазол туындылары – миконазол, кетоконазол

триазол туындылары – интраконазол, флуканозол

- эпидермомикоздар (дерматомикоздар) кезінде

антибиотиктер – гризефульвин

N-метилнафталин туындылары – нитрофунгин

Йод препараттары – йодтың спирттегі ерітіндісі

2. Шартты-патогенді саңырауқұлақтармен шақырылатын аурулар кезінде қолданылатын заттар (кандидомикоздар)

антибиотиктер – нистатин, леворин, амфотерицин

имидазол туындылары – миконазол, клотримазол

Бис-төрттік аммоний тұздары – декамин

Саңырауқұлаққа қарсы дәрі-дәрмектердің құрылысы бойынша жіктелуі

Полиендер:

Нистатин Леворин Натамицин Амфотерицин В Липосомальді Амфотерицин В

Азолдар:

Жүйелі қолдану үшін

Кетоконазол Флуконазол Интраконазол

Жергілікті қолдану үшін

Клотримазол Миконазол Бифоназол Эконазол Изоконазол Оксиконазол

Аллиламиндер:

Жүйелік қолдану үшін – Тербинафин

Жергілікті қолдану үшін – Нафтифин

Әр түрлі топтағы препараттар:

Жүйелік қолдану үшін – Гризеофульвин Калий йодид

Жергілікті қолдану үшін – Аморолфин Циклопирокс

Полиендер

Пилиендерге, табиғи антимикотиктерге, нистатин, леворин және натамицин, жергілікті және ішке қолданылатын, көбінесе жүйелік ауыр микоздар кезінде қолданылатын Амфотерицин В жатады. Липосомальді Амфотерицин В қазіргі заманғы күшті жақсы қабылданатын полиендер ішіндегі дәрілік формасы. Осы Амфотерицин В-ны липосомаға инакапсуляция жасап алады, ол өзінің белсенді затын тек саңырауқұлақ клеткасымен жанасқанда бөледі, ал басқа сау клеткаларға интанкті болады.

Әсер ету механизмі

Полиендер концентрациясына байланысты фунгистатикалық және фингицидтік әсер әсер көрсете алады, ол оның саңырауқұлақтың мембранасының эргостеролымен байланысуына байланысты, нәтижесінде оның бүтіндігі бұзылып, цитоплазманың құрамы жоғалып клетканың өліміне алып келеді.

Белсенділік спектрі

Полиендер саңырауқұлаққа қарсы препараттардың ішінде ең кең in vitro белсенділік спектріне ие. Жүйелік қолдану кезінде (Амфотерицин В) оған Candida spp, Aspergillus spp, C.neoformans, микоплазмоз қоздырғыштары (Mucon spp. Rhizopus spp және т.б.) S.schenckci; эндемиялық микоз қоздырғыштары (B.dermatidis, H.capsulamum, C.immitis, P.brasiliensis) және кейбір басқа саңырауқұлақтар сезімтал. Бірақ жергілікті қолданғанда (нистатин, леворин, натамицин) олар көбінесе Candida spp-ға әсер етеді. Полиендер одан басқа кейбір қарапайымдыларға қарсы да белсенділікке ие – трихомонадалар (натамицин), лейшманиялар және амебалар (Амфотерицин В). Полиендерга саңырауқұлақ – дерматомициттер және псевдоаллергия (P.boydii) тұрақты.

Фармакокинетикасы

Барлық полиендер толығымен дерлік АІЖ арқылы қабылдағанда және қолданғанда сіңірілмейді. Амфотерицин В венаішілік қолданғанда көптеген мүшелерге және ұлпаларға (өкпе, бауыр, бүйрек, бүйрекүсті безі, бұлшық еттер т.б.) плевральді, перитеональді, синовиальді және көзішілік сұйықтықтарға таралады. ГЭБ-ден нашар өтеді. Бүйректермен баяу шығарылады, енгізілген дозаның 40%, 7 күн ішінде шығарылады. Жартылай шығарылу уақыты – 24-48 сағат, бірақ ұзақ уақыт қолдану кезінде ұлпаларда кумуляциялануына байланысты 2 аптаға дейінгі ұзаруы мүмкін. Липосомальді Амфотерицин В-ң фарматокинетикасы толығымен анықталмаған. Оның қанда стандарттыға қарағанда жоғары пиктік концентрация туындатуы туралы мәліметтер бар. Ол буйрек ұлпасынан дерлік өтпейді (сондықтан нефротоксикалығы төмен). Жоғары кумулятивті қасиетке ие. Жартылай шығарылу уақыты орташа 4-6 күн, ұзақ уақыт қолданғанда 49 күнге дейін ұзаруы мүмкін.

Жағымсыз раекциялары

Нистатин, леворин, натамицин

(жүйелік қолданғанда)

АІЖ: іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея

Аллергиялық реакциялар: бөртпе, қышыну, Стивенс-Джонс синдромы

(жергілікті қолданғанда)

Теріні және шырышты қабаттарды тітіркендіріп күйдіру сезімін қалыптастырады.

Амфотерицин В

Венаішілік инфузияға реакциясы: қалтырау, дірілдеу, лоқсу, құсу, бас ауру, гипотензия. Алдын-алу шаралары: стероидты емес қабынуға қарсы заттар және гистаминге қарсы дәрілік заттарды енгізу арқылы премедикациялау.

Жергілікті реакциялар: инфузия орнында ауырсыну, флебит, тромбофлебит,.

Алдын-алу шаралары: гепарин енгізу

Буйректер: қызметінің бұзылысы, диурез төмендеуі немесе полиурия. Бақылау шаралары: несептің клиникалық анализін мониторингтау, одан кейін аптасына 2 реттен көп емес. Алдын- алу шаралары: гидратация, босқа нефротоксикалық дәрілік заттарды шектеу.

Бауыр: гепатотоксикалық эфекті болуы мүмкін.

Бақылау шаралары: клиникалық және лабороторикалық мониторинг.

Электролит баланысының бұзылысы: гипокалиемия, гипомагнемия. Бақылау шаралары: қан сарысуындағы электролит концентрациясын аптасына 2 рет анықтау.

Гематогиялық реакциялар: жиірек анемия, сирек лейкопения, тромбоцитопения. Бақылау шаралары:қанның клиникалық анализы тромбоцит санын анықтаумен аптасын 2 рет анықтау.

АІТ: іштің ауруы,анорексия,лоқсу,құсу,диария.

Жүйке жұйесі: бас ауруы, бастың айналуы парездер, сезмталдықтың бұзылуы, тремор, тырысулар.

Аллергиялық реакциялар: бөртпе, қышыну, бронхоспазм.

Липосамальды Амфотерицин В

Стандартты препараттармен салыстырғанда жиі анемия, қызба, қалтырау, гипотензия туыдатады, нефротоксикалылығы төмен.

Қолдануға көршеткіштер:

Нистатин, леворин. Тері ланлидозы, ауыз қуысы және жұтқыншақ, ішек кандидоздары. Кандидозды вульвовагинит. (профилактикалық қолдану тиімсіз!)

атамимицин.

Тері, ауыз қуысы, жұтқыншақ, ішек кандидозы. Кандидозды вульвовагинит. Кандидозды баланопостит. Трихмонадалы вулвовагинит.

Амфотерицин В

Жүйелік миноздардың ауыр формалары.

Тері және шырышты қабаттардың кандидозы (жергілікті). Лейшманиоз. N.fowleri туындататын, біріншілік амебалы менингоэнцефалит.

ипосомальды Амфотерицин В.

Бүйрек жетіспеушілігі бар науқастардағы жүйелік миноздардың тиімсіз кезінде, оның нефротоксикалығында немесе венваішілік инфузияға айқын реакцияларда премединациямен басылмайтын жағдайларда.

Қарсы көрсеткіштер

Барлық полиендер үшін Полиен тобындағы препараттардарға аллергиялық реакция кезінде.

Наши рекомендации