Бангиялар -Вangiophyceae класы
Бұл класқа қарапайым кұрылымды бір клеткалы, қауымды, көп клеткалы, трихальды, гетеротрихальді пластинкалы, паренхиматозды құрылымдары бар балдырлар жатады. Қабатының өсуі қабаттағы барлық клеткаларының бөлінуі арқылы болады. Клеткалары бір ядролы, хлоропласты біреу не бірнеше жұлдыз табақша, қалақша, пластинка пішінді. Клетканың орталық бөлімінде орналасатын бір пиреноидты болады. Клеткаларының арасында ұсақ саңылаулары болмайды.
Вегетативтік көбеюі клетканың бөлінуі, қауымының ыдырауы, бөшектенуі, акинеталар, ал жыныссыз көбеюлері моноспоралар арқылы болады. Моноспоралары мен кара споралары жалаңаш амебоидты. Жынысты көбеюі күрделі құрылымды өкілдерінде ғана болады. Аналық жыныс органы карпогон трихогинасыз не болмаса қысқа, кішкене өсінді. Зигота тұтас карпоспораға айналады.
Қарапайым өкілдері тұщы суда, жер бетінде тіршілік етеді. Кейбір түрлері теңіз жағалауларында кездеседі. Бұл класс 6 қатарға бөлінеді.
Порфиридиялықтар-Роrphyridialesқатары - бір клеткалы, шар не эллипс пішіндес кілегей жиынтығын құрайтын балдыр. Вегетативтік көбеюі жай екіге бөліну, кейде акинеттер арқылы болады. Моноспора не автоспора арқылы жьныссыз көбейеді. Басым көпшілігі тұщы суда және жер бетінде тіршілік етеді, негізгі өкілі - порфиридиум- Роrphyridiит. Дөңгелек жеке клетка, кейде кілегейлі қауымға жиналады. Клетка қабықшасы жиі болмайды, оның қызметін нашар байқалатын кілегейлі қабат атқарады. Хлоропласты жұлдыз пішінді, біреу. Оның қан қызыл қабықша тәрізді пленкасы топырақ бетіне не дымқыл қабырғаларға, теңіз жиектеріндегі тастарға бекініп тіршілік етеді. Қор заты - багрянка крахмалы дән түрінде хлоропласттың маңында жиналады. Клетканың екіге бөлінуі не акинеттер арқылы көбейеді, кейде моноспора құрулары да байқалады. Жынысты көбеюі болмайды.
Цианидиум-Cyannidiumкөпшілік жағдайда шар формалы, бір клеткалы, клетка қабықшасы жұка, табақ пішінді бір хлоропласты болады. Кейде кілегейдің ішінде клетка жиынтығын құрайды. Тетраэдрлі эндоспора құру арқылы көбейеді. Дымқыл таста көгілдір жасыл, сирек күңгірт жасыл түсті жұқа кілегейлі қабықша түрінде кездеседі.
Бангиялыктар-Bangialesқатарына көп клеткалы, паренхиматозды, бір не көп қатарлы трихальды, гетеротрихальді, пластинкалы бір не екі қабатты балдырлар жатады. Қабатының өсуі интеркалярлық. Клеткалары бір-бірімен саңылау өсінділері арқылы байланысады. Көпшілігінде жұлдыз не пластинка, не лента тәрізді бір, сирек бірнеше хлоропласты болды. Пиреноидтары біреу, кейде болмайды.
Көбеюі вегетативті, жыныссыз, жынысты. Вегетативтік көбеюі қосымша өркендері арқылы болады.Барлық вегетативтік клеткалардың не оның белгілі бір бөлімінің өзгеруі арқылы жыныссыз көбеюге қызмет ететін жалаңаш моно-, не полиспоралар пайда болады. Жынысты көбеюі оогамиялы. Жыныс органы кез келген вегетативтік клеткадан дамиды. Оогоний вегетативтік клеткадан түзілсе, сперматангия оның екінші рет бөлінуінен түзіледі. Трихогинасы болмайды. Ұрықтанған карпогоннан 4-64 жалаңаш карпоспора кұралады. Гетероморфты ұрпақ алмасуы болады. Басты өкілдері бангия Ваngia мен порфира Роrрһуra. Бангияның ересек түрі көп қатар. клеткалардан құралған тарамдалған жіптесінді, сорғыштары арқылы бекініп тіршілік етеді. Теңіз суларында кездесетіні жоғарғы литеральды, жиектерде таралған, ал тұщы суда кездесетіндері өзен суының эстуария (су басып кететін өзеннің сағасы) зонасында қоңыр және күлгін түсті жіпшелері жиынтығын кұрайды. Порфира- Роrрһуra ірі, нәзік, жапырақ пішінді. Порфираның алғашқы дамуы бірқатар жіптесінді формадан басталады. Клетка жіпшесі бірнеше бағытта бөлінуіне байланысты бір қабатты не екі қабатты жапырақ пішінді пластинка түзеді. Төменгі жағы жіңішкеріп, сабақша тәрізді сорғышы бар ризоидқа ауысады да, бекініп тіршілік етеді. Балдырларда тіршілік ететін порфираның ризоидтары кейде иесінің тініне еніп жатады. Моноспалар арқылы жыныссыз көбейеді. Жынысты көбеюдегі үрпак алмасуы гетероморфты. Макроскопиялы пластинкалы және жіптесінді қабаттары гаметофит болып есептеледі де, спорофиті микроскопиялық курылымды молюска қабыршағында тіршілік ететін бірқатар жіптесінді қызыл түйін түрінде болады. Оны көп уақыт бойы Conchoselis rose деген атпен басқа балдыр есебінде қарап келді. Хло- ропласты пиреноидсыз. Жыныссыз көбеюі гаметофиттен өсетін моноспора және спорофиттен дамитын конхоспора арқылы жүзеге асырылады. Өкілі Роrрһуra - аса маңызды А, В, С витаминіне бай тамақтық және дәрілік өсімдік.