Дәріс 3. Диатомды –Diatomophyta балдырлар бөлімі 4 страница
|
Аз уақыт қозғалыстан кейін талшығын тастап қабыққа оранады да, әр түрлі жынысты гаплоидты дарақ - гаметофитке айналады. Алайда, ол сыртқы пішіні жағынан зооспорангия түзілген өсімдікке ұқсас болғанымеи, оның бүйірлік қысқа бұтақтарынан көп ұялы гаметангия түзіледі. Гаметангиядан көптеген изогаметалар дамып жетіледі де, сыртқа шығады. Гаметалар көлемі жағынан бәрі бірдей.
Гаметалардың біреулері тоқтайды да, қалғандары оны айналып жүреді, айналып жүрген гаметаның біреуі тоқтаған гаметаны ұрықтандырады. Сондықтан айналып жүрген гаметаны аталык, ал тоқтаған гамета аналық деп қаралады. Зигота қабықпен қапталып, тоқтаусыз өсіп, зооспорангия дамитын диплоидты дарақ береді. Сөйтіп, мұнда ульва балдыры сияқты спорофит сыртқы құрылымы жағынан гаметофитке ұқсас келеді.
Эктокарпуста даму кезеңі изоморфты не гетероморфты болуы мүмкін, ал жынысты көбеюі изогамия. Әр түрлі көбею органдары мен даму кезеңдерінің өзгеруінің болуы, осетін аудандарына байланысты. Ақ теңіз жағалауында өсетін эктокарпустар тек көп ұялы спорангиясы бар спорофитті түрлер. Ал Неаполь маңайында кездесетін эктокарпустарда қыста гаплоидты зооспора дамитын бір үялы спорангиясы бар диплоидты өсімдік өссе, жазғытұрым көп үялы қуысы бар гаплоидты өсімдік оседі. Көп ұялы қуыстарда пайда бо- латын зооидтер бірде гаметалардың, зооспоралардың міндетін атқарады. Жазға қарай бұл өсімдік бір ұялы жэне көп ұялы спорангия дамитын диплоидты дараққа айналады.
Бір ұялы спорангиядан шығатын зооспоралардан дамитын гаметофиттер кысқа қарай диплоидты спорофитпен алмасады. Бір ұялы және көп ұялы спорангиялардан пайда болатын зооспоралардың құрылыстарында айыр- машылықтары болады, бірақ көзшесі мси талшықтары бірдей. Бір ұялы спорангиядан түзілетін зооспоралар ірілеу келеді жэне жай қозғалады, сондықтан бағытын сирек өзгертеді.
Энтонема-Еntоnеmа туысы басқа балдырлар қабаттарында тіршілік етеді. Оның жіпшесі қожасының клетка аралықтарында өседі. Көбею органдары мен түктері топталып қожасының эпидермис клет- касының астындағы қабаттан өсіп, эпидермия қабатын жыртып, сыртқа шығып тұрады. Бір ұялы жэне көп ұялы қуыстар эр түрлі қожалардың қабаттарында дамиды. Бұл қатарға қоңыр салқын ендікте, тұщы суда кездесетін Вodапеlla Lauterbornii балдыры да жатады.
Сфацеляриялықтар- Sphacelariales қатарына биіктігі бірнеше мил- лиметрден 30 см-ге дейін баратын цилиндрлі бұтағы бар қатты бұталы балдыр жатады. Басқа бал-дырлардан айырмашылығы — әрбір бұтақша ірі клеткалармен аяқталады. Бұтақшаларының өсуі оның ұшындағы клеткаларының ұзарып, көлденең екіге бөлінуі арқылы болады. Ал оның төменгі клеткасы тағы көлденеңінен екіге бөлінеді де, одан соң бойлай бөліну арқылы қабат құрайды. Жетілген бұтақшалардың ортаңғы бөлімі ірі түссіз клеткалардан кұралса, ал сыртқы қабаты бір немесе бірнеше қабаттан тұратын көптеген хлоропласттары мен физоидтары бар боялған түсті клетка- лардан түзіледі. Сфацеляриялықтар қабатының өсуі екі жолмен жүреді. Бірінші қабықтық қабат клеткаларының өсуі мен көбеюінің арқасында екінші қабықтық қабат түзіледі. Екінші жағдайда кейбір қабықтық клеткалар өсе келе жіңішке жіпшелер - ризоидтар береді. Олар негізгі бұтақшаларды орай өсіп, қалың ризоидальды қабық құрайды. Сфацеляриялықтар қатарының негізгі бір ерекшелігі - табаны бірнеше қабат клеткалардан құралған қабыққа ұқсас пластинкадан тұрады.
Көбеюлері вегетативті, жыныссыз және жынысты жолмен өтеді. Вегетативтік көбеюі арнаулы бүршіктері жне төселіп өсетін жіпшелері арқы- лы болады. Бұларда изоморфты ұрпақ алмасуы бар. Диплоидты спорофитте бір ұялы жэне көп ұялы спорангиялар дамиды. Көп ұялы спорангияларда дамитын зооспоралардан диплоидты өсімдік өседі. Редукциялық бөліну бір ұялы спорангияларда өтеді. Гаплоидты зооспоралардан көп ұялы қуыстар өсетін гаметоспорофит дамиды. Бұлардан түзілетін зооидтерден бірден жаңа дарақ өседі, болмаса гаметалар сияқты бір бірімен қосылуы болады. Гаметалардың формасы жағынан бір-бірінен айырмашылығы болмайды, тек физиологиялық айырмашылғы бар. Гаметалардың қосылуы тек аналық гамета қозғалысын тоқтатқаннан кейін ғана болады. Жынысты көбеюі изогамия, сирек гетерогамия. Гетерогамиялық жолмен көбейген уақытта гаметалар әр түрлі көп ұялы гаметангиялардан дамиды. Кейбір түрлерінде оогамиялық жыныс процесі байқалады.
Сфацелярия - Sрһасеlагіа туысы - барлық теңіздерде тараған. Биіктігі 4 см-дей, гетеротрихальды қабаты бар балдыр. Төселіп жэне жоғары қарай тік өсетін жіпшелерінің өсу нүктесі тек төбе жағында. Вегетативтік көбею қысқа үш жақты тармақталған бүршіктер арқылы болады. Олар аналық қабаттан үзіліп түсіп, өсе келе жаңа дарақ береді. Sрһасеіагіа fluvіatis түрі қоңыр салқын ендіктің тұщы суында кездеседі. Қалған тұщы суда кездесетін Ріеикосlаdiа, Heribaudiella6, Streblonemaқоңыр балдырлары Chordarialesқатарына жатады.
Кладостефус-Сladostephusтуысы - Қара теңізде жиі кездесетін, ұзындығы 20 см-ге дейін баратын бунақталған балдыр. Оны орақ тәрізді иілген, ұзындығы 2 мм-дей шоқтанған бұтақшалар қаптап жатады.
Жалпы сфацелярия балдырлары тастарға жэне басқа балдырларға бекініп тіршілік етеді. Тіпті кейде көпжылдық балдырлардың сабағына оратылып, қаптай жатады. Кейбіреулері эндофитті түрде басқа балдырлардың ішіне қарай өсінділер беріп өседі. Мұндай түрлерінің тік өсетін өскінділер кейде жетілмейді.
Кутлериялыктар-Сutlerialalesқатары трихотталликалық өсуімен сипатталады. Пластинкалы қабаттарының ұштарында немесе бұталарының жоғарғы ұшында базальды өсу зонасы бар көп клеткалы түптері орналасқан. Ол түктер өсу зонасынан төмен жатқан жерінен бір-бірімен қосылып өседі де, парепхиматозды тығыз қабат қүрайды. Кутлериялықтардың ересек бөлімдерінен боялған уақ хлоропласттарға бай клеткалардан құралған қабықтық қабатты және ірі түссіз, клеткалардан түзілген өзектік қабатты байқауға болады. Бұлардың қабаты төселіп өсетін қабық тәрізді немесе тік өсетін көп тармақты пластинкалы болып келеді. Кутлериялықтарда гетерогамиялық жыныс процесі болады. Даму кезеңінде диплоидты спорофит біркелкі не әр түрлі құрылысты гаплоидты гаметофитке алмасады. Кутлерия-
Сиtlеrіатуысында гетероморфты ұрпақ алмасу болады. Гаметофит дамитын қабат біржылдық, бұтақтанған биіктігі 15 см-ге жететін тік өсетін өсімдік. Ал спорофит біржылды не көпжылдық қыртысты қабық диаметрі 5 см-ге жететін қабаттан тұрады.
Жыныс органдары гаметангияларда дамиды. Көп ұялы гаметангия тармақталмаған не тармақталған бір қатар клеткалардан құралған өсінділерден тұрады. Гаметангиялар әр түрлі дарақтардан дамиды, екі үйлі. Аналық гаметангиялар аталыққа қарағанда ірі ұяларда өседі.Сондықтан аналық макрогаметалар аталық микрогаметаға қарағанда ірі келеді және бірнеше хлоропласттары болады, жай аз уақыт қозғалады. Гаметалар үялардың тесіктері арқылы сыртқа босап шығады. Аналық гамета жерге не басқа балдырға бекінгеннен кейін ғана аталық гаметамен қосылады. Ұрықтанбай қалған аналық гамета партеногенез жолымен дамиды. Ұрықтанған аналық клетка өсе келе «алақандай» үлкен қыртысты қабыққа ұқсаған қабатқа айналады. Мұны көп уақыт бойы Аглаозония туысы деп атап келді.Оның қабатының жоғарғы қабатынан бір ұялы спорангиялар дамитын топталған сорустар өседі.
Мейозды бөлінуден кейін спорангиялардан 4-тен 32-ге дейін гаплоидгы зооспоралар түзіледі. Біраз уақыт қозғалыстан кейін тоқтап, жыныс органдары дамитын гаплоидты өсімдіктер береді. Сонымен, мұнда сыртқы құрылысында айырмашылығы бар жынысты ұрпақ пен жыныссыз ұрпақ алмасып отырады. Жынысты ұрпақ жыныссызға қарағанда басым болады.
Диктиоталықтар-Dictyotalesқатарына дихотомиялы бұтақтануы мен апикальды өсуі арқылы сипатталатын, биіктігі 5-50 см-ге дейін жететін, пластинка пішінді тұтас не бөлшектерге бұтақтанған я болмаса шанышқы тәрізді бір жазықтықта тармақталып келген өсімдіктер жатады. Бұтақтарының ұш жақтары қалақтанып тілімделген пластинкалы. Микроскоппен қараған уақытта көлденең және бойлай бір қатарда жатқан клеткалар көрінеді. Бұлай клеткалардың дұрыс жатуы ірі арнаулы клеткалардың белгілі бір жазықтықта бөлінуіне байланысты. Ондай клеткалар диктиотада бұтактың жоғарғы ұшында орналасады немесе кабаты пластинкалы болып келетін түрлерінде жоғарғы қабаты бір қатар клеткадан құралады.
Диктиоталылардың жыныссыз көбеюі қозғалмайтын 4 ірі тек зонаря сияқты түрлерінде ғана 8 тетраспоралар болады. Басқа қоңыр балдырлар сияқты тетраспорангиядан түзілетін тетраспоры бір үялы спорангияның редукциялық бөлінуінен кейін түзіледі. Тетраспорангиялар қабаттың жоғарғы жағында топталып орналасады. Жынысты көбеюі - оогамиялық. Оогоний мен антеридилер әр дарақтардың жоғарғы қабатында топталып жатады. Оогониден бірден жұмыртқа клетка пісіп жетіледі. Антеридий тік және келденең 150-1500-ге дейін камераға бөлінеді. Әрбір камерадан бірден антерезоид өседі. Басқа қоңыр балдырлардың зооспоралары мсн гаметаларынан антерозоидтың айырмашылығы - бір ғана талшығы болады. Диктиоталарда спорофит пен гаметофиттің құрылысы бірдей, яғни изоморфты ұрпақ алмасуы болады. Диктиота-Dісtуоіа туысы Қара теңізде, Атлант мұхитында көп тараған. Қабаты жалпақ, дихотомиялы бұтақтанған, цилиндр формалы, ризоидтары арқылы төсемікке бекінетін, спорофиті мен гаметофитінің сыртқы пішінінде айырмашылығы болмайтын балдыр. Әрбір бұтаның ұшында бір ірі төбе клеткасы болады, осы клетканың ұзынынан және көлденеңінен бөлінуіне байланысты қабат ұшынан екі жаққа бірдей ұзарып өседі. Диктиотаның жетілген қабаты үш қабатты клеткалардаң тұрады. Ортаңғы бөлімі ірі, түссіз не аздаған хлоропласттары бар, оны жан-жағынан көптеген хлоропласттары бар уақ клеткалар қоршап жатады. Диктиота екі үйлі өсімдік. Спорофитте өсетін тетраспорангиядап редукциялық бөлінудің нәтижесінде пайда болатын қозғалмайтын 4 гаплоидты тетраспора арқылы жыныссыз көбейеді. Тетраспорадан құрылымы жағынан алғашқы өсімдіктен ешқандай айырмашылығы жоқ жаңа гаплоидты аталық жэне аналық өсімдік — гаметофиттер өседі. Бұл өсімдіктерден жыныс органдарының элементтері - гаметалар дамиды. Гаметофиттің бір дарағынан көп мөлшерде сперматозоидтары бар антеридилер, екінші біреулерінен жұмыртқа клеткасы дамитын бір клеткалы оого- нийлер өседі.
Ұрықтанудың нәтижесінде пайда болған зигота тыныштық кезеңін өтпей-ақ тоқтаусыз өсіп, жаңа өсімдікке айналады. Бұл өсімдік тетраспора дамитын спорофит болып есептеледі. Сонымен, диктиотада морфологиялық құрылымы жағынан (бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқ, тек физиологиялық, цитологиялық айырмашылығы бар жынысты және жыныссыз ұрпақ ауысу байқалады. Жынысты ұрпак гаметофит гаплоидты, ал гаметалардың үрықтануынан пайда болған зигота, одан өскен жаңа өсімдік, яғни жыныссыз ұрпақ спорофит-диплоидты. Спорофитте түзілетін тетраспорангиядан тетраспора, одан өсетін аталық және аналық, гаметофиттер гаплоидты.
Падина-Раdіnатуысы - Қара теңізде жаздың екінші жартысында өсетін желпуіш пішіндес сарғыш-сұрғылт түсті қабаттан тұратын, ұзындығы 20 см-ге дейін баратын, диктиота сияқты ұрпақ алмасуы болатын өсімдік, бірақ диктиотадан айырмашылығы падина бір үйлі, яғни оогоний мен антеридий бір өсімдікте дамиды. Падина таломының бір жақ беті кальций карбонатымен безенген, соған орай ақшылдау келеді.
Падинаның ішкі жағы үш-төрт кабатты түссіз клеткадан тұрады. Оны сырт жағынан бірқатар боялған уақ клеткалар қоршап жатады.