Гельминтоздардың ларвоскопиялық балау әдістері.

31. Жануарлар фасциолезін тірі кезінде және өлгеннен кейін балау.Фасциолезді балау және ветсан шаралары.Фасциола құртының аралық және ақтық ие орг. тіршілік мерзімі, таралу деңгейі. Фасциолез – жіті немесе созылмалы өтетін, бауырдың зақымдануымен, дененің сарғыш тартуымен, ас қорыту жүйесінің бұзылуымен сипатталатын үй және жабайы жануарлардың трематодоз ауруы. Кей кездері трематодоз адамға да қауіпті. Сорғыш құрттар өт жолдарын мекен етеді.Кәдімгі фасциола-жапырақ тәрізді, ұзн 2-3 см, ені 0,8-1,2 см. Құрттың тұмсық жағы сәл шығыңқы келеді де, көптеген тікенекшелермен жабдықталады. Ауыз бен құрсақ сорғыштарының арасы жақын орналасқан. Ішкі мүшелері: тармақталған, ішегі қос жынысты ағзалары бар. Денесінің тұтастай ортасын екі ен алып жатады да, сыртқы екі шетін уыздық жайлайды. Жатыры, аналық мүшелері сорғыштың алдыңғы жағында болады.

Алып фасциола-сүлік сияқты ұзынша келеді. Тұрқы 0,5-1,5х 3,5-7,5 см болады. Ішкі мүшелерінің орналасуы кәдімгі фасциоланыкіндей, айырмашылығы шамалы.

Даму айналымы:жұмыртқа– мироцидий– спороциста– редий– церкарий– адолескарий. Fasciola hepatica, Fasciola gigantica биогель-минттер. F. hepatica аралық иесі кіші тоспа ұлу, ал F.gigantica үлкен тоспа ұлулары. Суға түскен фасциола жұмыртқасында 15-30оС температурада 2-3 апта өткенде мирацидий дамиды. Ол суға шығып 2-3 тәулікте ұлудың денесіне еніп 15-20 күннен кейін редияға (1мм), ал 35-40 күннен соң церкарийге айналады. Ұлу денесінен шыққан церкарий су жиегіндегі өсімдікке бекінген соң капсула-циста құрады да, адолескарийге айналады. Инвазиялық личинка – адолескариидің екі емізігі, ішегі мен экскреторлық көпіршігі болады. Адолескарийлер еліміздің оңтүстігінде 250-300 күндей тіршілігін сақтайды, кейде қыстап шығады. Ішке түскен адолескарий гематогенді жолмен немесе ішек қабаты құрсақ қуысын бойлай бауырға жетеді де, паренхимида 35-40 күн жетіліп, 4 аптадан соң өт жолдарына ауады. 3-4 айдан соң маритаға айналады. Бауырда 5 жылдан астам уақыт тіршілік етеді. Фасциолезге 40-тан астам сүтқоректілер, соның ішінде қой, ешкі, ірі қара мал, түйе, сирек жылқы, шошқа, бұғы, қоян бейімділік танытады. Ауру Қазақстаннан басқа, Франция, Англия, Куба, Оңтүстік Америка, Кавказ бен Орта Азия елдерінде кеңінен тіркелген.

Республиканың оңтүстік жылы аймақтарында жылдың барлық маусымында тіркеледі. Бұл гельминтоз, әсіресе көлшікті, сазды, ылғалды алқаптарда және жаңбырлы жылдары көп кездеседі. Аталған сулы мекендерде фасциоланың жұмыртқасымен адолескарий ұзақ уақыт мерзім өлмейді де, сондай- ақ мұндай биотоптарда сорғыштардың аралық иелері ұлулар жаз айларында тез көбейеді. Балау: Гельминтоовоскопия- нәжісті зерттеу, оның ішінен фасциоланың жұмыртқасын іздеу үшін неше түрлі әдістер қолданылады. Оның ішінде тәжірибеде жиі қолданылатыны шөгеруәдісі. Демидовтың және Вишняускастың әдістері. Алдын – ала сақтандыру шаралары:Фасциолезбен күресу жолындағы кешенді жүргізілетін көптеген шаралар бар. Оларға мыналар жатады:

Басқа жерден әкелінген малды бір ай бойы карантинге ұстап, олардың барлығын копрологиялық тексеруден өткізеді, дегельминтизациядан кейін ғана отардағы басқа малдарға қосуға болады.

32. Жануарлар дикроцелиозын тірі кезінде және өлгеннен кейін балау. Дикроцелиозды балау және ветсан шаралары.1. Дикроцелиоз – созылмалы ағымда үй және жабайы жануарларда тіркелетін гельминтоз. Ауруға 70-тен астам жануарлар, соның ішінде негізінен күйістілер бейім. Дикроцелиозбен адам да ауырады.2. Қоздырушысы - Diсrосоеlium lаnсеаtum трематодасы Dicrocoeliidae тұқымына жатады. Ұзындығы 1см, ені 2 мм, ланцеттәрізді. Ауыз бен құрсақ емізіктері бірдей және жақын орналасқан. Аталық бездері құрсақ емізігінің артында жайғасқан. Маританың бүкіл артқы жағын жатыры алып жатады. Жұмыртқалары ұсақ, қоңыр түсті, қалың қабықты, бір полюсінде бүртігі болады.3. Даму биологиясы. Биогельминт. Дикроце­лийлер үш иенің қатысуымен: дефинитивтік (сүтқоректілер), аралық (құрлық ұлулары) және қосымша (құмырсқа) дамиды. Ересек сатысы бауырдың өт жолдары мен өт қабында мекендейді. Ішінде дамыған мирацидиі бар сыртқа тасталған жұмыртқаны құрлық ұлуы жұтып, оның денесінде спороциста-редия-церкарий сатылары дамиды. Ұлудың кілегейлі затымен сыртқа бөлінген церкарийлерді құмырсқалар жұтады да, олардың құрсағында метацеркарийге дейін жетіледі. Осындай метацеркарийлермен залалданған құмырсқаны күйістілер жұтқанда олардың қанымен бауырға жеткен мирацидий 1-1,5 ай өткенде маритаға дейін жетіледі. 4. Эпизоотологиялық деректер. Жануарлар негізінен жайылымда көктем мен күзде дерттенеді. Әдетте көктемде қыстап шыққан құмырсқалар инвазия көзі болып табылады. Күзге қарай аурудың шегіне жетуіне таңертеңгілік мезгілде өсімдіктің сабағында түнгі суықтан жансызданып қалған құмысқалар себеп болады. Ғылыми деректер бойынша бір уақытта бір құмырсқада 250 жуық метацеркарийлер табылған. Құмырсқалардың залалдануы (экстенсинвазивтігі 43%), ал ұлулардың залалдануы 3-58% ғылымға белгілі. Дикроцелий жұмыртқалары сыртқы орта факторларына төзімді. Мысалы, 50°С ыстықтан 500С суыққа дейінгі температурада бірнеше апта бойы сақталған. 5. Сыртқы белгілері. Құрт саны малда аз болғанда ауру субклиникалық түрде өтеді. Инвазия интенсивтілігі жоғары болғанда асқорыту жүйесі қызметі бұзылып, күйзелу, іш өту бітелуімен алмасады, жалқаяқтар пайда болады. Мал арықтайды. Бауыр тұсы басқанда ауырсынады. Мал өнімі төмендейді. Буаз саулықтар іш тастайды.6. Диагнозды біртіндеп шаю және 64% гипосульфиттің ерітіндісімен флотациялау арқылы қояды. Өлген малда дикроцелийді өт жолдарында анықтау арқылы дәлелдейді.7. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Бауыры ұлғайған, өт жолдары қабынған, өт қышқылы қоңыр-жасыл түсті. Созылмалы дикроцелиозда билиарлы цирроз, интерстициальный гепатит, кейде бауыр атрофиясы дамиды. Тері асты шелі ісінген, жалқаяқтарға толы болады.8. Емдеу. Гексихол (0,3-0,4 г/кг), әр малға жеке, жеммен 1:8-1:10 арақатынаста; Панакур (0,1 г/кг) жеммен 1:10, екі рет (интервал 24 сағат), тафен (0,21г/кг), бір рет; сульфен ірі қараға 20-30 мг/кг, қой-ешкіге 50-75 мг/кг, диамфенетид 18% суспензиясын 1,5 мг/кг ауыздан береді.Профилактикалау басқа да трематодоздағыдай ақтық, аралық қосымша иелерінің қатысуымен дамуын ескере жүргізіледі.

Наши рекомендации