Уық асты без рагын емдеу әдістері
Ең тиімді келеді, егер олар ісік ауруының өсу сатысына тікелей байланысты болса. Оны жоспарлау кезінде, ағза мен ісіктің биологиялық ерекшеліктерін ескеру керек.
Ісіктің түйінді түрін емдеу кезінде, мына емдер өте тиімді келеді:
· мүшені тұтас сылу (простатоэктомия),
· алыс қашықтықтан сәулемен емдеу,
· брахиотерапия
І. Мүшені тұтас сылу - радикалды простатоэктомия, рактың І-ІІ өсу сатысында қолданылады. Операция көлеміне: безбен қоса, ұрық көпіршіктері, без бөлігіндегі үрпі, қуықтың мойны, және де жамбас қуысындағы лимфа бездері жалпы жамбас артерия тұсынан басталып, ішкі және сыртқы жамбас артериясы, жамбас тесігін бітейтін аймақтардағы май қабаттарымен қоса сылынады. Операция кезінде, лимфа бездерін сылу алдында, жедел морфрологиялық зерттеуден өткізіледі.
Ісік түйінінің көлемі Т1с және Gleason индексінің қортындысы <10нг/мл-дай болса, онда жамбас лимфа бездері сылынбайды. Без антигенінің деңгейі 2-4нг/мл-ден аспаса және ісік клеткаларының пісіп-жетілуы жоғары деңгейде болса, онда болжам жақсы болады
Радикалды простатэктомия (№10- сурет) кезінде жүйке талшықтары көп зақымдалмаса еркектің жыныстық қызметі бұзылмайды, бірақ операциядан кейін рактың қайта қозуы жиі кездеседі.
Ісік клеткасы пісіп-жетілмеген болса, мүшенің төбесі зақымданса және ісік түйіні мүшеден қолға сезіліп тұрса, онда жүйкелерді сақтайтын операция қолданбайды.
2. Сәуле әдісіде радикалды емге жатады, оның нәтижесі операциядан кем емес. Науқастардың 5 жылдық өмір сүруі 40-60,0%ға жетеді. Алыс қашықтықтан беретін сәуле емі, операция жасауға болмайтын науқастарға, немесе операцияға келісімін бермегендерге қолданылады. Стандарттық доза: ісікке 2 Гр күніге, жалпы сәуле мөлшері 65-70 Гр, ал жамбасқа 44-45 Гр беріледі. Көбінесе ол екі деңгейде, әуелі 40 Гр беріліп, науқас 3 аптадай дем алады, содан кейін қалған дозалар (30-35 Гр) беріледі.
3. Брахитерапия - ұлпа не тін ішінен сәулелендіру, онкологиялық орталықтарда, арнайы аспаптар мен қондырғылардың көмегімен жүргізіледі.
Оны қолдану көрсеткіштері:
· ісік түйіні Т1-Т2а, Gleason индексі-2-6, без антигені қанда <10нг/мл болса, онда жеке ем ретінде қолданады,
· сыртқы сәуле емінен кейінде ол қолданады,
· Т2б,Т2с, немесе Т1 деңгейде болса,
· Gleason индексі 8-10
· без антигені қанда, 20нг/мл-ден жоғары болғанда.
Оған қарсы көрсеткіштері:
· науқастың емнен кейінгі өмір сүру мерзімі (5жылдан кем) және ол
· күдікті болса,
· ТУР операциясынан кейін ұзақ уақытқа созылатын, бітпейтін ойық жара болса,
· операция өте қауіпті келсе.
Шартты түрде брахитерапияны қолдануға болмайтын жағдайлар:
· қуық асты без көлемі үлкен болса (>60см3 ),
· бездің ортаңғы жері үлкейіп, артық шығып тұрса,
· ұрық көпіршіктері қосымша ісікпен зақымданса.
Брахитерапия кезінде безден тыс 1-2см қашықтықта орналасақан тіндер де сәулеге түседі (ата безі).
Сәуле орташа есеппен 8,5 Гр шоқтары мүшеге түседі, оның ауытқуы ±10,0% болады. Оны тиімді қолданған кезде де, сәуле шоқтары 30,0% жан-жақа тарайды.
№10- сурет. Радикалды простатэктомия
5. Емсіз тек белсенді бақылау. Ісікқарт адамдарда жиі кездесетіндіктен және оларды бұл жаста бірнеше қосарланған созылмалы аурулары ( жүрек-тамыр, бауыр, бүйрек т.б.) болғандықтан және де кәрі адамдарда рак өте баяу өсіп, бөгелме ісік аз беретіндіктен оларды тек бақылау қажет болады. Сонымен динамикалық дәрігерлік бақылау, ісіктердің клеткасы жоғары деңгейде пісіп-жетілген кездерде және ісік көлемі Т1а –Т1с –ден аспаған кездерде, оған қоса ісікке қарсы қолданатын әдістерді ағзаның ерекшеліктеріне байланысты қолдануға болмаған жағдайларда пайдаланады.
Қазір көптеген балама әдістерге: криоаблация, гипертермия, лазерлі ем, жоғары тербеліс шығаратын ультрадыбыс т.б. жатады.