Тақырыбы: Гүлдің морфологиясы. Андроцей. Гинецей.

Мақсаты: Кезкелген өсімдік гүлінің құрылысымен танысу.Аталықтың анатомиялық құрылысымен танысу. Аналықтың анатомиялық құрылысымен танысу.

Құрал-жабдықтар:Әртүрлі гүлдердің муляждары, өсіп тұрған немесе спиртке салынған алманың, қиярдың, сарғалдақтың, асбұршақтың гүлдері, лупа, сапты ине, пинцет.

Тпсырмалар:

1 Гүлдің құрылысы.

2 Әртүрлі өсімдіктердің тозаңының құрылысы.

3 Тұқымбүрінің құрылысы.

4 Тұқымбүрлердің түрлері.

Орындау тәртібі:

1. Гүл бөліктерінің орналасу заңдылықтарын зерттеу;

2. Әртүрлі өсімдік гүлдерінің тостағанша және күлте жапырақшаларына, аталықтары мен аналықтарының сыртқы құрылысындағы ерекшеліктеріне талдау жасау.

3. Гүл қоршауларына, андроцей, гинецейлерінің құрылысына қарай гүлдердің әр түрімен танысу.

4. Тозаңқаптың құрылысымен танысу үшін тұрақты микропрепаратты пайдаланады. Кіші объективпен қараған кезде тозаңқаптың жалпы көрінісі, яғни дәнекермен байланысқан екі жартысы, төрт тозаң ұясы және ондағы тозаңдарды көру. Енді микроскоптың үлкен объективіне аустырамыз. Тозаңқапты сырт жағынан бірқатар клеткалардан тұратын эпидерма және кутикула қаптап тұр. Оның астыңғы жағынан клетка қабықшасы әртүрлі қалыңдаған субэпидермалды немесе фиброзды қабатын бір, кейде бірнеше қатардан ірі клеткаларын көреміз. Фиброзды қабаттан ішке қарай жұқа келген майда клеткалардан тұратын ыдырау қабаты жатыр. Тозаңқаптың ең ішкісі төсемелі қабат немесе тапетум. Оның клеткалары ірі, цитоплазмасы қою, бірнеше ядролы. Тозаңқап ұялары тозаңға толып тұрады.

5. Қарастырылған объектілердің суреттерін салып, тиісті белгілерін жасау.

6.Лалагүл жатынынан дайындалған көлденең кесінділерден препарат дайындап микроскоптың кіші объективімен қарағанда жатынның қабырғасы, ұясы, тұқым бүрі және плацента көрінеді. Одан кейін микроскоптың үлкен объективімен тұқым бүрінің құрылысын қараймыз. Сонда тұқым бүрінің нуцеллусы және интегументтері, тозаң саңылауы (микропиле), оған қарама қарсы халаза, тұқым тірсегі (фуникулюс) көрінеді. Егер тұқым бүрі пісіп жетілген болса, одан ұрық қалтасы, оның микропиле жағында жұмыртқа қалтасымен екі синергиді, халаза жағында үш клеткадан тұратын антиподтары жақсы көрінеді.

7. Қарастырылған объектілердің суреттерін салып, тиісті белгілерін жасау.

Сүрақтар:

1. Гүл бөліктері қандай қызмет атқарады?

2. Актиноморфты, гигаморфты гүлдер деп қандай гүлдерді айтады?

3. Гүл формуласы мен диаграммасы, оның қандай белгілерінің көрсеткіші бола алады?

4. Гүл құрылысының ерекшеліктеріне қарап қос жарнақтылар мен дара жарнақтылар класына жататын өсімдіктерді қалай ажыратады?

5. Аталық қандай бөліктерден тұрады?

6. Фиброзды қабат, тапетумның атқаратын қызметі қандай?

7. Тозаң түтігінің биологиялық маңызы қандай?

Әдебиеттер: 1,2,7,8.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Гүлдің формуласымен диаграммасы.

Мақсаты: Кезкелген өсімдік гүлінің құрылысымен танысу және олардың формуласын жазу, диаграмманы салу.

Құрал-жабдықтар:Әртүрлі гүлдердің муляждары, өсіп тұрған немесе спиртке салынған алманың, қиярдың, сағалдақтың, асбұршақтың гүлдері, лупа, сапты ине, пинцет.

Тапсырмалар:

1 Гүлдің формуласы.

2 Гүлдің диаграммасы.

Орындау тәртібі:

5. Гүл бөліктерінің орналасу заңдылықтарын зерттеу;

6. Әртүрлі өсімдік гүлдерінің тостағанша және күлте жапырақшаларына, аталықтары мен аналықтарының сыртқы құрылысындағы ерекшеліктеріне талдау жасау.

7. Гүл қоршауларына, андроцей, гинецейлерінің құрылысына қарай гүлдердің әр түрімен танысу.

8. Симметриялы гүлдерге талдау жасау.

9. Гүлдердің формуласын жазып, диаграммасын сызу.

Сүрақтар:

10. Гүл бөліктері қандай қызмет атқарады?

11. Актиноморфты, гигаморфты гүлдер деп қандай гүлдерді айтады?

12. Гүл формуласы мен диаграммасы, оның қандай белгілерінің көрсеткіші бола алады?

13. Гүл құрылысының ерекшеліктеріне қарап қос жарнақтылар мен дара жарнақтылар класына жататын өсімдіктерді қалай ажыратады?

1. Гинецей дегеніміз не?

14. Тұқым бүрі қандай қызмет атқарады?

15. Тұқым бүрінің бөліктерін және типтерін атаңыз?

Әдебиеттер: 1,2,7,8.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жемістер.

Мақсаты: Жемістің құрылысымен, жүйесімен және таралу жолдарымен танысу.

Құрал-жабдықтар:Өсіп тұрған әртүрлі өсімдіктердің жемістері.

Тапсырмалар:

1 Құрғақ жемістер.

2 Шырынды жемістер.

Орындау тәртібі:

1. Зерттеу үшін алынған жемістерге морфологиялық толық талдау жасап, олардың жемісітің қандай түріне жататындығын анықтау және әр жеміске сәйкес өз атын беру.

2. Жемістің морфологиялық құрылысындағы бейімделу белгілеріне мұқият көңіл аудара отырып, олардың таралу тәсілдерін анықтау.

3. Талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша кесткні толықтыру

Жемістің түрлері Қысқаша сипаттамасы Зерттеуге алынған өсімдіктер
     

4. Жеміс типтерінің және олардың құрылысының суреттерін салу, тиісті белгілерін жасау.

Сүрақтар:

1. Жемістерді қандай белгілеріне қалай жүйелейді?

2. Жемістер мен тұқымдар таралуға қалай бейімделген?

Әдебиеттер: 1,2,7,8.

Наши рекомендации