Микроорганизмдердің ферментативтік белсенділігін анықтау үшін қолданылатын қоректік орталар
Консистенциясына байланысты қоректік орталар сұйық, жартылай сұйық және тығыз болып келеді. Орта тығыздығы агар-агар қосу арқылы жасалады.
Агар-агар – балдырлардан алынатын полисахарид. Ол 1000С температурада балқып, 45-500С – та қатады. Жартылай сұйық орта жасау үшін 0,5%, және тығыз орталар үшін 1,5-2% концентрацияда агар қосылады. Құрамы және қолданылу мақсатына қарай орталарды қарапайым, күрделі, элективті, минималды, дифференциалдық-диагностикалық және аралас қосарланған орталар деп бөледі.
Құрамына қарай орталар қарапайым және күрделі деп бөлінеді. Қарапайым орталарға пептонды су, қоректік сорпа және ет-пептонды агар жатады. Осы қарапайым орталардың негізінде күрделі орталар жасалынады, мысалы қантты және сарысулы сорпа, қанды агар.
Ортаны қолданылу мақсатына қарай элективті, байыту, дифференциалдық-диагностикалық деп бөледі.
Элективті деп белгілі бір түрге жататын микроорганизм ғана жақсы өсетін ортаны атайды. Мысалы pH 9 болатын сілтілі орта тырысқақ вибрионын бөліп алуға пайдаланылады. Басқа бактериялар, атап айтқанда ішек таяқшасы, сілтілік жоғары болғандықтан өспейді.
Байыту орталары – бұл белгілі бір бактерияның өсуіне жоғары мүмкіндіктер жасап, басқа бактериялардың өсуін басатын орталар (1- сурет). Мысалы, натридің селениті қосылған орта Salmonella тұқымдастығына жататын бактериялардың өсуін күшейтіп, ішек таяқшасының өсуін басып отырады.
Дифференциалдық-диагностикалық орталар бактериялардың ферментативтік белсенділігін зерттеуде қолданылады. Бұл орталардың құрамына фермент әсер ететін субстрат қосылған жай қоректік орта және субстратқа фермент әсерін тигізгенде түсін өзгертетін индикатор кіреді. Бұндай ортаның мысалы ретінде Гисс ортасын келтіруге болады. Осы ортада бактерия жасушасы ферменттерінің қантты ыдыратуын зерттейді.
Аралас (қосарланған) орталар, бірлескен флораның өсуін басатын элективті орта мен микроб бөлетін ферменттің белсенділігін анықтайтын дифференциалдық-диагностикалық орталар біріктіріліп жасалады. Бұндай орталардың мысалы ретінде патогенді ішек таяқшаларын бөліп алуда қолданылатын Плоскирев ортасы мен висмут-сульфитті агарды келтіруге болады. Берілген екі орта да ішек таяқшасының өсуін басады. Қоректік орта дегеніміз- күрделі және жай құрамдардың әртүрлі қосылыстары болып келетін орталар. Оны лабораториялық жағдайда бактериялар мен басқа микроорганизмдерді көбейітіп өсіру үшін қолданылады.
Қоректік ортаны жануардан немесе өсімдіктен туындаған өнімдерден дайындайды. Қоректік ортада өсу факторының болуы үлкен маңызға ие. Оларды дайындау үшін экономикалық рентабельді тағамдық емес шикізат қолданылады: жарамсыз қалған қан алмастырушылар, жануар қанының гидролизаты, аминопетиферментативті, қан гидролизаты, биотехнология өнімдері - жем ашытқылары, жемдік лизин, жүзім ұнтағы, ақуыз лизин. Синтетикалық орталардың құрамына химиялық таза заттар- аминқышқылдары, минералды тұздар, көмірсулар, витаминдер және өсіру факторлары кіреді. Консистенциясы бойынша қоректік орталар сұйық, жартылай сұйық, тығыз болып келеді.
Құрамы бойынша - табиғи, синтетикалық және жартылай синтетикалық. Тағайындалуы бойынша негізгі, элективті және дифференциалды -диагностикалы болып бөлінеді.
Қоректік ортаға қойылатын талаптар бұл жерде барлық қоректік заттар жеткілікті болуы керек, тұздар, өсу факторлары, микроорганизмнің өсуіне қажетті заттары жеңіл сіңімді түрде болуы тиіс, оптимальды ылғалдылығы, тұтқырлығы, рН-ы оптимальды, стерильді болуы тиіс, мүмкіндігінше мөлдір және изотоникалы болуы тиіс. Бөгде заттар болмауы тиіс. Әрбір қоректік ортаны құрамына қарай әртүрлі әдіспен стерилизациялайды.
Әмбебап қоректік орта. Бұл орталарда хемогетеротрофты, арнайы органикалық заттарды қажет етпейтін микроорганизмдердің көптеген түрлері өседі.
Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдылығын анықтау үшін қолданылатын әдістер
Quot;Газон" әдісін дезинфектанттарға, бактериофагтарға, антибиотиктерге сезімталдықты анықтауда, бактериялардың жаппай өсуін алу үшін қолданады. 1 мл тәуліктік 1 млрд. (лайлылық стандарты бойынша №10, саңырауқұлақтарды анықтау үшін лайлылық стандарты №5) зерттелетін таза дақыл сорпасын ілмек арқылы қоректік ортаның барлық бетіне жаяды.