Күйістілердің тенуикольды цистицеркозын балау және ветсан шаралары.

40. Қояндардың пизиформды цистицеркозын балау және ветсан шаралары. Қоздырушылары – тения тұқымына қарасты өкілдер. Taenia pisiformis – ұзындығы 2м, сколексінде 36-48 ілгекшелері бар. Әрбір бунағының артқы жағы алдыңғысынан жалпағырақ, сол себептен құрттың денесі темір араның тістерін елестетеді. Жұмыртқалары домалақ пішінді. Балаңқұрт сатысы Cysticercus pisiformis үй және жабайы қоян цистицеркозының қоздырушысы. Пизиформдық цистицерк – сүйірлеу көпіршік (циста), ұзынынан – 6–12мм, көлденеңінен 4–6мм жетеді. Циста қуысында мөлдір сұйық және ішкі қабығында ақ түсті, тары дәніне жуық бір сколекс орналасады. Цисталар топталып салбырап тұрған көпіршіктер ретінде ішкі майда, шажырқайда, құрсақ қуысы органдарының сероздық қабықтарында орналасады.

Тениялардың дамуы аралық иелері – ауылшаруашылық және басқа да жануарлардың қатысуымен өтеді. Ақтық иелер – ит, терісі бағалы аңдар мен етқоректілер аралық иелерінің тения ларвоцисталарымен залалданған етін, ішкі органдарын (өкпе-бауыр, ішек-қарынды) жегенде тениоздарға шалдығады. Соның нәтижесінде ішек қуысына түскен цистицерктер 2-3 ай уақыт аралығында ересек тенияларға айналады және ақтық ие нәжісімен сыртқы ортаға жетілген бунақтарымен сан мыңдаған жұмыртқаларын бөле бастайды. Сыртқа бөлінген бунақтар өздігінен жиырылып қозғалу нәтижесінде түскен орындарынан жылжып, кепкен соң ішіндегі жұмыртқалары жайылымды, суаттарды, топырақты, шөпті және де басқа сыртқы орта объектілерін ластайды. Аралық иелері тениялардың жетілген бунақтарын немесе кепкен бунақтардан шашылған жұмыртқаларын азық-жем, су арқылы жұтқанда ларвалдық (балаңқұрт сатысындағы) тениоздар туындайды. Қарынға түскен тения жұмыртқаларының сыртқы қабықтары қарын сөлінің әсерінен еріп, ал босаған құрт тұқымдары 6 эмбрионалдық ілгекшелерінің көмегімен ішек кілегей қабығына бекінген соң капиллярлық тамырларға өтеді де, қан мен лимфа айналымының бірімен бүкіл органдарға таралады және өздерінің бейімделген биологиялық тұғырықтарында (мекендеу орны) 2-3 ай ішінде цистицерктерге айналады

41. Қой ценурозы. Ценурозды аллергиялық балау әдістері. Ценуроз

1 Церебралды ценуроз немесе ми ценурозы (айналма) – иттердің ащы ішегін жайлаған Multiceps multiceps құртының күйістілерге жұққандағы туыдырған балаңқұрт сатысының - Coenurus cerebralis ауруы. Жиі жағдайда қой, ешкі, ірі қара мал, қодас, сиректеу түйе, шошқа, жылқы, сайғақ, жайран, муфлон және адам ауырады.

2 Қоздырушысы. Multiceps multiceps ұзындығы ересегінің 1м, денесі 200-300 бунақтардан құралған, ені 5мм, сколексі 22-32 хитинді ілмектермен қаруланған.Ценуроз қоздырушысының көпіршігі Coenurus cerebralis – домалақ немесе сәл созылыңқы, сыртқы қабығы мөлдір, іші сұйыққа толы (150-200мл) көпіршік. Ішкі қабығында көптеген сколекстері (700 экз.) шоғырланып орналасқан. Даму биологиясы. Аралық иесі жайылымда жұмыртқаны жұтып, ішке түскен онкосфера қан айналымымен миға (кейде жұлынға) жетеді де, 2-3 айдан соң ценур көпіршігіне айналады. Дефинитивтік иесі айналмамен ауырған қойдың миын жегенде шалдығып, ішегінде 40-73 тәулік өткенде ересек құрт пайда болады. Эпизоотологиялық деректер. Ценуроз қой шаруашылығы дамыған қожалықтарда ветеринариялық-санитариялық шаралар кешенінде кемшілік, олқылықтар болғанда кеңінен тіркеледі. Аурудың таралуына иесіз, босып жүрген иттер себеп болады. Аурудың шегіне жету мерзімі қыстың аяғы мен көктем кезі. Ценур көпіршігі сыртқы орта факторларына төзімсіз.Клиникалық белгілері. Белгілері мидағы ценур көпіршігінің санына, орналасу орнына, өсу жылдамдығына және мида дамыған өзгерістерге тікелей байланысты. Алғашқыда мал үркек, денесі қалшылдайды, кенеттен қимылдап, дене қызуы көтеріліп, тыныс алуы жиілейді. Ауырған мал әдетте жіті менингоэнцефалиттен шалдыққаннан кейінгі 5-7 күндері өледі. Аурудың 2 кезеңінде: көпіршік өсуімен (2-6 ай) байланысты. 3 кезеңде мал жағдайы күрт төмендеп, басын қабырға, оттыққа тірейді, дауысқа жауап бермейді, қимылы өзгереді (ценурдың орналасуына қарай айналма белгісі). Диагнозды иттің нәжісін – гельминтоовоскопиялау мен гельминто-скопиялау, малда – аллергиялық, серологиялық әдістермен жүргізеді. Міндетті түрде ұқсас аурулардан ажырату керек.Күрес шаралары: арнайы дауалау мақсатында қойларды вакциндейді (Н.Е.Косминков; Сабаншиев М.С., Бердикулов М., Ахметбеков Н.А. ұсынған). Иттердің тениидоздарына қарсы: иттерді паспорттау, ай сайын оларды дегельминтизациялау, ферма аумағына иттерді жібермеу, иесіз иттерді жою. Ауырып сойылған қой басын өртеу. Малшылар арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу.

Наши рекомендации