Студенттің өзіндік жұмысы

Талсырма 1 Агглютинация реакциясын қою (ингредиенттерді тексеру)

Зер ттеу күн і Мақсаты қолданылган ингредиенттер Зерттеу барысы қорытынды
Ингреди нттердің манызын зерттеу N1 антисары су (гомологиялық) N2 антисары су (гетерологиялық) 3.физ.ертінді 4. физ. ертіндісін -дегі бактериялар қоспасы Сабактың басында үш пробиркада тәжірибе қою, келесі схема бойынша:  
Ингредиенттер Пробиркалар
Антисары су N1. 1мл    
Антисары су N2.   1мл  
Физ.ертінді     1 мл
Бактер. қоспасы 0.1 0.1 0.1

Пробиркаларды термостатта 2 сағатқа 37°С сактайды, қорытындысын сабақтың аяғында тексереді.

Тапсырма 2. Бөліп алған микробқа идентификациясын жасау үшін шыныда агглютинация реакциясын кою тәжірибиесі.

Зертгеу күн Мақсаты Ингредиент Зерттеу барысы Қорытынды
Бөліп алынган дакылда микробтың турін анықтау Бөліп алынған дақыл Шыныга агглютинацияланатын диагностикалық сары суын және физ. ерітідісін бір тамшыдан тамызады (бақыла-контроль). Әр бір тамшыға бактериялық іл-мекпен зерттейтін дақылды еңгізу, 2-3 мин кейін қай қоспада агглютинация болды екенін бақылайды. Бақылау - контроль қоспада тек қана жеңіл гомогенді лайлану байқалады. Тәжірибеде түйіршіктер көруге болады.  

Ескерту: Иммундық сары су тамшысы бар бактериялық ілмекті физ.ертіндісіне қосуға болмайды. Микробтардың жабысуы тәжірибенің бірінші минутынан бастап көрінеді, шыныны сәл айналдырғанда қоспада түйіршіктер пайда бола бастайды, үлкейіп тамшының шетіне шығады. Бақылау қоспасында біркелкі гомогенді лайлану байқалады. Тәжірибенің қорытындысының суретін альбомға салу керек.

Тікелей емес (пассивті) гемагглютинадия реакциясы (ТЕГР)

Бұл реакция — агглютинация реакциясының бір түрі, негізгі принципі -эритроциттер өз беткейіне ертінді антигендер және гаптендерді жабыстыра (адсорбция) алатын қабілеті (бактерияларды, вирустарды және т.б. микроорганизмдерді). Осы жағдайда эритроциттер жаңа серологиялық арнайы қабілетке ие болады, сондықтан иммундық сары сулармен, гомологиялық адсорбцияланған антигендермен агглютинация реакциясына қатысады. Осындай эритроциттерді сенсибилизацияланған эритроциттер, эритроцитарлық диагаостикум деп атайды. Сенсибилизацияланған эритроциттерді алу үшін эритроциттерді алдын-ала танинмен 1:20000 ертіндіде өңдейді, бұл жағдайда олардың адсорбцияланатын қабілеті (жабысу) жоғарлайды. Реакцияны полистеролдық плашнетаға немесе пробиркада жасайды. Тексерілетін қан сары суындағы комплементтен ажырату үшін алдын ала 58°С 30 мин қыздырады. Сосын сары судан ертінді қатарын дайындайды 1:10-нан 1:12000-ге дейін және одан жоғары, 0.5 мл пробиркаларға немесе планшета лункаларына құяды. Әр сары су ертіндісіне 0.1 мл эритроцитарлық диагностикум қосады. Реакцияны бөлме температурасында 2 сағат ұстайды немесе термостатта. Қорытындысы оң + - егер пробирка немесе лунка түбіндегі эритроциттер тұнбасының шеттері иректелген - қол шатыр теріздес. Реакцияның қорытындысы теріс - жағдайда эритроциттер тұнбасы біркелкі түбіне түседі, түйме тәріздес.

Тапсырма 3. ТЕГР (РПГА) қою төжірибесі (ауру адамның микробқа қарсы антидснелерін табу үшін). Серодиагностика.

Зерітеу күні Мақсаты Зерттелетін материал Зерттеу барысы қорытынды
Ауру адамның сары суында антиденелердің титрі жоғарлауын анықтау І.Ауру адамның сары суы 8 тәулікте 1:50 2.Ауру адамның сары суы 15 тәулікте 1:50 ТЕГР қою.  

ТЕГР-ны қою схемасы (Видаль реакциясы - іш сүзектің диагностикасы)

Ингредиенттер Пробиркалар номері және ертінділері
1:50 1:100 1:200 1:400 1:800 к
1.Сары су (1:50) аурудың 8 немесе 15 төулігіндегі 1.0       1.0 құйып тастау  
2.Физ.ертінді 1.0 1.0 1.0 1.0 1.0 1.0
3. Эритроцитарлық диагностикум 0.1 0.1 0.1 0.1 0.1 0.1

Ескерту: бірінші пробиркадан 1,0 мл екіншіге апару, 2-ші пробиркадан 3-ге, 3-ші пробиркадан - 4-ге, 5-ден 1,0 мл дез.ертіндісіне құйып тастау. Диагностикумның 0,1 мл-ден әрбір пробиркаға енгізу, 2 сағатқа термостатқа қою немесе бөлмеде сақтау. Қорытындысын 2 сағаттан кейін жүргізеді.

ТЕГР-ны есептеу, альбомға сурет салу, зерттеген сары судың титрін анықтау.

Коагглютинация реакциясы.

Бұл реакция - агглютинация реакциясының бір түрі: стафилококктың А—белогы иммуноглобулиндердің IgG тобы молекуланың Ғс-фрагментімен спецификалық емес байланысуға қабілетті. Коагглютинация реакциясын қою үшін стафилококктың Cowan—1 штаммын қолданылады (осыдан әдістің атауы - Co—(Ко-)-агглютинация.

Коагглютинация реакциясьгн екі вариантта қолданылады:

1. Әр түрлі биологиялық сұйықтықтарда патогенді микроорганизмдердің антигендерін табу үшін (несепте т.б.) Бүл үшін антиденелік Ко—диагностикум дайындайды: - стафилококк жасушаларының үстінде белгілі спецификалық IgG-ді адсорбциялайды (жабыстырады). Зерттейтін құралда антиген (Аг) бар болса еңгізген Ко— диагностикумымен тез арада агглютинация болады.

Студенттің өзіндік жұмысы - student2.ru

б) антигені бар зерттеу құралға қосу.

Осындай вариант көкжөтел, менингококтық инфекциялардың және т. б. тез арада анықтауын қою үшін қолданылады.

2. Созылмалы бактериялық инфекцияларды анықтау үшін.

Созылмалы инфекциялардың қоздырғыштары өз беткейінде спецификалық антиденелерді тасымалдайды, сондықтан олар стафилококк Cowan-1 штаммымен агглютинация реакциясын беруі мүмкіндігі бар. Мысалы, пиелонефрит ауруында әр түрлі шартты-патогенді бактериялар бөлінеді (E.coli, P.aeruginosa, эпидермальды стафилоккк және т.б.).

Шығарып алынған дақыл Cowan-1 штаммымен агглютинация берсе, бұл созылмалы инфекция деп есептелінеді.

Студенттің өзіндік жұмысы - student2.ru

Кумбс реакциясы (антиглобулинді реакция)

Бұл реакцияны құрамында 1 ғана белсенді орталығы бар және антигеннің бір детерминантты тобымен байланысатын толық емес (моновалентті, тежеуші) антиденені анықтау үшін қолданады. Сондықтан да пайда болған антиген-антидене комплексі микроагрегат, тұнба түзбейді, лайланбайды және басқа да өзгерістерге ұшырамайды. Ал Кумбс реакциясы нәтижені көзбен қарап-ақ бағалауға мүмкіндік береді. Диагностика үшін: резус-келіспеушілікте, бруцеллезде, аутоиммунды ауруларда (қызыл бөрі ауруы, полиартрит) қолданады.

Мақсаты: Жүкті әйелдің зерттелетін сары су құрамында, резус-антигенге қарсы толық емес антиденені анықтау үшін. Ингредиенттері: зерттелетін сары су, қоянның антиглобулинді сарысуы (АГС), құрамында резус-антигені бар эритроцит. АГС-ті қоянды адамның глобулиндерімен иммунизациялау жолы арқылы дайындайды. АГС-тің құрамында адамның әртурлі глобулиндеріне қарсы толық, бивалентті антиденелер бар.

Техникасы және нәтижесі:

Зерттелетін сарысуға резус-антигені бар эритроцит қосылады. 1 сағат инкубациядан кейін АГС-ті енгізеді. Реакция нәтижелі болса, гемагглютинация байқалады.

Преципитация реакциясы

Преципитация реакциясы электролит қатысуында спецификалық
антиденелермен (преципитиндермен) ұсақ бытыраулы (мелкодисперсные)
антигендердің (преципитогендердің) тұндыру. Ертілмейтін антиген + анти-дене тұнба жөнінде комплекстің тұндырылуы тек қана ингредиенттердің баламалы ара қатысында байқалады. Преципитиноген мөлдір коллоидты ертінді болу керек. Преципитация реакциясы антиденелер ұстайтын белгілі преципитациялайтын сары су бойынша антигендерді анықтау үшін қолданылады; сары суды жануарларды белгілі антигенмен иммунизация жасап алады.

а) Кольцепреципитация реакциясын қою үшін пробиркаларға (диаметрі 0.5 см) 0,1 мл диагностикалық сары суын әр түрлі антигендерге қарсы құяды, сосын оның үстіне Пастер пипеткасымен пробирканың қабырғасымен зерттейтін құралды қабаттайды. Реакцияны 1-2 минуттан кейін есептейді. Реакцияның қорытындысы оң болса - сары судың және зерттейтін құралдың арасында ақ сақина сияқты преципитат пайда болады. Бақылау (контроль) пробиркада болмау керек.

б) Гельдегі преципитация реакциясы: антиген және антидене гельде байланысып, преципитат пайдалынады. Преципитат гельде ақ түсті сызық болып келеді.

Қою техникасыны бойынша преципитация реакциясының екі түрін ажыратады:

1. Қарапайым диффузия әдісі: иммундық сары су қосылған бір қабатты агарды гель дайындайды жәнеосы қабатта істелінген шұңқырға антиген еңгізіледі.

2. Оухтерлони бойынша екі қабатты диффузия әдісі: антигендер және антиденелер агарды гельдің әр түрлі шұңқырларына еңгізеді, олар диффундирлеп кездеседі, преципитат сызықтары пайда болады. Осы реакцияны қою үшін шыныларды мөлдір агарымен қүйып еңгізеді, бұл агарда сосын аралары бірдей шұңқырлар жасайды.

3.

Студенттің өзіндік жұмысы - student2.ru Студенттің өзіндік жұмысы - student2.ru

Наши рекомендации