Мал шаруашылығы қалдықтарының ауаға тигізетін әсері

Оршаған ортаның негізгі ластану көздері

Аграрлық сектордың, сондай-ақ басқа да өндіріс салаларының күрт дамуына байланысты сыртқы ортаға түсетін техногендік және химиялық қалдықтардың мөлшері де күн сайын жоғарылап келеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша адам тіршілігі салдарынан сыртқы ортаның құрамы мен жағдайы өсімдік және жануарлар әлеміне қолайсыз болып есептеледі.

Қоршаған ортаның ластану көздері табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді (1-сызба).

 
  Мал шаруашылығы қалдықтарының ауаға тигізетін әсері - student2.ru

Табиғи ластанулар табиғат процестері нәтижесінде, ал жасанды (антропогенді) – адам тіршілігі барысында пайда болады.

Жасанды ластауыштарға минералды және органикалық тыңайытқыштар, лас сулар, тұрмыстық қатты қалдықтар, өндірістік қалдықтар, транспорттық қалдықтар, мал және құс шаруашылықтарының зиянды газдары, биологиялық қалдықтар, радиоактивті қалдықтар және т.б. жатады.

Биологиялық қалдықтардың түрлері

Биологиялық қалдықтарға мал және құс өлекселері, түсік және өлі туылған төлдер, ветеринариялық конфискаттар (белгілі бір зерттеулер нәтижесіне сай келмеген өнімдер), мал шикізаттарын өңдеу орындарының қалдықтары, малдан бөлінетін экскременттер және т.с.с жатады. Сонымен қатар лас суларды да айта кеткен жөн.

Биологиялық қалдықтардың нақты бір жүйелі жіктелуі жоқ, оларды жалпы эпидемиологиялық, токсикологиялық және радиациялық қауіптілігіне қарай 5 классқа бөлуге болады.

А классы. Инфекциялық аурудан таза тұрмыстық қатты қалдықтар.

Б классы. Инфекциялық қауіпті немесе күмәнді қалдықтар (операциялық және патоморфологиялық органикалық қалдықтар, инфекциялық бөлінділермен және қанмен ластанған материалдар, потенциалды инфекциялық қалдықтар және т.б.)

В классы. Аса қауіпті инфекция көздерімен жанасқан қалдықтар.

Г классы. Құрамы өндірістік қалдықтарға жақын қалдықтар (мерзімі өткен дәрілік және дезинфкциялық заттар, дәрілік және диагностикалық препарат қалдықтары, сынапты заттар, құрылғылар және т.б.)

Д классы. Радиоактивті қалдықтар.

Мал шаруашылығында негізінен Б, В және Г класындағы қалдықтар кездеседі.

Биологиялық қалдықтарды тұрмыстық қалдықтар контейнерлеріне салуға және стандартты сызба бойынша өтелдеуге болмайды. Биологиялық қалдықтарды жою барысы қатаң бақылануы тиіс, себебі оларды ашық алаңда өртеуге, жерге көмуге болмайды.

Мал шаруашылығы қалдықтарының ауаға тигізетін әсері

Ауаның әр уақытта ластануына байланысты оны үнемі қорғау және санитариялық жағдайын бақылау аса қажет. Қазіргі уақытта атмосфераға теңдесі жоқ көлемде лас заттар түсуде. Техногендік факторлардан туатын атмосфера ауасын ластаушылардың ең бастылары – көміртегі тотығы, күкірттің қос тотығы, көмірсутектер, азот тотықтары, шаң және т.б. болып табылады. Бұлардан басқа химиялық агрессивті газдар мен әртүрлі дисперстік қоспалар да кездеседі: күкіртті газдар, қышқыл тұмандар, фтор, күкірт қышқылы, хлор және басқалары.

Атмосфераға түсетін зиянды заттар агрегаттық жағдайына қарай газ тәрізді (күкірттің қос тотығы, азот тотығы, көміртегі тотығы, көмірсутектер және т.б.) және қатты (концерогендік заттар, қорғасын және оның қосылыстары, шаң, күйе және б.) болып топталынады.

Қазақстан бойынша алдағы жылдары ауаға тұрақты көздерден түсетін ластануды 41,1 пайызға төмендету көзделіп отыр.

Қазіргі дүние жүзінде кездесетін жылулық эффектің пайда болуына себеп болатын заттарға негізінде су, көмірқышқыл газ, метан, азот пен күкірт тотықтары, фреон жатады. Осылардың ішінде бұл эффектке ең мол үлес қосатын CO2.

Қышқылды жауындардың пайда болуының негізгі себептері атмосфераға өнеркәсіптен түсетін күкірттің қос тотығы және азот тотықтары ауадағы ылғалмен қосылып күкірт және азот қышқылдарына айналуында. Қорытындысында жаңбыр мен қар қышқылданады (рН - 5,6).

Мал шаруашылығы мекемелері атмосфералық ауаға әртүрлі шаң мен микроорганизмдердің түсуінің негізгі көзі болып табылады. Мысалы, бір сағат ішінде желдеткіштер арқылы 83,4 млрд. микроб денешіктері, 14,4 кг аммиак, 0,6 кг/м3 шаң түседі екен. Ал атмосфералық ауаға үлкен ірі қара шаруашылығынан түсетін (тек ауа алмасу жүйелерінен) барлық ластардың ішінде тек органикалық заттар 2148 кг/тәулік құрайды. Осы ауаға түскен микроорганизмдер адамдар мен малдар үшін әртүрлі аэрогенді инфекциялардың туындау қаупін тудырады.

Атмосфера ластануы ірі қара мал шаруашылығынан (2,5-5 км) алыс қашықтықта байқалады. Бұл зонада жағымсыз иістер, қалыпты мөлшермен салыстырғанда аммиактың шоғырлануы, микробтың көптігі байқалады. Ірі қара мал шаруашылығы нысандарына тән жағымсыз ерекше иістер олардан 700-1200 м қашықтықта тұрақты күшті, ал 1800 м қашықтықта тұрақты әлсіз, ал 2300-3000 м қашықтықта тұрақсыз әрі әлсіз деп анықталады.

Жыл мезгіліне байланысты, әсіресе шошқа және құс нысандарына тән жағымсыз ерекше иістер едәуір қашықтықта тарайды: қыста 0,5, ал жазда 3,5-5 км дейін.

Құс фабрикаларының территорияларын тығыз орналастырғанда ондағы сыртқа шығарылатын ластанған ауа (микробтармен, шаңмен және т.б.) міндетті түрде бір қорадан екінші қораға ауысып шаруашылық төңірегімен атмосфералық ауаны едәуір қашықтыққа ластайды (200 м дейін). Ал 500 м қашықтықта микробтар мен шаң қалыпты мөлшерден көп аспайды (кәдімгі ауадағыдай).

Ауаның әртүрлі зиянды газдармен ластануы микроклиматқа теріс әсерімен бірге жануарларға да зиян келтіреді.

Ластанған ауада көздің тітіркенуі, өкпе аурулары, мұрыннан қан кету байқалады.

Көптеген заттар өздерінің химиялық беріктілігінің арқасында қоршаған ортада жиналып, көп жағдайда малды, құсты, балықты, адамды уландырады. Осы тұрғыдан қоршаған ортаға өте зиян деп хлорланған көміртектер екені анықталып отыр (ДДТ және б.).

Ірі қараға қарағанда қой мен шошқа атмосфераның ластануына шыдамды келеді. Мұндай жағдайда жануарлар азықтан бас тартып (ауада көп болғанда), арықтап, кейде өлімге ұшырауы мүмкін.

Лас ауада көп кездесетін әрі жануарлар үшін өте улы келетін күкірт ангриді болып табылады.

Ауада қорғасынның, бенз(а)пиреннің, фосфордың, кадьмийдің және т.б. болуы қан түзілетін жүйені шаршатып, жұқпалы ауруларға қарсы төзімділікті төмендетеді.

Қара түтін (смог) деп түтін мен химия кәсіпорындарының газ қалдықтарынан тұратын улы қоспаларды айтамыз. Олар барлық тірі жануарларға қауіпті.

Парниктік газдарға жататындар: көмірқышқыл газы, метан және хлор-фтор-көміртектер. Бұл газдардың маңыздылығы – жер шарының климатын өзгеруіне әсер етуінде.

Мал қора жай ауасындағы белгілі аммиак күкіртті су тегі көмірқышқыл газы және метан газдары мен қатар 30-ға жуық газ тәріздес химиялық қосылыстар анықталған. Негізгі иістер күкіртті сутегі, аммиак, индол, меркаптаннның болуы нәтижесінде туындайды. Сонымен қатар көп газдар жағымсыз иістер көзі болып табылады. Иістердің пайда болуы көбінесе анаэробтық жағдайда өтетін микробиологиялық процестермен түсіндіріледі. Осындай жағымсыз иістер мал мен қоса адамдарға да зиянды әсер етеді.

Атмосфералық ауаның ластануымен күрес шаралары мал шаруашылығы мекемелерін жобалау кезеңінде есептелінуі тиіс. Мал шаруашылығы мекемелері ауданындағы ауа бассейіннің жағдайы көбінесе объектінің рациональды орналасуына, малды ұстаудың оптимальды әдістерін таңдау, қиды утильдеу, қора жайын желдетуіне байланысты. Ауаны ластанудан қорғау шараларына жататындар: шаруашылықта жоғары санитариялық мәдениетті сақтау, микроклиматты қамтамасыз ететін жүйелердің толассыз жұмысы, санитариялық зонаны қатаң ұйымдастыру, мал қораларын үнемі тазалау және дезинфекциялау және т.б.

Мал шаруашылығы мекемелерінің қоршаған ортаға зиянды әсерінің алдын алу үшін жасыл ағаш отырғызудың маңызы зор. Ағаш өсімдіктердің ішінде жоғары фитонцидтік қасиеті бар тұқымдастарға қылқан жапырақтылар жатады. Олардың фитонцидтілік қасиеті көктем, жаз айларында айқындала түседі, яғни олардың гүлденуі мен өсуі күшейгенде байқалады. Көгалдандырудың санитариялық-гигиеналық қызметі – олардың көмірқышқыл газының мөлшерін азайтуда және оттегімен байыту қасиетіне байланысты. Мал шаруашылығы мекемелерінің ауласын көгалдандырғанда лас ауаның бір ғимараттан екіншісіне ауысу мүмкіндігі, жағымсыз иістің шығуы, шаң тозаң мөлшері, микроорганизмдер саны азаяды.

Наши рекомендации