Тақырыбы: «Прокариот және эукариот гендерінің транскрипциясы» тақырыбы бойынша кеңес
7.2. Мақсаты: студенттерде прокариот және эукариоттардыңтранскрипция деңгейіндегі тұқым қуалау ақпаратының іске асырылуының молекулалық механизмі жайлы білімдерін қалыптастыру.
7.3. Оқытудың міндеттері:
- студенттерде транскрипцияның маңызы туралы білім қалыптастыру;
- транскрипцияның әр кезеңінің молекулалық механизмі мен маңызын оқыту;
- транскрипция үдерісіне қатысатын негізгі ферменттердің рөлін оқыту;
- тірі ағзаның тіршілігін қамтамасыз етудегі транскрипция рөлін оқыту.
7.4. Өткізу түрі:сызба салу және түсіндіру, тақырып бойынша бейнефильм көру.
7.5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
7.5.1. Есеп шығару. РНҚ молекуласының нуклеотидтік қатары берілген. ДНҚ молекуласының матрицалық және кодтаушы тізбегін ажыратыңыз. ДНҚ мен РНҚ молекуласының 5'-3' ұшын табыңыз.
а-РНҚ 7 met- G-AUGUUUCUACACACGGUAGACGCCGGCUGGCGAUAG – (A)
7.5.2. Есеп шығару. ДНҚ молекуласының матрицалық тізбегінің нуклеотидтік қатары берілген, а-РНҚ молекуласының құрылысын анықтаңыз. РНҚ молекуласының 5'-3' ұшын көрсетіңіз.
ДНҚ 5' ATGGACGAAAATCCGGATCGCCAAGGTATTTTGA3'
7.5.3. Транскрипция үдерісінің кезеңдерінің сызбасын сызу және транскрипцияға қатысатын ферменттерді сипаттау.
7.5.4. Есептер шығару (Медициналық биология және генетика. Оқу құралы
Е. Ө. Қуандықов ред., б.40-43, № 2,3,6,7,8.
7.6. Үлестіретін материал -жоқ.
7.7. Әдебиеттер:
Негізгі:
7.7.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. б. 54, 201-210.
7.7.2. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М.: Медицина, 2003. б. 35-46.
7.7.3. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. б. 85-148.
7.7.4. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2008. б.40-62.
7.7.5. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықовтың ред. Алматы, 2004. б. 30-43.
7.7.6. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012.
Қосымша:
7.7.7. Коничев А.С., Севастьянова Г.А. Молекулярная биология. М., 2005. б. 243-295.
7.7.8. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск, Сиб.унив. изд-во, 2007. С. 123-126, 172-196.
7.7.9. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р. Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова. М., ГЭОТАР-Медиа, 2010.
Бақылау
7.8.1. Альбомдағы тапсырмалардың орындалуын тексеру
7.8.2. Бақылау сұрақтары:
7.8.2.1. Тірі ағзалардың (жасушалардың) тіршілігіндегі транскрипцияның рөлі мен маңызы.
7.8.2.2. Транскрипция, анықтамасы, сипаттамасы.
7.8.2.3 . а-РНҚ синтезделуіндегі матрицалық принцип, репликациядан транскрипцияның
айырмашылығы.
7.8.2.4. Транскрипция үдерісіне қатысатын ферменттер.
7.8.2.5. Прокариот және эукариотгендеріндегі транскрипцияның механизмі:
1) инициация
2) элонгация
3) терминация.
Үш тілдегі түсіндірме сөздер:
Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Ағылшын тілінде |
Транскрипция – тұқым қуалау ақпаратының ДНҚ-дан а-РНҚ-ға көшірілу үдерісі | Транскрипция – процесс переписывания генетической информации с ДНК на и-РНК | Тranscription - process of rewriting of genetic information from DNA to RNA |
РНҚ полимераза - а-РНҚ молекуласын ситездейтін фермент | РНК-полимераза — фермент, осуществляющий синтез молекул и - РНК | RNA-polymerase -enzyme taking part on synthesis of m-RNA molecules |
Прибнов-бокс –промотор құрамындағы реттеуші қатар | Прибнов-бокс –регуляторная последовательность в составе промотора | Pribnov-box –regulatorysequence inside of promotоr |
Транскриптомика– гендердің экспрессиясын (транскрипциясын) және ядролық а-РНҚ пісіп жетілу үдерістерін зерттейтін геномиканың бір бағыты | Транскриптомика – одно из направлений геномики, изучающее экспрессию (транскрипцию) генов и процессы созревания ядерных и – РНК | Transcriptomics – science studying gene expression and processing |
Транскриптосома – жалпы транскрипциялық факторлар (50 дейін) және РНҚ–полимераза кешені | Транскриптосома – комплекс общих факторов транскрипции (до 50) и РНК-полимеразы | Transcriptosoma – complex structure consisting from general factors of transcription and RNA- polymerase |
Процессинг – алғашқы ядролық эукариотты а–РНҚ пісіп– жетілуі үдерісі | Процессинг – процесс созревания первичной ядерной эукариотической и-РНК | Processing –process of maturation of primary eukaryotic m-RNA |
Сплайсинг –жетілгенэукариотты а–РНҚға экзондардың тігілу үдерісі | Сплайсинг –процесс сшивания экзонов в зрелой эукариотической и-РНК | Splicing –process of joining of exons in mature eukaryotic m-RNA |
Альтернативный сплайсинг – жетілгенэукариотты а–РНҚ–ға экзондардың әртүрлі үйлесімде тігілу үдерісі | Альтернативный сплайсинг –процесс сшивания экзонов в различной комбинации в зрелой эукариотической и-РНК | Alternative splicing –process of joining of exons in various combinations during processing of m-RNA |
Интрон –ақуыз биосинтезіне қатыспайтын, ядролық а–РНҚ–ның пісіп жетілу үдерісінде қырқылып және алынылып тасталынатын нуклеотидтер қатары | Интрон –последовательность нуклеотидов, вырезаемая и удаляемая в процессе созревания ядерной и-РНК, не принимает участие в биосинтезе белка | Intron –sequence of nucleotides cutting and removing during processing of nucleic m-RNA, doesn’t take part in translation |
Экзон – ақуыз биосинтезіне қатысатын, жетілгена–РНҚ қалып қоятын нуклеотидтер қатары | Экзон –последовательность нуклеотидов, остающаяся в зрелой и-РНК и принимающая участие в биосинтезе белка | Exon –sequence of nucleotides remaining in mature m-RNA and taking part in translation |
Құрастырушы: оқыт. Какишева Г.Т.
3-сабақ (СОЖӨЖ)