Гетерогенераттылар –Heterogeneratophyceae класы

Бұл кластың даму кезеңінде күрделі құрылысты ірі спорофит, микроскопиялық құрылымы бар кішкентай бірнеше клеткалардан құралған гаметофитпен ауысып отырады. Жыныс процесі - изогамия немесе оогамия. Гетерогенераттылар класы 5 қатарға, 19 тұқымдасқа бөлінеді. Солардың ішінде көп тараған түрі және шаруашылықта аса маңызы бары - ламинариялықтар қатары.

Ламинариялықтар-Laminarialesқатары спорофит пен гаметофит ауысып келіп отыратын гетероморфты ұрпақ алмасумен сипатталады. Жетілген сапрофит ірі, биіктігі 0,5-6 м-ге, кейбір түрлерінде 50 метрге дейін жететін көпжылдық өсімдік. Қабатының паренхиматозды болып келуімен ерекшеленеді.

Ламинариялықтардың қабаты жай немесе тармақталған қысқа бағанада орналасқан бір не бірнеше пластинкалы. Бағана мен пластинканың іш жағы меристодерма мен қабықты қабаттан тұрады. Қабықтық қабат боялған клеткалардан түзілсе, ортаңғы өзектік бөлімі біреулерінде кәдімгі қабығы бар қысқа цилиндр формалы клеткалардан, ал екінші біреулерінде бос орналасқан жіпше клеткалардан құралған. Бұл қабатта түтікті жіпшелері мен сүзгілі түтіктер болады. Көпшілік ламинариялықтардың қабығына тақау немесе аралық қабаттарында тор құрайтын кілегейлі каналдары болады. Көбінесе олар- дың бунақталған жерлерінде, құрамында көп мөлшерде диктиосомасы

бар, топталып секреторлы клеткалар орналасады. Бұлардың қызметі әлі толық анықталған жоқ, олар белгілі бір физиологиялық қызмет атқаруы мүмкін. Сапрофиттерінде қабаттарының өсуі интеркалярлық зона арқылы болады. Интеркалярлық зона негізгі пластинка бағанасының ұшында орналасады. Егер бағана тармақталып келіп, оның бірнеше пластинкасы болса, онда интеркалярлық зона әр пластинаның негізінде орналасады.

Фотосинтез процесінің нәтижесінде құралған органикалық заттар пластинаның негізінде жиналады. Бұған қарамастан, фотосинтез процесі қабатының жоғаргы қабатында қарқынды жүреді. Жақсы жетілген өткізгіш элементтері мен өзектік қабатының болуы қор заттарын қабатының кез келген жеріне жеткізуді қамтамасыз етеді.

Барлық ламинариялық балдырлардың спорофитінен бір клеткалы, бір ұялы спорангилер өсетін жыныссыз көбею органдары дамиды. Бұлардың даму кезеңінде спорофит басым. Спорофит болып өсімдіктің өзі есептеледі. Гаметофиттері микроскопиялық құрылымды, көп клеткалы тарамдалған жіптесінді. Кейде аналық гаметофиттер бір клеткалы да болады. Қалыпты жағдайда гаметофиттер бір айдан 4 айға дейін өмір сүреді. Осы уақыт мерзімінде гаметофиттен гаметангиялар толық пісіп жетіледі.

Ламинариялықтарда жынысты көбею процесі - оогамиялық.

Ламинария-Laminaria туысының 30 шақты түрі бар. Көпшілігі 20 м-ге дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.

Ламинария - күрделі кұрылымды, өте ірі, ұзындығы 60 метрге дейін жететін өсімдік. Бұл солтүстіктегі Ақ теңізде және Баренц теңізінде көп тараған.

Ламинарияның қабаты саусақ салалы, лента пішінді, ұзын сағақты жапырақ тақтасы сияқты және цилиндр пішінді қысқа сабақ тәрізді бөліктен тұрады. Қысқа сабақтан көптеп тарамдалып шығатын ризоидтары арқылы төсемікке бекінеді. Ламинария көпжылдық өсімдік, жапырак тақтасы сияқты лента пішінді бөлігі қысқа қарай (солтүстік жақта) жылда түсіп, оның орнын жапырақ пен сабақтың шекарасындағы меристема клеткаларының өсуінен кұралған пластинка тәрізді жаңа жапырақ тақтасы алмасып отырады.

Анатомиялық құрылымында өзектік қабаты бос орналасқан жіпше тәрізді клеткалардан құралған. Түтікті жіпшелері мен сүзгіш түтіктері де болады. Кілегейлі каналдары біреулерінде болса, екінші біреулерінде болмайды.

Жапырақ тақтасының бетінен гаплоидты зооспоралары дамитып бір ұялы зооспорангиялар жетіледі. Зооспорангиялардың арасында парафиздері болады. Әрбір зооспорангияда редукциялық бөлінуден кейін 16-дан 64-ке дейін зооспоралар құралады. Зооспоралар алмұрт пішінді, екі талшықты. Алдыңғы талшығы қауырсынды, артқысы жай, бір хлоропласты болады. Зооспора- ііың қозғалысы тіршілік жағдайына байланысты. Зооспора төсеміктің қатты бетін кездестіріп, талшығын тастап тоқтайды да, қабыққа оранып, эмбриоспорағаайналады. Эмбриоспорадан өсу түтігі дамиды. Оған барлық зооспораның тіршілік заттары өтеді де, өсу түтігі бос қалған эмбриоспорадан пердемен

бөлінеді. Осылай алғашқы гаметофит клеткасы түзіледі. Эмбриоспора қабығы көп уақыт сақталады. Ламинарияларда гаметофит дара жынысты. Аналық гаметофит қысқа және жалпақтау, көп клеткалы, сирек бір клеткалы. Көп клеткалы аналық гаметофиттен бірнеше оогоний дамиды, ал бір клеткалы болған жағдайда клетка тегіс оогониге айналады. Әрбір оогониден бірден жүмыртқа клеткасы пісіп жетіледі. Пісіп жетілген жұмыртқа клеткасы оогоний тесігі арқылы сыртқа шығады, бірақ оогониден ажыраспай, онда жабысып түрады. Осы жағдайда ұрықтану болын, спорофит дами бастайды. Барлық жұмыртқа клеткасы сыртқа шықканнан кейін гаметофит тіршілігін жояды, бірақ оның қабығы спорофиттің төменгі жағында көп уақыт сақталады. Көп клеткалы аналық гаметофиттен бірнеше спорофит дамиды. Спорофит аналық гаметофиттен ешқандай қор затымен қамтамасыз етілмейді, тек спорофиттің бекіну органы болып есептеледі. Мұның балдырлардың тіршілігінде үлкен маңызы бар. Зооспоралар қатты төсемік тапқанша олардың көпшілігі қырылып қалады. Оған себеп қатты төсемік теңіз түбінде аз болады, оның көпшілігіне балдырлар мен жануарлар мекендеп қойган. Аталық гаметофит аналыққа қарағанда көп тармақталған және көлемі кіші, уақ, түссіз клеткалардан түзіледі. Онда сперматозоид түзілетін антеридийлер дамиды. Ұрықтанған жұмыртка клеткасы тыныштық жағдайына көшпей-ақ, өсе келе бірқатар бірнеше клеткалардан қүралған жіпшеге айналады. Кейіннен клеткалардың көлденең перделермен бөлінуіне байланысты одан бір қабатты пластинка дамиды, оның төменгі клеткасынан ризоид түзіледі. Пластинканың біртіндеп өсуіне қарай клеткалардың дифференциялануы болады, соның нәтижесінде бағана және тарамдалған ризоид өсіп жетіледі. Сонымен, ламинарияда папоротниктерге ұқсас ұрпақ ауысу барлығы байқалады. Мүнда ірі диплоидты спорофит (ламинария), микроскопиялық мөлшерлі гаплоидты гаметофитпен ауысып отырады. Жыныссыз генерация жыныстыға қарағанда әлдеқайда үлкен және басым болады. Әрі қарай дамуда спорофиттің күрделене түскенін, ал гаметофиттің біртіндеп жойылып бара жатқанын көруге болады. Қант ламинариясы «теңіз қырыққабаты» деген атпен тамаққа пайдаланылады.

Лессониа- Lessoniaбағанасының жоғарғы жағы көп тармақталып, ланцет пішінді «жапырақтармен» аяқталады. Макроцистис - Macrotystis10-20 м тереңдікте өсетін «сабағы» бірнеше рет тармақталып келеді, оның иілгіш жіңішке «сабағының» үзындығы 50-60 метрге дейін жетеді. Сабақтың «жапырақ» тақтасының түбінде ауа толып тұратын кеңістігі болғандықтан, ол судың бетінде қалқып тұрады. Макроцистисті алгинат және басқа химиялық өнімдер алуға пайдаланылады. Алария-Alaria ірі өсімдік, қабаты сабаққа, ризоидқа және жақсы жетілген орталық жапырақ жүйкесі бар «жапырақ» алақанынан тұрады. Аларияның кейбір түрлерін тамаққа пайдаланады.

Наши рекомендации