Сімдіктердің филогенетикалық жүйесінің әдістері
Осы кездегі өсімдіктердің филогенетикалық жүйесін жасауда мына әдістерді жиі қолданады.
1. Салыстырмалы морфологиялык әдіс. Бұл әдіс арқылы бір өсімдіктің вегетативтік және генеративтік органдарының морфологиялық белгілерін салыстыра отырып, оның қандай систематикалық топқа жататындығын, шығу тегі мен басқа өсімдіктер түрлерімен туыстық қатынасын анықтауга бо лады. Барлық жасанды, табиғи жэне филогенетикалық системалардың негізі салыстырмалы морфологиялық әдіске сүйеніп жасалған.
2. Анатомиялық әдіс. Бұл эдіс өсімдік органдарының анатомиялық кұрылымына негізделген. Өсімдік органдарының анатомиялық құрылымын зерттеу арқылы олардың бір- біріне туыстық қатысы, шығу тегі жайында қорытынды жасауға болады. Анатомиялық және морфологиялық талдаулар жасай отырьп, төменгі сатыдағы өсімдіктердің жогарғы сатыдағылардан айырмашылығы мен ұқсастығын анықтауға болады. Бұл әдіс өсімдік физиологиясымен тығыз байланысты, өйткені өсімдіктердің құрам бөліктерінің физиологиялық қызметін анықтау арқылы оларды толық зерттеп, біртұтас организм екенін білуге болады.
3. Эмбриологиялық әдіс. Ұрықтың, тұқымның жэне өсімдіктің жеке, органдардың онтогенезін зерттеу арқылы олардың өзара байланысын анықтауға болады. Осы әдіс арқылы Гофмейстер, Горожанкин және т.б. ғалымдар төменгі жэне жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің, архегониялы өсімдіктер мен жабық тұқымды өсімдіктердің арасындағы туыстық байланыстың барлығын анықтады. Эмбриологиялық әдіс салыстырмалы морфология шеше алмайтын өсімдіктер органдарының гомологиясы мен аналогиясы туралы мэселелерді де шешеді. Сондықтан бұл әдіс өсімдіктердің салыстырмалы морфологиясымен тығыз байланысты.
4. Морфологиялық-географиялық әдіс. Систематикалық кіші бірліктерді - түр мен туыстың, туыс пен түқымдастың арасындағы систематикалық байланысты анықтау үшін қолданылады. Мұнда өсімдіктердің жер шарының аймақтары мен белдеулеріне қарай бөлінуіне және жеке өсімдік түрлері мен туыстарының әрбір жерге таралу заңдылықтарының себептеріне, оның таралу шегіне (ареалына) сүйенеді. Өсімдіктің сыртқы формасы белгілі бір тіршілік жағдайына байланысты қалыптасады. Осыған орай, әрбір өсімдік түрінің тараған белгілі бір ареалы болады. Бұл әдіске сүйену арқылы өсімдіктердің жер бетінде та- ралуына тікелей сыртқы ортаның әсер ететінін жэне өсімдіктердің белгілі бір ортада тарихи қалыптасатындығын анықтауға болады.
5. Экологиялық-морфологиялық әдіс морфологиялық-геогра- фиялық эдіспен тығыз байланысты. Себебі, экологиялык зерттеулер өсімдіктің физиологиясы жэне морфологиясымен тікелей ұштасып жатады. Өсімдіктің белгілі бір түрі арнаулы тіршілік жағдайында ғана өсе алады. Сонымен қатар, өсімдіктер өздері қоршаған ортаға эсер етіп, жаңа орта жағдайына сай бейімделеді. Организмнің осы жағдайдағы тіршілігіне байланысты жергілікті ерекшелікгер пайда болады. Сондықтан өсімдіктің тіршілік жағдайы морфологиялық жағынан талдау жасағанда, әсіресе түрішілік және туысаралық мэселелерді шешуде ерекше орын алады.
6. Биохимиялық әдіскейбірі өсімдіктер топтарының туыстық қатысы мен шығу тегін аныктауда қолданылады. Бұл әдіс екі өсімдік организмінің құрамындағы ұқсас заттардың болуына негізделген.
XIX ғасырда өсімдіктердің химиялық қүрамы оның систематикалық ерекшеліктеріне байланысты болатындығы анықталды. Көп өсімдіктердің топтарына әр түрлі химиялық қосылыстар тән.
7. ІІалеоботаникалық әдіс филогенетикалық системаға аса маңызды деректерді беріп отырады. Өткен геологиялык кезеңдерде болған өсімдік қалдықтарын зерттеп, ертедегі осімдік дүниесінің бейнесін анықтайды. Өсімдіктердің қазба қалдықтары белгілі бір геологиялық дәуірдегі таралуын, дамуын және олардың тегі болған басқа өсімдіктер топтарымен алмасуын дәлелдейді мысалы, төменгі сатыдағы өсімдіктер гоптары жер бетінде бірінші пайда болған, одан кейін мүктәрізділер, ......
- Бұл дәлелдемелер өсімдіктердің филогенетикалық системасын жасауға негізгі материал болуымен қатар, оның қорытындыларының тірегі болып саналады.
8. Гибридтік әдіс арқылы форма, түр, туыс жэне басқа да систе- матикалық бірліктерге жататын өсімдіктерді өзара будандастыра отырып, олардың туыстық байланысын анықтайды. Түрішілік жэне систематикалық жағынан жақын түрлер арасында будандастыру оңай жүріп, көпшілік жағдайда дұрыс ұрпақ береді. Туыстар жэне тұқымдастар арасында будандастыру қиы нырақ жүреді. Систематикалық жағынан алшак жатқан түрлер арасында өзара будандастыру жүрмейді жэне одан ұрпақ беретін жаңа будан шықпайды.
9. Иммунитет әдісі. Кейбір өсімдік түрлерінің белгілі бір жүқпалы саңырауқұлақ, бактерия жэне ви рус ауруларына эр түрлі дәрежеде бейімдік қасиеттерінің болуымен бірге, олардың басқа бір жұқпалы ауруларға берілмеушілік қасиеті де болады. Мұны өсімдік иммунитегі деп атайды. Иммунитеттің белгілі бір дәрежеде тұқым қуалау қасиетінің байқалуы олардың түрлері мен туыстарын да табиғи жэне тарихи қалыптасқандығын көрсетеді. Өсімдіктердің туыстық қатысын, оның белгілі бір жұқпалы ауруға төзімді немесе сол ауруға бейімділігіне қарай аныктайдь Мысалы, астықтұқымдас өсімдіктер қаракүйе жэне тат саңыраукұлактармен ауруға бейім келеді, ал басқа тұқымдас өсімдіктерде мұндай қасиет байқалмайды.
10.Серодиагностикалық әдіс. Әрбір өсімдіктердің арасында болатын морфологиялық айырмашылығы белоктарының бірінші реттік өзгерістерге ұшырауына байланысты, ал өсімдіктердің морфологиялық өзгеріске ұшырауы белоктың екінші реттік өзгеруі болып табылады. Ал сыртқы морфологиялық құрлысы жағынан бір-біріне ұқсас, бірақ гаметофиттерінің құрылысы Әр түрлі болып келетін қырықбуын мен қылша, балықоты мен балдырлар сияқты өсімдіктер теріс реакция береді. Сонымен, бұл эдіс арқылы да өсімдікгердің туыстық байланысын анықтауға болады.
11. Эксперименталды әдіс кейінгі кезде жиі қолданылып жүр. Бұл эдіс түр белгілерінің өзгеруі мен өзгергіштік қасиеттері қандай дэрежеде болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұқым қуалау белгілерінің бір түрден екінші түрге өзгеруін жэне жаңа формалардың шығу жолын анықтауға мүмкіндік туғызады. Эксперименталды әдіс жеке өсімдік топтарының туыстық қатысын ғана ашып қоймай, ол өсімдіктердің пайда болу заңдылықтарын да ашады. Өсімдіктердің филогенетикалық жүйесін құрғанда бір ғана әдіске сүйеніп қоймай, олардың туыстық қатысын, тарихи дамуын, өзгергіштігі мен тұқымқуалаушылық қасиеттерін анықтайтын барлық әдістердің қорытындылары еске алынады.
Сонымен, өсімдіктердің филогенетикалық жүйесінің міндеті - жоғарыдағы әдістерді қолдана отырып, жер бетінде тіршілік ететін осімдіктерді сипаттау және белгілі бір жүйеге келтіру. Систематика осімдік дүниесінің филогениясы жайындағы мәселені де, яғни жер бетіндегі өсімдіктердің қалайша дамығандығын, бүл дамудың бағыты және олардың өзара туыстығы қандай деген мэселелерді де шешеді. Ең соңында қандай өсімдіктер пайдалы, қандай өсімдіктер зиянды, соны мен қатар олардың өсіп-өнуін қалай басқару керек деген сұрақтарға да тиісті жауапты осы систематикадан табамыз.
Таксондар
Өсімдіктер систематикасында өсімдіктерді жүйелеуде өзіне тән тілі, ұғымдары және таңбалары қолданылады, Систематикалық бірлікті белгілеуде таксон термині қабылданған. Ол әр түрлі ранггарда болуы мүмкін. Ресми түрде қабылданған және «Ботаникалык номенклатура жөніндегі халықаралық кодексте» жарияланған (орыс тілінде 1959 ж. басылған) соңғы Халыкаралық ботаникалық конгрестің шешімдеріне сәйкес ботаникада мынадай таксондар қабылданды:
• Өсімдіктер патшалығы — Regnum vegetabile
• Бөлім - Divisio
• Класс - Classis
• Қатар - Ordo
• Тұқымдас - Ғatmilia
• Туыс - Genus
• Түр – Species
Классификацияның негізгі бірлігі немесе ең кіші категориясы – түр.
Жақын түрлердің жиынтығы - туыс. Жақын туыстардың жиынтығы тұқымдас. Жақын тұқымдастардың жиынтығы –қатар. Жақын қатарлар класқа біріктіріледі. Бірақ қатармен салыстырғанда кластардың арасында елеулі айырмашылықтар болады. Соған байланысты өсімдіктер кластар саны жағынан аз.
Класс әрі қарай өте басым айырмашылықты өсімдіктер топтары кіретін ірі таксономиялық бірлік бөлімдерге біріктіріледі. Бөлім өсімдіктер дүниесіндегі филогенетикалық діңгектің негізгі бұтағы болып саналады. Бөлімдер патша тармактарына топтастырылады. Мысалы, өсімдіктер органдарының құрылыстарындағы айқын көрінетін айырмашылықтарына байланысты, төменгі сатыдағы өсімдіктер және жоғары сатыдағы өсімдіктер патша тармактарына бөлінген. Ең жоғарғы таксономиялык категория - патшалық. Мысалы есімдіктер патшалығы
Өсімдіктер патшалығы. Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thallobionta және Жоғары сатыдағы өсімдіктер – Cormobionta деп екі патша тармақтарына бөлінеді.
Ботаникялық номенклатура жөніндегі халықаралық кодекс бойынша әрбір таксонның өзіндік латынша жалғаулары бар, атап айтқанда: бөлім - ...рһуіа, класс - ...рsidа, қатар - ...аlеs, тұқымдас – сеае. Туыс және түр үшін қабылданған арнаулы жалғаулары жоқ.
Мысалы,
Бөлім – divisio | Жасыл балдырлар – Сһlоrорһуtа |
Класс – сlаssіs | Нағыз жасыл балдырлар – Еисһlоrорһусеае |
Қатар – огdо | Улотрикалықтар – Ulоtһrісһаlеs |
Тұқымдас –fаmіlіа | Улотрикстер – Ulоtrісһасеае |
Туыс - gеnus | Улотрикс –Ulоtһгіx |
Түр – sресіеs | Зоната улотриксі – Ulоtrіх zonata гопаіа |
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thallobionta патша тармақтарына
I. Өсімдіктер дүниесінің клеткаға дейінгі тармағы - Procytobionta
1. Вирустар бөлімі – Virophyta
П.Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядроға дейінгі тармағы -
Thallobionta procariota
2. Дробянкалар бөлімі - Schizophyta
3. Көк-жасыл балдырлар бөлімі –Cyanophyta
III. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластидті тармағы (төменгі сатыдағы автотрофты өсімдіктер) – Thallobionta eucaryota
4. Жалтырауық сары балдырлар бөлімі - Chrysophyta
5. Сары жасыл балдырлар бөлімі – Xanthophyta
6. Диатомды балдырлар бөлімі – Diatomophyta
7. Пирофитті балдырлар бөлімі – Pirrophyta
8. Эвгленалы балдырлар бөлімі – Euglenophyta
9. Қоңыр балдырлар бөлімі – Phaeophyta
10. Қызыл балдырлар бөлімі – Rhodophyta
11. Жасыл балдырлар бөлімі – Chlorophyta
12. Хара балдырлар бөлімі – Charophyta
13. Қыналар бөлімі – Lichenophyta
IV. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластидтері жоқ (төменгі сатыдағы гетеротрофты өсімдіктер) тармағы – Thallobionta aplastidae
14. Кілегейлер бөлімі –Myxophyta
15. Саңырауқұлақтар бөлімі – Mycophyta
Бинарлы номенклатура
К.Линнейдің жаратлыстану ғылымдарының, оның ішінде систематиканың дамуына сіңірген еңбегі өте зор. Линней сол кездері халықаралық ғылыми тіл болып калыпттасқан латын тілін, өзі кұрастырған нақтылы терминдерді ең алғашқы болып ботаникада қолданды. Бұл жаңалық белгісіз түрлерді сипаттағанда өте қолайлы болып саналды.
Линней ғылымға бинарлық номенклатураны енгізді. Бұл номенклатура бойынша түр екі сөзбен аталады. Алғашқы сөз қай туысқа жататындығын, ал екінші сөз түр атауын білдіреді. Екінші сөзден кейін осы түрді ашқан және ат берген ғалымның фамилиясы қойылады. Мысалы, Зоната улотриксі – Ulоtrіх zonata Kutz.
Ал, Линнейге дейін бір өсімдіктің өзі әр жерде, әр қилы аталып жүрді, кейде әр түрлі өсімдіктер бір атпен аталған болып шықты.
Зоната улотриксі – Ulоtrіх zonata
Бекітуге арналған сұрақтар:
1. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасының зерттеу объектісі.
2.Өсімдіктер систематикасында қандай таксондар қолданылады.
3. Бинарлы номенклатура негізін қалаған кім.
4. Өсімдіктер систематикасына үлес қосқан ғалымдар еңбектері.
Қолданылған әдебиттер:
1. Әметов.Ә.Ә. Ботаника. Алматы. 2000 ж.
2. О.Абдрахманұлы. Өсімдіктер систематикасы. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Астана-2012.