Асқорыту жүйесі бойынша қарау

Қарау:Ауыз қуысы: тістері түгел емес, қызыл иегінде тілінің түбінен ақ сары, сұры қатпар жапқан. Жұтқыншақ көмей бездері қалыпты. Тәбеті жақсы.

Іш қуысы: дұрыс пішінді, симметриялы, жұмсақ іш кебу мен қатаюлар жоқ. Анық байқалатын перистальтика байқалмады. Тері асты шел майы қабаты жоғары дәрежеде жинақталған. Кіндік сақинасы тығыз, саусақты өткізбейді. Іште ешқандай өзгеріс тыртықтар жоқ. Көк тымыр тарамдары жоқ. Тері асты веналар анастомозы жоқ.

Перкуссияда: бос немесе жинақталған сұйықтық табылмады. Флюктуация симптомы теріс мәнді. Перкураторлық дыбыс – тимпанды. Метеоризм жоқ.

Беткей пальпацияда іш жұмсақ, еш ауырсынусыз. Щеткина-Блюмберг симптомы теріс мәнге ие. Алдыңғы іш қабырғасының бұлшықеттерінің тартылуы анықталмады.

Образцов-Стражеско әдісімен терең пальпациялағанда:

♦ сигматәрізді ішек - жазық,ауырмайды, тығыз эластикалық консистенциялы, қыжылжамайды, диаметрі 2,5 см, қозғалғыштығы 4 см;

♦ тоқ ішектің жоғарылаған бөлімі - жазық,ауырмайды, тығыз эластикалық консистенциялы, қыжылжамайды, диаметрі 2 см;

♦ соқыр ішек - жазық,ауырмайды, тығыз эластикалық консистенциялы, қыжылдайды, диаметрі 2,5 см, қозғалғыштығы 4 см;

♦ тоқ ішектің төмендеген бөлімі - жазық,ауырмайды, тығыз эластикалық консистенциялы, қыжылжамайды, диаметрі 2 см;

♦ көлденең тоқ ішек - жазық, ауырмайды, тығыз эластикалық консистенциялы, қыжылжамайды, диаметрі 2,5 см

Асқазанның төменгі шегін анықтау: төменгі шегі кіндіктен 2 см жоғары.

Іш аускультациясындаішектік перистальтика қалыпты, патологиялық шулар анықталмады.

Гепатобилиарлы жүйе:

Курлов бойынша бауырдың өлшемдері:

- оң бұғана орта сызығы-9 см,

- алдыңғы орта сызық-8 см,

- сол қабырға доғасы-7 см.

Бауыр пальпациясы:

Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасының төменгі шегіне сәйкес келеді, жұмсақ, дөңес, ауру сезімі жоқ, беткейі тегіс.

Өт қабы: пальпацияланбады. Мерфи, Ортнер, Кер, Мюсси-Георгиевский симптомдары теріс мәнді.

Талақ: пальпаторлы жолмен анықталмады.

Талақ перкуссиясы:

♦ Ұзындығы=7см;

♦ Ені=5см.

Бауыр және талақ аймаутарының аускультациясы: үйкеліс шуы жоқ.

Ұйқы безі: пальпацияланбады. Ұйқы безінің проекциясы аумағында бұлшықеттердің тартылуы байқалмады.

Несеп -жыныс жүйесі

Қарау: Бел аймағын қарағанда: бүйрек тұсында терісі өзгеріссіз.

Пальпацияда бүйректер пальпацияланбады. Қуықты пальпациясында өзгерістер мен ауырсынулар байқалмады. Несеп ағар нүктелеріндегі жоғарғы және төменгі нүктелерінде ауырсыну сезімі жоқ.

Перкуссия: бел маңында перкуссия жасағанымызда, Пастернацкий симптомы екі жақта да теріс. Қуық перкуссиясында тимпанды перкураторлы дыбыс естілді.

Несеп бөліну тұрақты, ерікті, ауырсынусыз.

Аускультация: бүйрек артерияларын тыңдағанда еш шу естілмеді.

Сыртқы жыныс мүшелерін қарағанда өзгерістер анықталмады.

Эндокриндік жүйе

Қарау: бойы -168 см. дене конституциясы гиперстеник. Дене мүшелерінің мөлшері өзгермеген, олардың арасында ара қатыстық ақталған. Ұялы шаш түсуі бар. Артық салмақ жинақтаған. Саусақтардың дірілдеуі, қабақтың майда дірілдері жоқ. Көз қарашығының көлемі, пішіні қалыпты, көздің бадыраюы, алыптық жоқ. Грефе, Кохера, Мари, Мебиус симптомдары теріс.

Пальпация: қалқанша безі үлкеймеген. Пальпацияда ауырмайды. Қалқанша баз деңгейінде мойынның өлшемі – 36 см.

Нерв жүйесін тексеру:

Ұйқысы қалыпты (8-10 сағат), еш қозу белгілерінсіз. Курация кезінде бас ауруы, бас айналу анықталмады. Талықсулар болмаған. Сезімталдық сақталған: көру, есту, иіс сезу, дәмді сезуі қалыпты. Қозғалыс координациясында патология байқалмады. Бет және тілін қарағанда симметриялы. Бабинский, Россолимо, Керниг симптомдары, жүрісінің бұзылысы анықталмады. Жүргенде кіші қадамдармен жасайды.

Гиперсаливация жоқ, науқаста анықталған жалғыз симптом – кардиалгия симптомы немесе төс артындағы дискомфорт сезімі.

Осымша зерттеу тәсілдері

1) Қанның жалпы анализі;

2) Қанның биохимиялық анализі;

3) Несептің жалпы анализі;

4) ЭКГ;

5) ЭхоКГ;

6) Кеуде клеткасының рентгенографиясы.

Анның жалпы анализі

Наши рекомендации