Гальванизация және емдік электрофорез

Тақырыбы: Ж Ж, АЖЖ және УЖЖ токтарды қолдануға негізделген терапевтік техника. Тұрақты токты қолдануға негізделген терапевтік техника.

Мақсаты:

1.ЖЖ, УЖЖ және АЖЖ өрістердің әсерінен ұлпалардың қызу механизмін оқып үйрену

2. Ультражоғары жиілік (УЖЖ) аппаратының жұмыс істеу принципімен танысу

3.Тұрақты токтың әсерінен ұлпалардың қызу механизмін оқып үйрену

4. Гальванизация аппаратының жұмыс істеу принципімен танысу

Оқытудың міндеті:

1. УЖЖ –терапия аппаратының блок схемасын және қолданылуын түсіндіріңіз.

2. УЖЖ-терапия аппаратымен алғаш жұмыс жасауды үйрену (жерге жалғануды тексеру, қосу, электродтарды орналастыру, терапевикалық контурды резонансқа келтіру).

3. ЖЖ, УЖЖ және АЖЖ өрістердің әсерінен ұлпалардың қызуының биофизикалық механизмін түсіндіре алуды үйрену

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.УЖЖ-терапия аппаратының құрылғысы және оның жұмыс істеу принципі.

2. ЖЖЖ электр өрісінің электролиттерге және диэлектриктерге әсері

3. УЖЖ электр өрісінің электродтар арасындағы таралуы

4. Терапевтикалық контурдың қолданылуы, оның схемасы

5. Терапевтикалық контурдағы айнымалы сыйымдылықты конденсатордың қолданылуы

6. АЖЖ-өрістің әсерінің ерекшелігі (микротолқындық терапия)

7. Гальванизация аппаратының құрылғысы және оның жұмыс істеу принципі.

8. Гальванизацияның физикалық негізі

9. Тұрақты токтың ағза ұлпаларына әсері

Оқыту әдісі - Шағын топпен жұмыс

Дидактикалық блок:

Ультрадыбысты, жоғары және ульрадыбыстық жиілік диапазонында медициналық аппараттардың үлкен топтары жұмыс істейді (электромагниттік тербелістер және толқындар генераторы).

Электромагниттік тербелістер биологиялық денеге әсер еткенде ағзада жылу бөлініп шығады. Айнымалы электр өрісіндегі биологиялық ұлпаларда ығысу және өткізу токтары пайда болып, зат алмасу үрдісі жақсарады. Осы мақсатта медицинада ультражоғары жиілікті аппарат көптеген ауруларды емдеу үшін қолданылады. Физиотерапевтік бұл әдіс - УЖЖ-терапия әдісі деп аталады.

УЖЖ-терапия сүйек және қан тамырларындағы қабыну процесстерін, невралгияны, бронхиальды астманы және басқа да ауруларды емдеуде қолданылады.

УЖЖ-терапия –ультра жоғары жиілікті (30-300 МГц) айнымалы электр өрісімен ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін,кең тараған физиотерапевтік әдіс.

УЖЖ электр өрісінің физиологиялық әсері айнымалы электр өрісінің ағза ұлпаларының молекулалары мен иондарына әсеріне негізделген. Нәтижесінде,ұлпалардан биохимиялық және физиологиялық процестерді активтендіруге алып келетін жылу бөлініп шығады.

Бөлінетін жылу ұлпалардың диэлектрлік өтімділігіне, меншікті кедергісіне және электромагниттік тербелістердің жиілігіне тәуелді. Сәйкес жиіліктерді таңдай отырып, керекті ұлпалар мен мүшелерден жылу бөлінуді жүзеге асыруға болады.

УЖЖ өрісте электрометтерді қыздыру иондардың қозғалыс нәтижесінде болады, яғни ток өткізгіштіктің. Ток энергиясы ішкі энергияға айналады. Электрометрден бөлініп шығатын жылу Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru , мұндағы Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru - электр өрісінің кернеулігі, Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru -электрометтің меншікті кедергісі.

Электр өрісінің ЖЖ әсерінен диэлектрикте дипольдік молекулалардың үздіксіз ориентациясы болады. Диэлектриктегі жылу мөлшері Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru мұндағы Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru - циклдік жиілік, Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru - диэлектрдің салыстырмалы диэлектрлік өтімділігі, Е- өріс кернеулігі, Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru - диэлектрлік шығын бұрышы.

Ағзада электролит пен диэлектриктің қасиеттері бар ұлпалар бар, сондықтан УЖЖ өрістің әсерінен ұлпалардан бөлінетін жылу мөлшері Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru 40,58 МГц жиілікте диэлектриктің қыздырылуы электролиттерге қарағанда қарқынды.

Сонымен қатар биологиялық зерттеулерде аса жоғары жиілікті қолдану диэлектрик қасиеттерімен ұлпаның гидратация дәрежесін анықтауға мүмкіндік туғызады.

Емдеу мақсатында сантиметрлік дипазондағы жиіліктері 460 МГЦ ( Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru ) және 2375 МГц ( Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru ) электромагниттік толқындармен ағза ұлпаларына әсер ету микротолқынды терапия деп аталады.

Әсер ету дененің беткі сәйкес қабатын арнайы сәулендіргіштің көмегімен сәулелендіру арқылы жүзеге асырылады.

Сантиметрлік толқындар ағза ұлпаларының беткі қабаттарынан жұтылады. Олардың алғашқы әсері электролит ерітінділеріндегі иондардың тербелісімен, диэлектриктерде полярлық молекулалармен түсіндіріледі. Сондықтан олардан жылу бөлініп шығады.Мұндай жағдайда микротолқындардың әсері етуі УЖЖ электр өрісінің әсер етуімен ұқсас. АЖЖ тербелісінде су молекуласы бағытталу терблісінде айырықша мәнге ие болады. Сондықтан толқынның ең көп жұтылуы және жылудың бөлінуі судан тұратын ұлпаларда, мысалы, бұлшық етті ұлпа және қанда, аз болуы - майлы ұлпаларда. Осындай қаситтерімен микротолқынды терапия УЖЖ терапиясынан ерекшелінеді.

УЖЖ- терапия аппараты

УЖЖ- терапия аппараты құрылысының негізін сәйкес жиілік пен қуатты гармониялық тербелістердің генераторы құрайды. (сурет-1, 2)

Барлық аппараттарға тән ерекшелік тербелмелі контурдың болуы. Тербелмелі контурға адам денесіне жапсырылатын электродтар тіркеледі. Мұндай контурларды терапевтік деп атайды.Тербелмелі контурдың болуы қауіпсіздік техникасы тұрғысынан міндетті,себебі генератордың өзіне ЖЖ тербелістерден басқа лампаларды қоректендіретін жоғары кернеулер жұмыс жасайды. Ауру адамға бұл кернеулердің зиянды әсерлері болмас үшін,жанасатын t электрод L;С тербелмелі контурға қосылады.

Терапевтік контурға әр түрлі электрлік параметрлері бар обьектілер қосылатындықтан, терапевтік контур әр процедурада резонанс құбылысына бейімделуі қажет. Бұл үшін конденсатор айнымалы сыйымдылыққа ие болады.

Пациент қауіпсіздігі үшін УЖЖ- терапия аппараты схемасына ТК қосылған. ТК анодтың тербелмелі контурмен байланыс орамымен байланысқан (ВС). Үлкен қуат алу үшін ТК, айнымалы Ст конденсатордың көмегімен резонансқа бейімделуі. УЖЖ электр генератормен өрісінің пациентке әсері электродтардың көмегімен жүзеге асады. Аппараттың барлық электр схемасы металл корпусқа ендірілген. Жеке элементтері экрандалған. Басқару элементтері алдыңғы панельде орналасқан және сәйкес жазулары бар.

Электродтардың арасында электр өрісінің кернеулігінің таралуы электродтардың өлшеміне, олардың ара қашықтығына және өзара орналасуына тәуелді. Таралуды ДА- дипольдік антеннаның көмегімен зерттеуге болады.ДА- екі өткізгіш, екі ортасына жартылай өткізгішті диод қосылған. ДА миллиамперметр жалғанған.

 
  Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru

ДА контурындағы ток күші УЖЖ электр өрісінің кернеулігіне пропорционал. ДА ағаш рейканың шетіне орналасады, вертикаль және горизонталь бағыттарда жылжиды. Бағыттаушы рейкада әр сантиметр сайын бөлікке бөлінген. Бұл ДА-ң электродтарға қарағандағы орнын анықтауға мүмкіндік береді.

       
 
1-сурет
 
2-сурет

Гальванизация және емдік электрофорез

Тұрақты токтың (ондаған миллиампер) адам ағзасына аз күшпен әсер етуге негізделген емдік әдіс гальванизация деп аталады. Гальванизацияда тұрақты ток сәйкес көзден ағза ұлпасына металл электродтар мен өткізгіштердің көмегімен жалғанады. Олар қорғасын және қалайы пластикалардан тағайындалады.

Тұрақты токтың ағза ұлпаларына бірінші ретті әсері зарядталған бөлшектердің ұлпа электролиттеріндегі зарядталған бөлшектердің орын ауыстыруынан болады. Бұл жағдайда иондардың әтрүрлі қозғалғыштығының нәтижесінде, бастысы мембраналарда тосылуы және клеткаларда, қоршаған сұйықтықтарда иондардың концентрациясының өзгеруі болады. Иондық ортадағы өзгеріс клеткалардың функционалдық күйінің өзгеруіне, яғни қозуына немесе тежелуіне алып келеді.

Иондардың жергілікті концентрациясы қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік және ағза ұлпаларына бірінші ретті әсерінің негізінде поляризациялық құбылыс жатыр.

Ұлпалардың жасушаларының күйінің функционалдық өзгеруі (әсіресе нервтік рецепторлардың) нервтік гуморальдық немесе флекторлық жолмен ағзаның келесі буындарының реакциясын тудырады, олар өз кезегінде жеке мүшелермен жүйелердің бүкіл ағзаға әсерін тигізеді. Гальванизацияны тұрақты токтың көмегімен ағза ұлпаларына дәрілік заттарды енгізумен байланыстырады. Мұндай заттардың ерітінділеріне электродтардың астындағы жапсырмалар батырылады. Процедура емдік электрофорез деп аталады.

Гальванизация мен емдік электрофорез процедурасы үшін (40-60 В) тұрақты кернеу көзі қажет, әртүрлі процедураларда ток күшін басқаруға арналған потенциометрмен жабдықталады. Мұндай көз ретінде электронды-лампалы немесе жартылай өткізгішті түзеткіштер қолданылады.

Өзіндік есептер:

Есеп.

Орташа тығыздығы Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru =1,5 г/см3, адамның массасы m= 40кг. Адам денесінің электр сыйымдылығын сол көлемдегі электр тогын өткізетін шардың сыйымдылығына тең деп есептеңіз.

№2 есеп.Резонанстық жиіліктері Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru және индуктивтілітері L1=0,3 мкГн, L2=5 мкГн болатын УЖЖ терапевтік аппараты үшін ТК қандай сыйымдылыққа ие болады?

№3 есеп. Бұлшық жасушалардан миротолқындық терапия ( Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru ) кезіндегі маймен салыстырғандағы бөлінетін салыстырмалы жылу мөлшерін анықтаңыз?

Eм=5,5; Еб=47

Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru

№4 есеп. 5 см арақашықтықтағы өріс кернеулігі 2,0*10 4Н/Кл –ге тең 4,5*10-7Кл нүктелік электр заряды қандай ортаға орналасқан? Осы ортаның абсолют диэлектрик өтімділігін табыңыз?

№5 есеп. Ионофорез дәрілік заттарды адам денесіне енгізу үшін қолданылады. Ток тығыздығы Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru 0,05 мА/см2, t= 10 мин уақыт ішінде ауданы S=5 см2 электродтан ауруға енгізілген дәрілік заттың иондар мөлшерін анықтаңыз?

Зертханалық жұмыстың орындалу тәртібі:

Керекті құрал-жабдықтар: УЖЖ-30 типтес терапия аппараты, ағаш сызғышқа бекітілген дипольдік антенна (ДА), микроамперметр, электролит, диэлектрлик (кастор майы), гальванизация аппараты, NaCl, KJ ертінділері, мақта, термометрлер.

1 тапсырма. УЖЖ аппараты электр өрісінің таралуын бақылау

УЖЖ аппаратының электродтарын бір-біріне параллель орналастырыңыз

ДА-ны екі электродтың орталығына орналастырыңыз. ДА қосылған микроамперметр электродтардан алыс орналасуы керек.

Кернеуді өзгертіп отырып аппараттың индикаторының көрсеткішін қызыл спектрдің ортасына қойыңыз. “Қуат” тұтқасын бұрай отырып микроамперметрдің көрсеткішін максимумға жеткізіп қойыңыз.

ДА-ны горизонталь жазықтықта 1 см-ден жылжыта отырып, микроамперметрдің көрсеткішін 1-ші кестеге жазыңыз.

ДА-ны горизонталь жазықтықта жылжытқандай, вертикаль осі бойынша 1 см-ден жылжыта отырып микроамперметрдің көрсеткішін сол кестеге жазыңыз.

1 Кесте

Горизонталь жазықтық Вертикаль жазықтық
Іх (cм) І (mА) Іх (cм) І (mА) Іу (cм) І (mА) Іу (cм) І (mА)
               
               
               

6. Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru , Гальванизация және емдік электрофорез - student2.ru тәуелділік графиктерін сызыңыз,

Наши рекомендации