Экссудатты плеврит» деген клиникалық жағдай бойынша жауап эталоны
№ | қадамдарды бағалау критериялары | |
Шағым және анамнез | Рет ретімен және жүйелі өткізді, барлық анықтау сауалдарын қойды | |
Аурудың ауырлығын анықтау критериялары | Науқастың жалпы жағдай орташа ауырлықта | |
Физикальды зерттеу жүргізу – жалпы қарап тексеру | тері жабындысы ылғалды және бозғылт | |
Физикальды зерттеу жүргізу - тыныс алу жүйесін тексеру | Кеуде торшасын қарап тексерді. Физикальды зерттеуді дұрыс жүргізді және тыныс алу жүйесінің перкуторлы және аускультациялық мәліметтеріне дәйекті дұрыс талдау берді. | |
Физикальды зерттеу жүргізу - жүрек- тамыр жүйесін тексеру | ЖТЖ – тексеруын дұрыс және жүйелі жүргізді. | |
Болжама диагноз | Пациенттің 38оС-39оС дейін температурасының көтерілуіне, ентігуге, жалпы әлсіздікке, бейпродуктивты жөтелге, анамнезіне, кең спектрлі антибиотиктармен жүргізілген ем нәтижесіз болғандығына, интоксикация симптомдардың күшеюіне шағымданған шағымдарын ескере және Gеnе-Xpert әдісімен зерттелген плевра сұйықтығының анализы оң нәтиже беруі туберкулезді этиологиядағы экссудаты плеврит деген диагнозды негіздеп қоюға болады. | |
Зерттеу жоспарын белгілеу | Қанның жалпы анализы, қанның биохимиялық анализы, зәрдің жалпы анализы, ТМБ экссудаттың анализы. | |
Дифференциальды ажы-рату диагностикасы: | Дифференциальды ажырату диагностикасын пневмонияда болатын плевриттермен, ісіктік плевриттермен жүргізу | |
Микробиологиялық диагностикасы | ТМБ бактериоскопиямен зерттеген қақырықтың үш анализы теріс нәтиже берді G-Xpert әдісі ТМБ оң нәтиже берді, АБП сезімталдық сақталған. ВАСТЕС, баксебінді - жұмыста | |
Лабораториялық зерттеу әдісімен алынған мәлі-меттерге талдау беру | Қан анализінде орташа лейкоцитоз, лимфоцитопения, жылдамдатылған ЭШЖ. ЗЖА, қанның биохимиялық анализы қалыпты. | |
Плевра сұйықтығының интерпретациясы | Экссудаты зертегенде- экссудат серозды, лимфоциттер- 100 % , бірен саран мезотелиальды жасушалар, глюкоза- 1,33 ммоль/л | |
ЭКГ интерпретациясы | Қорытынды: -ритмі синусты, ЖСС – минутында 74 соғу, ЭОС тік тұратын орында. | |
Рентгенограмманың жә-не КТ интерпретациясы | Оң өкпенің төмеңгі бөлігінде үшбұрышты күнгіртену көлеңкесі көрінеді, негізі диафрагмада орналасқан ұшы қолтыққа қарай бағытталған, құрылымы біртекті, бояу қанықтығы орташа қанықтықта, ол плевритты көрсетеді. | |
Пациентті жүргізу тактикасын және терапевт-дәрігердің тактикасын анықтау Пациенттің типін және категориясын анықтау. | 1. Фтизиатрдың кеңесі. 2. Туберкулезге қарсы күрес жүргізетін мекемелерінде ауру-ханалық ем жүргізу. Дезинтоксикациялық, жалпы күшін жоғарлатын және сорылатын терапияны тағайындау. Өкпе туберкулезі деген қорытынды диагноз қойылғанда ТБ 15 есеп формаларын толтыру, 058у және 089у формаларын СЭС жіберу. Жаңадан анықталған жағдай, бірінші категория | |
Химиотерапияны тағайындау | Қарқынды фазасын бірінші қатардағы негізгі препараттармен (изониазид + рифампицин + этамбутол + пиразинамид) | |
Ем тиімділігін бақылау | Бақылау рентгенограммасын тікелей және бүйірлік проекцияда жасау, плевра қуысына УДЗ зерттеу жүргізу | |
Пациентпен сенімді қарым қатынас тудыру және үрейлігін жою | Пациентпен сенімді қарым қатынас орнатылды. Дәрігердің қойған барлық сауалдарына адекватты жауап алды. |
Симуляцияның жабдықтары:
1. Интерндерге арналған тапсырма
2. Стандартталған пациентке жазылған сценарий
3. Емтихан қабылдаушыға ақпарат (қадамды бағалау критериялары, жауаптың эталоны)
4. Кеуде торша ағзаларының рентгенограммасы
5. Тонометр, фонендоскоп.
Қабылдау орнының жағдайы:оқу бөлмесі – қабылхана.
1. Кушетка – 1
Өңдеушілердің ФАЖ: профессор Ракишева А.С., доцент Сыздыкова Н.С, доцент Кумисбаева Б.Т.
Сын пікір берушілердің ФАЖ: профессор Муминов Т.А., ҚР ТМҰО ДДБ меңгерушісі, к.м.н. Егенова Л.П.
БББК отырысында бекітілді,
Төрайымы м.ғ.д., профессор Курманова Г.М.
Хаттама №5 29.01.15 ж.