Сүтқоектілер класы
Сүтқоректілер – жоғары сатдағы жануар класы.
Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласы маммалогия (кейде териология деп те атайды) деп аталады.
Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000-ға жуық түрі белгілі.
Таралуы:Жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған.Олар түрлі экологиялық орта жағдайларында тіршілік етеді.
Сүтқоректілер (немесе аңдар) жануарлар дүниесінің жоғары сатыдағы тобын құрайды. Бұған өз атына сәйкес ұрпағын тірі туып, оны сүтімен асырайтын жылы қанды әрі жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар жатады.
Сүтқоектілерге тән ерекшеліктер:
1. Ұрықтың жатырда дамуы, тірі тууы және оны сүтпен қоректендіруі.
2. Омыртқа жотасының нақты бөліктерге жіктелуі және аяқтарының бүйірден тұлғаның нақ
астында тік көтеріп тұруға қарай бейімделуі.
3. Теріде түкті жамылғылардың, тері бездерінің болуы.
4. Екі қанайналым шеңберлерінің толық бөлінуі.
5. Зат алмасу процесінің дәрежесін көтеретін газ алмасу қарқындылығын күшейтетін
көпіршікті (альвеолды) өкпенің болуы.
6. Асқазаны жақсы дамыған, бүйеңдерінен соқырішек өседі.
7. Қоршаған ортада тіршілік етуіне байланысты мінез-құлқының өзгеруін қамтамасыз ету,
әсіресе үлкен жарты шарлар қыртысының, жүйке жүйесінің жақсы дамығандығы.
Құрылысындағы ерекшеліктер:
Ø Қаңқа бассүйек, омыртқа жотасы, кеуде қуысы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтар, жамбас пен артқы аяқтардан тұрады.
Ø Омыртқа жотасы мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық белдеулерінен тұрады.
Ø Бассүйек сүйектері, астыңғы жақтан басқасы тұтасып кеткен. Астыңғы жақсүйек қозғалмалы буын арқылы бассүйекке жалғасады.
Ø Бұлшық еттер жақсы дамыған; кеуде қуысы мен құрсақ қуысы көкет (диафрагма) арқылы бөлінген. Көкет тыныс алу және тыныс шығару үдерістеріне қатысады.
Ø Дене түкпен қапталған. Тері жабыны екі қабаттан (эпидермис, нағыз тері) тұрады. Теріде май, тер, сүт, иіс бездері болады. Терінің қосалқы түзілістеріне түк, мүйізді тырнақ, мүйіз бен тұяқтар жатады.
Ø Асқорыту жүйесі күрделірек; етті еріндері бар, тістері жақсүйектердің ұяшықтарында орналасады. Тістер құрылысына, қызметіне қарай күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер деп бөлінеді. Асқорыту жүйесінің құрылысы: ауыз қуысы --- жұтқыншақ --- өңеш --- қарын --- --- ащы ішек --- соқырішек өсімдіктекті сүтқоректілерді тамақпен қоректендіретін --- тоқ ішек --- тік ішек (анус).
Ø Тыныс алу жүйесі ауа өтетін мүшелер және өкпеден тұрады. Өкпе өкпе көпіршіктерінен (альвеольдер) тұрады. Капиллярлармен қоршалған өкпе көпіршіктерінде газ алмасу процесі жүреді.
Ø Жүрек төрт қуысты (2 жүрекше, 2 қарынша), сол және оң жақ орта доғамен бөлінген, қанайналым жүйесі екі шеңберінен тұрады. Эритроциттері ядросыз. Сүтқоректілерге жылықандылық тән.
Ø Жүйке жүйесі өте күрделі. Ми 5 бөлімнен тұрады: алдыңғы ми(2 ми сыңарына бөлінген), артқы ми, ортаңғы ми, сопақша ми, мишық. Мишығы күрделі қозғалыс жасай алатындықтан жақсы дамыған.
Құрылысындағы ең негізгі ерекшеліктері осы.
Маңызы – оңай ауызша айтамыз. Ішсен су, жесен ет деген сияқты. Жылқы, сиыр жануарлары жайлы.
3. Нуклеин қышқылдары– жоғары молекулалы табиғи қосылыс. Оның екі түрі бар:
дезоксирибонуклеин қышқылдары (ДНҚ) және рибонуклеин қышқылдары (РНҚ).
ДНҚ – жоғары молекулалық күрделі гетеробиополимерлер.Оның мономерлері – нуклеотидтер. ДНҚ төрт түрлі нуклеотидтен түзілген екі тізбектен тұрады. Әр нуклеотид азотты негіздің (аденин, гуанин, цитозин, тимин) біреуінен, жай қант – дезоксирибозадан және фосфор қышқылының қалдығынан тұрады. Тізбектегі нуклеотидтер өзара коваленттік бйланыс арқылы, ал екі тізбек бір-бірімен азотты негіздер арасындағы сутектік байланыстармен байланысады. Мысалы, бір тізбектегі аденинмен екінші тізбектегі тимин екі сутектік байланыс арқылы, ал бір тізбектегі гуанинмен екінші тізбектегі цитозин үш сутектік байланыс арқылы жалғанып, бір-біріне сәйкес келеді. Мұны комплементарлық деп атайды. Кез келген ДНҚ молекуласындағы адениннің мөлшері тиминге, ал гуаниннің мөлшері цитозинге сәйкес келеді. Мұны бұл заңдылықты бірінші ашқан ғалымның құрметіне Чаргафф ережесі деп атайды. Осыған байланысты ДНҚ-ның бір тізбегіндегі нуклеотидтердің реті белгілі болса, екі тізбекті оңай анықтауға болады.
ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу реті нәруыздары түзетін аминқышқылдарының ретін анықтайды. Ендеше ДНҚ-да нәруыздар туралы ақпарат жазылған. Бұл тұқым қуалау ақпараты болып табылады.
ДНҚ-ның қызметі – тұқым қуалау ақпаратын өзінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа беру. ДНҚ-ның негізгі қасиеті – екі еселеніге – редупликацияға қабілетті болуы. Оның екі еселенуі жасушаның бөлінуге даярлық жасауы кезінде, яғни бөлінер алдында жүреді.
РНҚ – рибонуклеин қышқылдары бір тізбектен тұратын полимерлер.Олардың нуклеотидтері ДНҚ-дағы сияқты, тек тиминнің орнына урацил және дезоксирибозаның орнына рибоза болады. РНҚ нәруыз түзілуіндегі атқаратын қызметіне қарай: рибосомалық, тасымалдаушы, ақпараттық болып бөлінеді.
Рибосомалық РНҚ белгілі бір нәруыздармен байланыса отырып, жасушадағы барлық нәруыздардың синтезделуін қамтамасыз ететін органоид – рибосомалардық құрамында болады. Рибосомалық РНҚ молекулалары 3 – 5 мың нуклеотидтерден тұрады. Жасушадағы барлық РНҚ түрлерінің басым бөлігін 80 пайызға жуығын, рибосомалық РНҚ құрайды.
Тасымалдаушы РНҚ, негізінен, жасуша цитоплазмасында болады. Көлемі кіші, 75-90 нуклео-тидтерден тұрады. Тасымалдаушы РНҚ молекулалары жасушадағы РНҚ-ның жалпы санының 15 пайызын құрайды. Тасымалдаушы РНҚ қызметі – аминқышқылдарын нәруыз синтезі жүретін орынға рибосома тасымалдау.
Ақпараттық РНҚ синтезделетін нәруыздың қүрылсы туралы ақпаратты ДНҚ-дан цитоплазмадағы рибосомаға жеткізеді. Ол комплементарлық принцип бойынша ДНҚ тізбектерінің біреуіне сәйкес синтезделеді. Бұл процесс транскрипция (лат. Transcriptio – көшіру) деп аталады. Сөйтіп, әрбір ақпараттық РНҚ молекуласы бір нәруыз молекуласының құрылымын кодтайтын ДНҚ-ның белгілі бір бөлігіне (генге) сәйкес келеді. Сондықтан жасуша синтездейтін мыңдаған нәруыздардың әрқайсысына өзіндік, ерекше ақпараттық РНҚ-сы түзіледі. Ақпараттық РНҚ 300 ден 30 мыңға дейінгі нуклеотидтерден тұрады. Барлық РНҚ-дағы ақпараттық РНҚ-ның мөлшері 3-5 пайызды құрайды.
РНҚ-ның барлық түрі ДНҚ-да синтезделеді. ДНҚ молекуласы полинуклеотидтерді тйзуге арналған матрица рөлін атқарады.
АТФ – аденозинтрифосфор қышқылыөз алдында бір нуклеотид болып табылады. Ол азотты негіз аденнен, рибозадан және фосфор қышқылының қалдықтарынан құралған. АТФ – әмбебап энергия көзі. Ондағы үш фосфор қышқылының қалдықтарының арасында ек макроэогиялық байланыс бар.
Әр макроэргиялық байланыста 419 кДж/моль энергия сақталады. АТФ-тің бір молекуласында барлығы 838 кДж/моль энергия болады. Бір макроэргиялық байланыс үзіліп, бір фосфор қышқылының бөлініп шығуы кезінде 419 кДж/ моль энергия босап шығады. АТФ ол кезде АДФ-ке айналады. Келесі байланыс үзілсе, тағы сонша энергия босап шығып, АМФ қышқылы күйінде сақталады. АТФ энергиясы жасушадағы барлық тіршілік әрекеттеріне жұмсалады.
Билет №6
1. Мүше –өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі. Жоғарғы
сатыдағы өсімдіктер тіршілікке қажетті, әр түрлі қызмет атқаратын мүшелерден тұрады.
Өсімдіктің мүшелері өсімді (вегетативті) және көбею (генеративті) болып 2-ге бөлінеді. Вегетативті мүшелеріне - тамыр, сабақ, жапырақжатады.
Жапырақ– өсімдіктің өсу мүшесі.
Ішкі құрылысы. 1)өң жасушалары – тірі, бір-бірімен тығыз жанасады. 2) жанаспалы жасушалар – бүйрек пішінді, бір-бірімен жанасқан екі жасуша.
Сыртқы құрылысы – жапырақ тақтасы (алақаны) (жапырақ кеңейген жер) және сағақ – сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі.
2. Ұлпалар– өзіне тән сөлшері, пішіні бар, дененің бір бөлігінде үйлесімді қызмет атқаратын
жасушалар тобы.
Эпителий ұлпасы –дененің сыртқы жамылғысын түзіп, оны тұтас жауып тұрады. Дәнекер ұлпасы– сүйекті, шеміршекті, майды, сіңірді, қан, ұлпа сұйықтығын түзеді. Бұлшық ет ұлпасы– көлденең жолақты, бірыңғай салалы, жүрек бұлшықеттері. Жүйке ұлпасы- нейтрон жасушаларынан тұрады.
3. Жасуша ядросы –жасушаның көбеюіне қатысатын жасуша бөлімі. Хромосома –тұқымқуалаушылық қасиетін сақтайтын жіп, таяқша тәрізді түзіліс. Ген (тұқым қуалайтын фактор)– хромосоманың бөліктері. Прокариоттар –ядросы, мембраналы органоидтары жоқ организмдер. Эукариоттар –жоғары сатыдағы барлық өсімдіктер мен жануарлар, саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар жатады, құрылысы бір- біріне ұқсас; ядросы мен цитоплазмасы бар және оларды сыртынан қоршап тұратын плазмалық мембраналардан тұрады.
Билет №7
1. Мүше –өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі. Жоғарғы
сатыдағы өсімдіктер тіршілікке қажетті, әр түрлі қызмет атқаратын мүшелерден тұрады.
Өсімдіктің мүшелері өсімді (вегетативті) және көбею (генеративті) болып 2-ге бөлінеді.
Гүл –өсімдіктің көбею мүщесі. Бөлімдері: сағақ, табан, тостағанша, күлте, аталық және аналық.
Гүл сағағы– жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса, ондай гүлдерді отырмалы гүлдер дейді(беде,қашқаргүл).
Гүл табаны (тұғыры)– гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.
Тостағаншакөбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден (көкнәрда) бірнеше ондаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді. Атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жемістер мен тұқымдары желмен тарату үшін (бақбақта) үлпекке айналады. Гүлі қураған кезде күлтесімен бірге түсетіндері де піскен жемістерінде бірге сақталатындары да бар (баклажан, бұрыш, құрма)
Күлте -тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте жапырақшалары бір-бірімен бірігіп кеткендерге: інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер: қызғалдақ, көкнәр, итмұрын.
Аталық– гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әрбір аталық – аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады. Аталықтың жіңішкерген жері – жіпшесі. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған мозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілгенде тозаңдары сыртқа шашылады.
Тозаң - сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша, пішіндері де алуан түрлі. Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз, витаминдер бар.
Аналық –гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасында орналасады. Аналықтың ұшын – ауыз,ортаңғы жіңішкерген жерін мойын,түп жағындағы жуандаған жерін жатындейді.
2. Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесібиологиялық белсенді затар.
Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйықтық бірден қанға өтеді. Сол себепті солай аталған. Оларға: гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, айырша без (тимус), эпифиз, бүйрекүсті бездері және т.б. ІСБ-ненбөлінетін сұйықтықты гормондардейді.
Сыртқы секреция бездерібөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болатындықтан солай аталған. Оларға: тер, жас, сілекей, сүт бездері мен бауыр және т.б.
Ал ұйқыбез бен жыныс бездері аралас бездерге жатады.
3. Ең алдымен тіршілік циклі мен митоздық цикл терминдеріне анықтама берейін.
Тіршілік циклі – бөліну нәтижесінде пайда болған жасушаның тіршілігі тоқтағанда дейінгі немесе оның өзінің бөлініп екі жаңа жасушалардың түзілуіне дейінгі кезең.
Бөліну кезінде пайда болатын жаңа жасушалар тез бөлініп, көбеюге қабілетті болады. Ондай жасушалардағы бөлінуге даярлық жасап, бөлініп, жаңа жасушалардың түзілуімен аяқталатын процестер жиынтығын митоздық цикл деп атайды. Митоздық цикл даярлық кезеңнен (интерфаза) және митоздық бөлінуден тұрады.
Митоз -жыныссыз көбеюдің негізі; төрт фазадан тұрады: профаза(ядро ұлғаяды, хромосомалар ширатылып жуандай бастайды), метафаза(хромосомалардың ширатылуы шегіне жетеді, қысқарған хромосомалар экваторға жылжиды), анафаза(әрбір хромосоманың центромерасы бөлінеді, центромераларға бекінген ұршықтың жәпшелері хромосомаларды полюстерге тартады), телофаза(полюстердегі хромосомалар тарқатылып, жіңішкереді).
Билет №8
1. Жеміс -жабық тұқымды өсімдіктер өнімі.
Жеміс түрлері: 1)шырынды(шырыны мол, жұмсақ);1,1)жидек(қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім, қарақат, картоп, баклажан);1,2)жидек тәрізді(апельсин, мандарин, лимон); 1,3)сүйекті(шие, алхоры, өрік, шабдалы). 2)құрғақ(қабағы қатты, сүректенген, құрғақ) – бұршаққап, бұршаққын, қауашақ, дәнек, жаңғақ, тұқымша және т.б.
2. Ми бөлімдері (құрылысы). Миды пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне
байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: бағаналы(сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), қыртысасты(аралық ми, алдыңғы ми сыңарлары) және алдыңғы ми сыңарларыныңқыртысы. Мидың бағаналы мен қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады: 1) сопақша ми;
2) мишық (артқы ми); 3) ортаңғы ми; 4) аралық ми; 5)алдыңғы ми сыңарлары.
Мидың қызметі– тұрақты шұғылдану нәтижесінде есте сақтау, назар аудару, ойлау, көз алдына елестету және басқа да жоғары жеке қызметінің процестері жетіле түседі.
3. Мейоз –жынысты көбею; мейоз жолымен бөліне нәтижесінде хромосомалар саны 2 есеге
кеміген(екіге бөлінуден). Жыныс жасушалары – гаметалар түзіледі. Төрт фазадан тұрады: І профаза (әлі қалыптаспаған хромосомадан тұратын гомологті хромосомалар жұптасып, хромотидалары өзара беттесіп коньюгацияланады); І метафаза (хромосомалар экваторға орналасады, бөліну ұршығының жібіне центромералары арқылы бекиді); І анафаза (гомологті хромосомалар жұптарының бір-бір сыңарлары полюстерге ажырайды), І телофаза (хромосомалар екі есеге азайып, гаплоидты болады). Екінші бөліну митоздық бөлінуге ұқсас. Бірақ, тек бөлінетін жасуша гаплоидты болады.
Билет №9
1. Тұқым– жатынның тұқым бүршігінен дамиды.
Дара жарнақты тұқым құрылысы: қабығы (қауызы), бір жарнақ, эндосперм, ұрық. Бидай өсімдігін дара жарнақты тұқымның өкілі ретінде алуға болады.
Қос жарнақты тұқым құрылысы: қабығы, екі жарнағы, ұрығы: алғашқы тамырша, алғашқы сабақша, бүршікше. Қос жарнақты тұқымды өсімдікке үрмебұршақты мысал ретінде келтіруге болады.
2. Жұлын –орталық жүйке жүйесіне жатады. Құрылысы: сұр зат, ақ зат, орталық өзек, жұлын
жүйкесі, артқы түбір, алдыңғы түбір, жүйке түйіндері, алдыңғы тік жүлгесі(сайы). Қызметі– екі түрлі қызмет атқарады. Рефлекстік (дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тынысалу еттерінің жиырылуы) және өткізгіштік (өрлеу, қозуды миға жеткізу және қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу)
3. Зат пен энергия алмасу– тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Зат алмасу – ағза мен сыртқы
орта арасында жүретін барлық химиялық реакциялардың жиынтығы (ғылыми тілде «метаболизим»). Екі түрі бар: анаболизм (ассимиляция) – тағамдық заттардан ағзаның өзіне тән ағзалық қосылыстар түзіледі; катаболизм (диссимиляция) – ферменттік реакциялар әсерінен күрделі органикалық заттардың ыдрырап, олардан жай зат түзіліп, энергияның бөлінуі.
Аэробтар
Аэробтық организмдер , аэробтар (гр. αηρ — ауа және βιοζ — тіршілік) – молекулалық бос оттек (О2) бар ортада тіршілік етіп, дами алатын организмдер. Аэробтық организмдерге барлық өсімдіктер, көптеген қарапайымдылар мен көп клеткалы жануарлар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер жатады. Оттектің (О2) қатысуымен жүретін биологиялық процесті аэробиоз деп атайды. Аэробтық организмдер өз организміне енген О2-нің тотығуынан пайда болған энергияны пайдаланады. Олар облигатты аэробтық организмдер және факультативті аэробтық организмдер болып 2 топқа бөлінеді. Облигатты аэробтық организмдер тотығу реакциясы кезіндегі энергияны пайдаланады, мысалы, сірке қышқыл бактериялары этил спиртін сірке қышқылына дейін, ал кейбір зең саңырауқұлақтары қанттарды лимон,қымыздық, глюкон қышқылдарын түзгенге дейін тотықтырады. Факультативті аэробтық организмдер тобына оттектің бар-жоғын талғамай тіршілік ететін организмдер жатады, мысалы, күкірт, темір бактериялары оттекті нитраттардан, сульфаттардан, т.б. қосылыстардан алады. Аэробтық организмдердің арасында ең маңыздысы фотосинтез процесіне қатысатын организмдер – цианобактериялар, балдырлар және түтікті өсімдіктер. Аэробтық организмдер табиғатта кеңінен таралған және ондағы зат айналымына үлкен әсерін тигізеді, мысалы, қарапайым аэробтық организмдер топырақтағы күрделі органикалық қосылыстарды өсімдіктердің жақсы сіңіруіне көмектесіп, топырақтағы түрлі ауру қоздыратын бактерияларды жояды. Аэробтық организмдерді өндірісте сірке суын алуға, ауыл шаруашылығында, т.б. қолданылады. Аэробтық организмдердің тіршілігіне ауаның құрамындағы оттектің белгілі мөлшері мен қысымы қажет, егер осы жағдай шамадан тыс өзгерсе, олар өліп қалады.
Анаэробтар
Анаэробтар, анаэробты микроорганизмдер — қоршаған ортада бос оттегі жоқ кезде өмір сүруге және көбеюге қабілетті микроорганизмдер[1]; атмосфералық оттегі болмайтын жерде тіршілік етуге бейім микроағзалар. Анаэробтарға көптеген бактериялар, инфузориялар кейбір таспа құрттар, аскарид және аздаған ұлулар жатады.[2]
Анаэробты организмдер , анаэробтар (гр. an – сыз, сіз, емес қосымшасы, гр. aеer – ауа және гр. bіos – тіршілік) – оттексіз ортада өсіп-өніп, тіршілік ететін организмдер. 1861 жылы Л.Пастер май қышқылын ашытатын бактерияны тапқаннан кейін анаэробты организмдер терминін ғылымға енгізген. Анаэробты организмдер негізінен прокариоттыорганизмдер арасында кең тараған. Ал эукариотты организмдер арасында ашытқы саңырауқұлақтарында, буынаяқтылардың ішегінде өмір сүретін қарапайымдарда, ал көп клеткалы организмдер ішінде ішек паразиттерінде(атап айтқанда таспа құрттар мен аскаридаларда) кездеседі. Анаэробты организмдер тіршілік ететін ортасында оттектің болу не болмауына байланысты олигатты анаэробты организмдер және факультативті анаэробты организмдер болып бөлінеді. Олигатты анаэробты организмдер – тіршілігі мүлдем оттексіз жүретін организмдер. Оларға май қышқылы бактериясы және сіреспе бактериялары жатады[3]. Көп клеткалы жануарлар арасында олигатты анаэробты организмдер кездеспейді. Факультативті анаэробты организмдер – табиғатта оттектің бар-жоғына қарамай тіршілік ететін организмдер (мысалы, ашытқы саңырауқұлақтары, іш сүзегі, топалаң қоздырғыштары, т.б.). Анаэробты организмдер негізінде құрамында оттек бар органикалық қосылыстарды (спиртті, сүт қышқылын, май қышқылын, т.б.), ал кейбір түрлері минералды қосылыстарды (сульфаттарды немесе нитраттарды) ыдыратып, осы процесс кезінде бөлініп шыққан оттекті өзінің тіршілік әрекетінде пайдаланады. Анаэробты организмдер аэробты организмдер сияқты табиғаттағы зат айналу процесіне, органикалық және минералды заттардың өзгеруіне үлкен әсер етеді. Олар спиртжәне сүт қышқылын ашыту процесінде кеңінен қолданылады. Кейбір анаэробты организмдер асқа, тағамға түссе, тез өсіп-өніп, адам мен жануарларды уландыруы, ал ауру тудырғыш (патогенді) анаэробты организмдер түрлі жұқпалы ауруларды (сіреспе, ботулизм газды гангрена, т.б.) таратуы мүмкін.
Тірі ағзалардағы ағзашалардың бүкіл ыдырау үдерісі 3 кезеңге бөлінеді.
Кезең атауы | Орны (Өтетін жері) | Химиялық өзгерістер | Энергетикалық нәтиже |
1. Даярлық | Асқорыту жүйесінде және лизосомаларда (қоректік вакуольдерде) | Қорек заттары құрамбөліктерге және мономерлерге: глюкозаға, аминқышқылдарға, глицериндерге және май қышқылдарына дейін ыдырайды | АТФ-0 молекула Энергия тек жылу түрінде |
2. Оттекті | Жасушалар (гликолиз) | Глюкоза пирожүзім цитоплазмасы немесе сүт қышқылына дейін ыдырайды | АТФ-2 молекула |
3. Оттексіз | Митохондриялар | Гликолиз өнімдерінің 02 мен өзара әрекеттесуі кезінде С02+Н20-ге дейін ыдырайды | АТФ-36 молекула Сондай-ақ жылу түріндегі энергия |
Билет №10
1. Ашылу тарихы.Бактерияларды табу, зертеу 17 ғасырда ұлғайтып көрсететін аспаптардың
шығуына байланысты дамыды. Ұсақ ағзаларды алғаш рет голландиялық Антон Левенгук(1632-1723) ашқан. Ол 150 -270 есеге дейін ұлғайтып көрсететін микроскоп жасап, сонымен қолына тиген заттардың бәрін ұлғайтып көрген. Ол заттар: тоқтау су, теңіз суының тамшысы, бұрыштың тұнбасы және т.б.). Бактерия жайлы алғашқы дерек 1683 жылы А. Левенгуктың Лондондағы Король қоғамына бактерияның мөлшерін, пішінін, қозғалысын сипаттап жіберген хатында баяндалған.
Микробиология(грекше «микрос» - кішкене, «логос»-ғылым) – көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым.
Осы ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан тағы бір ғалым – француз Луи Пастер.Оның тәжірибесі мынадай. Ол ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін бактерияларға тәжірибе жүргізіп, оларды зерттеген.
Құрылысы:
Бактерия(грекше «бактерион» - таяқша) – біржасушалы ағза. Бактериялардың пішіндері таяқша, шар, орама тәрізді болады. Оның әрбір жасушасы қабықша мен цитоплазмадан, оқшауланбаған ядро затынан тұрады. Оқшауланбаған ядросы болғанымен, цитоплазмада ядролық зат шашыранды түрде орналасады. Жасушаның өте тығыз көп қабатты қабықшасы болады. Ол қорғаныш, тірек қызметін атқарып, бактерияның пішінін қалыптастырады. Цитоплазманың құрамында нәруыз және май заттары бар.
Бактериялар негізінен түссіз, тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі.
Бактериялардың талшықты тобы бар. Олар өте жылдам қозғалады. Ылғалды орта мен +10 - +40*С температура аралығында жақсы дамиды және қолайсыз табиғат жағдайына ұзақ шыдай алады.
Тіршілігіне қолайсыз жағдайлар туса, бактериялар спора түзеді.Спора(грекше «спорос» - сеппе, екпе) – тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша. Спора түзу арқылы бактерия тыныштық күйге енеді. Тыныштық күйде ол қозғалмайды, қоректенбейді. Осы қалыпта бактерия топырақта 20-30 жылға дейін тіршілігін жалғастыра алады. Жел арқылы споралар алыс жаққа таралады. Бірақ бактерия спораларының көбеюге қатысы жоқ.
Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы:
Бактерияларды қоректенуіне қарай сапрофиттер және паразиттер деп екіге бөлінеді.
Сапрофиттержануарлардың өлекселерінде және өсімдік қалдықтарында тіршілік етеді.
Паразиттердеп жануар не болмаса адам ағзасының ішінде тіршілік ететін бактериялар.
Сапрофиттердің паразиттерге қарағанда пайдасы көп. Себебі айтып өткендей сапрофиттер қалдықтармен қоректенеді де сол қалдықтар орналасқан жерлерді тоөаңдандырып, топырақты құнарландырады.
2. Вегетативті жүйке жүйесі
Жүйке жүйесінің ішкі мүшелер мен бездердің, қан тамырларының жұмысын, зат алмасуын реттейтін бөлігі вегетативті жүйке жүйесі деп аталады. Ағзаның мұндай жұмыстары адамның еркіне байланысты болмағандықтан вегетативті жүйке жүйесін автономиялы жүйке жүйесі деп те атайды. Ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін нейрондар мида (сопақша ми, ортаңғы мида) және жұлында шоғырланып орналасады, бұл – вегетативті ядролар, яғни мидың орталық бөлігі. Осы орталық бөлігінен әрбір мүшеге қозғалтқыш және сезгіш жүйке талшықтары тарайды.
Вегетативті жүйке жүйесінің шеткі бөлігі жүйке түйіндері және жүйке талшықтары болады. Толып жатқан түйіндер омыртқа жотасының екі жанын бойлай жатады, ішкі мүшелер маңында және мүше қабырғасында орналасады. Түйіндер мен талшықтар орталықтан ақпаратты ішкі мүшелер мен ұлпаларға өткізеді және ішкі мүшелердің күйін орталық жүйке жүйесіне жеткізіп отырады. Вегетативті жүйке жүйесінде рефлекстік доға үш нейрондық (сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш) байланыстан тұрады. Вегетативті жүйке жүйесінде сомалы жүйке жүйесіне қарағанда қозу баяу жүреді.
Анатомиялық ерекшелігіне және атқаратын қызметіне байланысты вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық , парасимпатикалықжүйке жүйелеріне бөлінеді. Осы екі жүйке жүйесінің қызметтері бір-біріне қарама-қарсы бағытталған. Симпатикалықбөлімнің орталығы жұлынның мойын және арқа сегменттерінде орналасқан. Бұл нейрондардың аксондары жұлынның алдыңғы түбірлерінен шығып, омыртқа жотасының екі бүйірінде бір жұп симпатикалық бағана жатады. Осы бағанада 20-25 жүйке түйіндері бар. Осы жүйке түйіндері ішкі мүшелерді бағанадан торлайды. Осылайша жүйке түйіндері қозуы орталық жүйке жүйесіне жеткізеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің тағы бір қызметі жүректің соғуын жылдамдату мен қанның тез ағуы.
Парасимпатикалық бөліктің орталығы сопақша ми мен ортаңғы мида және жұлынның төменгі бөлімдерінде орналасқан. Парасимпатикалық жүйке жүйесінен келген қозу мүшенің баяу жұмыс істеуіне әкеледі.
Қорыта келгенде симпатикалық ж.ж процестерді жылдамдатады. Ал парасимпатикалық керісінше баяулатады.
3. Пластикалық алмасу– зат және энергия алмасудың бірінші процесі; басқаша ассимиляция
немесе анаболизм; тағамдық заттардан ағзаның өзіне тән ағзалық қосылыстар түзіледі; мұндай қосылыстар жасушадағы тіршілігін жойған құрылымдардың орнын басады, жаңа жасушалар пайда болады; түзілген ағзалық қосылыстар жасушааралық заттардың құрамына да кіреді.
Фотосинтез– органикалық молекулалардың бейорганикалық заттардан күн жарығының энергиясын пайдалану есебінен түзілуі. Жарық және қараңғы фазадан тұрады.
Билет №11
1. Саңырауқұлақтар– төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны; олардың 100
мыңдай түрі кездеседі. Ерекшеліктері– пластидтері, хлорофилі болмайды; дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеротрофты өсімдіктер. Құрылысы– вегетативті денесі тарамдалып матасқан жіңішке жіпшелерден (гифа) тұрады; олар бір-бірімен матасып мицелий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды, жасушасы тығыз хитинді қабықшамен қапталған. Хитин — омыртқасыз жануарлардың тіректік полисахариді(буынаяқтылардың сыртқы қаңқасының негізін құрайды) жәнесаңырауқұлақтар мен кейбір жасыл балдырлардың жасуша қабырғаларының құрамдас бөлігі.
Саңырауқұлақтарды мал азығына қосатын ашытқының құрамына қосады. Сол ашытқы нан пісіруге кондитерлік өнімдерді дайындауға да пайдаланады. Ашытқы жақсы болу үшін саңырауқұлақтағы нәруыз, май, көмірсулар жеткілікті. Саңырауқұлақтарды адам да тағам ретінде тұтына алады. Соған байланысты саңырауқұлақтар жеуге жарамды (Майқұлақ, ойысқұлақ,түлкіжем, қозықұйрық, бүріскі (сморчок))
Және улы саңырауқұлақтар деп бөлінеді. Сұр және қызыл шыбынжұты, көңілкеш (веселка), жалдан түбіртек саңырауқұлақтары - улы. Бозарған арамқұлақ — дүние жүзі статистикасы бойынша ең көп ажалды улану туғызатын саңырауқұлақ.
2. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің
қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді.
Тірек-қимыл мүшелер жүйесінің маңызы: тірек-қимыл мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады.
Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі. Қаңқа ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері). Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге корғаныш қызметін атқарады. Мысалы, мибірімен-бірі берік байланысқан ми сауытын құрайтын сүйектердің ішінде жатады.Жүрек пен өкпені кеуде қуысы сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді -жамбас белдеулері сүйектері корғайды. Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі - қимыл (қозғалу). Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер. Кез келген қозғалыста (жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері сүйекті таяныш (тірек) етеді. Сүйек кемігіндеқан жасушалары түзіледі. Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болатындықтан, минералды алмасуға қатысады.