Дәрілердің ағзаға әсерлерінің түрлері.

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Дәрілердің ағзаға әсерлерінің түрлері

2. Қайта қабылдағанда пайда болатын эффект

3. Енгізу жолдары мен эффектілері

ІІІ. Қорытынды

VI. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Фармакодинамика және фармакокинетика Фармакалогилада дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары қарастырылады. Дәрілік заттардың көп дәрежеде қасиеттері химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына,олардың молекуласының өлшеміне байланысты болады. Дәрілік заттардың әсерлері олардың ағзамен өзара әсерлесуінің нәтижесі болып табылады. Дәрілік заттарды емдік және алдын алу мақсатында қолдану, оларды ағзаға енгізуден немесе дене бетінен жанастырудан басталады. Дәрілік заттар деп – химиялық және физикалық құрылымнан құралған, емдік мақсатта қолдануға болатын, адам ағзасына енгізуге болатын дәрілік сипаты бар заттарды атайды. Дәрілік заттардың көп дәрежеде қасиеттері химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына,олардың молекуласының өлшеміне байланысты болады. Зат рецептормен өзара тиімді әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз жанасуын көбірек қамтамасыз ететін,дәрілік заттардың құрылымын және рецептормен жанасу дәрежесін молекулалық байланыстың беріктігіне тәуелді болады.зат рецептормен өзара әсерлесу үшін,олардың әсіресе кеңістікте сәйкес келуі, яғни комплементарлығы өте маңызды.

Дәрілік заттардың адам ағзасына әсері. Дәрілік заттардың әсерлеріне байланысты бөлінуі: Сандық Сапалық Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде олардың химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына,олардың молекуласының қалыбына және өлшеміне байланысты болды. Заттардың химиялық құрылысы және олардың химиялық биологиялық белсенділігі арасындағы тәуелділікті анықтау жаңа препараттарды алуда аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады.Сонымен қатар бірдей типті әсерлі әр түрлі топтың қосылыстары үшін оптималдық құрылысын сәйкес келтіру үшін дәрілік заттар өзара әсерлесетін рецепторлардың құрылысы жөнінде мәлімет алуға болады. Дәрілік заттардың әсерлері: Дозалар, концентрация; Дәрілік заттарды қайталып қолдану; Дәрілік заттардың әсерлесуі; Дәрілік заттарға тәуелді заттар; Дәрілердің әсері көп дәрежеде, олардың дозасымен анықталады. Дозаға байланысты әсерінің даму жылдамдығы, оның айқындығы, ұзақтығы, кейде сипаты өзгереді.Әдетте дозаның жоғарылауыменн латентті кезеңі азаяды және әсерінің айқындығы мен ұзақтығы ұлғаяды. Тәуліктік дозаға әсері – бір рет қабылдауға арналған дәрінің санын доза деп атайды. Дозаны граммен немесе грам үлесімен белгілейді.Дәрінің бастапқы биологиялық әсерін тудыратын минималдық дозаны табалдырық немесе минималдық әсер етуші деп атайды. Егер ағзада дәрілік заттардың жоғары дозасын жылдам түзу қажет ететін болса, онда бірінші доза соңғылардан жоғары болады. Кейбір жағдайларда препараттың дозасы курстық емге көрсетіледі, әсіресе микробтарға қарсы химиотерапиялық заттарды қолданғанға маңызды. Қайталап қолдану – олардың әсері жоғарылауы жағына да және төмендеу жағына да өзгеруі мүмкін. Бірқатар заттардың әсеренің ұлғаюы, олардың кумуляциялану қабілетіне байланысты болады. Фармакологиялық заттардың жинақталу түрін айтады. Бұл ұзақ әсер ететін препараттарға тән, олар өз бөлінеді немесе ағзаға тұрақты байланысады. Оларды қайталап тағайындағанда заттардың жинақталуы уытты әсерлердің себебі болуы мүмкін. Функционалдық деп – бұл кезде зат емес, әсер жинақталады. Алкоголизм кезінде ОЖЖ нде функциясының үдемелі өзгеруіне маскүнемдіктің дамуына әкелуі мүмкін. Осы жағдайда зат жылдам тотығады, тіндерде тез сіңіріледі. Оның тек нейротропты әсерлері ғана сіңіріледі. Дәрілік заттардың өзара әсерлесулері – ол дәрілік заттарды бір уақытта жиі қолдануда және олар негізгі әсердің айқындығын, сипатын және жанама әсерлерін күшейте немесе әлсірете отырып бір – бірімен өзара әсерлесуін қарастырады. Дәрілік заттардың өзара әсерлесуін былай жіктеуге болады: Дәрілік заттардың фармакокинетикасының өзгеруіне негізделген Дәрілік заттардың фармакрдинамикасының өзгеруіне Ағза ортасына химиялық және физикалық өзара әсерлесуі Дәрілік заттардың фармацевтикалық өзара әсерлесуі – медицина практикасы үшін пайдалы әсерлерді күшейту және үйлестіру үшін әртүрлі дәрілік заттарды жұптастыру жиірек қолданылады. Оған мысал ретінде психотровтық заттарды опиоидтық анальгетиктермен қосып қолдана отырып соңғысының әсерін жоғарылату болып табылады. Фармацевтикалық өзара әсерлесу – бұл кезде препарттарды дайындау және оларды сақтау барысында сонымен қатар бір щприцте араластырғанда, қоспалар компанентінің өзара әсерлесуі болады және өзгерістің болатындығы соншама нәтижесінде препарат керексіз болып қалады. Бұл кезде бастапқы компонетте бар болған фармакотерапиялық белсенділік төмендейді немесе жойылады. Кей кездерде жаңа ал кей кездері жағымсыз қасиеттер пайда болады. Дәрілік заттардың адам ағзасы үшін әсері көріністері және ерекшелігі Жасы Жынысы Генетикалық факторлар Ағзаның жағдайы Тәуліктік ырғақтың маңызы Ағзаның жағдайы. Препараттардың әсері ағзаның жағдайына,соның ішінде оларды тағайындайтын паталогияға байланысты болуы мүмкін. Мысалы, ыстықты түсіретін заттар дене температурасын тек қызба кезінде түсіреді. Симпатикалық иннервацияның тонусы жоғары болған сайын ганглиоблакаторлардың гипотензивтік әсері көп болады.бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылуымен қатар жүретін аурулар заттардың экскрециясын және биотрансформациясынын өзгертеді. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы жүктілікті, семіздікті өзгертеді. Тәуліктік ырғақтың маңызы. Сергектік пен ұйқының ауысуы жүйке жүйесі мен эндокриндік бездердің белсенділігіне жәнеиоған сәйкес басқа мүшелер мен жүйелердің жағдайына айтарлықтай ықпалын тигізеді. Бұл өз кезегінде әр түрлі ағзаның заттарға сезімталдығын көрсетеді. Фармакологиялық әсердің тәуліктік периодизмге зерттеу, Хронофармакология деп аталады. Тәуліктік периодизмге байланысты заттың уыттығыда айтарлықтай өзгереді. Мысалы, Жануарларға зерттеу жүргізгенді уытты дозаға фенобарбиталдың леталдық әсері тәуіктің әрбәр уақытында 0 – 100 пайызға дейін ауытқиды. Хронофармакология саласында мәліметтердің көлемі шектеулі болғанымен, оларды қабылдау уақытына байланысты препарттарды рациналды дозалау үшін тәуліктік ырғақтыңда, әсерінде анықтау қажет. Жасы. Дәрілік заттарға сезімталдық жасына байланысты өзгереді. Осыған байланысты, дәрілік заттардың іштегі нәрестеге 24 – аптадан бастап туылғанға дейін және жаңа туылған нәрестеге әсер етуін зерттейтін ғылым перинаталдық деп аталатын болып табылады. Бала ағзасына заттың әсер ету ерекшеліктеерін зерттеумен айналысатын фармакалогия саласын педияторлық фармакалогия деп атайды. Әртүрлі жастағы балалар үшін уытты және күшті әсер ететін заттардың жоғарғы бір реттік және тәуліктік дозаның кестесі мысалға келтірілген. Жасы егде және кәрі адамдарда дәрілік заттардың сіңуі баяулаған, олардың метаболизімнің тиімділігі аздау, препараттардың бұйректен шығу жылдамдығы төмендеген. Жалпы, егде және кәрілік жаста көпшілік дәрілік заттарға сезімталдық жоғары болады, соған байланысты дозасы төмен болу керек. Жынысы. Адам жынысына байланысты бірқатар заттардың метаболизімінде ерекшеліктер бар. Мысалы, ер адамдарда әйелдерге қарағанда ионның абсорбциясы баяулайды. Ер адамдарға қарағанда әйелдерде верапамилдің биожеткіліктілігі жоғарлайды. Генетикалық факторлар. Дәрілік заттарға сезімталдық генетикалық негізделген. Мысалы, қан сарысуында холинэстерезаның генетикалық жетіспеушілігі кезінде, миорелаксант дитилиннің әсер ету ұзақтығы кенеттен жоғарлайды. 6-8сағ оданда көп болуы мүмкін. Туберкулезге қарсы зат изониязидтің ацетилдену жылдамдығы жеткілікті кең түрленетіні белгілі. Адамдарда тез және баяу метаболизімдік белсенділігі бар деп бөлінеді. Ағзаның дәрілік заттарға генетикалық факторлардың ролі өте зор. Дәрілік заттардың адам ағзасына әсері: Негізгі әсер Жанама әсер; Уытты әсер; Дәрілік заттар қатары. Дәрілік заттардың адам ағзасы үшін маңыздылығы өте жоғары. Ал дәрілік заттардың құрылысы химиялық, физикалық қасиеттері әртүрлі. Әсер ету ұзақтығы өте ұзақ және маңыздылығы жоғары. Дәрілік заттардың адам ағзасына, жынысына, жасына,генетикалық ақпаратына, тәуліктік ырғақтығына тікелей байланысты болады. Заттардың ағзаға әсер ету қзақтығы егде адамдарда ұзақ, ал орта жастағы адамдарға әсер ету ұзақтығы өте тез және жеңіл жүреді. Сонымен қатар дәрілік заттардың дозаларымен қоса қайталап қолдану және өзара әсеерлесуіне де байланысты болады, яғни адам ағзасына дәрілік заттардың әсерлері әртүрлі болатыны анықталды.

Дәрілердің ағзаға әсерлерінің түрлері.

• Қозу- қызметтің қалыптыдан жоғары күшеюі; оң мәнді қозу қара күйге препараттарымен жатырдан қан кетуін тоқтатудағы миометрийдің жиырылуы; теріс қозу-стрихинипмен, камфорамен уланған кездегі қалтырау;

• Тынышталу- қозған мүше қызметінің калпына келуі, ыстықты түсіруші дәрілердің әсерімеи кызба кезінде дене температурасының төмендеуі, анальгетиктер әсерімен ауырсынудың басылуы;

• Басылу, өшу- функцияның калыптағы жағдайдан әлдеқайда төмендеуі; оң мәнді басылу- есті жоғалту, наркоз кезіндегі қаңқа бұлшық еттерінің тонусының төмендеуі және рефлекстердің жойылуы немесе төмендеуі, теріс мәнді басылу- наркозды, ұйқы шақырушы, наркотикалық анальгетиктердің әсерінен тыныс орталығының тежелуі.

• Тонизирлеу - ағзаның төмендеген, басылған қызметінің қалпына келуі; камфора, кофеин т.б. аналептиктердің өсерінен тыныс жетімсіздігінде, коллапста, шокта тыныс орталығының, тамыр қозғаушы орталықтың қызметтерінің жақсаруы. Жүрек гликозидтерін қабылдаған науқастарда декопенсацияланған миокардтың жиырылуының күшеюі;

• Салдану - қызметтің тоқталуы; оң мәнді салдану - күшті жергілікті анестетиктердің әсерінен ауырсыну сезімін қайтымды жойылуы, миорелаксанттардың әсерімен қаңқа бұлшық еттерінің түгелдей босаңсуы. Теріс мәнді салдану - тыныс орталығын атропинмен және аналептиктермен улы дозаларда қоздырғандағы тыныс орталығының қайтымсыз салдануы.

Альдегиддегидрогеназа генінің мутациясы этил спиртінің метаболизміи бұзады. Бұл кезде этанолдың тотығу өнімі - сірке альдегиді сірке қышқылына тотықпайды. Сірке альдегидінің корлаты оның улы әсерімен білінеді, бұл жағдай алкогольды ішімдіктерді қолданудан бас тарту керектігіне мәжбүр етеді.

Жүре пайда болған дәріге үйрену негізінде фармакокинетикалық және фармакодинамикалык механизмдер орын алады.

2. Қайта қабылдағанда пайда болатын эффект

Дәрілік заттарды кайталап колданғанда олардың әсері әр түрлі бағытта өзгереді, соның бірі-кумуляция. Кумуляция (латынша cumulatio- көбею, жиналу)- ағзада дәрілік заттардың молекулаларының (материалды кумуляция) және олардын әсерлерінің (кызметті кумуляция) қорлануы, Материалды кумуляция төмен бауырлық немесе бүйректік бар және ұзақ жартылай шығарылу кезеңі бар липофильді дәрілік заттарды қабылдағанда пайда болады. Клиникада фенобарбиталдың, бромидтердің, жүрек гликозидтерінің (дигитоксин, целанид, дигоксин), тікелей әсерлі антикоагулянттардың кумуляциясын есепке алу кажет. Кумуляция оң және теріс мәнді болуы мүмкін. Кумуляциянын оң мәні дәрілік заттың ұзартылған әсерімен, оларды сирек қабылдау мүмкіндігімеи байланысты болуы мүмкін, мысалы ауыр жүрек жетімсіздігімен ауыратын науқастар түнде жүрек гликозидтерін кабылдамаса да болады. Теріс мәнді кумуляция қайталап енгізген препараттың және алғашкы енгізген препараттың дозаларының косылуы нәтижесінде улану каупінің болуына негізделген. Уыттануды болдырмау үшін, кумуляцияланатын дәріні бір калыпты дозада қабылдау кажет. Бұл доза бір тәулікте шығарылатын препараттың мөлшеріне тең болады.

Дәрілердің ағзаға әсерлерінің түрлері. - student2.ru

ЭК - элиминация коэффңценті (бір тәулікте шығарылатын пайызбен берілген дозаның бөлігі). Шамалы материалды кумуляция бауыр мен бүйрек ауруларында, балалар мен карт адамдарда кездеседі. Бауырдың патологиясында дәрілік заттардың белсемді метаболиттерінің кумуляциясы болуы мүмкін. Кызметті кумуляцияның мысалдары - созылмалы алкоголизм, қорғасынмен уланған кездегі сопақша ми орталыктарының салдануы.

Дағдылану - бұл дәрілік заттарды қайталап кабылдаған кездегі әсерінің әлсіреуі. Емдік дозаны жаңалау үшін дозаны жоғарылату қажет. Мәселен, үрейге, қорқынышқа қарсы транквилизатор сибазонның (диазепам) дозасы күніне 5-10 мг/, ал дәріге үйрену кезінде дозасы күніне 1000мг-ға дейін жоғары- лайды. Дәріге дағдылану туа және жүре пайда болған болуы мүмкін. Туа пайда болған (тұкымқуалаушылық) дағдылану энзимопатияға негізделген. Негізінен дәрінің циторедепторлармен байланысуына аз дәрежеде - мүшелер мен ұлпаларда таңдамалы қорлануына байланысты.

Дағдыланудын фармакокинстикалык механизмдері

1.Сорылудың бұзылыстары. Мышьяк ангидриді ішектен тек қана ішек сөлінің сілтілік ортасында сорылады. Мышьякты қайталап қабылдағанда ол қабыну үрдісін (энтеритті) дамытып, ішекте қышқыл орта түзеді. Бұл резорбтивті улы әсерді азайтады (2 мг мышьякты итке парентералды жолмен енгізгенде ол иттің өліміне алып келеді).

2.Айналулық метаболизм ферментінің демеуінің арқасында дәрілік заттар белсенсінді емес өнімге айналса, үйрегіштік орын алады.

Дағдыланудың фармакодинамикалық механизмдері.

1. Циторецепторлардың десенситизациясы (сезімталдығының төмендеуі);

• гетерологиялық десенситизадия- протеикиназаның қатысуымен циторецепторлардың карбоксилді ұштарын фосфорилдеу және G ақуыздарын жоғалтып, эффекторлы жүйелерге дауылды беру бейімділігі;

• гомологиялық десенситизация - спецификалық киназамен агонистциторецептор фосфорилдеу және G - акуызымен реттеуші доменнің байланысын бұзатын ақуыздармен қосу.

2. Циторецепторлардың санының азаюы. Циторсцепторлардың жасушадағы протеолиз және секвестрация, м-РНК-ның деградациясының, гендер бұзылуы нәтижесінде жоқ болуы.

3. Нейромедиаторлардың бөлінуінің азаюы. Циторецепторлардың агонистері теріс кері байланыс ұстанымы бойынша нейромедиаторлардың бөлінуін тежейді (наркотикалық анальгетиктер эндогенді ауруды басатын пептидтер энцефа- линдер, (3-эндорфиндер және дипорфин) бөлінуін бұзады.

4. Сезімтал жүйке ұштарының қозғаштығының төмендеуі. Мұндай механизм іш айдайтын дәрілерді ұзақ тағайындағанда оларға дағдылану пайда болу негізінде дамиды.

5. Реттеудің икемделістік механизмдерінің іске қосылуы. Тахикардия және жүректің минуттык айналуының өсуімен немесе бүйрек қан айналымының нашарлауьша, диурездің азаюына және қанның мөлшерінің көбеюінен гипертензияға қарсы дәрілердің емдік әсерлері әлсірейді. Дағдылану оқу барысында да пайда болуы мүмкін. Мысалы, созылмалы алкоголизммен ауыратын науқастар этил спиртін қабылдаған соң қозғалғыш аумағының кызметінің ауытқуларына қарамастан тіке сызықпен жүруге үйренеді.

Тахифилаксия (грек тілінен tachys - тез, phylaxis - қорғаныс)- бұл бірнеше сағаттар ішінде дәріге тез үйрену. Тахифилаксия синапс ұштарындағы медиатор қорларының таусылуына негізделген. Дағдылану бір уакытта дәрілердің әртүрлі әсерлерінен пайда болуы мүмкін. Мәселен фенобарбиталды ұзақ қабылдағанда оның ұйкы шақыратын әсеріне үйрену қалыптасады, бірақ препараттың тырысуға қарсы әсері сақталынады. Транквилизаторларды қолданғанда оның бұлшық етті босаңсытатын әсері төмендейді, бірақ қоркынышқа қарсы әсері өзгермейді.

Құмартушылық - бұл наркотикалық әсері бар психоактивті дәрілерді қайталап қабылдауға ұмтылу, яғни эйфорияға жету мақсатында немесе наркотиктерді қолданғанда пайда болатын психикалық немесе физикалық дискомфорпы азайту мақсатында қолдану. Эйфорияның белгілері - қанағаттану сезімі, елестеулер, жұмысқа қабілеттіліктің және өмірлік күштердің жоғарылауы немесе жеңіл тыныштану, босаңсу, ауырсынудың жоғалуы. Наркоманияда психикалық және физикалық тәуелділік және дағдылану қалыптасады.

Психикалық тәуелділік кезінде наркотикалық дәрілерден адамдарды айыру психикалық бұзылыстарға - тұнжырауға, озбырлыққа, ұйқысыздыққа, қорқынышқа, тітіркенушілікке әкеледі. Физикалық тәуелділікте наркотикті қабылдауды тоқтату немесе оның антагонистерін енгізу доғару синдромның дамуымен сипатталады. Доғару синдром - бұл қайтарым синдромы түріндегі (наркотик шақыратын функцияның қарама - қарсы бұзылыстары) психопатологиялық. неврологиялық және соматовегетативті бұзылыстардың кешені. Мысалы, морфин ауырсынуды басады, тыныс алу орталығын тежейді, керісінше морфинді қолданбағанда іште, сүйектерде, буындарда, бұлшык еттерде кенеттен ауырсыну және алқыну пайда болады. Наркотикалық затты қайта қабылдағаннан соң абстинентті синдром жойылады.

Физикалық тәуелділік наркотикті бірінші қабылдағаннан соң қалыптасады. Қысқа әсерлі препараттарды шамадан тыс қабылдағанда ауыр абстиненция сол препаратты қабылдауды токтату онша ауыр емес дәрежедегі абстиненцияның дамуына әкеледі. Құмарту фармакокинетикалық және фармакодинамикалық механизм бойынша дағдыланумен қосарланады. Эйфорияға дағдылану өмірлік маңызды кызметтердің (тыныс алу және қан айналым бұзылыстары) бұзылыстарына қарағанда тез калыптасады. Бұл ауыр уланудың себебі болуы мүмкін. Наркотиктерге тәуелділік бас миының бағаналык, және лимбикалық құрылыстарындағы қызметтік және құрылыстық өзгерістерге негізделген, мұнда оң мәнді жүйесі орналасады. Наркоманиядан зардап шегетін наукастарда бақылаушы эмоция және коғамдық кулыққа жауап беруші механизмдер зақымдалады.

Психоактивті наркотикалық заттар мидың барлык нейрохимиялық жүйелерінің қызметтерінің бұзылуына алып келеді. Психикалық тәуелділіктің қалыптасуында наркотиктердің алдыңғы мидың базальды аймағымен байланысқан мезакортиколимбикалық жүйенің дофаминергиялық және адренергиялық синапстарына әсерінің үлкен мәні жатыр. Наркотиктер пресинапстық қордан катехоламиндердің (дофамин, норадреналин) белінуін күшейтеді. Катехоломиндердің көптеп бөлінуі, оң эмоцияның дамуын камтамасыз етеді. Бос катехоломиадер ферменттердін әсерінен тез белсенділігін жоғалтады. Катехоломиндердің азаюы көңіл-күйдің төмендеуімен, әлсіздікпен, эмоция жайсыздығымен білінеді. Наркотиктерді қабылдау қордан қайта катехоламиндердің шығуына әкеледі. Бұл жағдай олардың тапшылығын теңгереді, бірақ нейромедиаторлар қорларының азаюы одан ары жалғаса береді.

Физикалық тәуелділікте катехоламиндердің терең тапшылығы өмірге қауіп төндіреді. Теңгеру механизмі ретінде катехоламиндердің синтезі күшейеді, олардың метаболизмінің ферменттері тежеледі, ең алдымен дофамин - (3-гидроксилаза (бұл фермент дофамин мен норадреналинді тотықтырады) және моноаминооксидазалар, қосымша циторецепторлар пайда болады, жасырын синапстар және өткізгіш жолдар іске қосылады.

Абстинентті синдромның ауырлығы қандағы дофамин деңгейімен байланысты. Дофаминнің 2 есе көбеюі ауыр абстинентті синдром белгілерімен сипатталады, ал дофаминнің 3 есе көбеюінен жіті психикалық күй дамиды. Физикалық тәуелділіктегі нашақорларда ремиссия фазасында дофаминнің деңгейінің толқуы байқалады: бастапқы кезеңде дофамин біраз жоғарылайды, сонан соң қалыптыдан төмендейді.

Наркотикалық тәуелділік. патогенезінде опиоидты, серотонинергиялық және ГАМК-ергиялық нейромедиатор жүйелері, кортикотропин - рилизинггормон қатысады. Кортикотропин - рилизинг гормон стресс кезінде гипоталамо- гипофиз кешенінің серпілісін бақылайды, лимбикалық құрылыстарды белсендендіріп, ағзаның нашақорлыққа бейімділігінде нейромедиатор қызметін атқарады. Көптеген медико-генетикалық зерттеулерде егер, баланың әке- шешесі нашақорлықтан зардап шексе, оның балаларының нашақор болу қаупі және олардың мінез құлықтарында бұзылыстар (агрессия, тұнжырау) дамиды. Әйелдің жүктілік кезінде наркотиктерді қабылдауы, оның сәбиінің қалыптасқан наркотикалық тәуелділікпен дүниеге келуіне алып келеді.

Берілу синдромы серпілістерді және үрдістерді басатын дәрілік заттарды тоқтатканнан соң басқарушы үрдістер мен жеке серпілістердің тежелуі негізінде дамиды. Аурудың өршуі суперкомпенсациясы қызметі орын алады.

Ұйқы шақырушы дәрі барбитурат қышқылының туындысы тез ұйқының гипногенді жүйесін басады. Емді біткеннен соң тез ұйқының құрылысы бұзылады, науқастар корқынышты түстер көреді және ұйқы оларға демалу сезімін бермейді. Стенокардияны емдегенде β-адреноблокаторларды ұзақ тағайындағанда миокардта жаңа β - адреңорецепторлар түзіледі, препаратты қабылдауды тоқтатканнан соң норадреналин медиаторы және адреналин гормоны бұрын болған «жаңа» адренорецепторларды коздырады. Науқастарда жүректің оттегіге сұранысы жоғарылайды, стенокардияның жаңа ұстамалары пайда болады, типті миокард елеттенуі дамиды.

Доғару синдромы дегеніміз белгілі бір қызметтерді тежейтін дәрілік заттарды қабылдауды тоқтатқаннан соң жасушалар мен мүшелердін қызметінің жетімсіздігінің пайда болуы. Доғару синдромы глюкокортикоидтарды (преднизолон, метил преднизолон, дексаметазон) тоқтатқаннан соң дамиды. Бұл препараттар қанда жоғары концентрацияны түзіп, кері теріс байланыс ұстанымы бойынша гипофизбен АКТТ түзілісін тежейді. Нәтижесінде бүйрек үсті безінің екі жақты семуі дамиды. Глюкокортикоидтарды қабылдауды тез тоқтату жедел бүйрек үсті безі жетімсіздігіне алып келеді.

Доғару синдромының алдын - алу мақсатында дәрілік заттардың дозаларын біртіндеп азайтып, баяу токтатады.

Сенсибилизацин дәрілік заттарға аллергиялық серпілістер түрінде білінеді. Аллергияның айқындылығы дәрінің және оның метаболиттерінің химиялық құрылысына, препараттың сақталу мерзімдеріне, аурудың өзіндік ребелсенділігіне байланысты. Белсенді антиген детерминанттары - құрамында амин топтары бар бензол сақинасы (новокаин, сульфаниламидтер, натрий п- амино- салицилат), β-лактам сақинасы (пенициллиндер, цефолоспориндер, пиперидинді және пиперезинді гетероциклда, нейролептиктерде) антигендер қызметтін ацетилденген акуыздар атқаруы мүмкін.

Наши рекомендации