Тақырыбы: Бөлшектену. Бластулалардың түрлері

Мақсаты:Бөлшектену дегеніміз – ұрықтанғаннан кейін болатын зиготалардың бірнеше рет бөлінуінін анықтау

Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: микроскоп препараттар альбом карандаш

Жұмысты жүргізу әдісі:

Бөлшектену ұрықтың көп клеткалық сатысының құралуына әкеліп жеткізеді.

Бөлшектенудегі клетка бөлінуінің екі белгісі бар:

1) Бөлінген клеткалар өспейді.

2) Кәдімгі митоздағыдай ДНҚ-ның саны әрбір бөлінуден кейін екі есе көбейіп тұрады.

Бөлшектену бластулалардың құралуымен аяқталады. Бластулакөп клеткалы бірқабатты ұрық. Бластулаларды құрайтын клеткалар бластомерлердеп аталады.

Бөлшектену кезінде ядролардың саны тез көбейеді де, цитоплазманың көлемі өзгермейді. Мұның өзі ұрықтық клеткаларының ядролық цитоплазмалық қатынасын соматикалық клеткаларына жақындатады.

Бөлшектенудің екі ережесі бар: Ол Гертвиг – Сакстың ережелері:

1.Клетканың ядросы цитоплазманың саруыздан бос бөлігінің дәл ортасында орналасады.

2.Бөліну ұршығы цитоплазманың сарыуыздан бос бөлігінде ұзына бойы орналасады.

Бөлшектену сызығымен бластомерлер бірінен – бірі ажырайды. Бірақ , олар бірге қалады. Сызықтар бағытына қарай меридианалдық, экваториалдық, латитудианалдық және тангенциалдық болып бөлінеді. Меридионалдық – анималдық полюстан басталып вегетативтік полюсқа қарай жүреді. Экваториалдық- экватормен , латидудиналдық экваторға параллельдік бағытпен өтеді, ал тангенциалдық сызық зиготаның сыртқы бетіне параллельдік бағытпен жүреді.

Бөліну сызығының бағытына, тереңдігіне және жылдамдығына қарай бөлшектенудің бірнеше түрлерін ажыратуға болады. Ол сарыуыздың мөлшеріне және оның клеткалардың ішінде орналасуына байланысты болады. Саруыз бөліну сызығының қалыптасуына қарсы әсер етеді. Клеткалардың саруызы көп бөлігінде сызық құралмайды.

Бөлшектенудің екі түрі болады:

1) Толық бөлшектену (голобластикалық)

2) Жартылай бөлшектену (меробластикалық)

Толық бөлшектену біркелкі (теңіз кірпілерде,ланцетникте) және біркелкі емес бөлшектену (қосмекенділерде) болып бөлінеді. Жартылай бөлшектену : диск тәрізді бөлшектену (құстарда, бауырымен жорғалаушыларда) . Бөлшектену нәтижесінде бластула құралады. Бластуланың қабырғасы бластодерма деп аталады. Ішіндегі қуысын бластоцель дейміз.Бластуланың үстіңгі анимальдық жағы – төбесі болады, астыңғы вегетативтік жағы – түбі. Бөлшектенудің толық біркелкі бөлінуінен целобластула пайда болады. Толық біркелкі емес бөлінуден амфибластула пайда болады.Жартылай бөлінуден –дискобластула(құстарда) , перибластула (бунақденелілерде) пайда болады. Бластуланың басқа да түрлері бар.Мысалы морула – қуысы жоқ бластула. Стерробластула аскаридаларда кездеседі. Олар үлкен бластомерлерден құралған, бластоцелі болмайды.

Бөлшектену ұзақтығына қарай синхрондық бөлшектену – тез жүретін , бірыңғай циклдар.Ең қысқа циклдар 10-ақ минут бунақденелілерде кездеседі. Олардың S – фазасы 3-5 минут жүреді, ал G¹ G² фазалары болмайды. Ассинхронды бөлінуде анималдық бластомерлер тез , ал вегетативтік бластомерлер ұзақ бөлінеді. Бөлшектену бластомерлердің орналасуына қарай : радиалдық, спиралдық, билатералдық болып бөлінеді.

Тапсырма

Микроскоп арқылы зерттелетін препараттар.

1. Жылқы аскаридасының жұмыртқа клеткасының бөлшектенуі. Суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) зиготаның екі бластомерлі сатысы 2) зиготаның төрт бластомерлі сатысы 3) зиготаның сегіз бластомерлі сатысы

2. Бақаның жұмыртқа клеткасының бөлшектенуі. Суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) бластомерлер 2) анимальды және вегетативті полюстар

3. Бақаның бластуласы. Амфибластула.

Бақылау сұрақтары:

1.Бөлшектену процесі және оның биологиялық маңызы.

2.Бөлшектенудің түрлері және олардың жұмыртқа клеткасының құрылысына тәуелділігі.

3. Бластулалардың түрлері.

4. Гертвиг –Сакстың

Әдебиеттер:

1.Антипчук Ю.П. «Гистология с основами эмбриологии» 1983

2.Мануилова Н.А. «Гистология с основами эмбриологии» Москва 1973

3.Рақышев А. «Организмнің нәзік құрылымы» Алматы 1994

4.Сапаров Қ.Ә. Жалпы цитология негіздері. – Алматы: Санат, 1994.

5.Токин Б.П. «Общая эмбриология» Москва 1977

Наши рекомендации