Тақырыбы: Онкогенетика негіздері
5.2. Мақсаты: Қатерлі ісік жасушаларының трансформациялануының себептері мен дамуының генетикалық механизмдерін білу.
5.3. Дәріс тезистері:
5.3.1. Канцерогенез, анықтамасы, ісік жасушаларының трансформациялану кезеңдері.
5.3.2. Канцерогендік факторлар, жіктелуі, сипаттамасы.
5.3.3. Протоонкогендер, онкогендер, сипаттамасы, олардың канцерогенездегі рөлі.
5.3.4. Вирустық онкогенез.
5.3.5. Ісіктің супрессорлық гендері (ІСГ), сипаттамасы.
5.3.6. Қатерлі ісікті жасушалардың қасиеттері және биологиялық ерекшеліктері.
Канцерогенез - қалыпты жасушаның қатерлі жасушаға айналуы, жасушаның бласттрансформация процессі.
Қалыпты жасушаның трансформацияланған жасушаға ауысуы көп сатылы процесс.
1. Инициация. Әрбір ісік жеке жасушаның ДНҚ-ның бұзылуынан басталады. Бұл генетикалық дефектіні канцерогендер немесе онкогендік вирустар тудыруы мүмкін. Адам ағзасында тіршілік барысында адам ағзасындағы жасушаларының ДНҚ зақымдануы жүреді. Ісіктік инициациясына протоонкогендердің зақымдануының өзі ғана жеткілікті. Осы зақымданудың өзі-ақ сома жасушалардың ісік жасушаларына ауысуын анықтайтын өте маңызды фактордың бірі болып табылады. Ісіктік инициациясына антионкогеннің (онкосупрессор-гені) зақымдануы да алып келуі мүмкін.
2. Ісіктің промоциясы ісік-тудырушы факторлармен зақымданған жасушалардың көбеюіне алып келеді. Бұл процеесс көп жылдарға созылуы мумкін.
3. Ісіктің прогрессиясы — бұл өзгерген жасушалардың көбеюі, инвазиясы, метастаздар қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі.
Ісік жасушаларынның трансформациялануына алып келетін әр түрлі орта факторларын канцерогендік факторлар, деп атайды.
Канцерогендік қасиеттері бар физикалық факторлар (радиация), химиялық факторлар (ауыр металдардың тұздары, қышқылдар), биологиялық факторлар (вирустар).
Жасушалардың бөлінуі мен өсуін реттейтін «қалыпты» ген протоонкогендердің ісік жасушаларына өтуі, онкогенге айналуы ісік жасушаларының негізгі механизмдерінің бірі болып отыр.
Кейбір вирустардың геномында онкогендер болады. Ағзаның вирусты инфекцияны жұқтыруы және онкогенді тасамалдаушы вирус геномы жасушаның генетикалық материалына ісіктің трансформациялануын іске қосатын күрделі және ұзақ процесс.
Қатерлі ісік жасушаларының негізгі қасиеттерінің бірі оның бақылаусыз бөлінуі, моноклондылығы және ісіктің өсуінің автономдылығы.
5.4. Көрнекілік материал:18-шімультимедиялық дәріс, тақырып бойынша бейнефильмдер.
5.5. Әдебиеттер:
Негізгі:
5.5.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006.
5.5.2. Гинтер Е. К. Медицинская генетика. М.: Медицина, 2003.
5.5.3. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы).
Алматы: Эверо, 2008. 224 б.
5.5.4. Муминов Т.А., Куандыков Е.У. Основы молекулярной биологии (курс лекций). Алматы: Эверо, 2009. 204 с.
5.5.5. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. 544 с.
5.5.6. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006.
5.5.7. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. 356 б.
5.5.8. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.
Қосымша:
5.5.9. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. 479 б.
5.5.10.Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р. Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова. М., ГЭОТАР-Медиа, 2010. 620 с.
5.6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
5.6.1. Протоонкогендер деген не?
5.6.2. Қандай жағдайларда протоонкогендер онкогендерге айналады?
5.6.3. Канцерогенез кезінде жасушаның бөліну ерекшелігі қандай?
5.6.4. Контакталық тежелу деген не?
5.6.5. Вирусты онкогенездің механизмдері қандай?
Үш тілдегі түсіндірме сөздер:
Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Ағылшын тілінде |
Онкогенетика | Онкогенетика | Oncogenetics |
Онкогенез | Онкогенез | Oncogenesis |
Канцерогендік факторлар | Канцерогенные факторы | Carcinogenic factors |
Протоонкогендер | Протоонкогены | Protooncogenes |
Онкогендер | Онкогены | Oncogenes |
Онковирустар | Онковирусы | Oncoviruses |
Инициация | Инициация | Initiation |
Промоция | Промоция | Promotion |
Прогрессия | Прогрессия | Progression |
Антионкогендер | Антионкогены | Antionkogenes |
Дәріс