Гидроксилазалар мен оксигеназалар

Монооксигеназалар(гидроксилазалар)

Монооксигеназалар(гидроксилазалар) –тотығатын субстратқа оттек молекуласының бір атомын ғана қосуды катализдейтін оксидоредуктазалар класының ферменті.

Құрылысы

Монооксигеназалар-апофермент пенкоферменті- тетрагидробиоптерин (Н4БП) болатын екі компонентті ферменттерге жатады. Құрамына С витамині де кіреді. Бұл фер-менттер цитозольде немесе бауыр жасушаларының эндоплазматикалық ретикулумның мембранасында тізбек түзеді немесе бүйрекүсті қыртысты қабаты жасушаларының митохондрия мембраналарында болады, онда олар стероидты гормондардың аралық зат алмасуындағы түзілген өнімдердің тотығуына қатысады.

Әсер ету механизмі

1)Монооксигеназалар (гидроксилазалар) - тотығатын затқа оттектің бір атомын береді де , екінші атомын тотықсыздандырғыштан (негізінен – НАДФН2, сирек- басқалардан: мысалы, С витаминінен) алған екі атом сутекке қосады:

SH + O2 +HADФН+ H+ ↔ SOH + Н2О + НАДФ+

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

Биологиялық рөлі

Биологиялық рөлі – субстратты гидроксилдеу. Монооксигеназалар көптеген эндогендік заттарды гидроксилдеуге қатысады: амин қышқылдарын, фенолдарды, стериндерді және басқаларын, сонымен қатар бөтен улы заттарды- ксенобиотиктерді усыздандырады (дәрілік препараттарды; өсімдіктердің компоненттерін;сыртқы ортаны ластандырушы заттарды). Бұл кезде ксенобиотиктердің ерігіштігі артады да, ағзадан шығуы тездетіледі.

Мысалы, фенилаланин тіндерде аздаған мөлшерде өзгерістерге ұшырайды. Белок молекуласының құрамына кіруден басқа фенилаланин дені сау адамның метоболизмнде тек тирозинге дейін ғана тотығады, бұл арнайылық микросомалды тотықтыратын монооксигеназа - фенилаланин-4-гидроксилаза арқылы жүреді, оның коферменті тетрагидробиоптерин (Н4БП)болып табылады:

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

Бұл реакция ағза жасушаларында фенилаланиннің артық улы мөлшерін кетіруге қажет. Оның артық мөлшерінен улы- фенилжүзім қышқылы және фенилсүт қышқылы түзіледі, олар қалыпты жағдайда ағзада болмайды. Бұл адамның ақыл ойының кемуіне жарыместікке әкеледі.

Диоксигеназалар

Диоксигеназалар –субстрат молекуласына оттектің екі атомын енгізуді катализдейтін оксидоредуктазалар класына жатады.

Әсер ету механизмі

Диоксигеназалар, гидроксилазалардан өзгешелігі, субстратты тотықтыру кезінде оған оттек молекуласының екі атомының қосылуын катализдейді, бұл кезде қос С=С байланыс үзіледі.

Мысалы, триптофанның құрылысының бұзылуы формилкенурениннің түзілуінен басталады, оның құрамына оттектің екі атомы кіреді. Бұл реакцияны катализдейтін фермент гемопротеинге жатады- триптофан 2,3-диоксигеназа деп аталады..

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

Бұл реакция эндоплазматикалық ретикулумде және митохондрия мембранасының ішкі жағында жүреді.

Биологиялық жүйелердегі диоксигеназалардың қатысымен жүретін ароматты сақиналы қосылыстардың тотығу процестеріндегі бұзылыстарының барлығына жуығын биохимик Осами Хайяни ашқан.

«Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар»

1.ОКСИГЕНАЗАЛАР

1) екі компонентті ферменттер

2) барлық жасуша түрлерінде болады

3) оттек молекуласын белсендіреді

4) субстрат молекулаларына екі оттек атомдарын енгізеді

5) биологиялық жүйелердегі ароматты сақиналарды ажыратады

6) тотығатын заттың молекуласына оттектің атомын енгізеді

2. МОНООКСИГЕНАЗАЛАР

1) тотықсыздандырғыштан екі сутек атомын үзіп алады

2) ксенобиотиктердің ерігіштіктерін арттырады

3) оттек молекуласының бір атомы тотығатын затқа қосылады

4) оттек молекуласының екі атомы да тотығатын затқа қосылады

3. МОНООКСИГЕНАЗАЛАР ЖАТАТЫН КЛАСС

1) гидролазалар

2) изомеразалар

3) лигазалар

4) трансферазалар

5) оксидоредуктазалар

4. КСЕНОБИОТИКТЕР МЕТАБОЛИЗМІНІҢ ФАЗАСЫНА КІРЕДІ

1) ксенобиотикті гидрлеу

2) ксенобиотикті дегидрлеу

3) макроэргиялық байланыстардың гидролизденуі

4) ксенобиотиктің гидроксилденуі

5) оттек молекуласынан ксенобиотиктерге бір атом оттегін енгізеді

5.ФЕНИЛАЛАНИННІҢ ТИРОЗИНГЕ АЙНАЛУЫН КАТАЛИЗДЕЙДІ

1) фенилаланин-4-гидроксилаза

2) фенилаланинтрансаминаза

3) тирозингидроксилаза

4) дегидрогеназа

6. ФЕНИЛАЛАНИННІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ АРТЫҚ МӨЛШЕРІ

1) ақыл ойды төмендетеді

2) жасуша үшін улы

3) жарыместікке әкеледі

4) гидроксилденуге қатысады

7. ДИОКСИГЕНАЗАЛАР ТОТЫҒАТЫН ЗАТҚА ТАСЫМАЛДАЙДЫ

1) электрондарды

2) екі атом оттекті

3) бір атом оттекті

4) протондар мен электрондарды

8.ГИДРОКСИЛАЗАЛАР ГИДРОКСИЛДЕНУІНЕ ҚАТЫСАДЫ

1) фенолдардың

2) стериндердің

3) амин қышқылдарының

4) ксенобиотиктердің

5) коферменттердің

9.СӘЙКЕСТІКТІ ТАБЫҢЫЗ : «Фермент – катализдейтін реакция »

1) анаэробты дегидрогеназалар а) тотығатын затқа екі атом оттекті қосады

2) убихинон б) электрондарды тасымалдайды

3) диоксигеназа в) протондар мен и электрондарды тасымалдайды

4) монооксигеназалар г) тотығатын затқа бір атом оттекті қосады

10.МОНООКСИГЕНАЗДЫ РЕАКЦИЯЛАР ТӨМЕНГІ ТОТЫҒАТЫН ЗАТТАРДЫҢ ТЕК

БІРЕУІНЕН БАСҚА БӘРІНЕ ҚАТЫСАДЫ

1) зәр қышқылы

2) стероидты гормондар

3) ксенобиотиктер

4) дәрілер

5) қаныққан май қышқылдары

№ 17 Текст

Каталаза

Каталаза[КФ 1.11.1.6] - сутек пероксидін ыдыратуды катализдейтін екі компонентті оксидоредуктазалар класының ферменті, пероксисомаларда шоғырланған.

Құрылысы

Каталаза-коферменті 4 гемнен тұратын, табиғаты жағынан гемоглобин мен Цхв ның гемдері сияқты, бірақ темірдің тотығу дәрежесі +3 болатын екі компонентті фермент (гемопротеин). Каталазаның молекуласы төрт бірдей суббірліктерден тұрады және соған сәйкес төрт простетикалық тобы болады, молекулалық массасы 60000. Гем мен белоктық бөлігі мықты байланыста болады, диализ кезінде де бөлінбейді. Каталазанаң әсер етуші оптимальды рН-6.0-8.0 аралығында жатады.

Биологиялық рөлі

Каталазаның ағзадағы биологиялық рөлі тотығу кезінде ағза жасушаларында флавопротеинді оксидазалар қатарының( ксантиноксидазалар, глкозооксидазалар, моно-аминоксидазалар және т.б.)әсерінен түзілетін сутек пероксидін су мен молекулалық оттекке дейін ыдырату және жасуша құрылысын сутек пероксидінен қорғау үшін қажет.

Реакцияға екі молекула сутек пероксиді түседі, біреуі электрондардың доноры, ал екіншісі акцепторы болады.

2О2 → 2Н2О + О2

Оттектің бөлінуінің куәсі бензидиннің тотығуы кезінде ерітіндінің көк түске боялуы. Бензидин сынамасы- ол гемоглобин гемінің сутек пероксидімен бензидиннің қатысында жүретін реакцияға негізделген гемоглобинге сапалық реакция болады. Бензидин сынамасы

ағзада білінбейтін қан кетуде (нәжісте, зәрде,асқазан сөлінде,құсық массасында), әсіресе АІЖда ойық жара, рак кезінде кететін қанға өте сезімтал реакциялардың бірі болып табылады.

Энзимопатия ( каталазаның жетіспеушілігі)

Рецессивтік типтегі тұқымқуалаушылықта каталазаның жетіспеушілігінен немесе жоқтығынан ауру дамиды, оны акаталаземия деп атайды. Бұл ауру ауыз қуысының , мұрын-ның шырышты қабатының ойылуын тудырады, кейде ол тіндердің шіруіне әкеледі. Мұндай жағдайлар Кореяда, Жапонияда жиі кездеседі. Бұл аурудың диагнозын қанға сутек пероксидін қосқанда оның көбіктенбеуінен бақылау арқылы анықтайды.

Пероксидазалар

Құрамы

Пероксидазалар – тірі жасушалардағы әртүрлі заттардың тотығуын сутек пероксиді- нің көмегі арқылы катализдейтін екі компонентті оксидоредуктазалар класының бір топ ферменттері.

Құрылысы

Пероксидазаның простетикалық тобы бір гемнен тұрады, оның құрамына үш валентті темір кіреді. Каталаза мен пероксидазалардың гемінің құрамы бірдей болады, ал олардың қызмет ету қабілеттерінің әртүрлілігі пероксидазаның белоктық бөлігінің ерекшелігінде болады.

Әсер ету механизмі

Пероксидаза сутек пероксидін су мен атомдық оттекке дейін тотықсыздандырады, бірақ бұл уақытта міндетті түрде тотықсыздандырғыш болатын басқа бір заттың тотығуы жүреді.Адам ағзасында мұндай затқа глутатион - трипептид: (гаммаглутамил-цистеилглицин) жатады. Сондықтан адам ағзасындағы пероксидазаны глутатионпероксидаза деп те атайды.

Н2О2 → Н2О+[О]

Биологиялық рөлі

Пероксидазаларға сутек пероксидін тотықтыратын ферменттердің бір тобын жатқызады: классикалық пероксидаза, НАД-пероксидаза, НАДФ-пероксидаза, май қышқылдарының пероксидазасы, глутатионпероксидаза, цитохромпероксидаза және басқалары. Гемоглобин де әлсіз пероксидаздық қасиет көрсетеді, соның негізіне оған сапалық реакция бензидин сынамасы болады. Барлық пероксидазалар төмендегі схемамен жұмыс істейді, А- субстраттар:

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

Пероксидаза жануарлар мен өсімдіктердің тіндерінде, сүтте, лейкоциттерде, кейбір бактерияларда болады, ол фенолдарды, аминдерді, кейбір гетероциклді қосылыстардың тотығуын катализдейді.

Пероксидаза пастерленбеген сүтте болады. Сүт өндірісінде пероксидазаға реакцияны сүттің пастерленуінің өнімділігін тексеру үшін қолданады (сүттің пероксидазасы 80ОС та инактивтенеді ).

Пероксидазаға реакцияны құс етінің ескірген ескірмегендігін тексеру үшін де қолданады (суда жүзбейтіндерін). Жаңа сойылған ет - оң реакция, ал ескісі –теріс реакция береді.

«Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар»

1. ФЕРМЕНТТЕР- КАТАЛАЗА МЕН ПЕРОКСИДАЗАЛАР ЖАТАДЫ

1) лиазаға

2) изомеразаға

3) трансферазаға

4) оксидоредуктазаға

2. ЕКІКОМПОНЕНТТІ ФЕРМЕНТТЕР

1) липаза

2) амилаза

3) каталаза

4) пероксидаза

5) цитохромдар

6) НАД-ДГ

7)

3. КАТАЛАЗА

1) әрбір өсімдік және жануар жасушаларында болады

2) Н2О2 ні усыздандыру арқылы қорғаныштық қызмет атқарады

3) сутек пероксидін су мен оттек молекуласына дейін ыдыратады

4) сутек пероксидін су мен атомдық оттекке дейін ыдыратады

4.ЖАРАҚАТ КЕЗІНДЕ ТҮЗІЛГЕН ҚАНДЫ 3% СУТЕК ПЕРОКСИДІМЕН ТАЗАЛАУ КЕЗІНДЕ ҚАНДАҒЫ ФЕРМЕНТТІҢ ӘСЕРІНЕН СУТЕК ПЕРОКСИДІНІҢ ЫДЫРАУЫ НӘТИЖЕСІНДЕ КӨПІРШІК ПАЙДА БОЛАДЫ. ТӨМЕНДЕГІ КӨРСЕТІЛГЕНДЕРДЕН ОСЫ ФЕРМЕНТТІ ТАҢДАҢЫЗ

1) моноаминоксидаза

2) карбоангидраза

3) цитохромоксидаза

4) каталаза

5) лактатдегирогеназа

5. КАТАЛАЗАНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ РӨЛІ

1) мембрана липидтерін пероксидтік тотығудан қорғайды

2) сутек пероксидін усыздандыруға қатысады

3) тін белоктарын ыдыратуға қатысады

4) тіндерді оттекпен қамтамасыз етеді

6. ҚАНДА ПЕРОКСИДАЗАНЫҢ БАРЛЫҒЫН АНЫҚТАЙТЫН РЕАКЦИЯ

1) Фелинг

2) Троммер

3) Нингидрин

4) Йод ерітіндісі

5) күмі айна реакциясы

6) бензидин сынамасы

7. ГЕМ- ПРОСТЕТИКАЛЫҚ ТОП РЕТІНДЕ ҚҰРАМЫНА КІРЕДІ

1) гемоглобиннің

2) пероксидазаның

3) каталазаның

4) липазаның

8. ТӨМЕНДЕГІЛЕРДЕН НАҚТЫ ЖАУАПТАРДЫ ТАҢДАҢЫЗ

1) каталаза гемі бар ферментке жатады

2) каталазаның жетіспеушілігінен тұқымқуалаушылық ауруы каталаземия дамиды

3) пероксидаза сутек пероксидін су мен атомдық оттекке дейін ыдыратады

4) каталаза сутек пероксидінің синтезін катализдейді

9. ТӨМЕНДЕГІ СХЕМАДАҒЫ ӘРБІР САНДАРҒА ФЕРМЕНТТЕРДІ ТАҢДАҢЫЗДАР

1 2 3 4

Малат→НАДH →К0 QH2 → цитохром → ½ О2

А. Цитохромоксидаза.

Б. Малатдегидрогеназа.

В. К0QH2- дегидрогеназа.

Г. НАДH- дегидрогеназа.

10. АҒЗАДА КАТАЛАЗА, ПЕРОКСИДАЗА, ЦИТОХРОМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН. ТІНДІК ТЫНЫСАЛУ ПРОЦЕСТЕРІ БҰЗЫЛҒАН. ҚАНДАЙ МЕТАЛЛ ИОНДАЫНЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ БАЙҚАЛҒАН:

1) магний, фтор

2) темір, мыс

3) хром, кальций

4) йод, фтор

5) натрий , калий

№ 18 Текст

ТРАНСФЕРАЗАЛАР- Ферменттердің 11класы

Анықтамасы

Трансферазалар – атомдарды немесе атомдар тобын бір молекуладан (донор) екінші молекулаға (акцептор)тасымалдауды катализдейтін ферменттер класы. Трансферазалардың көмегімен жасушаларда алкилдену, фосфорлану, белоктың, нуклеин қышқылдарының био-синтезі жүреді және т.б. Трансферазалар негізінен екі компонентті ферменттер (фосфотранс-феразалардан басқалары).

Каталитикалық әсерінің механизмі

A—X + B ↔ A + B—X.

A молекуласы(X) атомдар тобынаың доноры болады, ал В топтың акцепторы болады. Мұндай тасымалдау реакцияларында донордың рөлін жиі кофермент атқарады. Көптеген трансферазалардың катализдейтін реакциялары қайтымды болады.

Трансферазалардың топтары Трансферазалар класына 450 фермент кіреді , олар тасымалдайтын топтарының химиялық табиғатына қарай 8топқа бөлінеді: бір көміртек тобын тасымалдауды катализдейтін топ- метилтрансферазалар; қанттың қалдығын тасымалдаушы топ-гликозилтрансферазалар; азоты бар топты тасымалдайтын топ- аминотрансферазалар; фосфат тобын тасымалдаушылар топ- киназалар(фосфотрансферазалар) деп аталады және т.б. Систематикалық аталуы Трансферазалардың аталуы схемада көрсетілгендей құрастырылады: «донор: акцептор — топ —трансфераза» [мысалы, фосфат тобын аденозинтрифосфор қышқылынан (АТФ) креатинге тасымалдауды катализдейтін фермент АТФ: креатинфосфотрансфе-раза деп аталады]. «Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар» 1.ТРАНСФЕРАЗАЛАР 1) химиялық табиғаты жағынан екікомпонентті ферменттер 2) жасушалық ферменттер 3) атомдарды бір субстраттан екіншісіне тасымалдайды 4) атом топтарын бір субстраттан екіншісіне тасымалдауды тездетеді 5) белоктардың гидролизін тездетеді   2. ТАСЫМАЛДАЙТЫН ТОПТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ ТРАНСФЕРАЗАЛАР ЖІКТЕЛЕДІ 1) метилтрансферазалар 2) аминотрансферазалар 3)фосфотрансферазалар 4) глюкозилтрансферазалар 5)ацилтрансферазалар 6) липазалар   3. ТРАНСФЕРАЗАЛАР КАТАЛИЗДЕЙДІ 1) топтарды субстрат молекуласының ішінде тасымалдайды 2) топтарды бір молекуладан екіншісіне тасымалдайды 3) фосфор қышқылының қалдығын АТФтен глюкозаға тасымалдайды 4) метил тобын субстратқа тасымалдайды 5) төменгі молекулалық қосылыстарды субстратқа қосады   4.ТРАНСФЕРАЗАЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН ЖАСУШАЛАРДА ЖҮРЕДІ 1)алкилдеу 2)фосфорлау 3)метилдеу 4)аминдеу 5)ацилдеу 6) тотығу   5.АЦИЛТРАНСФЕРАЗАЛАРДЫҢ ЖАТАТЫН ТОБЫ 1) лиазалар 2)каталаза 3) цитохромдар 4) трансферазалар 5) оксидоредуктазалар   6. ҚАНТТЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ТРАСФЕРАЗАЛАР АТАЛАДЫ 1) ацилтрансфераза 2)глюкозоксидаза 3) гликозилтрасфераза 4)метилтрансфераза 5)глутатионпероксидаза 7.АҒЗАДА ФЕРМЕНТТІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ТӨМЕНДЕУІ ЖӘНЕ ДЕНАТУРАЦИЯСЫ БАЙҚАЛАДЫ 1) қан қысымының жоғарылауында 2 )адамның температурасының жоғарылауында 3) стресс жағдайында 4) қан қысымының төмендеуінде 5) онкотикалық қысымның төмендеуінде 8. ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ФРАГМЕНТТІ БІР СУБСТРАТТАН ЕКІНШІСІНЕ ТАСЫМАЛДАУ АРҚЫЛЫ ЕКІ ӨНІМНІҢ ТҮЗІЛУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ФЕРМЕНТТЕРДІҢ КЛАСЫ 1)оксидоредуктазалар 2)изомеразалар 3) трансферазалар 4)лигазалар 5)гидролазалар   9. КАТАЛИЗДЕЙТІН РЕАКЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ ҚАРАЙ КОФЕРМЕНТ- ТЕРДІ ӘРТҮРЛІ КЛАССҚА БӨЛЕДІ 1) электрондарды тасымалдайтын коферменттер 2) әртүрлі химиялық топтарды тасымалдайтын коферменттер 3) сутек атомдарын тасымалдайтын коферменттер 4) пептидтік байланыстарды үзетін коферменттер 5) метил тобын тасымалдайтын коферменттер   10. ФОСФАТ ТОБЫН ТАСЫМАЛДАЙТЫН ТРАНСФЕРАЗАЛАР 1) ацилтрансферазалар 2) фосфотрансферазалар 3) киназалар 4) аминотрансферазалар 5) метилтрансферазалар     № 19 Текст Трансферазалардың топшалары   2.1. Метилтрансферазалар Метилтрансферазалар –біркөміртекті қалдықты – метил, метилен, метин,формил және басқа топтарды қайтымды тасымалдауды катализдейтін трансферазалар класының ферменттері. Коферменттің құрылысы Метилтрансферазалар– екі компонентті ферменттер. Коферменті ТГФҚ- тетрагидрофоль қышқылы (Вс витамині). Коферменттің құрамына птеридин сақинасы, парааминобензой қышқылы (ПАБҚ) және глутамин қышқылы кіреді. гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru Трансметилдену реакцияларына мысалдар Негізінен СН3- тобының доноры метионин болады. Ол В12 витаминінің туындысы-мен(кобаламин) және фоль қышқылымен бірге барлық тірі ағзада қайта метилдену жүйесін түзеді. 5- метилтетрагидрофоль қышқылынан (N5-метил-Н4-фолат) СН3- тобы-ның гомоцистеинге тасымалдануы метионин биосинтезінің соңғы сатысында жүреді. Фермент гомоцистеинметилтрансфераза метил радикалын метилтетрагидрофолаттан гомоцистеинге тасымалдайды.     гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru     СН3 -тобының трансметилдеу әмбебап доноры S-аденозилметионин (SАМ) болып табылады.   Трансметилдену реакцияларына мысалдар   1) Адреналин-бүйрекүсті милы қабатының гормоны, норадреналиннен ферментативтік синтез арқылы түзіледі.Метил радикалының көзі: S-Аденозилметионин болады. гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru Осындай реакциялар арқылы гуанидин сірке қышқылынан креатиннің , урацилден тиминнің, фосфатидилэтаноламиннен фосфатидилхолиннің түзілуі жүреді   2) Креатиннің синтезі Креатин бұлшық еттерде жоғары энергетикалық қосылыс- креатинфосфаттың түзілуі үшін қажет:   гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru   1) Урацилден нуклеин қышқылдарын түзуге керек азотты негіз тиминнің синтезделуі гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru 2) Липидтердің өкілі - фосфатидилхолиннің фосфатидилэтаноламиннен синтезделуі гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru     «Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар» 1.МЕТИЛТРАНСФЕРАЗАЛАР ТАСЫМАЛДАЙТЫН ТОПТАР 1) СН3- 2) СН3СО- 3) NH2- 4 ) –СН2- 5) -СН= О 2. МЕТИЛТРАНСФЕРАЗАЛАР ТАСЫМАЛДАЙДЫ 1) амин топтарын 2) формил топтарын 3) метин топтарын 4) фосфат топтарын 5) метил топтарын 3. ТЕТРАГИДРОФОЛЬ ҚЫШҚЫЛЫ ТАСЫМАЛДАУҒА ҚАТЫСАДЫ 1) протондарды 2) электрондарды 3) ацетил тобын 4)біркөміртекті топты   4. ТЕТРАГИДРОФОЛЬ ҚЫШҚЫЛЫ ҚАТЫСАТЫН РЕАКЦИЯЛАР 1) карбоксилдеу 2) трансаминдеу 3) фосфорлану 4) метилдеу   5. МЕТИЛТРАНСФЕРАЗАНЫҢ КОФЕРМЕНТІ 1) биотин 2) ацил-КоА 3) пиридоксальфосфат 4) тетрагидрофоль қышқылы     6. МЕТИЛ ТОБЫНЫҢ КӨЗДЕРІ 1) метионин 2)S-аденозилметионин 3) гомоцистеин 4) гуанидинсірке қышқылы 7. ТРАНСМЕТИЛДЕНУ КЕЗІНДЕ АҒЗАДА ТҮЗІЛЕДІ 1) креатин 2) креатинфосфат 3) гомоцистеин 4) адреналин 5) тимин 6) фосфатидилхолин   8. ТГФҚның ҚҰРАМЫНА КІРЕДІ 1) ) метионин 2) птеридин сақинасы 3) глутамин қышқылы 4) парааминобензой қышқылы   9. АҒЗАДА МЕТИЛТРАНСФЕРАЗАНЫҢ СИНТЕЗІ МЕН ҚЫЗМЕТІ БҰЗЫЛҒАН.БҰЛ ЖЕТІСПЕУШІЛІКТІ ТУҒЫЗАДЫ 1) ФАД тың 2) ТГФҚның 3) никотинамидтің 4) пиридоксальфосфаттың 5) АсАТ и АлАТ тың 10. . АҒЗАДА МЕТИЛТРАНСФЕРАЗАНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ТӨМЕНДЕУІ БАЙҚАЛҒАН. ОНЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІН ТУҒЫЗАДЫ 1) магний иондары 2) Вс витамині 3) В12 витамині 4) В6 витамині 5) Н4фолат   № 20 Текст Аминотрансферазалар   Аминотрансферазалар- амин тотоптарын амин қышқылдарынан кетоқышқылдарға тасымлдауды катализдеуші ферменттер және алмастырылатын амин қышқылдарының биосинтезін қамтамасыз етеді. Коферменттің құрылысы Аминотрансфераза апофермент пен коферменттен тұратын екі компонентті фермент. Коферменті пиридоксальфосфат(Н3РО4 + В6витамині ) және құрылысы төмендегідей:   гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru Биологиялық рөлі Кофермент амин тобын тасымалдайды, қайтааминдену(трансаминдену)реакциясы қай-тымды процесс. Кофермент амин қышқылдарының декарбоксилденуіне де қатына-сады. Бұл трансаминазалардың катаболизм процестеріне және алмастырылатын амин қышқылдарының синтезі процестеріне де қызмет ете алатындығын көрсетеді. Амино-трансферазалар алмастырылатын амин қышқылдарының синтезін ғана жүргізіп қоймай, көмірсулары мен амин қышқылдарының арасындағы зат алмасу байланысында да үлкен рөл атқарады.   Реакцияларға мысалдар Амин тобының көздері амин қышқылдары болады, әсіресе глутамин қышқылы. Қайта аминдену кезінде жаңадан алмастырылатын амин қышқылы мен кетоқышқыл түзіледі: гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru Аспарагин қышқылы мен α- кетоглутарат арасындағы реакцияны катализдейтін фермент АсТ-аспартатаминотрансфераза деп аталады. гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru Аланин мен α- кетоглутарат арасындағы реакцияны катализдейтін фермент АлТ- аланинаминотрансфераза деп аталады. Аминотрансферазалар ағзалық талғамдылық көрсетеді, сондықтан диагностикалық ма-ңызы бар болғандықтан, олардың белсенділік шамасын қан сарысуынан анықтайды (теориядағы 2.11. бөлімді қараңыз).   де Ритис коэффициенті   де Ритис коэффициенті( АсТ/АлТ) —қан сарысуындағы АсТның (аспартатамино-трансфераза) АлТға (аланинаминотрансфераза) қатынасының белсенділігін көрсетеді. де Ритис коэффициентінің дені сау адамдағы қалыпты мөлшері (0,91-1,75). Бірақ АсТның жоғарылауынан коэффициент қатынасының 2ден жоғары болуы жүрек ауруын көрсетеді(миокард инфарктысы) , ал коэффициент қатынасының 1ден төмен болуы бауыр ауруын көрсетеді. «Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар» 1. NH2 -ТОБЫН ТАСЫМАЛДАУШЫ ФЕРМЕНТ
1) лиаза 2) изомераза 3) нитрогеназа 4) аминотрансфераза

2. АМИНОТРАНСФЕРАЗА ФЕРМЕНТІНІҢ ҚҰРАМЫНА КІРЕТІН ВИТАМИН
1) В1 – тиамин

2) Вс – фоль қышқылы
3) РР – никотин қышқылы
4) В6 – пиридоксаль

3. АМИН ТОБЫН ТАСЫМАЛДАЙТЫН КОФЕРМЕНТ

1) ПФ (пиридоксальфосфат)

2) ФМН (флавинмононуклеотид)

3) КоА (коэнзим А)

4) ТПФ (тиаминпирофосфат)

4. АМИНОТРАНСФЕРАЗАЛАР КАТАЛИЗДЕЙТІН РЕАКЦИЯ

1) молекулаішілік дезаминдену

2) декарбоксилдену

3) тотықсыздана аминдену

4) қайта аминдену

5. ҚАНҒА БӨЛІНЕТІН ФЕРМЕНТТЕРГЕ ЖАТАДЫ

1) АсТ

2) АлТ

3)ЛДГ

4) ФП

5) ПФ

6. де РИТИС КОЭФФИЦИЕНТІ ДЕГЕН

1) АсТ/АлТ қатынасы

2) АсТ/амилаза қатынасы

3) АлТ/амилаза қатынасының активтілігі

4) АлТ/АсТ қатынасының активтілігі

7. АлТ НЫҢ АКТИВТІЛІГІ ҚАНДАЙ АУРУДА АРТАДЫ

1) алкогольдік бауыр циррозы

2) миокард инфарктысы

3) өкпе инфарктысы

4) инсульт

8. АСПАРТАТАМИНОТРАНСФЕРАЗА ЖИНАҚТАЛҒАН
1) лизосомада
2) цитозолде

3) митохондрияда
4) микросомада

5) жасуша мембранасында

9. ЭЛЕКТРОФОРЕТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ КЕЗІНДЕ ҚАН САРЫСУЫНДА ЛДГ1 МЕН

ЛДГ2 НІҢ ШАМАЛАРЫ ЖОҒАРЫ БОЛҒАН. БҰЛ ҚАНДАЙ АҒЗАНЫҢ

ПАТОЛОГИЯСЫН КӨРСЕТЕДІ:

1) өкпенің

2) жүректің

3) бауырдың

4) бұлшық еттің

5) көкеттің

10. ТІЗБЕКТІ ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАҢЫЗ

ЭНЗИМОДИАГНОСТИКА АРҚЫЛЫ МИОКАРД ИНФАРКТІСІНІҢ ДИАГНОЗЫН ҚОЮ ҮШІН АНЫҚТАЛАТЫН ФЕРМЕНТ

1) қышқылдық фосфатаза

2) аспартатаминотрансфераза

3) амилаза

БҰЛ ФЕРМЕНТТІҢ ЖАТАТЫН КЛАСЫ:

4) гидролаза

5) трансфераза

6) оксидоредуктаза

ОСЫ ФЕРМЕНТТІҢ КЛАСЫНЫҢ КОФЕРМЕНТІ:

7) пиридоксальфосфат

8) биотин

9) NAD+

СОЛ КОФЕРМЕНТТІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ВИТАМИН:

10) никотин қышқылы

11) ТГФК

12) В6

№ 21 Текст

Ацилтрансферазалар

ПоАцилтрансферазалар -трансферазалар топшаларының бірі, қышқыл қалдықтарын белсендіреді және амин қышқылдарына, аминдерге, спирттерге және басқа қосылыстарға қышқыл қалдықтарын(ацил тобын) тасымалдайды, осының нәтижесінде күрделі эфирлер мен амидтер түзіледі.

Дк Коферменттің құрылысы

Ац Ацилтрансферазалар- екі компонентті ферменттер. Коферменті коэнзим А немесе НS-КоА- аденил қышқылының қалдығынан(1), ол пирофосфаттық топпен(2), пантоен қышқылының қалдығымен(3) байланысқан, ал ол β-аланин қышқылымен (4)пептидтік байланыспен байланысқан(осы топтар β-меркаптоэтиламинмен (5) байланысқан панто-тен қышқылын- В3 түзеді). НSKoAның функционалды тобы SН-болып табылатындықтан оны НSKoA деп белгілейді. Органикалық қышқылдардың (R) қалдығымен мынадай типті R—СО—SKoA тиоэфирлер түзеді.

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

Ка

Биологиялық рөлі

НSK0A ( ацетил-К0А) үшкарбон қышқылы цикліне, жасушалардың тыныс алуына, стероидтардың синтезіне, май қышқылдарының β- тотығуына және биосинтезіне қаты-сады. Сірке қышқылының қалдығы ацетил радикалы (СН3 СО-) ацетилденетін қосылысқа тасымалданады. Осылай холиннің ацетилденуі ми тіндерінде жүреді:

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

НSK0A тек ацетил тобын ғана емес басқа да қышқыл қалдықтарын(ацил) тасымалдау арқылысәйкес ацилкоензимдерді түзеді(ацетил-, бутирил-, сукцинил- және т.б.). Ацил тобының әмбебаб көзі ацил-коэнзимА (R—СО—SKoA)болады, ол ацил-трансферазалардың белсенді тобы болып табылады.

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

Пирожүзім қышқылының тотығудан декарбоксилденуіне де(CH3CO~SКоА) коэнзим А қатысады, оның құрамында да пантотен қышқылы болады. Бұл тотығу белок, липид және көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері түзілетін сатысына жатады:

СН3СОСООН + НАД + КоА - SH -> CH3CO-S- КоА + НАДН + Н+ + С02

Бүл реакция бірқатар сатылы реакциялардан тұрады және бұны мультиферменттік пируватдегидрогеназа жүйесі катализдейді.

«Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар»

1. АЦИЛ ТОБЫН ТАСЫМАЛДАЙТЫН ФЕРМЕНТТЕРГЕ ЖАТАДЫ

1) лиаза 2) изомераза 3) ацилтрансфераза 4) нитрогеназа

2. АЦИЛТРАНСФЕРАЗАНЫҢ ҚҰРАМЫНА КІРЕТІН ВИТАМИН
1) В2 - рибофлавин
2) В3 – тиамин .
3) РР – никотин қышқылы
4) В6 – пиридоксин

3. АЦИЛ ТОБЫН ТАСЫМАЛДАЙТЫН КОФЕРМЕНТ

1) ПФ (пиридоксальфосфат)

2) ФМН (флавинмононуклеотид)

3) НSКоА (коэнзим А)

4) ТПФ (тиаминпирофосфат)

4. АЦИЛТРАНСФЕРАЗАЛАР КАТАЛИЗДЕЙТІН РЕАКЦИЯ

1) ішкімолекулалық дезаминдеу

2) декарбоксилдену

3) қайтааминдеу

4) ацилдеу

5. ПАНТОТЕН ҚЫШҚЫЛЫ КІРЕДІ ҚҰРАМЫНА

1) липой қышқылының

2) глутатионның

3) тиаминпирофосфаттың

4) коэнзима- А ның

5) тетрагидрофоль қышқылының

6. АЦИЛТРАНСФЕРАЗАЛАР

1) химиялық табиғаты жағынан екікомпонентті

2) жасушалық ферменттер

3) бір субстраттан екіншісіне атомдар тобын тасымалдайды

4) ацил тобын тасымалдайды

5) глутамин қышқылы

7. АЦИЛТРАНСФЕРАЗАЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫНА КІРЕДІ

1) пантатен қышқылы

2) фосфор қышқылының екі молекуласы

3) аденозин-3'-фосфор қышқылы

4) β-меркаптоэтиламин

8. АЦИЛДЕУГЕ ҚАТЫСАТЫН КОФЕРМЕНТ ТУЫНДЫСЫ

1) коэнзим Аның

2)пиридоксальфосфаттың

3) тиаминдифосфаттың

4) ТГФКның

9.КОЭНЗИМ –А ТАСЫМАЛДАУҒА ҚАТЫСАДЫ

8) метил-

9)ацетил~

10)бутирил~

11)сукцинил~

~ КоА ны

«Тапсырманы ашық тест түрінде толықтырыңыз»

10.Мына реакцияға қатысатын ферменттің класы мен тобының аты-------------------

Ацетил - К0А + глутамат → НSK0A + N-ацетилглутамат

№22 Текст

Фосфортрансферазалар

Фосфортрансферазалар (киназалар) - фосфор қышқылының қалдығын спирттік, карбоксил, азотты заттары бар органикалық қосылыстарға тасымалдауды тездететін трансфераза класына жататын жасушаішілік ферменттер.

Құрылысы

Фосфортрансферазалар химиялық табиғаты жағынан біркомпонентті ферменттер, бірақ олардың көптеген молекулалары бірнеше суббірліктен тұратын төртіншілік құ-рылымды және аллостерикалық орталықтары болады. Барлық киназалар максималды белсенділік көрсету үшін Mg2+ немесе М n2+ иондарын қажет етеді.

Субстратқа фосфор қышқылының қосылуы фосфорлану деп аталады, сол уақытта субстрат өте белсенділікке ие болады.

Фосфор қышқылының көздері

1.Фосфор қышқылының көзі АТФ болады

Бұл жағдайда фосфор қышқылының қалдығы макроэргиялық байланысы сақталмай ақ тасымалданады, ол уақытта реакциялар қайтымсыз болады. Ферменттің атын құрастырғанда фосфор қышқылы қосылатын субстраттың атына киназа сөзі жалғанады.

Киназалар фосфор қышқылының акцепторларының түрлеріне қарай қайтымды және қайтымсыз реакцияларға бөлінеді:

А. Қайтымсыз реакциялар:

1) Гексокиназаларгексозаларды фосфорлауға қатысады.Гексокиназалар көптеген жасушаларда болады. Бауырда гексокиназалардан тек глюкокиназа ғана болады, ол тек глюкозаны қайтымсыз фосфорлайды:

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

2)Протеинкиназаларжасушаларда белсенді болмайды, ал белсенді түрі белоктарды фосфорлауды катализдейді (Протеинкиназа А ц-АМФтің көмегімен белсендіріледі):

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

3) Глицеролкиназаглицеринді фосфорлайды:

Глицерол +АТФ → глицерофосфат + АДФ

Б. Қайтымды реакциялар

1) Аденилаткиназа катализдейтін реакция:

АТФ + АМФ ↔ 2АДФ

2) Креатинкиназа(КК):

Креатин бұлшық еттердегі жоғарыэнергетикалық креатинфосфаттың түзілуіне қажет. Бұл реакция қайтымды және креатинкиназа ферментімен катализденеді (А схемасы). Фермент цитозоль мен митохондрия жасушаларында жинақталған, ағзалық таңдамалы. Қалыпты жағдайда оның қандағы мөлшері төмен. Ферменттің қатысынсыз креатин-фосфат дефосфорланады да креатининге айналады, ол зәрмен шығып кетеді(Б схема-сы). Оның тәуліктік шығу мөлшері бұлшық ет массасына пропорционал болады. Қандағы креатинкиназаның және оның изоферменттерінің белсенділігін анықтау микард инфарктісін, миопатияны, бұлшықет дистрофиясын анықтаудағы диагноз қоюдың бір түрі (теориядағы 22.11. тарауын қараңыз).

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

A схема

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

Б схема

Креатинкиназаның(КК) құрылысы:

3.Субстрат- фосфор қышқылының көзі

А. Субстраттан фосфорлану Фосфоры бар қосылыстардан АДФке фосфор қышқылы беріліп АТФ түзіледі. Мұндай реакцияларды субстраттан фосфорлану деп атайды. Бұл жағдайда реакцияны катализдейтін ферменттің аты жоғары макроэнергиялық байланысы бар өнімнің атымен аталады.

Мысалы гликолиз реакцияларындағы субстраттан фосфорлану реакцияларындағы фосфоэнолпируваттан фосфор қышқылының қалдығы АДФке беріледі, ферменттің аты пируваткиназа деп аталады :

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

Б. Субстраттан фосфорланудың қайтымды реакциясы. Энергияға бай 1,3-дифосфоглицераттан фосфор қышқылының АДФке беріліп АТФтің түзілуі. Фермент фосфоглицераткиназа деп аталады:

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

«Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар»

1. КИНАЗА ФЕРМЕНТТЕРІ ЖАТАТЫН КЛАСС
1) оксидоредуктазалар
2) трансферазалар
3)гидролазалар
4) лиазалар


2. КИНАЗАЛАР ЖҮРГІЗЕТІН ТҮРӨЗГЕРІСТЕР

1) С-N – байланысын үзеді

2)С-О –байланысын түзеді

3) метил тобын тасымалдайды

4)молекулаішілік топтарды тасымалдау

5) фосфат тобын донордан акцепторға тасымалдайды

3.ТРАНСФЕРАЗАЛАРҒА ЖАТАДЫ

1) уреаза

2) пероксидаза

3) гексокиназа

4) креатинкиназа

5)пируваткиназа

4. ГЛЮКОКИНАЗА ҚАЙТЫМСЫЗ ФОСФОРЛАЙДЫ ТЕК

1) глюкозаны

2) креатинді

3) креатинфосфатты

4) фосфоэнолпируватты

5)1,3-дифосфоглицератты

5. Mg ИОНЫ АКТИВАТОР БОЛАТЫН ФЕРМЕНТТЕР

1) фосфорилаза

2) амилаза

3) гексокиназа

4) креатинкиназа

5) карбоксипептидаза

6. ХИМИЯЛЫҚ ТАБИҒАТЫ ЖАҒЫНАН ФОСФОТРАНСФЕРАЗАЛАР

1) біркомпонентті

2) екі компонентті

3) аллостерикалық орталығы бар

4) төртіншілік құрылымды

7. ЗАТҚА ФОСФОР ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫН АТАЙДЫ

1) дефосфорлану

2) фосфорлану

3) субстратты фосфорлану

4) субстратты дефосфорлану

8. ФОСФОР ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ДОНОРЫ БОЛАДЫ

1) АТФ

2) креатинфосфат

3) АДФ

4) фосфоэнолпируват

5) 1,3-дифосфоглицерат

9.ПРОТЕИНКИНАЗА А-НЫҢ АКТИВАТОРЫ БОЛАДЫ

1) ц- ГМФ

2) Са2+

3) ц- АМФ

4) инозитолтрифосфат

10. Киназалар катализдейді және олардың құрамында болады:

1) субстратта молекулаішілік топты тасымалдау, В2 витамині

2) АДФке субстраттан фосфор қышқылының қалдығын тасымалдау

3) АТФтен фосфор қышқылының қалдығын глюкозаға тасымалдау

4) субстраттан кішімолекулалық заттардың үзілуі, В1витамині

5) субстратқа кішімолекулалық заттардың қосылуы, Н витамині

№ 23 Текст

V. Лиазалар

Лиазалар класының ферменттері субстраттардан белгілі бір топтардың судың қатысынсыз бөлінуін (СО2, Н2О, NH3, альдегид),сол кезде қос байланыстың түзілуін немесе ол топтардың қос байланысы бар жерге қосылуын катализдейді.

Құрылысы

Лиазалар –коферменттері тиаминдифосфат, биотин, НSK0А, әртүрлі металл иондары болатын екі компонентті ферменттер. Лиазалар құрылыстары емес катализдейтін реакцияларының түрлеріне қарай бір классқа жинақталған. Лиазалар тек жасушаларда ғана болады.

Номенклатурасы

Системалық аталуында ферменттің аты субстраттың аты, бөлінетін топтың аты және оған сызықша арқылы лиаза сөзі қосылып жазылады. Берілген тексте «декарбоксилаза», «альдолаза», «дегидратаза» терминдері қолданылады.

Топтары

Арасындағы байланыстардың үзілуіне қарай(С-С, С-О, С-N, C-S және басқалары) лиазалар жеті топқа бөлінеді.Топтар қандай топтың бөлінуіне қарай жіктеледі.
1 топ- карбокси-лиазалар –екі көміртек арасындағы байланысты үзуші ферменттер;

2-топ- гидро-лиазалар – молекуладан судың кетуін(дегидратаза) немесе судың қосылуын катализдейтін ферменттер;

3-топ-аммиак-лиазалар- амин қышқылдарын дезаминдеп, қанықпаған қышқылдардың түзілуін катализдейтін ферменттер;

4-топ- молекуладан Н2S немесе оның туындылары н б өлетін ферменттер.

Топшалар

4.1.1. Карбокси-лиазалардың топшасы - Декарбоксилазалар

Декарбоксилазалар -субстраттан карбоксил тобы (декарбоксилазалар) үзілуін

(С-С байланыс үзіледі) тездететін екі компонентті ферменттер.

Қандай субстраттан карбоксил тобы бөлінуіне қарай декарбоксилазалар кетоқышқылдарының декарбоксилазалары және аминқышқылдарының декарбоксилазалары болып бөлінеді.

1) Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары – коферменті тиаминдифосфат (витамин В1+2Н3РО4) болатын екі компонентті ферменттер. Апофермент пен коферменттің арасындағы байланыс магний ионы арқылы іске асады:

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

Реакциялардың типтері:

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

Кетоқышқылдарының декарбоксилазаларының өкілдерінің бірі пируватдекарбокси-лаза(ПДК),, ол пирожүзім қышқылының декарбоксилденуіне қатысады., нәтижесінде сірке альдегиді түзіледі(1). Мұндай реакция тек микробтардың жасушаларында жүреді, ал адамның жасушаларында ПДК тек мультиферменттердің құрамында жұмыс істейді, ол пируватдегидрогеназа(ПДГ) деп аталады. Оның құрамына пируватдекарбоксилаза, ацетилтрансфераза және НАД-қа тәуелді дегидрогеназа кіреді.:

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

Көрсетілген ферменттер дің әрқайсысы өздерінің реакцияларын ретімен жүргізеді. Сол кезде энергия бөлінеді, ал ол ацетилтрансферазаның сірке қышқылының қалдығына қосылып макроэргиялық байланыс түзуіне жұмсалады. Нәтижесінде сірке қышқылы-ның активті формасы түзіледі, ол активті сірке қышқылы (АСҚ) ,немесе ацетил- КоА деп аталады.

2) Амин қышқылдарының декарбоксилазалары Құрылысы

Коферменті пиридоксаль-5'-фосфат (В6 витамині + Н3РО4) болатын екі компонентті ферменттер.

Мысалы, шіру кезінде орнитин декарбоксилденіп диамин -путресцинді, ал лизин- кадаверинді түзеді:

Биологиялық рөлі

Амин қышқылдырының декарбоксилазалары бактериялық инфекция немесе шіру процесіне, кейбір аминқышқылдарының алмасуы кезінде биогенді аминдер түзілуіне қатысады. Мысалы, ішекте лизиннің шіруінен кадаверин түзіледі және глутаматтан –ГАМҚ, триптофаннан- серотонин, гистидиннен гистамин сияқты биогенді аминдер тү-зіледі.

1)Серотонин біртіндеп триптофаннан 5-триптофангидроксилаза ферменті

арқылы(аралық 5-гидрокситриптофан түзіледі) және триптофандекарбоксилаза ферментінің әсерінен декарбоксилденгенде түзіледі.

Серотонин жүйке жүйесінің медиаторы, қантамырларын тарылтады, артериялық қан қысымын, дененің температурасын, тынысалуды реттейді.

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

Тирозиннен дофамин түзіледі, Дофамин- катехоламиндердің алғы заттары.

2) 2) Гистидиндекарбоксилаза гистидиннен гистаминнің түзілуін катализдейді.

Гистамин қантамырларын кеңітеді,қабыну процесінде түзіліп, аллергиялық реакцияларды асқындырады.

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

гистидин гистамин

3) 3) Глутаматдекарбоксилаза жоғары арнайылықты фермент. Мидың сұрзатының жасушаларында қызмет етеді. Глутамин қышқылының декарбоксилденуінде γ аминомай қышқылы (ГАМҚ) түзіледі.

ГАМҚ мидң қозуын тежейді.Эпилепсияны емдеуге қолданылады(аурудың ұстамасын азайту үшін):

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

4.1.2. Карбокси- лиазалардың топшаларының екіншісі -альдегид-лиазалар (альдолаза). Альдегидлиазаларға тән өкілдерінің бірі- фруктозо-1,6-дифосфатты фосфотриозаларға қайтымды айналдыратын альдолаза болып табылады:

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

Биологиялық рөлі

Альдолаза (А)энергия алмасуында маңызды рөл атқарады. Қанда Аның көбеюі бірталай ауруларға диагноз қоюға мүмкіндік береді. Тіндердегі залалды ісіктерде Аның белсенділігі өте жоғары болады, эритроциттерде оның белсенділігі қан сарысуына қарағанда 100 есе жоғары болады. Тұқымқуалаушылық кезінде Аның жетіспеушілігі фруктозаны ағзаның қабылдамауын тудырады. Кейбір ауруларда бұлшық еттің дистрофичсы, миокард инфарктісі, ревматизмнің белсендірілуі, рак, бауырдың зақымдануы және басқаларында Аның белсенділігі қанда артады, ол жоғарылаған сайын аурудың дамуы да артады.

«Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар»

1. ЛИАЗАЛАР КАТАЛИЗДЕЙДІ

1) молекулалардың түзілу реакцияларын

2) изомерлену реакцияларын

3) субстрат молекласындағы байланысты судың қатысымен үзуді

4) субстрат молекласындағы байланысты судың қатысынсыз үзуді

5) электрондарды бір субстраттан басқа субстратқа тасымалдауды

2. ЛИАЗАЛАР СУБСТРАТТАН БӨЛЕДІ

1) СО2

2) Н2О

3) NH3

4) альдегид

5) фосфат

3. ЛИАЗАЛАРҒА ЖАТАДЫ
1) карбоксилазалар

2) декарбоксилазалар
3) альдолазалар
4) карбоангидразалар

5) аммиаклиазалар

4. КЕТОҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ ДЕКАРБОКСИЛАЗАЛАРЫ

1)екікомпонентті ферменттер

2)біркомпонентті ферменттер

3)СО2 қосып алады

4)көмірқышқыл газын бөледі

5. АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ДЕКАРБОКСИЛАЗАЛАРЫНЫҢ КОФЕРМЕНТІ
1) тиаминдифосфат

2) никотинамидадениндинуклеотид
3) фосфопиридоксаль

4) биотин

5) тетрагидрофолат

6. В6 ВИТАМИНІ ТӨМЕНДЕГІ КОФЕРМЕНТТЕРІНІҢ БІРІНІҢ ҚҰРАМЫНА КІРЕДІ
1) никотинамидадениндинуклеотидтің

2) флавинадениндинуклеотидтің
3) тиаминдифосфаттың

4) пиридоксальфосфаттың

5) флавинмононуклеотидтің

7. ПИРУВАТДЕКАРБОКСИЛАЗАҒА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН КОФЕРМЕНТ

1) ФАД

2) ТДФ

3) ФМН

4) НАД+

8. СЕРОТОНИН БОЛАДЫ

1) гистидиннің дезаминденуідегі өнім

2) триптофанның декарбоксилденуіндегі өнім

3) гистидиннің декарбоксилденуіндегі өнім

4) триптофанның дезаминденуідегі өнім

9. ГАМК ТҮЗІЛЕДІ

1) орнитиннің декарбоксилденуінен

2) орнитиннің дезаминденуінен

3) глутаматтың декарбоксилденуінен

4) глутаматтың дезаминденуінен

10. ГИСТАМИН ТҮЗІЛЕДІ

1) лизиннің семіз жасушаларында декарбоксилденуінен

2) гистидиннің лизиннің семіз жасушаларында декарбоксилденуінен

3) гистидиннің лизиннің семіз жасушаларында дезаминденуінен

4) лизиннің семіз жасушаларында дезаминденуінен

11. ПИРУВАТДЕГИДРОГЕНАЗДЫ КОМПЛЕКСТІҢ ҚҰРАМЫНА ҮШ ФЕРМЕНТ ҚАТЫСАДЫ

1) пируваткарбоксилаза, лактатдегидрогеназа, цитратсинтаза

2) пируватДГ, дигидролипоилацетилтрансфераза, дигидролипоил- ДГ

3) кетоглутарат ДГ, ацетилтрансфераза, аконитаза

4) НАДН2-дегидрогеназа

5) сукцинат-ДГ, альдегид-ДГ

11. 12. АУРУДЫҢ ЗӘРІНДЕ ПИРОЖҮЗІМ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАЛЫПТЫДАН ЖОҒАРЫ. АУРУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ КОКАРБОКСИЛАЗАНЫ (ТИАМИНДИФОСФАТ), БЕРГЕННЕН КЕЙІН ЖАҚСАРДЫ, ОЛ БЕЛСЕНДІРЕДІ

1) пируватдегидрогеназды комплексті

2) лактатдегидрогеназаны

3) пируваткиназаны

4) сукцинатдегидрогеназаны

5) альдолазаны

«Тапсырманы ашық тест түрінде толықтырыңыз»

13. МЫНА РЕАКЦИЯНЫ КАТАЛИЗДЕЙТІН ФЕРМЕНТ

α- кетоглуторат →__сукцинил –К0А

№ 24 Текст

ЛИАЗАЛАРДЫҢ 2- ТОБЫ ГИДРОЛИАЗАЛАР

2.1. Гидро-лиазалар(гидратазалар)-бұл ферменттер органикалық заттардың гидраттану және дегидраттану реакцияларын тездетеді ( С-О байланыс үзіледі). Мұндай реакциялар көмірсулары мен май қышқылдарының ситезі мен ыдырауы кезінде жұреді, гидратазалар тіршілік процестерінде үлкен рөл атқарады.

Мысал ретіндеҮКЦде фумар қышқылын алма қышқылыны қайтымды айналдыратын фумараза ферментін алуға болады:

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

2.2.Карбоангидраза- гидролиазалардың топшасы

Құрылысы

2.2.Карбоангидраза-лиазалардың топшасы, коферменті мырыш ионы болатын екі компонентті фермент.

Биологиялқ рөлі

Карбоангидразаның ағзадағы рөлі ағзаның сілтілік- қышқылдық тепе-теңдігіне, СО2,нің тасымалдануына, асқазанның шырышты қабатында тұз қышқылының түзілуіне байланысты болады

Карбоангидраза көмір қышқылын ыдырату және синтездеу реакцияларын катализдейді:

Н2О + СО2 ↔ Н2СО3

Реакцияның бағыты СО2 нің концентрациясына тәуелді болады. 1л қанда 2г фермент болады.Карбоангидраза көмірқышқыл газның шығуына және тынысалу орталығының жұмысында маңызды рөл атқарады.

Шоғырлануы

. Карбоангидраза қанның эритроциттерінде және басқа да тіндердің жасушаларын-да (бүйректің, көздің кірпікті денесінде , ұйқы безінде, асқазанның шырышты қаба-тында, құлаққа жақын сілекей бездерінде) болады. Бұл фермент жасушаларда болады да тіндік сұйықтықтарда болмайды.

Лиазалардың 3- тобы- Аммиаклиазалар - амин қышқылдарын дезаминдеу ( С-N байланыс үзіледі) арқылы қанықпаған қышқылдар түзілуін каталилиздейтін екі компонентті ферменттер. Бұл ферменттер амин тобын қосуды да(аминдену) катализ-дейді.

Аммиаклиазалардың мысалына аспартатаммиаклиаза жатады, ол аспарагин қышқылының дезаминденуін тездетеді:

гидроксилазалар мен оксигеназалар - student2.ru

«Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар»

1. ГИДРОЛИАЗАЛАР ТЕЗДЕТЕТІН РЕАКЦИЯЛАР

1) гидраттану

2) дегидраттану

3) С-О байланысты үзу

4) С-С байланысты үзу

2.КАРБОАНГИДРАЗА КАТАЛИЗДЕЙТІН РЕАКЦИЯ

1) көмір қышқылын ыдыратады

2) көмір қышқылын синтездейді

3) биогенді аминнің түзілуін

4) асқазанның шырышты қабатында тұз қышқылының түзілуін

3. СО2 НІҢ ТҮЗІЛУІН КАТАЛИЗДЕЙТІН КАРБОАНГИДРАЗАНЫҢ КОФЕРМЕНТІ
1) НАД

2) ФП

3) ТДФ

4) Zn2+

5) ТГФҚ

4. КАРБОАНГИДРАЗАНЫҢ ЖИНАҚТАЛАТЫН ЖАСУШАЛАРЫ

1) көздің кірпікті денесі

2) ұйқы безі

3) асқазанның шырышты қабаты

4) құлақтың маңайындағы сілекей безі
5) эритроциттерде


5.АММИАКЛИАЗАЛАР ЖҮРГІЗЕДІ

1) амин қышқылдарының дезаминденуін

2) С-N байланысының үзілуін

3) қанықпаған қышқылдың түзілуін

4) амин тобының қосылуын

6. ГИДРОЛИАЗАЛАР БӨЛЕДІ

1) CO2

2) H2 O

3) NH2

4) SH2

7. СӘЙКЕСТІКТІ ТАБЫҢЫЗ

КОФЕРМЕНТ ҚАТЫСАТЫН РЕАКЦИЯНЫҢ ТҮРІ

А) карбоксилдену

Б) тотығу-тотықсыздану

В) трансаминдену

Г) ацилдеу

Д) ацетилдеу

КОФЕРМЕНТ

1) Биотин

2) Пиридоксальфосфат

3) NAD+

Текст № 25

Энзимодиагностика және энзимопатиялар

Энзимодиагностика - адамның биологиялық сұйықтарындағы ферменттердің белсенділіктерін анықтау арқылы ауруға (ауыру белгісіне) диагноз қою.

Энзимодиагностиканың принциптері негізделген:

-жасушалық ферменттер бұзылмаған жасушалардан қанға өтпейді;

- жасуша мембранасының бұзылуынан (қабыну, некроз) қанда және басқа да биологиялық сұйықтарда(мысалы зәрде) жасушаішілік ферменттердің мөлшері артады, олардың белсенділіктерін арнайы биохимиялық тестер арқылы тіркейді;

Наши рекомендации