Астрономияны мектепте оқытудың негізгі міндеттері

Біріккен «Физика және астрономия» курсының жасалуы болашақ орта мектебінің құрылымы мен мәселелеріндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты. Шындығында, жоғары басқышы белгілі бір бағыттарға сәйкес бейімделіп құрылады (қоғамдық – гуманитарлық, жаратылыстану – математикалық және с.с ). Кейбір гуманитарлық сыныптарда физика және астрономия өзінің мәнін жоғалтуы мүмкін. Сондықтан оқушылардың кванттық физика элементтерімен, атом және элементар бөлшектер физикасымен, және Әлем дамуымен таныс болуын соңғы оқу жылына қолдыруға болмайды.

Бұдан астрономия мәліметтерін негізгі мектеп тоғыз жылдық бағдарламасына енгізу қажеттігі шығады. Ал 12–15 жастағы оқушыларға астрономияға қызығушылық тудырады. Физика курсына астрономиялық мәліметтерді енгізу қойылған мәселелерді тиімді шешеді.

Қазіргі кезде астрономия мен физика бір ғылым – астрофизикаға айналуда. Сондықтан физика және астрономия бірігуі Әлемнің физикалық және астрономиялық бейнесінің оқушылар санасында дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Физика мен астрономияны оқу оқушылар дамуына, олардың логикалық ойлауына өте маңызды үлес қосады. Бұл пәндер оқушыларда эстетикалық талғамдық қалыптастырады, адамзат осы мүмкіндіктері шексіздігін сездіруге мүмкіндік береді, танымдық белсендігін арыттырады. Бұлардың бәрі қазіргі кезде шешуші мәні бар экологиялық тәрбиемен тығыз байланысты.

Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес негізгі мектепте физика және астрономия курсы заттардың дискретті құрылымы туралы білім беруге мүмкіндік береді. Оқушылардан заттар майда бөлшектерден тұратындығын түсіндіру талап етіледі, яғни молекулалардан , атомдардан, иондардан. Ақырында осы түсініктің дамуы барысында атом мен ядро құрлысын меңгеру қажет.

Біріккен «Физика және астрономия» курсы негізіне келесі принциптер мен ережелер алынған:

1) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап алынған оқу

материялдары қазіргі талаптарға сәйкес білімдердің фундаментальдық негіздерін қамту қажет; сонымен қатар ол жеткілікті толық және логикалық аяқталған болу керек;

2) Оқу материялы ғылыми көзғарас қалыптасуына әсер етуі керек, яғни табиғат,

техника, адамзат іс - әрекетінің шығармашылық сипаты, қоршаған ортаны қорғау туралы білім қалыптастыруы керек.

3) Оқу материялында қолданбалы физика мәселелерін қамти отырып қазіргі

технологиялар туралы мәліметтер болуы керек;

4) Оқушылардың жаңа білімдерді өзбетінше меңгеруі, оны келешек білім алуында

жалғастыруы үшін қажетті зерттеудің ғылыми – танымдық әдістеріне мүмкіндігінше көбірек беру керек.

Осы принциптер мен ережелерден «Физика және астрономия» курсы ерекшелігін сипаттауға болады.

1) берілген интеграцияланған курс физикасының негізгі ұғымдарын, заңдарын және

теориялық ережелерін, сонымен астрономия мен астрофизиканың негізгі сұрақтарын, Әлемнің дамуы мен құрлысы мәселелерін қамтиды.

2) Логикалық біртұтас бола тұрып курс қоршаған ортаның ғылыми бейнесін

жасауға мүмкіндік беретін классикалық және қазіргі физиканы негізгі ұғымдары, заңдары және теориялық қорытулар қамтиды.

3) Курс 12 – 15 жастағы оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ескереді және

«Қоршаған дүниені тану», география, биология, математиканы оқыту барысында алған түсініктеріне сүйенеді.

4) Курс көп деңгейлі ішкі айырмашылыққа құрылған, яғни оның материялдары бір

жағынан көпшілік оқушыларға түсінікті болуы керек,ал екінші жағынан физикаға ерекше қызығушылық және икемділік байқататын оқушылар талабын қанағаттандыратын болуы керек.

5) Оқу мәтіні мазмұнын жәй жаттап алуға емес, оқытылатын материялды

шығармашылық жолмен оқуға көңіл бөлу керек. Сондықтан оқулықтың бірінші тарауынан бастап оқушыларда ғылыми зерттеу әдістерімен терең таныстыруға ерекше көңіл бөлінеді.

«Физика және астрономия» жаңа оқулығы оқушы мен мұғалімнің біріккен шығармашылықты жұмысын талап етеді. Тек оқулық қана емес, оқу - әдістемелік кешендегі дидактикалық материялдар және есептер жинағы мен жаттығулар жасалынған. Оқушы өз мүмкіндігіне сәйкес деңгейді таңдауы керек, ал мұғалім әрбір оқушының ойлау деңгейін үнемі дамытуға ыңғайлайтын ынтымақтастық шығармашылық атмосфера жасауы қажет.

Лекция - 4

Наши рекомендации