Iy-тоқсандық бақылау жұмысы

I-тоқсандық бақылау жұмысы

Физика және астрономия 7-сынып

Тақырыптар:Физика- табиғат туралы ғылым. Физикалық ұғымдар. Физикалық шама.

Атомдар мен молекулалар. Молекулалар қозғалысы. Диффузия. Заттың

күйлері. Механикалық қозғалыс

Мақсаты:Оқушылардың молекула және олардың қозғалысы, заттың үш күйде

болуы және механикалық қозғалыстар туралы білімдерін тексеру.

Б.Б.Д:Механикалық қозғалыс, жол және орын ауыстыру, жылдамдық сияқты

Физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсінуі. Бірқалыпты

және бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі дененің жүрген жолы мен

жылдамдығын есептеуге арналған формулаларды қолдана білуі тиіс.

I- нұсқа

1. «Физика» деген сөз нені білдіреді, қай тілден келген?

2. Физикалық денелерді атап шық.

3. Молекула деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

4. Диффузия сөзін қалай түсінесің?

5. Заттың үш күйін атап шық.

6. Ұзындықтың негізгі бірлігі қалай аталады? Ол бірлікке еселік және үлес болатын бірліктерді атап шық.

  • Автомобиль 9 км жолды 36 км/сағ жылдамдықпен, ал келесі 27 км жолды 54 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Автомобиль қозғалысының орташа жылдамдығы қандай?

II-нұсқа

1. Физика нені зерттейді?

2. Физикалық шамалар дегеніміз не?

3. 3. Атомдар қандай бөлшектер?

4. Температура дегеніміз не?

5. Қатты дененің молекулалары қалай орналасқан?

6. Өлшеуіш аспаптың бөліктерінің құнын қалай анықтау керек?

  • Велосипедші алғашқы 0,5 сағатта 10 км жол жүрді. Келесі 12 минутта ол 25 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Ол соңғы 9 км жолда 18 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Велосипедшінің барлық жүрілген жолдағы орташа жылдамдығын табу керек.

Бағалау параметрі:

  • I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.
  • I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
  • I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.

II-тоқсандық бақылау жұмысы

Физика және астрономия 7-сынып

Тақырыбы:Инерция. Кеңістік және уақыт. Масса және күш. Денелердің өзара әрекет-

тесуі. Деформация. Гук заңы.

Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру.

Б.Б.Д.:Оқушылар заттың тығыздығы, серпімділік күші формулаларын білуі тиіс;

Кестеден заттың тығыздығын таба алуы тиіс; дененің массасы мен жылдам-

дығын байланыстыра алуы тиіс.

I- нұсқа

1. Автомашина бензин құтысының сыйымдылығы 30 л.Оған толтыра құйылған

бензиннің массасын есепте.

1. Болаттан жаса лған серіппе 120Н күштің әсерінен 15 мм-ге ұзарды. Серіппенің

қатаңдығы қандай?

III. Болаттан жаса лған серіппе 120Н күштің әсерінен 15 мм-ге ұзарды. Серіппенің

қатаңдығы қандай?

II- нұсқа

I Мұзжарғыш кеме тәулігіне 250 г уран пайдаланады. Уранның тығыздығы

18,7 кг/м³ болса, оның көлемі қандай?

1. Егер динамометрдің серіппесі 5 Н жүктің әсерінен 4 мм-ге созылған болса, онда

салмағы 10 Н жүктің әсерінен ол қанша мм-ге созылады?

III Екі арба әсерлескен кезде олардың жылдамдықтары 20 және 60 см/с-қа өзгерді.

Үлкен арбаның массасы 0,6 кг. Кіші арбаның массасы неге тең?

Бағалау параметрі:

  • I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.
  • I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
  • I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.

III-тоқсандық бақылау жұмысы

Физика және астрономия 7-сынып

Тақырыбы: Сұйықтар мен газдардың қысымы. Архимед күші. Дене-

лердің жүзу шарттары.

Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру

Б.Б.Д:Оқушылар қысым, Архимед күші формулаларын білуі тиіс. Денелердің

жүзу шарты заңдылығын пайдалана алуы тиіс.

I -нұсқа

1. I. Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әсер етеді. Егер ұшының ауданы 0,0003 см²

болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?

1. Гидравликалық престің кіші поршеннің ауданы 10 см², оған 250 Н күш әрекет

етеді. Ал үлкен поршень ауданы 200 см². Үлкен поршеньге әрекет ететін күштің

шамасын есепте.

III. Керосинге батырғанда 160 Н күшпен кері итеретін мыс кесегінің көлемін

анықтандар.

II- нұсқа

1. Көлемі 6 м³ гранит бағанасының табан ауданы 1,5 м² болса, ол жер қыртысына

қандай қысым түсіреді?

1. Көлемі 18,75 л керосиннің салмағын есепте.

III . Ұзындығы 3 м, ені 30 см, биіктігі 20 см қалқып жүрген ағаш бөрене қанша суды

ығыстырып шығарады?

Бағалау параметрі:

  • I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.
  • I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
  • I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.

IY-тоқсандық бақылау жұмысы

Наши рекомендации