Шихтаның біріншілік араластыру бөлімі

Шихтаның біріншілік араластыру операциясы конвейер шламымен, «суық» қайтарыммен, дәл мөлшерленген бункерден , бункердегі шаңмен және гидротозаңдандыру қондырғы шламымен шихтаны тиянақты араластыруға тағайындалған. Араластыру айналмалы барабанды СБ-2-3,2×12,5 типті араластырғышта жүргізіледі.

Барабан-ішкі бөлігінде қыры бар, материал қабатының түзілуін қалыптастыратын, барабан қабырғаларын қажалаудан қорғайтын цилиндрден тұрады.

Материалдың араласуын қамтамасыз ету үшін барабанның ұзартқыш осі бұрыш астындағы тиеуші соңына көлбеуленеді.

Барабандар – барабан ішіндегі арқалыққа бекітілген, суөткізгіштік құбырлардан тұратын шихтаны ылғалдандыру қондырғысына ие. Құбырларда турбулентті бүркігіштер шихтаға су шашу үшін орнатылған. Шығарушы құбыржолдарда суды тазарту үшін торлы фильтрлер орнатылған және су шығынын реттеу үшін есептегіштер орнатылған. Біріншілік араластырудағы шихтаның (3-4)% дейінгі ылғалдылығы оның ары қарай тасымалдануындағы тозаңдануын ескереді [3].

Араластырғыштың тиеуші, аспирационды жүйенің ауалығы жоғарғы бөлігіне орнатылған тиеуші пісіру камерасымен жүзеге асырылады.

Шихтаның берілуін қамтамасыз етіу үшін мөлшерлегіштер, конвейерлерге суық қайтарымының түскен санын бақылау үшін көрсеткіші араластыру бөлімінің пультінде келтірілген таспалы конвейерлі таразылары орнатылған.

Қайта қолданыстағы айналымды немесе тазартылған су шихтаны ылғалдандыру үшін 2,5 кг/см³ (0,25 МПа) кем емес қысыммен араластырғышқа беріледі. Су қысымы қысым өлшегіштермен бақыланады.

Агломерация бөлімі

Агломерация бөліміне агломерат өндірісі бойынша үш технологиялық тізбек орнатылған. Әрбір технологиялық тізбекке екі түйіршіктегіш, агломашина, ыстық агломерат ұсақтағыш, тіке тізбекті салқындатқыш, салқындатылған агломератты сұрыптау үшін жіктегіш, агломератты ұсақтау үшін ұсақтағыш және басқа жинақты жабдықтар кіреді.

а) Агломерация бөлімінде материалды қабылдау

1. Шихта

Шихта біріншілік араластыру бөлімінен ПУ арқылы конвейерлерімен агломерация бөліміне тасымалданады. Конвейерлермен шихта әрбір агломашинаға екі қатарға сегіз бункерден орналасқан шихталы бункерге беріледі .

2. Түзетілген кокс және қоспалар

Түзетілген кокстың немесе түрлі қоспалардың агломерация бөліміне берілуі шихталы бөлімдегі бункерден ПУ 4 арқылы конвейрлермен жүргізіледі. Материал конвейерден бункерге тиелетін керіқимылды жылжымалы конвейерге түседі. Бункердегі материал, оның қолданылуы бойынша периодты түрде беріледі. Бункерден кокстың дәл мөлшерлеуі дозатор арқылы арақашықтықты түрде шығарылады.

3. «Жайма»

«Жайма» үшін тағайындалған агломерат жіктеу бөлімінен агломерация бөліміне конвейерлермен тасымалданады. Жайманың бункері конвейерлерімен тиеледі немесе керіқимылды конвейер арқылы тиеледі. б)

б) Шихтаны түйіршіктеу

Агломерациялық машинаның таңдалған жұмыс режиміне тәуелділігінен жұмысқа бір немесе екі түйіршіктегіш қосылуы мүмкін. Әрбір түйіршіктегішке төрт шихталы бункер сәйкес келеді. Екі бункерден шихта дискті қоректендіргішпен конвейерге немесе түйіршіктегішке беріледі, шихта соңының реттелуі таспалы конвейерлі таразылармен орындалады. Түйіршіктегішке берілетін шихта санын реттеу дискті қоректендіргіштің айналым санының өзгерісі жолымен таразының көрсетуімен жүзеге асырылады.

Шихтаның араласуын қамтамасыз ету үшін барабанның ұзартылған осі 2 бұрыш астының тиеуші соңына көлбеуленген. Түйіршектегішті толтыру дәрежесін өзгерту мақсатында оның жылдамдығы тахометрлермен реттеледі. Шихтамен бір уақытта бүркігіш ретінде түйіршіктегішке оның бірдей ылғалдануы мен түйіршіктелінуін қамтамасыз ететін ылғалдандырғыш енгізіледі.

Түйіршіктегішке ылғалдандырғыштың берілісін реттеу шихта-ылғал арақатынасының автоматты реттеу жүйесіне қосылған.

Түйіршіктеуден кейінгі шихтадағы ылғал мөлшері (6-8)% шектерде қолданылады. Шихтаның түйіршіктеу сапасы жабысқақтау процесінің қалыпты жүруі үшін шешуші мәнге ие. Жақсы түйіршіктелген шихта агломерациялық машинадағы қабаттың қажетті газөнімділігін қамтамасыз етеді.

Түйіршіктегіштегі шихтаның ылғалдылығы бөліктер бойынша анықталған 176 бүркігіштермен шығарылады:

I бөлік- 96 бүркігіш

II бөлік – 40 бүркігіш

III бөлік - 40 бүркігіш

Шихтаның түйіршіктегіште болу уақыты 10 секундтан артық емес, су түйіршіктегіштің бастапқы сатысына құлайды.

в) Агломерат алумен шихтаның жабысуы

Дайындалған шихтаның жабысуы агломерат өндірісінің негізгі сатысы болып табылады. Шихтаның жабылуы шихта қабаты арқылы тартумен, агломашинаның жылжымалы доңғалақты торымен жүзеге асырылады. Процессің жоғары температурасы (1623 К дейін) аглошихта құрамына кіретін қатты отынның жану есебінен жеткізіледі. Қабат бетінде кокс түйіршігінің жануы табиғи газбен жұмыс жасайтын, шілтерімен жабдықталған ошақта жүргізіледі. Қабаттағы қатты отынның оталдыруы t= 973К температурада жүргізіледі. Шихтаның қатты отыны практикада толық жанып кетеді, ал кенді қалдық ериді және жабысқақталынады, ұсақтаудан кейін кесек өнім – агломератты береді. Агломашинадағы температуралар термомертлер арқылы бақыланады.

д) Ұсақталған агломераттың салқындатылуы

Салқындатқышта 373К-нен артық емес температураға дейін агломераттың салқындатылуы жүргізіледі.

Салқындатқыш өзімен бірге екі тізбеден тұратын және доңғақты тордан тұратын маталы конвейерлерді көрсетеді.

Салқындатқыш қаңқасында матаның жұмысшы тармағында ВДН-24-П-У 6 үрлегіш вентиляторлармен қосылған. Вентилятор ыстық агломерат қабаты арқылы атмосфералы ауаны салқындата отырып, атмосфералық ауаны үрлейді.

Аспирациялық ауа қалдықтарымен бірге басқа да тозаңдану орындарынан шаңнан тазарту үшін электрфильтрге бағытталады.

Ұсталған шаң пневмокамералы насоспен жинақтаушы бункерге түседі және ары қарай шлюзды конвейермен тасымалданады. Салқындатқыштағы температура термомертлер арқылы бақыланады.

е) Салқындатылған агломератты қайта ұсақтау

Салқындатылған агломерат фосфор өңдеу өндірісінің талаптарын қанағаттандаратын 0,12м артық емес мөлшерге дейін ұсақтауға жіберіледі. Ұсақтау алдында агломератты ұнтақтау, ұсақтауды талап етпейтін 0,12м кем фракцияның бөлінуімен сұрыптауға түседі. Салқындатылған агломерат салқындатқышпен байланысты жіктегішке түседі. Тор үстіндегі өнім екі білікті ұзақтағышқа бағытталады, ал тор астындағы өнім агломератты жіктеу бөліміне тасымалданатын конвейерге түседі. (0-0,12)м фракциялы ұсақталған агломерат ұсақтағыштан конвейерге жүктеледі, содан соң тор астындағы өнім секілді сол конвейерге түседі.

Наши рекомендации