Леуметтік қызмет бойынша мамандар

Әлеуметтік қызметкер кадрын даярлау және қайта даярлауды кең жүйеде күшейту қажеттілігі объективті болып келеді. Бірақ, қазіргі уақытта жұмыс жасап жатқан жоғарғы оқу орнының күшімен әлеуметтік жұмыс мамандарының тапшылығын он жыл ішінде ғана ликвидациялауға болады. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс курсына жататын пән жүйесіндегі білімді тез жетілдіру кадрларды жүйелі түрде кәсіби қайта даярлау және біліктілігін жоғарлату қажет екенін ескертеді.

Осы заманға сай әлеуметтік жұмыскер өз саласын жақсы меңгерген, психологиялық мән жайды, өмірдің тіршілік әрекетін заңды игерген дәрігерлік – психологиялық құзіреттілік ықыласпен көмектесетін, мейірімді, жоғарғы өнегелі қасиеттері бар болуы керек. Қазіргі кезде бірде – бір дамыған мемлекет әлеуметтік жұмыскерлерсіз болған емес. Әлеуметтік жұмыскерлер кез – келген мұқтаж болған адамға түйінді мәселесін шешуге көмектеседі. Оларға қарт адамдар, мүгедектер, маскүнемдер,нашақорлар, СПИД пен ауыратындар жатады. Олар тек қана әлеуметтік жағынан көмек көрсетіп қана қоймай, заңды түрде көмектесуге ат салысады.

Әлеуметтік қызметкерді дайындаудағы негізгі міндеттер:

· баланың мамандарды әлеуметтік жұмыстарына, кәсіптілігіне қарап таңдап алу;

· құрылымның біртұтас жүйесін таңдап алу, маманның кәсіптілікке деген базалық дайындығын, біліктілігін жоғарылату;

· білім қорытындысы, мазмұны функционалды толық болуы әлеуметтік белсенділікті қамтамасыз ету, кәсіптік жете білушілік, дүниетанымы кең, жауапкершілігі жеткілікті, тәжірибелік іскерлігі басым болуы тиіс;

· мамандарды білім аралық, методологиялық, мамандық психо – педагогикалық жағынан дайын болуы;

· ең қажетті кәсіптік өзін – өзі жетілдіру үшін ойлау стилін қалыптастыру қажет;

· маманның басқару сапасын дайындау;

Кадрлар – бұл әлеуметтік жұмысты құрушы негіз. Әлеуметтік жұмыс кадрлары әлеуметтік жұмыскерлер және әлеуметтік жұмыстағы мамандар деп бөлінеді.

Әлеуметтік жұмыскер – әлеуметтік жұмыс бойынша орта маманданған, оқу орнын бітірген адам.

Әлеуметтік жұмыстағы маман – әлеуметтік жұмыс бойынша жоғарғы оқу орнын бітірген адам. Әлеуметтік жұмыс мамандарын белгілі бір құрылым мен білімдегі еңбек іс-әрекетіне байланысты мынандай классификацияға жіктейді:

1. Әлеуметтік қорғаудың республикалық, облыстық органдарының аппараты: әлеуметтік қорғау органдарының басшылары және олардың орынбасарлары; бөлімдердің басшылары; әр түрлі бөлімдердің мамандары;

2. Зейнетақы және жәрдем ақы бөлетін орталықтардың аппараттары: орталық басшылары мен олардың орынбасарлары; бөлімдер басшылары мен мамандары;

3. Әлеуметтік қорғаудың аудандық және қалалық органдарының аппараты: әлеуметтік қорғаудың аудандық және қалалық органдарының басшылары мен орынбасарлары және бөлім мамандары мен басшылары;

4. Әлеуметтік қызмет көрсетудің стационарлық мекемелері: басшылары – директор және оның орынбасары; мамандар – дәрігерлер, психологтар, мед. бикелер, фельдшерлер, есепшілер, еңбек инструкторлары, тәрбиелеушілер, мұғалімдер,.

5. Дәрігер – еңбектің эксперттік комиссиялар: басты эксперттер; дәрігер эксперттер: психологтар; реабилитациялау мамандары; програмистер;

6. Әлеуметтік көмек қызметтері, соның ішінде: әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары – орталық басшысы мен орынбасары, бас есепші, инспектор, әлеуметтік жұмыс маманы.

7. Күндізгі әлеуметтік көмек бөлімі – бөлім басшысы, медбике, мәдени ұйымдастырушы, еңбек терапиясы бойынша инспектор.

8. Жедел әлеуметтік көмек қызметі – қызмет басшысы, психолог, заңгер, әлеуметтік жұмыс маманы, әлеуметтік жұмыскерлер;

9. Үйге әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері – бөлім басшысы мен әлеуметтік жұмыскерлер.

Басқа іс – әрекет аймағындағы мамандар сияқты әлеуметтік жұмыс мамандарының міндетті қасиеттеріне физикалық және психикалық денсаулығы, білімділігі, кәсібилігі.

Денсаулық міндетіне келетін болсақ, әлеуметтік жұмыс мамандары әртүрлі қиын жағдайлар мен проблемаларға кезігеді. Ол қиын жағдайларда әлеуметтік жұмыс маманы өзін ұстай білуі қажет. Сондықтан практикада маман денсаулығын сақтау үшін индивидуалдық, топтық, әріптестік жүйелер қолданылады. Мысалы, «негативтік қарым – қатынас » жағдайында өзін қорғаудың психологиялық әдістері; дара және топтық психотерапия; кезеңдік медициналық қаралулар және дәрілік көмек көрсету; санаторияларға, демалыс үйлеріне, пансионаттарға жолдамалар беру; денешынықтырумен айналысу;

Білімділік жекелеген қасиеттерге бөлінеді;

1. Маманның білімі мен шеберлігінің істеген істеріне сәйкес келуі;

2. Маманның алдында тұрған міндеттерді орындауда, маманның міндеттері мен құқықтарының жекелігі;

3. Маманның нақты іс жасап, дұрыс қорытындыларды шығаруға шеберлігі;

4. Маман білімділігі практикалық іс – әрекеттегі негізгі біліммен қамсыздандырылады.

Кәсібилік – үнемі жоғарыда тұратын, еңбек пен қорытындының жоғары сапасын қамсыздандыратын білім мен шеберлік.

Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыс маманыдарын дайындау басты мәселе болып табылады. Өйткені қоғамда әлеуметтік көмекті, қамсыздандаруды, қызмет көрсетуді қажет ететін нұқсан жандар көбеюде. Ал әлеуметтік жұмыс мамандарының объектілері сол нұқсан жандар болып табылады.

Әлеуметтік қызметкерлерлер келесі мамандарға бөлінеді:

А. Орындайтын қызметтеріне байланысты: практикалық әлеуметтік қызметкер, бақылаушы, администратор (әкімші), кеңесші, зеттеуші.

Б. Әлеуметтік жұмыс саласына байланысты: отбасы, балаларға көмек көрсету, денсаулық саласы, жүйкесі тозған адамдар (душевнобольные), мамандық салалардағы әлеуметтік жұмыс, қарыт адамдар, білім беру саласы, тұзету мекемелер.

В. Адамдардың контингенті бойынша: жас, ұлттық, жыңыстық ерекшеліктер.

Г. Клиенттердің проблемаларына байланысты: алкоголизм, балалармен қатынастың нашарлауы, отбасылық конфликтер, психикалық және физикалық аурулар, қанғыбастық, қоғамнан жектелу, бөліну, балалардың мектепке бармауы (отсев из школы), балалардың үйден қашып кетуы, т.б.

Э.Зееру бойынша кәсіби тұлғалық қасиет негізгі бес стадиядан тұрады:

1. Оптация – тұлғалық және кәсіби көзқарас қалыптастыру, жеке психологиялық ерекшеліктеріне байланысты маман ретінде танысу.

2. Кәсіби даярлық – кәсіби білім, шеберлік, дағды, кәсіби міндеттер мен жағдайды шешуде теориялық және практикалық тәжірбиені жүйелі және кәсіби бағдарда қалыптастыру.

3. Кәсіби бейімделу – маманға кірігу, жаңа әлеуметтік рөлді игеру, өзін-өзі кәсіби анықтау, тұлғалық және кәсіби сапаны қалоыптастыру., тәжірбиені өзіндік орындауда кәсіби деңгейге жеткізу.

4. Профессионализация – кәсіби позицияны қалыптастыру,

5. Кәсіби шеберлік – кәсіби әрекетті өз бетінше пайдалану, толық жүзеге асыру.

Әлеуметтік қызметкерлердің негізгі мамандық иегерлері болып табылатын, педагог – психолог, филолог, валеолог, әлеуметтік аниматор, белгілі бір топ адамдарымен (мүгедектермен, аурулармен) жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкер; мекемелердегі ( мектепте, өндіріс саласында, әскери ортада) жұмыс атқаратын әлеуметтік қызметкерлер.

Әлеуметтік жұмыс барысында әлеуметтік қызметкер бір адамға немесе отбасындағы көмекті қажет ететін жандарға көмек беріп, оларды әлеуметтік жағдайларына қолдау көрсетіп, өмірге өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектеседі.

Әлеуметтік жұмыстағы маңызды бір кезең – адамдар үшін, біздер барлық мәселені шешпеуіміз қажет, олар өздерін қанағаттандыратын жолды тауып алуы тиіс. Адамдарды еріксіз көндірмеу керек. Адамдарға билік жүргізбей көмектесу керек. Олар үшін барлығын шешпеуіміз тиіс. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттерде әлеуметтік қызметкерлердің он рөлін айқындап беріп отыр.

· қиыншылықты басынан кешірген, мәселелері бар адамдар тобын айқындау;

· жиналған ақпаратты бағалау мен бір жүйеге келтіру;

· клиенттер туралы алынған мәліметтерді талдау және топтау;

· олардың мәселесін шешетін мекемелер, ұйымдар табу;

· адамдар арсындағы жанжал кезінде сарапшы болу, олардың бірге жұмыс жасауына, уағдаластықты шешуге көмек көрсету;

· адамдардың қорғаушысы болуға, олардың құқығы үшін күресуге, заңға өзгертулер енгізуе;

· адамдарға білім беру үшін мұғалімдік қызмет атқару, оларға психологиялық қолдау көрсету;

· басқа да әлеуметтік қызметкерлерге көмек көрсетіп, кеңесші болу;

· әлеуметтік жұмысты құру;

· басқару, қабылданған басқару шешімдерін жүзеге асыру;

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін және біліктіліктеріне қойылатын талаптарды айқындау кезінде біркелкілікті қамтамасыз ету мақсатында және 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабы 3-тармағына сәйкес төмендегідей халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары белгіленді.

Наши рекомендации